Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект открытого урока "Профессии".

Конспект открытого урока "Профессии".

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Совхоз орта мектебі» ММ












Ашық сабақ

«Мамандықтар»

10 «Б» сынып




















10 сынып

Тақырыбы: «Мамандықтар»
Мақсаты: а)Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, білімдерін жетілдіру;
ә) Ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту;
б) Еңбекқор болуға, ұқыптылыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.
Керекті құрал-жабдықтар: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар, слайд. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кубик, суреттер, плакат. 
Сабақтың барысы. 
І. Ұйымдастыру кезеңі. а)амандасу;  ә) оқушыларды түгелдеу; 
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сәлеметсіңдер ме!

Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
 Тест өткізу.

1. Қысқарған сөзді табыңыздар.
А) кг, ТМД

В) Қызылорда, Ақтөбе

С) сөйтіп, ештеңе

Д) әркім, әлдекім

Е) өнерпаз, суреткер

2. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін терминді табыңыздар.
А) архаизм

В) историзм

С) идиома

Д) метонимия

Е) неологизм

3. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыздар.

A) Аяғымен кезек тебу.
B) Беті ашық шелек.
C) Еламан түршігіп кетті.
Д) Қуаныш ұзағынан болсын.
E) Төргі бөлмеде.

4. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіздер.

A) дефис арқылы

B) бірге C) бөлек Д) сызықша арқылы

E) үтір арқылы

5. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.

А) ұстаз шәкірт, бала шаға

В) өнер білім, лала гүл

С) ата ана, әке шеше

Д) ата мекен, киіз үй

Е) ойын күлкі, жақсы көңіл
ІV. Жаңа сабақ. 

-Балалар, бүгін бізге пошташы апай хат жіберіпті, ашып көрейік. Мен хатты ашып, оқып берейін. «Құрметті балалар, мына жұмбақтардың жауабын шешіп, бір сөзбен қалай атауға болатынын айтыңдар!» деп жазыпты. Жұмбақ шешкенді жақсы көреміз бе? Олай болса, атайық, жұмбақтарын шешімін табайық.
Жұмбақ жасыру
1) Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім?
Жасқанбайтын батыр кім?
(Өрт сөндіруші)
2) Шәкірттердің тірегі, 
Мектептердің жүрегі
. (Мұғалім) 
3)Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (
Шаштаразшы)
4) Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы,
Жер астынан сұйығы
Фонтан болып шығады.
(Мұнайшы)
-Бәрекелді, сендер жұмбақтың жауаптарын дәл таптыңдар!Жарайсыңдар! - Оқушылар, бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
- Бүгінгі сабағымызда осы «Мамандықтар» туралы әңгімелейміз.

және туынды зат есім қайталаймыз.

Сабақтың мақсатың айту:

«Сынақ дорбасын» дайындапты.
1. Зат есім дегеніміз не? Затты
ң,ұғымның,құбылыстың және жалқы есімдердің атын білдіретін сөз табы.Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
2. Зат есім
қандай түрлерге бөлінеді? тұлғасына қарай –негізгі,туынды

құрамына –дара,күрделі; мағынасына –деректі,дерексіз;атауына –жалқы,жалпы
3. Көптік жалғауын ата.
4. Негізгі зат есім дегеніміз не?
-бөлшектенбейтін түбір зат есім

5. Туынды зат есім дегеніміз не?-жұрнақпен жасалған зат есім

еке,ке,қа,а,е,й,тай,жан,шақ,шек,шық,шік,ша,ше,ш,ыш,іш,сымақ,қан,кен,қай,кейан,ң




Дәптермен жұмыс. 

Тапсырма:Туынды зат есімдерден негізгі зат есімді ажыратып жаз.
1. Достық—дос 2. Сөздік—сөз 3. Балалық—бала 4. Сыйлық—сый
5. Әділдік—әділ
1. Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.
Дәрігер, жолшы, балташы, ісмер, кенші.

2. Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.
Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер,
қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана,
көл, коньки, суат.

3. Жақшаларды ашып, аударып, оқыңыз.
Менің анам (учитель) емес,(врач). Ауылда (доярки, пекари, строители) өте қажет. (1 - сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырат)

«Мамандықтарымызды» сөзін сөз құрамына талда
• Тақтамен жұмыс

1.Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып, туынды зат есім жаса.

- шы, - ші, - лық, - лік, - дық, - тық, - хана
Кітап, дос, егін, орын,таза, адам, мал, шебер

Кітапхана, достық, егінші, орындық, тазалық, адамдық, малшы, шеберлік.

2. Төмендегі жұрнақтардың көмегімен туынды зат есімдер жасаңыз:
- шы,- ші
Зерттеу, жазу, кен, теңіз, балта, мүсін, жылқы, сәулет, аң, қобыз, тіл, ел, есеп,
орман
3.«Мамандық» сөзін тәуелде.

* Мәтінмен жұмыс: Оқып,сұрақтарға жауап беру. Мәтінге ат қою.
VI Келесі кезекте «Полиглот»
(Жауабы үш тілде берілуі тиіс)
• Сания балаларды оқытып жүр.
Оның мамандығы қандай? (
мұғалім – учитель – a teacher)
• Салтанат адамдарды емдеп жүр.
Оның мамандығы қандай? (
дәрігер – врач - a doctor)
• Алина тіс емдейді.
Оның мамандығы қандай? (
тіс дәрігері – стамотолог - a dentist)
• Нуржан сурет салады.
Оның мамандығы қандай? (
суретші – художник – an artist)
• Мира ән айтып жүр
Оның мамандығы қандай?
(әнші - певица – a singer)
Сергету сәті

«Кім болам?» шығармашылық
Шарты: Балаларға болашақта қандай мамандық иелері болғысы келетіндігін және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелейміз.Қандай мамандықтарды білесіңдер,кім болғын келеді?
«Артық болмас білгенің...» айдары көрсетіледі. 

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс әрекетінің түрі.
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
- ата - ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы
«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
• адам – техника,
• адам – адам,
• адам – белгі жүйесі,
• адам – табиғат,
• адам – көркем образ.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
VIІ. Сабақты қорытындылау. Тест өткізу

тест

1.Туынды зат есім жасайтын қосымшаны табыңыз. 
А) –рақ, -рек. 
В) –лас, -лес. 
С) –ы, -і. 
D) –лау, -леу. 
E) –шық, -шік. 
Дұрыс жауап: В

2.Туынды зат есімді табыңыз. 
А) Салмақты. 
В) Ақылды. 
С) Мамандар. 
D) Өнерлі. 
E) Оқулық. 
Дұрыс жауап: Е

3.Туынды зат есімі бар сөйлемді табыңыз. 
А) Мен интернетті көп қолдандым. 
В) Осы аптада тағы да ақпараттар жинадым. 
С) Оқулықсыз келген оқушылар да болды. 
D) Құжаттарды дұрыс толтыру керек. 
E) Мектепте достарыммен кездестім. 
Дұрыс жауап: С

4.Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. 
А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. 
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 
С) Татулық- табылмас бақыт. 
D) Ынтымақ түбі береке. 
E) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі. 
Дұрыс жауап: С

5. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз. 
А) Сатушылар. 
В) Сатушыға. 
С) Сатушымын. 
D) Сатушым. 
E) Сатушысыз. 
Дұрыс жауап: D

VIII. Үйге тапсырма. 
1) «Кім болғым келеді?» тақырыбында шағын шығарма жазу. 
ІX. Бағалау. Оқушыларды деңгейлеріне қарай бағалау.

Рефлексия:

Қорытынды.
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық








1. Тест

1. Қысқарған сөзді табыңыздар.
А) кг, ТМД

В) Қызылорда, Ақтөбе

С) сөйтіп, ештеңе

Д) әркім, әлдекім

Е) өнерпаз, суреткер

2. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін терминді табыңыздар.
А) архаизм

В) историзм

С) идиома

Д) метонимия

Е) неологизм

3. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыздар.

A) Аяғымен кезек тебу.
B) Беті ашық шелек.
C) Еламан түршігіп кетті.
Д) Қуаныш ұзағынан болсын.
E) Төргі бөлмеде.

4. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіздер.

A) дефис арқылы

B) бірге C) бөлек Д) сызықша арқылы

E) үтір арқылы

5. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.

А) ұстаз шәкірт, бала шаға

В) өнер білім, лала гүл

С) ата ана, әке шеше

Д) ата мекен, киіз үй

Е) ойын күлкі, жақсы көңіл








1.Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып, туынды зат есім жаса.

- шы, - ші, - лық, - лік, - дық, - тық, - хана
Кітап, дос, егін, орын,таза, адам, мал, шебер


2. Төмендегі жұрнақтардың көмегімен туынды зат есімдер жасаңыз:
- шы,- ші
Зерттеу, жазу, кен, теңіз, балта, мүсін, жылқы, сәулет, аң, қобыз, тіл, ел, есеп, орман

3. «Мамандық» сөзін тәуелде.


























 

1. Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.
Дәрігер, жолшы, балташы, ісмер, кенші.

2. Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.
Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер,
қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана,
көл, коньки, суат.

3. Жақшаларды ашып, аударып, оқыңыз.
Менің анам (учитель) емес,(врач). Ауылда (доярки, пекари, строители) өте қажет. (1 - сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырат)

4.«Мамандықтарымызды» сөзін сөз құрамына талда

1. Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.
Дәрігер, жолшы, балташы, ісмер, кенші.

2. Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.
Суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер,
қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана,
көл, коньки, суат.

3. Жақшаларды ашып, аударып, оқыңыз.
Менің анам (учитель) емес,(врач). Ауылда (доярки, пекари, строители) өте қажет. (1 - сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырат)

4.«Мамандықтарымызды» сөзін сөз құрамына талда




















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-181630
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>