Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект отрытого урока по математике на тему "10 саны көлемінде есептер шығару"

Конспект отрытого урока по математике на тему "10 саны көлемінде есептер шығару"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика

Сабақтың тақырыбы : 10 саны көлемінде есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін,

санды өрнектер, санды салыстыру, есеп шығару дағдыларын пысықтау, қайталау.

Коррекциялық: Ойын есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін

дамыту, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: тапқырлыққа, алғырлыққа, іздемпаздылыққа, танымдылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

- Бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ. Бізге қонаққа көптеген ұстаздар келіп отыр. Қанекей амандасып алайық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз

1 слайд

Қазір бізде математика сабағы. Ал енді құрал-жабдықтарымызды түгендеп, түзу және тыныш отырайық. Түгел ме?

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз.

Дем алу жаттығуы

2 слайд және музыка

«Ою үрлеу»

Моторикаға арналған жаттығу

«Оюдың қиындыларын жинау»

Пропедевтика : Білімді еске түсіру.

- 1-20 дейін санау

слайд 3

-« Таза тақта» ойыны (тақтаға түстері әр түрлі оюлар ілінген, балаларға оюлардың түстерін атау арқылы, геометриялық фигураларды атату)

Геометриялық фигураларды қайталау және түстерді еске түсіру.

Мысалы: үшбұрыш , шаршы, тіктөрт бұрыш, дөңгелек, сопақша

  • Ауызша санау

Оюлармен есептер шығару

1+1 3+3 4-2

2-1 1-1 5+5


Дәптермен жұмыс

4 слайд

Баллалар 10 санын қандай цифрмен белгілейміз?

10 цифры қандай цифрлардан құралған?

5 слайд

Дәптерлерімізді ашып , бүгінгі күнді жазып аламыз.

Көркем жазу

10 санын жазу 2,3 деңгей

6 деңгей

1 және 0 цифрларын жазып шығады.

Жаңа сабақ

Біз қандай санды жазып шықтық?

Ендеше біз 10 саны көлемінде есептер шығаруды жалғастырамыз.

Оқулықпен жұмыс

2,3 деңгей

Тақтамен жұмыс 7 слайд

61 бет № 42

4 деңгей

Карточкамен жұмыс

Тиісті түспен боя.

Сергіту сәті

8 слайд

Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

Киіз үй

Қазір біз сендермен киіз үй туралы сергіту сәтін жасаймыз.

Дөнгелектеп тұрамыз

Керегені құрамыз

Уық болып иіліп

Шаныраққа киіліп

Кигіз үйді құрамыз.


Сөзді есеп

Сөзді есептің компоненттерін еске түсіру. Слайд 9

Шарты

Сұрағы

Шешуі

Жауабы

Слайд 10

61 бет № 44

11,12 слайд

Елдостың 10 асығы бар еді. Оның 2 ін жоғалтып алды. Елдоста қанша асық бар?

13 слайд

Б-10 а.

Ж-2 а.

Қалды ?

Шешуі: 10-2=8

Жауабы: Елдоста 8 асық қалды.

Сызғышпен жұмыс.

2,3 деңгей 8 см сызады

4 деңгей карточкада берілген нүктелерді сызғышпен қосады.

Методика

2 деңгей

Сәйкес цифрды қой

3 деңгей

Тиісті сандарды жаз

4 деңгей

Геометриялық фигуралар

Сабақты қорыту:

Бағалау:

Сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Рефлексия

Үйге тапсырма

Тосын сый





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров102
Номер материала ДВ-377332
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх