Инфоурок Химия Рабочие программыКонспект по химия Тұздар Гидролизі

Конспект по химия Тұздар Гидролизі

Скачать материал

 

 

Күні:14.05.2016ж

9 «ғ» сыныптары арасындағы кездесу кеш тәрбие сағты.

Тақырыбы: Туған жерім.
Мақсаты: Оқушыларға ана тілі,туғуан жері,елі, діні туралы тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; 
- ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу;
 
- оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;
 
- оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;
 
Көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, слайд

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының картасы; 
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі;
 
3. Дербес компьютер, теледидар, DVD, Қазақстан Республикасы туралы “Менің Қазақстаным”, “Астана – елімнің бас қаласы” деректі фильмі жазылған компакт-диск, күйтабақтар;
 
Сабақтың түрі: аралас
I. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.

ІІ.Ана тілі және туғун жері  туралы

ІІІ.ТІЛ – ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ ТІРЕГІ
IV. «Ислам діні - таза, күшті, құдіретті дін»
V. Қазақтың қара өлеңдері
VІ. Сұрақ – жауап
Мұғалімнің сөзі:Ұлт болмаса тіл де, дін де болмайды! Деп бүгінгі кездесу кешін бастаймызп

Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ.
Соған орай бүгінгі тәрбие сағатымызғ
а мешітінің бас имамы –_____________________ ата келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық.

ҮШ БАҚЫТЫМ 
Мұқағали Мақатаев
 
Оқитын: Уәлиев Бауыржан
 

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
 
Соған берем ойымның алтын кенін.
 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
 

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
 
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
 
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
 

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
 
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? 
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
 

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
 
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
 
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
 
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
 

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
 
Ел белгі де, өрлік, өнер де.
 
Жаһандағы ең жауынгер халықта
 
Кім сенеді,
 
Ту болмады дегенге?!
 

ТІЛ – ДІН МЕН ДӘСТҮРДІҢ ТІРЕГІ Таңдаулы мақалалар

http://www.islam-orkeniet.kz/wp-content/uploads/2014/10/tyilyim__426b978bfb0c10bd2a1b4ce5e07490a11-300x264.jpgҒаламды жоқтан бар етіп, өзінің құдірет болмысымен жаратып, сән берген Алла тағала қандай шебер десеңізші. Сонау Адам ата мен Хауа анадан тараған адам баласы бүгінде өсіп-өніп дүниенің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылып тіршілік кешуде. Қызығы сол – олардың түрлері басқа, тілдері өзге.
Әрбір жанды-жансыз жаратылысты өз ерекшелігімен, қадір-қасиетімен жаратқан мейірімді Раббымыз адамзат баласын да түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөлген. Бұл жөнінде қасиетті Құранда былай делінеді: «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің алуан түрлі болуы да – Оның белгілерінен. Күмәнсіз, бұларда білгендер үшін белгілер бар» («Рум» сүресі, 22-аят). Ал, «Хужурат» сүресінің 13-аятында құдіреті күшті Алла: «Ей, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар мен руларға бөлдік. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың», – дейді.
Ғалымдардың пайымдауынша, бір елдің толыққанды ұлт болып ұйысуы үшін мына бес тұғыр түгел болуы керек екен. Олар: тіл, дін, дәстүр, тарих және атамекен. Енді осы аталғандардың ішіндегі тілдің дінімізде алар орнына аз-кем тоқталып көрелік.
Рас, тіл – қай ұлттың, қай елдің де қастерлі құралы. Өйткені, тіл адамға ана сүтімен бірге еніп, өн бойында қалыптасады. Тіл – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып отыратын табиғи мұра. Демек, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиісті.
Жазушы Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді», – десе, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тари-хымызды ұмыту», – деп айтқан. Әрине, ұлыларымыздың тіл жайында қалдырған мысалдарын көптеп келтіруге де болады. Алайда айтпағымыз елін, жерін сүйген әрбір азаматтың жүрегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі болу керек.
Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 2014 жылды «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялағаны белгілі. Ел имамдарына жолдаған Үндеуінде дініміз бен дәстүрімізді жаңғырту жолында бірқатар мәселелерге баса назар аударған-ды. Соның ішінде тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, дініміз бен ділімізді жаңғырту; иман-дылықты жырлаған қазақтың ақын-жазушылары, жыраулары, би-шешендері мен қайраткерлерінің тұлғалық қасиеті мен баға жетпес бай мұрасын насихат-тау көрсетілген.
Иә, от ауызды, орақ тілді бабаларымыз сөз маржанын тере отырып, өз заманының мұңын жырлап, халықты имандылыққа, адамгершілікке, береке-бірлікке ұйытып отырған. Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жыраудың «Тілек» атты толғауы да осыған айғақ. Көркем сөз өнерiнiң майталманы, қазақтың ақтангер ақындары болған әйгiлi Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы), Қабылиса жырау, Шортанбай Қанайұлы, Базар жырау, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп, Әбубәкір Кердері, т.б. барлығы бұқара халыққа Ислам дінін тілдің шеберлігімен жеткізген.
Бұған өткен тарих пен ескі ауыз әдебиетіміз куә. Тіпті, Мұхтар Әуезов өзінің зерттеуінде: «Қазақ ортасына Ислам дінінің таралуына көбінесе қазақтың ақындықты сүюі себеп болды деген дұрыс пікір. Елге не жайылса да, әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өлшеуінің біріне түскен соң ғана жайылатын болған. Өлеңсіз, әңгімесіз, сұлу сөз келген құрғақ үгіт болса, ондайды ел тыңдамаған да, ұқпаған, ықылас қоймайтын болған. Сондықтан да мұсылманшылық діні де қазақ елінің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып келген. Бұған ескі әдебиеттегі толып жатқан қиссалар дәлел. Жарамазан өлеңі де сондайлық дін мағынасы мен дін үгіті болып шығып, бері келген соң қыдырма жарамазаншылар әнге салып айтатын болды», – деп жазады.
Қазақ халқында ауыз әдебиетінің орны ерекше, әсіресе қисса-дастандар. Сонан болар, сөз өнерін саралай білген ақын-дар жыр-термелерімен, толғауларымен халықты әрқашан ынтымаққа, бірлікке, имандылыққа шақырып отырған.
Бүгінде қынжылатын бір жағдайымыз бар. Кейбір қазақ жастарының Алла жолына бет бұрдым деп өз ұлтынан алыстап, дәстүрінен қашқақтап, тілін шұбарлап жа-татыны өкінішті. Олар дінді бір жақты алып, нанымымызға қайшылығы жоқ дәстүрімізді жоққа шығарып әлек. Нәтижесінде аға-іні, әпке-сіңлі деген секілді сөздеріміз дәрменсіз қалды. Осылайша ерлер бір-біріне «ахи, брат» (мағ.: аға-іні) десе, намазхан қыздар жағы «ухти, сестра» (мағ.: әпке-сіңлі) десіп, өз ана тілін ала-құла етуде. Солардың ахи-ухти дегенімен араб болып кетпесі немесе брат-сестра деумен орыс болып кетпесі ақиқат. Мұның ақыры тілді шұбарлап, кемсітуден басқа ешбір пайда әкелмейді. Ал, өз тілің өз араңда құрметсіз қалып жатса, оған не деуге болады?
Қорыта айтқанда, әр қазақ баласы өткенін ұмытпай, тілдің қадірін бағалап, «тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген қағидатты жадында ұстауы тиіс. Бай әрі көркем тіліміз шеберліктің шеңберінде асыл дінімізді насихаттауға, дәстүрі-мізді дәріптеуге, ұлтымызды ұлықтауға, бірлігімізді бекем етуге қолданылар болса, ана сүтінің ақталғаны. Олай болса, анадан дарыған тілін сақтап, дінін мұрат тұтып, дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылығын қорғау – әр азаматтың міндеті.

 



Ислам – адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін - өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.

Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т. б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т. б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам – «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет дін.«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- Максим Исламбек

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі бар ма?
Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез - кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де - Жайықбаев Семсер
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.

«Дін - ғылымның анасы» - Шман Арай
Дін - ғылымның анасы,
Дін - ғылымның әкесі,
Ғылым - діннің баласы,
Дін - ғылымның көкесі!!!
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Адам ата өлмесін,
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға
Ғылым мен дін, бірге бар!

Мешітінің бас имамы мен оқушылар арасында сұрақ-жауаптар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по химия Тұздар Гидролизі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 513 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 754
    • DOCX 55.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оменова Жадыра Қазбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оменова Жадыра Қазбаевна
    Оменова Жадыра Қазбаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10440
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 471 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 348 человек

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 573 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе