Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект открытого классного часа на тему "Үлкенге құрмет,кішіге ізет" (1 класс)

Конспект открытого классного часа на тему "Үлкенге құрмет,кішіге ізет" (1 класс)

Скачать материал

                                                                                                  Пәні

          Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет

Сабақтың мақсаты:

«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
 сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже

Үлкенді құрметтеуді,сыйлауды,кішіге ізет ету,көмек көрсету сияқты игі істерді үйренеді.

Сілтеме

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар (журнал)

Ғаламтор.

Сабақта қолданылатын материалдар:

 

АКТ слайд, суреттер,қима қағаздар, себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.

Оқыту әдістері:

топтық жұмыс

 

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір – бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы7



Ой -толғаныс

 - Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлем
десу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет
үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдеп тілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.
Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға қатысып отырған апайларға жақсылық , жарасымды көңіл күй тілей отырып
ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!
- Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

Топқа бөлу.

1-топ «Әдеп»

2-топ «Инабат»

3-топ  «Парасат»

ІІІ. Жаңа сабақ

Әңгімелесу

 Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.

Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.

Ұлттық қадір-қасиеттер — ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы.Қазақ халқы өз үрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған.

Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақжайлылық, бауырмалдық, қайырымдылық Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет, т.6.

Әдептілік — әдеп сақтау халықтық рэсімге, жол- жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сактау болып табылады. “Әдептілік — әдемілік” дейді халық.
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым – қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.
 Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек.

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Кішкене баланы-

3. Құстарды-

4. Қыз баланы-                      

5. Сабақтан-

6. Үйге жүгіріп-               

7. Үлкен кісіні-

8. Оқу –құралдарын-            

9. Сыныпта айғайлауға-

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-

«Не істеу керек?»

- Үлкендерді

 - Ата- аналардың

- Тәртіпті

- Оқу құралдарын

- Сабақты

- Сыныпты

- Кішіге

- Досыңа

- Құсқа

- Табиғатты

Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Оқушылар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

 

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер. (Сөздерді орнына қою арқылы мақал құрастыру)

Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Ашу-дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Сіз деген-әдеп,

Біз деген-көмек.

Ұлық болсаң- кішік бол.     

 Кішіден ізет- үлкеннен      құрмет

Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Жақсы адамай мен күндей

Әлемге бірдей.

Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Оқушымен жұмыс

Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.

- Ал енді балалар, қазір сендермен бірге «Кім зейінді?» деген ойынды ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап бересіңдер.
Сұрақтар: 1. Қуанышты хабарды жеткізуші адам не алады?
(сүйінші)
2. Бала дүниеге келгенде қандай той болады?
(шілдехана)

3.Шілдехана тойында қандай рәсім жасалады?

(бесікке салу)
4. Қай тойда беташар айтылады?
(үйлену тойында)
5. Үлкен адамдардың алдынан не істеуге болмайды?
(кесіп өтуге болмайды)
6. Тойда не шашылады?
(шашу)
7. Кішкентай бала енді жүріп келе жатқанда қандай рәсім жасалады?
(тұсау кесу)7.

8.Тойға келген қонаққа не дейміз?

(амандасамыз)

ҮІII. Қорытынды

Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.

IX. Рефлексия

Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды, 
Ардақтап әпке, ағамды, 
Қамқор боп сіңлі - ініме, 
Сыйлымын үлкен - кішіге.

Бәрін де жақсы көремін, 
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
2 сынып
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, 
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар:дәптер, оқулық, себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.
Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін
өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.

- Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлем
десу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген
құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет
үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдеп
тілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.
Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға
қатысып отырған апайларға жақсылық , жарасымды көңіл күй тілей отырып
ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.

Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!

Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

Әңгімелесу
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас
жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс
Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.
Үш дос М.Төрежанов
• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
• Бір - бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»

Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, 
отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондық - 
тан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.Енді, оқулығымызда берілген жаңа ақпаратпен танысайық.

Жаңа ақпарат
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.
Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жаздыру.

Сергіту сәті.
Тапсырма
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау
үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.

Жариялау.
Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп ата - анамды, 
Ардақтап әпке, ағамды, 
Қамқор боп сіңлі - ініме, 
Сыйлымын үлкен - кішіге.

Бәрін де жақсы көремін, 
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект открытого классного часа на тему "Үлкенге құрмет,кішіге ізет" (1 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 636
    • DOCX 30.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маширова Фариза Есенкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маширова Фариза Есенкуловна
    Маширова Фариза Есенкуловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11043
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе