Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Конспект по Изобразительному искусству "Натюрморт"

Конспект по Изобразительному искусству "Натюрморт"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

6-сынып күні________айы______________жылы


Сабақтың тақырыбы: Натюрморт
Сабақтың мақсаты
:
Білімділік: Оқушыларға жансыз заттарды бейнелеуге машықтандыру. Бір бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру, өзін - өзі сынай қарауға дағдыландыру, оқушылардың өзін - өзі тексеру, оқушылардың бірін - бірі тексеруі, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа ұқыптылыққа, сауатты сурет салуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Білімді іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ - жауап, ассоциация
Көрнекілігі: Түрлі қарындаштар, өшіргіш, қағаз көркем суретті альбомдар, акварель, гуашь, қылқалам түрлері, дидактикалық құралдар және алма, плакаттар, оқулық
Сабақтың барысы:
-Ұйымдастыру кезеңі (2 –мин)
- Жаңа тақырыпты түсіндіру (10-мин)
-Тапсырмаларды орындау (20-мин)

-Сергіту сәті ((2 –мин)
- Сабақты бекіту (5-мин)
- Бағалау (4-мин)

-Үй жұмысы (3-мин)

I Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып тазалығына қарау
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
«Натюрморт» — «өлі заттар» деп француз сөзінен аударған қозғалмайтын жаратылысты немесе жансыз заттарды бейнелеуді айтамыз.

Натюрморт жеке жанр болып бірден қалыптасқан жоқ, яғни суретшілер тек жансыз денелерден ғана тұратын картиналарды бірден жаза бастамаған. Жансыз заттардың неғұрлым шыншыл бейнелері Грекия мен Римде ерте замандарда пайда болды. Ежелгі римдік Помпей қаласына қазба жұмыстарын жүргізгенде адамдар тұтынған тұрмыстық заттардың алғашқы бейнелері табылған. Ғалымдар бұл қабырға өрнектерін біздің дәуіріміздің I ғасырына жатқызады. Суретшілер құдайлар мен ауқатты адамдардың думандарын храмдар мен сарайлардың қабырғаларына бейнелеген кезде тұрмыстық бұйымдарды да жаза бастаған. Бірақ олар әлі «натюрморт» деп аталмаған және мозаикалар мен фрескалардағы (қабырғаның кеппеген сылағына ойып орындалатын суреттер) бейнелердің негізгі бөлігіне айналмаған. Заттар адам тұрмысының ажырамас бөлігі ретінде
Оқушыларға түстік тон, түстердің үйлесуі жайлы тереңірек мағлұмат береміз. Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен қатар ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік. Живописьтік шығармада түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады, «колорит» - латын сөзі, ол «бояу түсі» деген мағынаны білдіреді. Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады. Суретшінің колориті әншінің даусы сияқты. Әр суретшіні колоритіне қарап бірден ажыратуға болады. Нағыз колоритте түстері бірдей зат болмауға тиіс, өйткені әр зат түсін таңдайды. Қашанда әр суретшінің өз колориті болады. Кололритті үйренуге болмайды, бұл айрықша табылған дарын, тек сол дарын өзінде бар болса ғана оны дамытуға болады. Колориттік дарынсыз суреттің колориттік шешімі де болмақ емес, суреттің жақсы құрастырылып, жақсы ойланып салынуы мүмкін емес, оның сезімге әсері де шамалы болады. Суреттің байыбына бармай жатып-ақ көруші суретшінің колорит құралдары арқылы берген көңіл күйін түсіне алады. Суреттегі түстер қайта үйлесіп келгенде суретші колоритінің құпиясы оның шеберлігіне байланысты. Колорит әдемілігі кенептегі түс пен реңнің орналасуына сәйкес, сол түс пен реңнің әр алуан әрі топтасып келуінен көрінбек. Бірте-бірте қайшы келді-ау деген түстердің өзін суретші бояулардың үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіреді. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарам-қайшы түстерді қолданады. Қажет болған түсті тапқан суретшілер өз суреттерінің көрушіге әсерін мейлінше күшейтуге мүмкіндік алады. Суреттердің живописьтік шешімі тек реңге түс арқылы ғана белгіленбейді, суретшінің түпнұсқасында өз өнерінің әсер, ықпалын күшейтуге керекті өзге де құралдар бар. Суреттің беті тегіс болатыны белгілі. Бірақ оаған бояудың жағылуына қарай ол айнадай тегіс немесе кедір-бұдыр болып көрінеді. Ал мұның өзі әр қилы әсер қалдырады. Суреттің бетін белгілеу үшін суретшілер «фактура» деген арнаулы термин қолданады.





















Практикалық жұмыс:

hello_html_6e10a4d3.png

Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.

-  пішіні қандай заттар?

- Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру.

Сабақты қорыту:

Сабақ соңына қарай оқушының жұмысына таңдау жасап, бағалау.

1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі.

2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.

3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері.т.б.

4. Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма:

Заттын өзіне қарай бейнелеу. Екі-үш заттардан тұратын натюрморт.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.09.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров16
Номер материала ДБ-197527
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх