Инфоурок / География / Конспекты / Конспект открытого урока по географии "Қазақстанның түсті металлургиясы"(9 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспект открытого урока по географии "Қазақстанның түсті металлургиясы"(9 класс)

библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы

«Опытное поле орта мектебі» КММ


Аудандық семинарда өткізген ашық

сабақтың тақырыбы:

hello_html_1e119910.gif

hello_html_131a3a5d.jpg



Сабақты өткізгендер: География пәні мұғалімі, Г.Ж.Ахметова

Опытное поле ауылы, 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Түсті металлургия және ауыр түсті металлургия»

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның түсті металлургиясының географиясы мен ерекшеліктерін, түсті металдардың қолданылуы мен өндірілуі жайлы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік: ауыр түсті металдардың металлургиясының ерекшеліктерімен және өндірістік үрдістерімен таныстыру, картадағы орнын көрсету.

Дамытушылық: талдау жасауды, географиялық ой-өрісін, картамен жұмыс істеуді дамыту; өз бетімен білім алу қабілеттері мен жаңа оқу міндеттері жағдайында, оларды тәжірибеде қолдана білуді қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларға еліміздің түсті металлургия өндірістері туралы білімдерін кеңейте отырып, табиғатты қорғауға, табиғат ресурстарын үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, БББ кестесі, тірек-сызба, үлестірме кесте, «Идеяға толы алтыбақан», «Арқамен арқа түйіскенде», «Жұдырықтан бес саусаққа дейін» стратегиялары

Қолданылған технологиялар: Ақпараттық-коммуникативтік, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, коммуникативтік технологиялары.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық картасы, оқулық,атлас, кескін карта, үлестірме парақтар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, химия, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

  • Топқа бөлу (Шығыс Қазақстанның ірі өндіріс орталықтарының эмблемаларын үлестіру арқылы топқа бөлу).  

hello_html_26f3cca0.jpghello_html_131a3a5d.jpg





І.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасып, түгендеу, кезекшімен тілдесу.

  • Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

  • Кәне, Қаншайым бізге есіміңнің бірінші әрпіне басталатын үш тілек сөз айтып жіберші. 

Қаншайым: Қайырлы күн,қуанышты, қонақтар. 

Осы сөздің дәлеліндей елімізде қуанышты, бейбіт күніміздің тағы бір таңы атты. Еліміздің болашағы мектеп қабырғасындағы ұрпақ, ол сендерсіңдер. Сондықтан Қазақстан ең дамыған отыз елдің қатарына ену үшін білім керек. Ендеше, білім алатын тағы бір сабағымызды бастайық.

(Үйге берілген тапсырманы «Идеяға толы алтыбақан» стратегиясы бойынша тексеретін боламыз).  

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Идеяға толы алтыбақан»

1-топқа: Металлургиялық кешеннің географиясын анықтайтын ерекшеліктер.

2-топқа:Қара металлургия...

3-топқа:Қара металлургия өнеркәсібін орналастыру принципі:...

(А-3 форматты параққа әрбір топ жауабын жазады, сызба түрінде немесе суретін салса да рұқсат беріледі. Орындап болған соң топтар орын ауыстырады, көршілес топтың жұмысына өздерінің ойын жазады және түсінбегендері бойынша сұрақ қояды.)

(Ортаға шығып топтан бір оқушы қорғайды).

hello_html_1777eaac.jpghello_html_m24e3e7b9.jpg

III. «Қызығушылықты ояту» (сабақтың тақырыбын анықтау)

Қорғасынды көрдің бе,

Аққан Қаратаудағы,

Алтын шыға Алтайдан,

Жарқырап күндей жайнады.

Қарсақпайдан мыс ағып,

Бұлақтайын саулады,

Мақта көктеп Шымкенттен,

Ақтөбенің егіні,

Өрге өргелен өнімі.

Ембі-нефті жерінен,

Мұнай атып парлады...

-Өлең не туралы, балалар?

- Өлең Қазақстанның байлығы, пайдалы қазбалары туралы.

- Қорғасын, мыс, алтын дегеніміз не?

- Түсті металдар

- Олай болса бүгінгі сабағымыз неге байланысты болуы мүмкін?

-Түсті металлургия кешені.

-Жақсы, ендеше дәптерге күннің жадын,тақырыбын жазамыз.

БББ кестесі




IV. «Мағынаны тану»

- Жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде Ұлжанға түсті металлургияның тарихы туралы біліп келу тапсырмасын беріп едім. Ұлжанды тыңдаймыз, дәптерлеріңе ілесіп қажетті деректерді жазып отырыңдар.


Оқушыға берілген алдын-ала тапсырма (Ұлжан): Қазақтар ежелден түсті металдарды қалай балқытуды білген. Аталған балқыту орындары Орталық Қазақстан мен Алтайда ашылған. Алматы облысының Есік қаласының маңындағы археологиялық қазбалардың кезінде табылған, сақ жауынгерінің киімі біздің заманымыздан 5-6 ғасырда алтыннан жасалған екенінің дәлелі. Қазақстанда түсті металлургия, 1717 жылы Алтай тауында қорғасын мен мырыш табылғаннан кейін дами бастады. Ғасыр бойы, яғни 1730 жылдан 1832 жылға дейін, Алтайда– Березов, Николаев, Риддер, Зырян, Соколов ірі кен орындары ашылды.

-Жақсы, ендеше, балалар, түсті металдар қандай топтарға бөлінетіні жайлы оқулықтағы 147 беттегі 84-суреттен байқауға болады. Слайд№




hello_html_77168a93.gif


hello_html_229e5f1e.gifhello_html_6273d5e7.gif

негізгі

басқалары



hello_html_m4bb197f4.gifhello_html_bc83027.gifhello_html_2ab0ca07.gifhello_html_3bba48e0.gifhello_html_61865e28.gif

hello_html_m7ba89630.gifhello_html_70253d74.gifhello_html_70253d74.gifhello_html_m7ba89630.gif Ауыр жеңіл бағалы қиын балқитын сирек кездесетін

hello_html_70253d74.gif

мыс титан алтын вольфрам берилий

қорғасын магний күміс молибден тантал

мырыш алюминий платина ниобий

никель галий

қалайы скандий

ванадий

рений

селен

-Осыған орай Қазақстанның түсті металлургия кен орындары мен комбинаттарына шолу жасайтын Ерсайын. Картадан көрсетеді.

-Сабақтың басында сендер түрлі эмблемаларды үлестіру арқылы топқа бөліндіңдер, бұл эмблемалар туралы не білесіңдер, нелердің бейнесін білдіреді? (... Өскемен қаласындағы 3 ірі кәсіпорынның эмблемалары). Ол кәсіпорындар сендерге таныс, біз үш кәсіпорынға да экскурсияға бардық. Олар:

ҮМЗ Қазмырыш ТМК.

-Сендер бүгінгі сабағымызда аталған үш кәсіпорынның акционерлерісіңдер. Осыған орай қазір сендер кестені толтыра отырып, әрбір топ эмблемаларға сай сол кәсіпорын туралы айтып берулерің тиіс.


(Әрбір топ тақта алдына шығып кестені қорғайды. Бейнекөрсетілім, диктофонға жазылған аудиосұрақтарын тыңдатуға болады.)

Химия пәні мұғалімі,Саулеш Ермековнаның сөзі:

- Қазақстан жерінде Менделеевтің периодтық жүйесіне кіретін барлық түсті металдар кездеседі.Кейбірінің қоры жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындарды алады.Әсіресе мыс,мырыш,алюминий,полиметалл өнімдеріне бай.Түсті металлургия өнеркәсібі түсті металдарды өндіру,байыту,балқыту,прокат алу,металл қалдықтарын өңдеуді іске асырады.Бұл процестер қалай жүзеге асады?


hello_html_6b656502.jpg

«Арқамен арқаның түйісуі» стратегиясы



I-жұп:

II-жұп:

III-жұп:



Бейнекөрсетілім: Алтын қалай өндіріледі? Бейнекөрсетілім


Саулеш Ермековнаның бейнекөрсетілім бойынша сұрақтары:


Картамен жұмыс

Кескін картаға түсті металлургия кен орындарын және зауыттарын түсіріңдер.


Тапсырма:

Тақтада  бүгінгі сабақтың мәтінін толық ашатын,үлкен мағына білдіретін 7 сөз тіркесі жазылған.Сендер соған кезектесіп, ғылыми тілмен қысқа,нақты жауап қайтаруға тырысыңдар, яғни ғаламтор жүйесін пайдаланып жауабын айтасыңдар.

1.Кенді байыту-кеннің құрамындағы компонентті біртіндеп алу.

2.Полиметалл кені-құрамында басты металл қорғасын мен мырыш және басқа бірнеше металл кездесетін кен.

3.Металургиялық база-ортақ шикізат,отын қорын пайдаланатын зауыттар тобы

4.Мыс қорытпалары-мыс пен басқа металдардың қоспасы.

5.Құрамдастыру-бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістердің жинақталуы.

6.Шоғырландыру-өндірістің ұштасуы

7.Түсті металлургия-металды өндіру,байыту,балқыту,дайын өнім алу,металл қалдықтарын өңдеуді іске асыратын өндіріс.


Сабақты бекіту:


Алдарыңдағы тест тапсырмалары жинағынан 3-ші тесттен 1-ші нұсқада отырған балалар 1-7 ге дейін, ал 2-ші нұсқада отырғандарың 8-14ке дейін орындайсыңдар.

I- нұсқа II-нұсқа

1- D 8- B

2- D 9-B

3- C 10-D

4- A 11-D

5- B 12-B

6- E 13-A

7- A 14-A

(өзара жауаптарын тексереді де бағалау парақтарына бағасын қояды).


7-дұрыс болса “5

5-6 дұрыс болса “4

3-4 дұрыс болса “3

0-2 дұрыс болса “2


«Жұдырықтан бес саусаққа дейін» стратегиясы бойынша сабақтан не естеріңде қалды соны білсем деймін.

(Егер қойылған сұрақтың немесе тапсырманың жауабын білсеңдер бес саусақтарыңды, жартылай білсеңдер үш саусақты ,ал егер жауабын білмеген балалар жұдырықтарын көрсетеді).

1. 1717 жылдан бастап Қазақстанның қай тауынан қорғасын мен мырыш табылды?(Алтай)

2. Түсті металдар неше топқа жіктеледі?(5 топқа: ауыр, жеңіл, бағалы, сирек кездесетін, баяу балқитын)

3. Еліміздегі ең алғашқы ірі кәсіпорындарын білесіңдер ме? (Риддер полиметалл комбинаты мен Қарсақбай мыс қорыту зауыты).


БББ кестесін қайта қолға алып, сабақтан не білдіңдер, мақсаттарыңа жеттіңдер ме?

Үйге тапсырма: географиядан: &13 оқу; 84-суретті жатқа білу; 157беттегі 4-тапсырманы

орындау.

Рефлексия

- Сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Қазір әрқайсыларың мұғалімнің үстеліне жақындап өзіне бестік бағаға бағалайтындар полиметалдың, өзін төртке бағалайтын оқушылар алтынның және үшке бағалаған оқушылар никельдің шартты белгілерін таңдап тақтаға орналастырады. Әр оқушы өзін-өзі бағалағанымен, топта жұмыс атқарғандары бойынша бағалау парағына топ басшысы бағалайды.

Сабақ соңында бүгінгі сабақтан естелік ретінде және де сабақтың басында айтып өткенімдей сендердің акцияларыңа қосымша акция ұсынғым келіп отыр.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-186282

Похожие материалы