Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Конспект на тему:"Ғылым мен білімнің дамуы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Конспект на тему:"Ғылым мен білімнің дамуы"

библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Х – ХІІ ғасырда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету;

Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;

Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мақал – мәтелдердің жалғасын табу, талдау, тірек – сызба, тест, сәйкестендіру тест, сематикалық карта;

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Әл – Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұнидің портреттері, тірек – сызбалар, мақал – мәтелдер т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, сабаққа назарларын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ – жауап әдісі.

  1. Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алғаны жазба деректерде аңғарылады. Мұндай бейнелер немен байланысты туған? (Зоостарлық фарнға)

  2. Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушы ретінде оған табынатын тайпа: (оғыздар)

  3. Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі: (Тотем)

  4. Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастаған дін: (Ислам)

  5. 751 жылы Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар мен арабтар бірлесіп қай мемлекетке қарсы шықты? (Қытай)

  6. Исламды Боғра хан Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп қашан жариялады? (960 жылы)

  7. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасыр қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазды: (Әл-Максиди)

  8. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген. Мұндай жерлеу салты кімдерге тән? (Мұсылмандарға)

  9. Құйрықтөбе және Отырар қалаларын қазған кезде ХІ – ХІІ ғасырға жататын үйлерде отқа табыну әдетіне байланысты не табылды? (ошақтар)

  10. Х ғасыр басында қай әулетінің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады? (Қарахандар)

  11. Ақтөбе қала жұртын қазғанда шарап ашытатын орыннан табылған кірпіштерде қандай таңба салынған? (христиандық крест)

  12. Арабтар көрші елдерді қандай ұранмен жаулап ала бастады? (Дін үшін соғыс)

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту

  1. Ғылым дегеніміз не?

  2. Ғылымның қандай түрлерін білесіңдер?

Қызығушылықты ояту.

Мақал – мәтелдердің жалғасын тап:

Ғылым – теңіз, .............(білім – қайық).

Ақыл азбайды, ..............(білім тозбайды).

Оқу – білім азығы, .........(Білім – ырыс қазығы).

Көп оқыған білмейді, ........(Көп тоқыған біледі).

Ілім – бұлақ ...........(білім шырақ).

Ердің атын аты шығарар, .......(Ғалымның атын хаты шығарар).

Тіліңмен жүгірме, ...........(Біліммен жүгір)

Білім арзан, ............(білу қымбат).

Байлықтың кілті - .............(ғылым).

Наданмен қос болғанша, .............(кітаппен дос бол).

Жоспар:

  1. Әбу Насыр әл – Фараби (870-950 ж.ж.)

  2. Әбу Райхан әл – Бируни (973-1050 ж.ж.)

  3. Махмуд Қашғари (1030-1090 ж.ж.)

  4. Жүсіп Баласағұни (1021-1075 ж.ж.)

  5. Ахмет Иүгнеки

  6. Қожа Ахмет Йасауи (1103-1167 ж.ж.)

Х ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастайды. Сайрам, Отырар, Түркістан, тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым – білімге кең жол ашылды. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Соның ішінде шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл – Фараби де шығармаларын араб тілінде жазды.

Әбу Насыр әл – Фараби (870-950жж.) Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл энциклопедист ғалым. Отырар қаласында дүниеге келген. Әбу Насыр жастайынан зеректігімен, алғырлығымен көзге түскен. Алғашқы білімді Отырар қаласында алған. Бағдат, Мысыр, Шам қалаларында болып, ғылыммен айналысқан.

Әл – Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Философ, музыкант, математик ғалым дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Ол философия, әлемтану, математика, физика, астрономия, музыка т.б. ғылымдар саласынан 160-қа жуық трактаттар жазып, өшпес ғылыми мұра қалдырған. Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Кемеңгерлік меруеті», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған. Өз еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл – ойы арқылы таниды деп түсіндіреді.

Әл – Фараби « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары » атты трактатында ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, бай да алаңсыз өмір сүруі мемлекет басшысының ақыл – ойына байланысты дейді. Әділетсіздік пен біреудің елі мен жерін жаулап алушылықты әшкерелеп, халықты білімге шақырады. Әл – Фараби музыка саласында да «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған. Музыкалық аспаптарда шебер ойнай білген. Бірқатар музыкалық аспаптарды етілдірген. Әйгілі күйші Қорқыттың күйлерін тартып, өзі де «Шұбар айғыр» күйін шығарған. Әл – Фараби: «Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу... Білімді адам көп нәрсені біледі, қабілеті, дарына арқылы белгісіз нәрселерді ашады...» деген ұлағатты сөз қалдырды.

Әбу Райхан әл – Бируни (973 – 1050 ж.ж.) – энциклопедист ғалым. Ол өз заманына лайық білім алып, Әбу Насыр әл – Фараби, Ғаббас әл – жауһари т.б. дәстүрлерін жалғастырды. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан. Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галлилей мен Ньютоннан 600жыл бұрын айтып кеткен.

Тіл білімінің дамуы. Түркі тілдес халықтар Х ғасырға дейін бірнеше қоғамдық немесе мемлекеттік құрылыстарды бастарынан өткізді. Оғыз, қарлұқ, қыпшақ сияқты тайпалардың халықтық дәрежеге көтерілуі кезінде түбі бір түрік тілдес тайпалар қосылып, бірігіп кетіп те отырған. Түрік тілдес тайпалардың бір – біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмуд Қашғари зерттеген.

Махмуд Қашғаридің (1030-1090 жж.) шын аты Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмуд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады. Араб тілін жетік білген ғұлама ғалым саналы ғұмырын өзінің туған халқының тілін зерттеуге арнаған.

Махмуд Қашғари үш кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап – түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Оның айтуы бойынша, бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралап шыққан. Атақты орыс ғалымы А.Н.Кононов Махмуд Қашғаридің бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу болды дейді. Ал екінші бір түрік тілінің маманы Н.А.Баскаков Махмуд Қашғари өзінің бұл атақты еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды деген пікірді айтады.

Ғұлама өз еңбегінде түрік тілдес тайпалардың тілін ғана зерттеп қойған жоқ. Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен – жайларының аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Сондықтан өзінің деректілігі жағынан бұл ешбір баға жетпес еңбек болып табылады.

Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.) Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы, ақын Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Ол өзінің атақты «Құт негізі - білік» атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. Ғұлама өзінің еңбегінде: «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп, түрік тіліндегі жазылған кітаптардың мүлде жоқ екендігін аңғартады. Ол өз тілін қорсынып, араб, парсы сияқты жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған.

Жүсіп Баласағұнидің бұл еңбегінде ғылымның философия, астрономия, алгебра, тағы басқа салаларына да тоқталуы оның жан – жақты, білікті адам болғандығын көрсетеді. Кітапта халық ауыз әдебиетінің үлгілері мол пайдаланылған.

«Құтадғу білік» - ХІ ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой – санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның бұл сыйлығы үшін оған Ұлы хас – хажип деген лауазым берген. Бұл еңбек бүгінгі таңда да түрік тілдес халықтардың бәріне ортақ. Олар өздерінің тілін, әдебиетін, тарихын, тағы басқа ғылым салаларын зерттеуде «Құтадғу білікке» жүгінеді.

Әдебиет. ҮІІ – ІХ ғасырларда өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады. Бұл кездегі ислам дінінің кеңінен таралуы да жазба әдебиетінің жандануына әсерін тигізеді. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын Ахмет Иүгнеки болды.

Ахмет Иүгнекидің туған - өлген жылдары белгісіз. Шын аты Әбід Ахмет Махмұдұлы. Иүгнекидің туған қаласының да орны белгісіз. Иүгнекиге халық көзінің тірі кезінде – ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасы» деп баға берген. Оның бізге жеткен еңбегі – «Ақиқат сыйы».

Дастан қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған. «Ақиқат сыйы» халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады.

Қожа Ахмет Йасауи (1103-1167 ж.ж.) Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі-Мұса шайқының қызы Айша (бір деректерде - Қарашаш). Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалған. Ол өзінің әпкесі Гауһар – Шаһназдың қолында өседі. Алғаш әкесінен оқып, сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат – қағидаларын үйренген.

Бала кезінен Йасы (қазіргі Түркістан) қаласын мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен Ахмет Йасауи атанады. Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Йасыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. Қожа Ахмет Йасауиден қалған мұра оның «Даналық кітабы» - «Диуан-и хикмет» болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. Бұл еңбек те адамды даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады. Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ақын өз заманының әділетсіз билік иелерін қатты сынға алады.

Қожа Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани. Ақын халықты имандылыққа шақырады.

Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми, әдеби шығармалар жазылып, рухани мәдениеттің дамуы бір қадам болса да алға басқан.

ІҮ. Қорытынды:

1 – тапсырма: Сұрақтар қою:

1. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл – Фараби шығармаларын қандай тілде жазды? (араб)

2. Өз еңбектерінде адам дүниесі және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл – ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым кім? (Әл - Фараби)

3. Махмуд Қашғаридің шын аты: (Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед)

4. Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала: (Баласағұн)

5. Ж.Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Баласағұнда бастап қай қалада аяқтаған болатын:

(Қашғар)

6. Сүлеймен Арслан хан қай ғұламаның сыйлығы үшін оған Ұлы хас-хажип деген лауазым берген: (Ж.Баласағұни)

7. Ахмет Иүгнекидің шын аты: (Әдіб Ахмет Махмұдұлы)

8. Қожа Ахмет Йасауидің әкесі, атақты ғұлама адам: (Ибраһим)

9. Қожа Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата аталған кім? (Сүлеймен Бақырғани)

10. Қожа Ахмет Йасауидің еңбегі қалай аталады? (Даналық кітабы)

2-тапсырма Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қояды.

Ғұламалар


Туған жылдары

870-950жж.

973-1050жж.

1030-1090жж.

1021-1075жж.

1103-1167жж.

ХІІғ.с-ХІІІғ.б

1

Ахмет Иүгнеки







2

Махмуд Қашғари







3

Әбу Насыр әл-Фараби







4

Жүсіп Баласағұни







5

Ахмет Йассауи







6

Әл – Бируни














3-тапсырма Сәйкестендіру тесті.


1

Ахмет Иүгнеки


Ақиқат сыйы

2

Махмуд Қашғари


Түрік тілдерінің сөздігі

3

Әбу Насыр әл-Фараби


Данышпандықтың інжу-маржаны

4

Жүсіп Баласағұни


Құт негізі - білік

5

Ахмет Йассауи


Даналық кітабы

6

Әл – Бируни


Асыл тастар



1

Ахмет Иүгнеки


Түркістанға қарасты қыстақ

2

Махмуд Қашғари


Қашғар

3

Әбу Насыр әл-Фараби


Отырар

4

Жүсіп Баласағұни


Баласағұн

5

Ахмет Йассауи


Сайрам

6

Әл – Бируни


Қарақалпақстандағы Қият қаласының маңында
















Бекіту : Тарихи домино ойыны



Әл – Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға.

бетінше

жеткен

Әл-Фараби

тұлға

өз

үлкен

ғылымды

зерттеп,

табыстарға

ұлы



Махмуд Қашғари үш кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.

«Түрік тілдерінің сөздігі»

қалдырды.

үш

тұратын

мәңгі

атты

М.Қашғари

мұра

кітаптан

өшпес



Баласағұни еңбегін Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.

Қашғарда

Баласағұнда

Баласағұни

Сүлеймен Арслан

бастап,

сыйға

аяқтап,

тартқан.

ханға

еңбегін



hello_html_70272f0e.gifhello_html_5f894622.gifОй дамыту


hello_html_194e9c46.gif

Әбу Насыр әл-Фараби


hello_html_m20e48ab7.gif


hello_html_194e9c46.gifhello_html_m75c1ba2a.gif

Әбу Райхан әл - Бируни



hello_html_194e9c46.gif

Философия, медицина, математика, музыка т.б.




hello_html_m1566b85b.gifhello_html_m20912b44.gif

hello_html_e960912.gif

«Құт негізі – білік»






Қорыта айтқанда, бұрынғы өткен бабаларымыздың рухани мұрасындағы олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пайдаланып, ұлттық мәдениет пен рухани мұраны халқымыздың қажетіне жаратқанда ғана болашаққа қарай қадам басқан сауатты ел боларымызға күмән жоқ. Ел болашағына, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.



Үйге тапсырма:

Оқушыларды бағалау:




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.10.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров512
Номер материала ДВ-095077
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх