Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Конспекты / Конспект по физике на тему "Халықтық педагогиканы физикамен ұштастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Конспект по физике на тему "Халықтық педагогиканы физикамен ұштастыру"

библиотека
материалов


Халықтық педагогиканы физикамен ұштастыру


«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті»

М.Жұмабаев

Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді, әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі - ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады. Ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – еңселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым - қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Әр пәнді оқыту кезінде сабақты қазақ халқының тұрмысы,әдет- ғұрпы,үлгілі дәстүрлерімен шебер ұштастырып, оқушы бойында ұлттық мақтаныш,ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру,оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да,пәрменді жүргізуге күш салу- пән мұғалімдерінің басты парызы. Ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес,физикалық құбылыстарға үйлесімділікпен енгізу,яғни физикалық ұғымдарды ұлттық таным- талғам арқылы танудың маңызы зор. Физика сабағында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен салт- дәстүрін оқып үйрету бір- бірінен бөліп алуға болмайтын үш міндетті атқарады. Олар -білім беру,оның тәрбиелік мәні,танымды кеңейту міндеттері.Физиканы оқытуда бұл міндеттерді жүзеге асыру оқушылардың логикалық ойлауын,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының дамуына себебін тигізеді,оқу процесін жандандырып,жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруіне мүмкіндік береді.

Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Біз осыдан жазу-сызуы болмаған кездің өзінде халқымыздың табиғат құбылыстарын дұрыс түсіне білгендігін, көрегендігін, данышпандығын аңғарамыз. Ата- бабаларымыздан ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан бай қазыналарымыздың бірі -киіз үй. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы,ішіне жарық жақсы түседі,ауа алмасуы талапқа сай, жел дауылға көп шайқалмайды, берік,төбесі күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді.Салқын болуы конвекцияға байланысты. Киіздің жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан аптап шілдеде сая,ызғырықта жылы баспана болған. Бұл «Конвекция», «Сәуле шығару» құбылыстары. Бұларды түсіндірген кезде киіз үйдің іргесін түру, түндігін ашып қою есебіне тоқталу оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, көзқарасын қалыптастырады.

Халқымыздың әдет -ғұрпы, ұлттық мінезі, сезімдері,ойлары мақал- мәтелдер мен қанатты сөздері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа тарап, тәрбиелік мәні бар дәстүрге айналып отыр. Халқымыз жеті киелі сан деп санаған. Мысалы, жеті жарғы, жеті ата,жеті шелпек,аптаның жеті күні, жетіқарақшы. «Болар бала жеті жастан бас болар», «Жетіге келгенше жерден жеті таяқ жерсің». «Жарықтың дисперсиясы және поляризациясы» деген тақырыпты өткен кезде ақ жарықтың жеті түстен тұратынын қасиетті осы жеті санымен (жеті қазынамен) байланыстыруға болады. Физика сабағында оқушының зейінін арттыруға,сабырмен тыңдай білуге, өзін- өзі ұстай білуге баулитын,тәрбиелейтін мақал- мәтелдерді қолданған да тиімді. «Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық» мақалының физикалық мағынасы жарықтың түзу сызық бойымен таралуын ұғындырады. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәні жіберілген қатені екінші рет болдырмау,жіберілген қатеден қорытынды жасау,физикалық тұрғыдан-ыстық нәрсені үрлесек кебу құбылысы болатындығын түсіндіреміз. Көшпелі халықтың аса бай өнерінің бұлжымас байрақ- туындай болған қасиетті домбыраны «Тербелістер» тақырыбын өткенде баяндаймыз.Домбыра жалпы физикалық күрделі заңдылықтармен түсіндірілетін акустикалық аспап. Егер домбыраның ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз,тербеліс туады.Тасада тұрып домбыраның да үнін ести аласың,ауада да тербеліс туады.Дыбыстардың осындай ауытқуы,кедергіні орағытып өтуі дифракция деп аталады. Ұлттық дәстүр элементтерін пайдаланып,сабақты түрлендіріп өткізу оқушыларға ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.Қазақтың ұлттық киімінің өзі де физика ғылымымен тікелей байланысты. Қазақ халқы қашан да бас киімге көп көңіл бөлген.Қыздар ұзатылғанда бастарына сәукеле кисе,ал әжелеріміз кимешек киген. «Инфрақызыл, ультракүлгін,рентген сәулелері» деген тақырыпты өткенде оқушыларға жаулықтың физикалық мағынасын әңгімелеуге болады.Ежелден қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан уақыттың көбін ашық аспан астында өткізген.Сәукеле де, кимешек те ақ матадан тігіледі.Ақ жаулық қазақ әйелдерінің басын,арқасын (омыртқа,жұлын ) кеудесін атмосферадағы түрлі сәулелердің, магнит, электр өрістерінің ,жылу алмасуының т.б зиянды әсерлерден қорғайды. Ерлердің жалпақ жиекті қалпағы адамның көзіне, бетіне күн сәулесінің тура түсуінен қорғайды. Енді «Броундық қозғалыс» тақырыбына келейік. Бұл сабақты да тартымды етіп өткізудің сан алуан жолдары бар. Нақты дәлелге жүгінсек, күбіге айран піскенде майдың түсуі, қатты дене бөлшектерінің сұйықтағы қалықтаған қозғалысы екенін жатық тілмен әңгімелеген жөн.

Ал, «Газдардағы электр тогы» тақырыбын өткенде мына мысалға назар аударған тартымды. Найзағай ойнағанда үйден шықпай, есік-терезені жауып отыру керек деген ұғымның қалай пайда болғанына тоқталу оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Келесі сөз «Спектрлер» тақырыбы туралы. Мұнда ақ және қара түстерді қалай пайдалану керектігін жан-жақты ұғындырған ұтымды. Оқушылармен есеп шығарған кезде де қазақтың өлшем бірліктерінің мағынасын түсіндіріп айтуға болады.Шақырым -1 километр, сүйем- бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы, құлаш- екі қол ұшы,табан, қадам,таяқ тастам жер, түймедей, ат төбеліндей, ат басындай,таудай,зілдей,қаңбақтай т.б

Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар, заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт-дәстүрлерді уағыздап, жас ұқпақ санасына дарытуды, осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жөн. Мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша жүргізілетін күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық, ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық тіл өрнектерін, ұлттық ойындарды көптеп қолдана білу. Оған даяр жоба ұсынуға болмайды. Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда шәкірттерді ойландыруға, тәжірибе жасап, оған қорытынды жасай білуге, сөйлесу мәдениетін дамытуға көңіл аударса, келесі бір сабақты мүмкіндігіне қарай халқымыздың дәстүрлі ұлттық тұрмыс, салт-сана көріністеріне, қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін ұғым-түсінігін бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды.  Сөйте отырып, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім-тәрбие беруге назар аударылады. Ғасырлар бойы күнделікті тұрмыста қазақ халқы физика ілімінің атауларын, салтын, дәстүрін қолданып келген, қолдана береді.

Халықтық педагогиканы пайдалану, физика пәнінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Халық педагогикасының тағылымдарын физика сабағында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.

Қорыта келгенде,ғасырлар бойы сақталып бізге дейін жеткен ата -бабаларымыздың ақылын ғылыми тұрғыдан талқылап,ұрпақтарымызға жеткізе білу ұстаздық парызымыз.Халқымыздың асыл мұрасын физиканы оқыту барысында негізге алу оқушылардың ұлттық дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырумен бірге,олардың ой - өрісін,пәнге деген қызығушылығын арттырады.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Педагогикалық энциклопедия.Түсіндірме сөздік.2002 ж

2. Әдістемелік журнал «Білімдегі жаңалықтар»

3.Республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық журнал «Физика және астрономия»



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров128
Номер материала ДВ-418452
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх