Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Информатика КонспектыКонспект по информатике на тему "Файлдар мен қапшықтар" (5 сынып)

Конспект по информатике на тему "Файлдар мен қапшықтар" (5 сынып)

Скачать материал
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Қапшықтарды құру. Қапшықтар

құрылымы. Таңбашалар жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен

және файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен таныстыру; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпы түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

ФАЙЛДАР МЕН ҚАПШЫҚТАР

Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама. не құжат болуы мүмкін. WINDOWS-та бағдарламалардың басқа атауы — қолданба да колданылады.

Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі "құжат ретінде" белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

* . bmp Раіt графикалық қолданбасының суреті

*.doс Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары

*.txt Блокнот қолданбасының құжаты

*.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.

*.avi Бейне-клип

*.xls Ехсеl кестелік процессорының құжаттары
*.ррt РоwerРоіnt қолданбасының тұсаукесері

Қапшықтар - бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Баска сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы. WINDOWS98-дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық денгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. WINDOWS'98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады, Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.

Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар. файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

Қапшықтар екі түрде болады:

  • кәдімгі қапшық-каталогтар;

  • арнайы қапшыктар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.).

Қапшықтарды құру және оның құрылымы:

Қапшық элементтері:тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы, Қажет элементтер жиынын мына жолмен тандауға болады: Түр - Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.


Терезеде жаңа қапшық кұру.

Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматгы түрде "Жаңа файл" аты меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру

Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.

Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда

болады.

Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу

Таңбаша — бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол WINDOWS'98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. сәйкес келеді.

Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшыктың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады.)

Ағымдағы терезеде таңбаша құру.

Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, Файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать - Ярлык командасының көмегімен жасауға болады. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға, орналастыруға болады.

Жұмыс үстелінде таңбаша құру.

  1. Жұмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың оң жақ батырмасын

басса, контексті меню пайда болады.

  1. Создать => Ярлык опциясын тандағанда, "Создание ярлыка"("Таңбашаны құру")

диалог терезесі пайда болады.

  1. "Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдар

мен қапшықтар арасынан объект табу.

  1. "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі" ашылады. Онда, файлға

жол толық көрсетілген.

  1. "Далее" ("Одан әрі") батырмасын басу - "Таңбашаның атын таңдау" (Выбор названия
    ярлыка) диалог терезесін ашады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.

  2. "Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.

Тапсырмалар:

  1. Жұмыс үстелінде өз есіміңізбен аталатын қапшық құрыңыз. Сол қапшықтың ішінде текстік құжат құрып, оның ішіне өзің туралы мәлімет жаз. Қапшықтың атын өзгертіңіз.

  2. Жұмыс үстелінде бірнеше таңбашалар құрыңдар және оларды ашып көрсетіңдер


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Бағдарламаларды іске қосу және қапшықтарды ашудың неше жолы бар?

  • Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.

  • Қапшық дегеніміз не? Қапшық құру жолдары қандай?

  • Таңбаша дегеніміз не? Таңбаша құру жолдары қандай

Үйге тапсырма: тақырыптарды оқу, тапсырмаларды орындау



  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель математики и информатики
Курс профессиональной переподготовки
Учитель информатики
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Информационные технологии в деятельности учителя физики»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Облачные технологии в образовании»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Использование компьютерных технологий в процессе обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Введение в программирование на языке С (СИ)»
Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Современные языки программирования интегрированной оболочки Microsoft Visual Studio C# NET., C++. NET, VB.NET. с использованием структурного и объектно-ориентированного методов разработки корпоративных систем»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.