Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Конспект по инфарматику на тему "Paint редакторы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Конспект по инфарматику на тему "Paint редакторы"

библиотека
материалов

«Сауран» жалпы орта мектебі




Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы: Бұйымды өңдеу және тегістеу


8 сынып

Технология пән мұғалімі : Байғабылов М















2015-2016 оқу жылы


Сыныбы: 5 Күні: 18.12.2012ж.


Cабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

2.Дамытушылық: оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

3.Тәрбиелік: жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Интеграцияланған с аяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Жұптық жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері, таратпа карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері.өзін-өзін тану

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2мин

ІІ. «Үй тапсырмасын тексеру» аймағы 5мин

ІII.» Жаңа тақырып»аймағы 15мин

IV. «Практикалық жұмыс» тапсырмалар орындату 10мин

V. Сабақты бекіту 5мин

VI. Демалыс сәті 5мин

VII. Үйге тапсырма 1мин

VІІI. Қортындылау

Бағалау смайликтермен бағалау. 2мин


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Саламатсыңдар ма балалар. Отырыңыздар. Егер де сабаққа дайын болсақ барлығымыз бері қараймыз. Бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтардан ерекше болады. Себебі біз саяхат жасаймыз. Алыстағы «PAINT» экологиялық аймағына сапар шегеміз. Ол жағалаудың гүлдері, өсімдіктері жануарлары сол апаттың кесірінен жойыла бастаған. Ал сол апаттың болуы адамдардың да өміріне қауіпті. Біз сол апатты аймаққа көмектесу үшін сапарға шығатын маршрутқа отырамыз. Ол үшін ең бірінші маршрутқа билет аламыз.Ол үшін тапсырмаларын орындаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ.«Үй тапсырмасын тексеру» аймағы

1-билет Ақпарат дегенміз не?

2-билет Ақпараттың түрлері?

3-билет Ақпарат қайдан алынады?

4-билет Компьютерлердің негізгі құрылғыларын ата

5-билет Компьютердің қосымша құрылғыларын ата


ІII. Жаңа тақырып.аймағғы Бұл аймақта жаңа тақырып мәтіні беріледі Мәтін қима қағаздардан жасалған. Оқушылар осы қима қағаздарды құрастырып, мәттіннің мазмұнын айтады.

Paint графикалық редакторы

Paint сурет салу программасы. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмасу буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Paint программасын іске қосу

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

  1. Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.

  2. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.

  3. Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.

  4. Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.

Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:

Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint

(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)

Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық

редакторының терезесі шығады.

Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.

Политраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.


Сурет салу кезеңі

Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. Құралды таңдап алу керек.

Paint графикалық редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:


hello_html_1648949c.pngЕрікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні

таңдау қызметін атқарады.

hello_html_m6957fe05.pngБелгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау

қызметін атқарады.

hello_html_458c867.pngӨшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір

бөліктерін өшіруге арналған құрал.

hello_html_3fe8bffe.pngҚұю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін

немесе фон түсін бояйды.

hello_html_5f5177fa.pngТүс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің

кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

hello_html_333a3f95.pngМасштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп,

кішірейтуге мүмкіндік береді.

hello_html_m15ae4f58.pngҚарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта

сызуға арналған.

hello_html_2ac66483.pngКисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті

түрін таңдап алуға болады.

hello_html_m755072b5.pngБүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік

береді.

hello_html_9971e04.pngЖазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

hello_html_m755e87a9.pngСызық, түзу сызықтар салуға арналған.

hello_html_507098d6.pngҚисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

hello_html_m13e6c5c2.pngТік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

hello_html_m474b200.pngКөпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

hello_html_1e9c4f80.pngЭллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.

hello_html_m3dd91e0f.pngБұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары

дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік

береді.


2.Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.

Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

hello_html_76a1975a.png

3.Кескіннің түсін таңдау.

Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.

hello_html_84da4d1.png

4.Фонның түсін таңдау.

Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).

hello_html_m32be6c98.png

5.Ал, енді сурет саламыз.

Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

  1. Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.

  2. Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.

  3. Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.

  4. Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.

  5. Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.







IV. Практикалық жұмыс.

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындайық.

Жұмбақтар шешу арқылы компьютерге суретін саламыз.

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)


Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)


Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)


Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)


hello_html_4b475645.png



Демалыс сәті. Оқушылар өзін-өзі тану пәні мұғалімінің дайындаған «Орманға ойша саяхат» сәтін орындайды. Интеграция сабағының маңызын түсіндіріп өтеді.

Сабақты қортындылау. Біз тапсырмаларды орындай отырып мақсатымызға жеттік

Олай болса үйге тапсырма алайық. Үйге тапсырма . Шығармашылық жұмыс «Менің қиялымдағы мектеп» тақырыбына сурет салу.


V. Сабақты бекіту.

1.Paint редакторының терезе элементтерін, арнайы параққа толтыру.











2. «Ой сергіту», Paint редакторының құралдарын еске түсіру.





VI. Үй тапсырмасы.

  1. §22оқу, 117-120 бет.

  2. Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.

VІІ. Бағалау.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДБ-043603
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Спасибо многог много

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх