Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект на тему "Жолың болсын ,балақай"

Конспект на тему "Жолың болсын ,балақай"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m1d82ead4.gifhello_html_m4b1cdec6.gifhello_html_m2c7a7776.gifhello_html_m5129b85e.gifhello_html_m1762022.gifhello_html_m163e3942.gifhello_html_565a7189.gifhello_html_m5443743b.gifhello_html_c52dc4.gif


Мұнайшы селосы

7 орта мектеп ММ-сі

















(Ашық тәрбие сағаты)




3«А» сынып

Сынып жетекші: Исембаева Қамаш




hello_html_26a39767.pnghello_html_m1688bde8.png





Күні: 24.10.2014 ж . Бекітемін

Т.Ж.О . _______Мухашева А.


Сабақтың тақырыбы: Жолың болсын балақай !

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін

толықтыру. Іс – жүзіне асыра білуге үйрету.

Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге машықтандыру.

Көшеде сақ болуға және өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың турі: Сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер ,слайт, жол белгілері, бағдаршам , тест.

Сабақтың жүрісі.

І. Ұйымдастыру.


Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазіргі кезде елімізде әртүрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді .

Жаяу адамдар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Жол –көлік оқиғаларынан көбіне балалар зардап шегуде.

Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін дұрыс

білмеуінің салдары . Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болғандары жақсы .

Бүгін, 3 «а» сынып оқушыларының көше тәртібіне байланысты

«Жолың болсын , балақай» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер ! демекпін

1.Ой қозғау.

- Балалар,тротуар деген не?

- Инспектор деп кімге айтамыз?

- Жүргіншілер деген кімдер?

-К. Ж .Т.-ны қалай түсінесіз ?



жүргізуші


көліктер


жаяу К.Ж.Т жиек

жүргінші жол

жол

бағдаршам белгілері

жол

инспектор




2. Бағдаршам кимін киген бала келеді.

Сәлеметсіздерме ,балалар !

Менің атым бағдаршам

Көзімді ашып жұмамын

Бағыт сілтеп тұрамын

Кезек – кезек жанғанда үш көздерім

Жөндеп қарап алғын маған
Қалт жібермей әр сөзімді

Бір көзім «кідір» дейді

Бір көзім «абайла» дейді

Бір көзім «жүгір» дейді.

Адамдарға жол ашық - деп

Қарап қалма маңайға.

Мұғалім :

  • Балалар , «Бағдаршам» - деген не?

Айғазы.

Бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш

көзіді аспап.

Мұғалім:

  • Оның адам өміріне қандай пайдасы бар ?

Мөлдір.

Ол жол бойын реттеуге , адам өмірін апаттан сақтандыратын көмекшіміз.

Оның сырымен тілін түсіне білу баршамыздың міндетіміз.

Саламат.

Шуақты өміріміз күндей күліп ,

Жүректе бүршік атып гүлдей үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол ережесін білмей тұрып.

Данагүл.

Қай көше, қай қалаға барсаң да,

Қай ақыл өлшеміне салсаң да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен -кіші баршаңызға.

Қанағат

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Жиынымыз басталсын сәлемменен!

Ән «Бағдаршам»




Мұғалім :

  • Балалар, бағдаршамның неше көзі бар?

  • Түстерінің түстері қандай ?

  • Енді түстерді таңдап алып, топқа бөліне қоялық. Қызыл , Сары , Жасыл.

І – ші топ Қызыл

ІІ – ші топ Сары

ІІІ - ші топ Жасыл

Мұғалім :

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сайыс сабақ. Сабақтың кезеңімен

таныстырып өтейін.

І – кезең Таныстыру.

ІІ - кезең Кім тапқыр?.

ІІІ – кезең Білгенге маржан

ІҮ – кезең Жалқасын тап.

Ү - кезең Жол белгісін құрастыралық

ҮІ – кезең Капитандар сайысы

ҮІІ - кезең Қорытынды.

Мұғалім :

  • Балаларға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен танысалық.

І- кезең Таныстыру.

  • Әртоп өз тобымен таныстырады.

І- ші топ «Қызыл» Айсұлу

Қызыл көзі жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Бұл тоқтаудың белгісі,

Білу керек бар кісі.

ІІ – ші топ « Сары» Жібек

Сары көзі жанғанда,

Абай болың барынша.

Бұл дайындық белгісі,

Кідіре тұр аттанба.

ІІІ - ші топ « Жасыл» Амангелді

Төксе жасыл жарығын,

Қауіптен бе, шырағым.

«Жолың ашық, өте бер»,

Жасап алға мың адым.

ІІ – ші кезең «Кім тапқыр ?»

Мұғалім.

  • Бұл кезеңде әр топқа бір жұмбақтан оқылады , шешуін табылады.

І – ші «Қызылдар» топбына.

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр» дейді. (Бағдаршам)






ІІ – ші «Сарылар» тобына

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді кұзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (М.А.Й қызыметкері)

ІІІ – ші «Жасылдар» тобына.

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. (Жол)

Ойын «Бағдаршам»

Шарты:

Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда балалар жүрген сияқты аяқтарын,

бір орында тұрып қозғайды.

Сары көзі жанғанда ду қол шапалақ ұрады.

Қызыл көзі жанғанда, бір орында қозғалмай тұрады.

ІІІ –ші кезең «Білгенге маржан»

Бұл кезеңде әр топқа үш сұрақтан қойылады. Балалар, сол сұрақтарға

жауап береді .

І – ші «Қызылдар» тобының сұрақтары.

1. Адамға машина жүргізу үшін қандай құжат керек? (Жүргізуші куәлігі)

2. Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді ? (Жүргіншілер)

3. Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады ? (14 жастан)

ІІ - ші «Сарылар» тобының сұрақтары

1. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп , міну керек?

(Аялдамадан)

2. Жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиісті? (Жиек жолмен)

3. Жаяу адамдар өтетін жолдағы сызық қалай аталады? (Ақжол)

ІІІ - ші «Жасылдар» тобының сұрақтары

1. Жолдың қай жағымен жүру керек? (Оң жағымен)

2. Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді? (Тоқта дейді)

3. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? (Жасыл)

ІҮ - ші кезең «Жалғасын тап»

Бұл кезеңде әр топ жартылай айтылған мақалдардың жалғасын айтып

жалғастырады.

І – ші «Қызылдар» тобының мақалдары

1. Жолаушыны ....... (жол сынайды.)

2. Ақылды жігіт той бастар,

Батыр жігіт ......... (жол бастар .)

ІІ – ші «Сарылар» тобының мақалдары

1. Жол қадірін .... (жүрген білер)

2. Жолы болар жігіттің ,

Желі ...... (оңынан туар.)




ІІІ – ші «Жасылдар» тобының мақалдары

1. Жалғыз жүрсең ...... (жолмен жүр)

2. Жояуға ...... (жол алыс)

Ән «Біз жолаушы баламыз»


ші кезең «Жол белгісін құрастыралық»

Бұл кезеңде әр топ өздірінің алған жарты белгілерінің ,екіншісін жартысын тауып құрастырады . Ол қандай жол белгісі екенін атайды.

І – ші «Қызылдар» тобы Ескерту белгісі

Айсүлу

Қып – қызыл ұшбұрыш ,

Ескерту белгісі мен боламын.

Қауіптен сақ бол деп ,

Сәт сапар жолдаған .

ІІ -ші «Сарылар» тобы Тыйым салу белгісі

Әбілқайыр

Қызылмен боялған шеңберім аумақты

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан – жаққа.

ІІІ – ші « Жасылдар» тобы Нұсқау белгісі

Аққу

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрады .

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым .

ҮІ – кезең Капитандар сайысы

Бұл сайыста әр топтың Капитандары жол белгілерін қаншалықты жақсы білетіндерін дәлелдейді . Жол белгілері мына слайта бөлініп берілген.

І – ші «Қызылдар» тобы жауап береді.

1. Балалар өткілі

2. Шлагбауымы жоқ темір жол өткілі.


ІІ – ші «Сарылар» тобы жауап береді

1. Жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады.

2. Кіруге тыйым салынады.


ІІІ – ші «Жасылдар» тобы жауап береді.

1.Тоқта жол жоқ

2. Шлагбаумы бар темір жол өтелі .









ҮІІ – ші кезең Қортынды Тест

Бұл кезеңде әр топ тестінің жауаптарын белгілеп, болған топ әділ қазылар алқасына береді. Cуреттер бойынша жұмыс жасайды.


Айғазы

Күндей күліп өмірде,

Гүлдейді өмір жүректе.

Ережені білмей тұрып,

Жолға шығу мүмкін бе?

Мөлдір


Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар, балалар

Сақ жүріңдер көшеде.

Диас

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау – саламат жүреміз.


Лаура

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Жол тәртібін білейік ,
Аман – есен жүрейік!


Ән «Әр қашан күн сөнбесін »


Мұғалім:

Құрметті қонақтар мен ұстаздар !

Балалардың жолда жүру ережесін қаншалықты жақсы білетінімізді білдіңдер.

Ендігі сөз кезеңін әділ қазылар алқасына береміз.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров210
Номер материала ДA-026324
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх