Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Конспект открытого воспитательного часа на тему "Әліппемен қоштасу ертеңгілігі" (1 класс)

Конспект открытого воспитательного часа на тему "Әліппемен қоштасу ертеңгілігі" (1 класс)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!Алдарыңызға бүгінгі кеш иелері 1 «А» гимназия сынып оқушыларын шақырайық.Қол соғып,қошеметпен қарсы алайық!

Базарбекова Жанайым,Бердіханқызы Аружан,Болатбекқызы Нұрайым,

Ерденбай Ақырыс,Ерсайын Іңкәр,Жаңабай Дамир,Ислам Дильназ,Құлбош Дулат,Қайратұлы Мади,Қлышнияз Азамат,Сапарғали Жанби,Сансызбай Мансұр,Хадырхан Жансая,Ізтұрған Динара,Марат Данияр,Мұрзабай Айжан,Салық Жәдігерхан.

(Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады)

Әнұран орындалады.

Мұғалім:

Шашу, шашу шашыңдар,

Ақ сандықты ашыңдар.

Бұл мереке,бұл тойдың,

Шымылдығын ашыңдар! (шашу шашылады)

І – жүргізуші (Дамир):
Қайырлы күн, уа, халайық!

2-жүргізуші (Іңкәр):

Қош келдіңіздер,аса құрметті қонақтар!

І – жүргізуші (Дамир):
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
2-жүргізуші (Іңкәр):
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.



1-ж.Дамир:

Шаттанамын,мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім,мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен Әліппем де,

Түстей болып,міне бүгін артта қалды.

2-ж.Іңкәр:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ.

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған,

Оңкей білгіш,балдырған,

Құтты болсын тойларың!

1-ж.Дамир:

-Бүгін біздің қуанышымызда щек жоқ,өйткені тұңғыш сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.

2-ж.Іңкәр:

-Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік.Соның ішінде сурет салуға,ән айтуға,есептеуге,денемізді шынықтыруға,еңбек етуге мұғаліміміздің көмегімен үйренудеміз.

1-ж.Дамир:

-Олай болса ,той иесі «Әліппемізді»ортаға шақырайық!

Бәрі: «Әліппе,Әліппе,Әліппе»

Әліппе:

Армысыздар,жас достар!

Армысыз ата-аналар!

Болашаққа жол бастар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

2-ж.Іңкәр:

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

1-ж.Дамир:

-Төрлет Әліппе қонақ бол.
Балалар біз Әліппеге өз өнерімізді көрсетейік



1 - оқушы:Дулат
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

2 - оқушы:Жанайым
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

3 - оқушы:Айжан
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

4 - оқушы:Жанби
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

5 - оқушы:Дильназ
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың

6 - оқушы:Динара
Алфавиттің
А тұрады басында
Әрқашан да
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші.
Ал осының сыры неде?
Түсінші:
А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.



7 - оқушы:Ақырыс
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!

8-оқушы:Жапсая

Әліппем менің әліппем,

«А» деген басты әріппен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Әліппе:
- Балалар , сендер мені оқып, сауаттарыңды аштыңдар, жазуға , оқуға үйрендіңдер, Ал ,кәне, көпшілікке әріптердің сырын ашыңдар.

2-ж.Іңкәр:

«Әліппенің әріптері, өзін-өзі дәріптейді» қойылымын бастаймыз

Алфавиттер шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық кәне айтысты
Жібермейік намысты

Аружан:

А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.

Нұрайым:
Ә: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.

Жәдігерхан:
Б: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.

Азамат:
Г: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.

Жанби:
Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.

Данияр:
Д: Дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған

Динара:
Е: Елге есті ер керек ,
Ер жет өсіп ертерек.

Жансая:
Ж: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып –ақ тастармыз .

Дильназ:
З: Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.

Айжан:
Қ: Қарқа қол бер,
Жасқа жол бер.

Мансұр:

М: Мақтанышым ұдайы,
Маңғыстаудың мұнайы.

Дулат:

Н – Наурызайы келгенде,
Найрыз тойы тойлансын.

Мади:
О – Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.

Жанайым:
Ө - Өсті міне, бойларың,
Өсті ақыл, ойларың

Ақырыс:
Р – Роза шықса ән салып,
Риза болған бар халық

Ән: «Әліппе» - оқушылардың орындауында.
Әліппе:

- Рахмет балалар. Балалар! Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Менің беттерімді санап жүрген тентек бауырым бар еді,соны ортаға шақырайықшы.

Оқушылар:Математика!Математика!

(Ортаға математика келеді)

Математика:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне,сендер Әліппені оқып үйрендіңдер.

Әріптердің бәрін толық танып білдіңдер.Сонымен қатар мені де жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер деп сенемін,енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын,жүйріктерің соны шешіңдер!

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын

Болады неше алма? (7)

Балалар: 7 алма.

Математика:-Өте жақсы,рахмет сендерге.Өздерің өңкей білімді балалар екенсіңдер.Біз әлі сендермен мектеп табалдырығынан қоштасқанша бірге боламыз.Әрдайым осындай білімді,тапқыр болыңдар.



2-ж.Іңкәр:

-Математика төрге шығыңыз! Оқушылардың бүгінгі болып жатқан тойының арасында болыңыз.

Математика: -Ал,балалар,сендердің араларыңызда 3 пен 2-ні қосып 5 алдым деп жүрген оқушылар жоқ па?

Балалар: Әрине,жоқ.

Мансұр:

«1» деген ол жаман баға,

Алады оны жаман бала.

Мади:

«2» деген нашар баға,

Інішегім нашарлама.


Жәдігерхан:

«3» дегенім орта баға,

Сапасы да орта ғана.

Азамат:

«4» дегенім жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

Дулат:

«5» дегенім үздік баға,

Оқитын бол үздік қана.

«Есеп сабағы» әні.

1-ж.Дамир:

-Міне,достарым,өздерің айтқандай үнемі 4 пен 5-ке оқуға тырысайық.Бізге осыншама өнер,білімді үйреткен кімдер?

Балалар: - Мектеп.Ұстаз.Ата-ана.Әліппе.

2-ж.Іңкәр:

-Дұрыс айтасыңдар..Әліппе бізді оқуға,жазуға үйретті.Сол үшін «Әліппе» досымызға не деу керек?

Барлығы: Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
1 - оқушы:Аружан
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.
2 - оқушы:Данияр
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
3 - оқушы:Нұрайым
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
«Ұстазым» әні.

1-ж.Дамир:

-Әліппені ерінбей,жалықпай жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр жолдап,ризашылығымызды білдірейік.

2-ж.Іңкәр:

-Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен аналарымызға мың алғыс айтамыз.

1-оқушы:Жанби

Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға арнап бір ән саламыз.

2-оқушы:Жансая

Ыстық- ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
3-оөушы:Дулат

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың ,аясындай гүл бақтың
4-оқушы:Жәдігерхан
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналмақ,
Біз айтатын келесі бір асқақ ән

«Ата-ананы тыңдаймыз» әні.
1-ж.Дамир:

-Ендігі кезекті ойынға береміз.Аналарымызды ортаға шақырамыз.
Аналар ойнайды. Ойын шарты: 5 анадан - 2 команда құрады. "Көңілді қыс" суретін салады. Қай команда суретті тез салып болады, жеңімпаз команда аталады.
Сынып оқушыларының орындауында би .
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.


Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Қош болыңдар, балалар!
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!

2-ж.Іңкәр:

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры мықты, еліміз тыныш, жас ұрпақ бақытты болсын. Әр біреуіміз Отанымыздың одан әрі дамып, көркеюіне өз үлесімізді қосайық. Тәуелсіздік сағаты мәңгі соқсын!

1-оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз-туған жер,атамекен,

Биік тау,орман,тоғай,көлімізді.

2-оқушы:

Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау,жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

6-оқушы:

Төтеп беріп сынға,

Қайыспаған ауырға.

Адал болып досына,

Бас имеген жауына

Елдің атын кім дейміз?

Бәрі: Қазақ елі.

4-оқушы:

Таулары бар ең биік,

Даласы бар жерұйық.

Бұл қай ел?

Қазақстан.

«Туған елдей ел болмас»әні.

Мұғалім:

Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң ,арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан ,- деп Абай атамыз айтқандай алдымызда «Әліппе» ұстап,санамақ ойнап тұрған бүгінгі бүлдіршіндер,ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар. Білім негізі бастауышта дегендей,осы бүлдіршіндерді алға сүйреп, білімнің , өмірдің шыңына жетелеу- біздің міндетіміз.
Бүгінгі Әліппені аяқтап, жас ұрпақтың санасына білім сәулесінің шапағын ұялатқан күні ұстаз ретінде шәкірттерімнің балаң арман, сәби қиялдарын орындалсын деген тілекпен сөзімді аяқтаймын.

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!,-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

1-ж.Дамир:

-Сөз кезегін бүгінгі мерекеміздің куәсі болған ұстаздар мен ата-аналарға береміз.





С О Ң Ы













































Loading...



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров64
Номер материала ДВ-477001
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх