Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Конспект открытого урока по обощению опыта работы по теме "Мектеп"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Конспект открытого урока по обощению опыта работы по теме "Мектеп"

библиотека
материалов

24.02.2016

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың мектеп тақырыбы бойынша білімдерін қорыту, қазақ тілі пәні құралдары бойынша оқушылардың әлеуметтілігін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың мектеп тақырыбы бойынша білімдерін толықтыра отырып, сөйлемдер, шағын әңгімелер арқылы өз ойларын айтып беруге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың таным белсенділігін дамыту, оқыту, сұрақтарға жауап беру, сөйлеу әрекетін, көру, есте сақтау қабілетін дамыту; оқушылардың сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: оқушылардың оқуға, білімділікке сүйіспеншілігн арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: RWCT технологися арқылы жоспарланған сабақ.

Сабақта қолданылатын технологиялар: кластер, түртіп алу, бес жолды өлең.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдерi

Мұғалiмнiң iс-әрекетi

Оқушылардың iс-әрекетi

Уақыт

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, отырғызу.

Кезекші рапортын тапсыру.

Оқушылар сәлемдеседі.

Кезекші бала рапорт тапсырады.

2 минут

2.Тіл дамыту кезеңі

Тыңдалым бөлімі.

«Мектеп» туралы бейнеролик қарау, түсіну, содан кейін бейнеролик бойынша мұғалімнің сұрақтарын жауап беру.

-Қыздың аты кім? – Асылай Алмасқызы

-Ол нешінші сыныпта оқиды? – Ол 1 «В» сыныпта оқиды

-Асылай қандай мектепте оқиды? – Асылай №13 мектеп-гимназияда оқиды.

- Асылай қандай қалады тұрады? – Алматы қаласында тұрады.

-Алғашқы ұстаздың аты-жөні кім? – Гүлнәр Ержанқызы

- Асылайдың әлемі неден басталады? – Отбасынан

- Асылайдың отбасы қандай? – Үлкен, тату.

- Отбасыңда неше бала бар? – Үш қыз бала.

- Сіңлісінің аты кім? - Ерке

- Асылай мектептегі қандай қоғамының мүшесі? – Жас қыран

- Асылай болашақта кім болғысы келеді? – Мұғалім


Оқушылар бейнеролик бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4 минут

3. Үй жұмысын тексеру

«Мектеп» тақырыбы бойынша әлеуметтілінген жеке карточкаларды тексеру.

Оқушылар үйде әлеуметтілінген жеке карточкаларды толтырып, сөйлемдер құрастырып, ауызша айтып береді.

3 минут

4.Қызықтыру

Мектеп тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту – ұжымдық жұмыс.

Мұғалім оқушылардың алдында проблемалық сұрақ қоядыСен өз мектебіңді не үшін жақсы көресің?

Бұл сұраққа жауап беру үшін оқушылар мұғаліммен бірге «Мектеп» тақырыбы бойынша кластер жасап, әңгімелейді.


















Ұжыммен жұмыс: жасалған кластер бойынша ауызша шағын әңгіме құрастыру.

Оқушылар мұғаліммен бірге ұжыммен кластер жасап, әңгіме құрастырады.

6 минут

4.Мағынаны ажырату – 21 минут

Оқушыларға жеке карточкалар беріледі, бұл жеке карточкалар бойынша сабақ бойы жұмыс жасалады.

1-тапсырма

Мектепке қабылдау үшін директордың атына өтініш жазу.

2-тапсырма (қазақ тілі кабинеті, кітапхана, асхана туралы өткен білімдері қайталанады)

Үш топқа түрлі тапсырмалар беріледі:

1-ші топ – Кітапхана туралы шағын эссе жазу, содан кейін автор орындығы арқылы оқып тексеру.

2-ші топ – «Асхана» мәтінді қазақ тіліне аудару, содан кейін тексеру.

3-ші топ – «Қазақ тілі кабинеті» тақырыбы бойынша диалог құрып, тақтаға шығын сөйлесу.

3-тапсырма (құттықтау хатты жазуға үйрету)

Жеке карточкалармен жеке жұмыс – мектеп директорге 8-ші наурызға құттықтау хат құрастырып жазу.


Сергіту сәтін өткізу


4-тапсырма (мұғалімдерге сипаттама беру)

Ойын «Бұл кім?». Берілген мұғалімнің фотосын жазбаша суреттеп, жеке карточкаларға жазып, ал басқалары сұраққа жауап береді Бұл кім? – топтық жұмыс


5-тапсырма (Грамматикалық ережелерді еске түсіру)

Берілген сөйлемдердің синтаксистік талдауын жасау.

Сөйлемдер:

Мен тамаша мектепте оқимын.

Сенің досың кеше мектепке барды ма?

Бағалау критерийлер:

5 ұпай – барлық тапсырма дұрыс жасалған және 1-2 грамматикалық қате жіберілген

4 ұпай – тапсырманың 80% жасалған және 3-4 грамматикалық қате жіберілген

3 ұпай - тапсырманың 50% жасалған және 5-6 грамматикалық қате жіберілген

2 ұпай -тапсырманың 50%-дан кем жасалған және 7-ден артық грамматикалық қате жіберілген

0 ұпай – тапсырма дұрыс жасалмаған емес

Жауаптар:

1-ші сөйлем

Сөйлем айтылу мақсатына қарай: хабарлы сөйлем.

Сөйлем құрылысына қарай: жай сөйлем.

Не істеймін?оқимын, баяндауыш, сөз табы - етістік

Оқимын кім?мен, бастауыш, сөз табы – есімдік

Мен оқимын қайда?мектепте, толықтауыш, сөз табы – зат есім

Мектепте қандай?тамаша, анықтауыш, сөз табы – сын есім

2-ші сөйлем

Сөйлем айтылу мақсатына қарай: сұраулы сөйлем.

Сөйлем құрылысына қарай: жай сөйлем.

Не істеді? – барды ма, баяндауыш, сөз табы – етістік

Барды ма кім? – досың, бастауыш, сөз табы – зат есім

Досың барды ма қайда? – мектепке, толықтауыш, сөз табы – зат есім

Мектепке барды ма қашан? – кеше, пысықтауыш, сөз табы – үстеу

Досың кімнің?менің, анықтауыш, сөз табы - есімдік




Оқушылар өз бетінше мектепке қабылдау туралы өтініш жазады.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, содан кейін тақтаға шығып қорғайды және де бағалау парақтар арқылы бір-бірін бағалайды.





Оқушылар үшінші тапсырманы жеке өз бетінше орындайды, содан кейін бірнеше оқушы өз құттықтау хатын оқып береді.

Оқушылар сергітун сәтін жасайды.


Оқушылар топпен жұмыс жасайды, олар бірге фотоға сипаттама беріп, карточкаға жазады, содан кейін көрші топқа оқиды, басқалары мұғалімнің ата-жөнін шешіп айтады.

Оқушылар өз бетінше сөйлемдердің талдауын жасайды, содан кейін дәптерлерді ауыстырып, тексереді, бағалау критерийлер арқылы бағалайды.



3 минут


6 минут









3 минут




1 минут


3 минут





5 минут

5. Ой толғанысы – 7 минут

«Мектеп» сөзіне бес жолды өлең жазу.

  1. сөз

  2. 2 сын есім (қандай?)

  3. 3 етістік (не істейді?)

  4. 4 сөзден құрылған сөйлем

  5. жалпы мағынасын білдіретін сөз




Шағын эссе жазғызу. Проблемалық сұраққа жауап беру:

-Сен өз мектебіңді не үшін жақсы көресің?

Оқушылар тірек сызба бойынша мектеп сөзіне бес жолды олең құрастырады.

Мысалы:

Мектеп

Биік, таза

Оқытады, тәрбиелейді, үйретеді

Адамға пайда әкелетін мекеме.

Кеме

Оқушылар өз бетінше жеке параққа шағын эссе арқылы сабақта қойылған проблемалық сұраққа жауап береді. Жазып болғаннан кейін автор орындығы арқылы өз шығармасын оқып береді.

2 минут









5 минут

6. Үй тапсырмасын беру.

Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіріп береді:

  • «Мектеп» тақырыбы бойынша карточкаға басылған сөйлемдерді қазақ тіліне аудару.

  • Алдын ала тапсырма беру: «Қазақстанның әншілері» туралы материал жинап әкелу.

Оқушылар берілген тапсырманы күнделікке жазады.

1 минут

7. Бағалау.

Сабақтың сонында оқушылар түрлі смайликтер арқылы мұғалімнің сабағын және жұмысын бағалайды.

Бағалау парақтарға қойылған бағаларды тексеріп, мұғалім оқушыларға түсіндіріп, өз бағаларын қояды.

Әр оқушы смайликтер арқылы мұғалімге өз бағасын қояды.

Оқушылар күнделіктерді мұғалімге береді.

1 минут




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДБ-019953
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх