Инфоурок Другое КонспектыКонспект по казахском языку на тему "Өзін-өзі тану пәні-өзекті пән"

Конспект по казахском языку на тему "Өзін-өзі тану пәні-өзекті пән"

Скачать материал

                                                          Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

                                                                          Үстірт орта мектебі

                                                               «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

                                                             Уразниязова Нұрсулу Жанабаевна

 

                                Өзін-өзі тану пәні –өзекті пән

Бүгінгі таңдағы рухани дағдарыстың көріністерін күнделікті өмірімізде де,жалпы әлемдегі қатігездік пен мейірімсіздікнәтижелерін барлығымыз да ақпарат құралдарынан болсын,күнделікті өмірден болсын көріп-біліп жүрміз.Ендеше адамгершілік тұлға тәрбиелеудегі  «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі-рухани құндылықтарды болашақ ұрпағымызға оқытып, үйрету тәрбиелеу үдірісінде басты мақсат қылыуымыздың маңыздылығына ешкім күмән келтіре алмайды.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет-тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу,тиянақты білім беру.Адамның мәдени болмысы өзі туып өскен ,тәрбиеленген  ортаның болмысымен үйлесімділікте толысады.Оның негізі халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі,тілі, тарихы секілді рухани құндылықтармен қалыптасады. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі тек білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы да оның ішкі жан дүниесі мен дүниетанымын оятуға болады.Ұрпаққа берілетін идеяның ең өзекті тұғыры – халықтың адами қасиеттері болуы тиіс. Қай  халықта   болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі – тәрбие.

  «Адамға ең бірінші білім емес ,тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы,келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » деген болатын Әбунасыр әл Фараби атамыз.Бүгінгі таңда  жас  ұрпақтың саналы,тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық,патриоттық,адамгершілік,эстетикалық,құқықтық түрлері арқылы іске асырылады.

Әл –Фараби адамды бақытқа жеткізетін даналық жол- қайырымдылық,имандылық,адамгершілік екендігін жан-жақты дәлелдеген.Ал оған жетудің кілті- тәлім-тәрбие,адамның өзін-өзі тежей білуі адамгершілікке негізделген татулық ,жарасымдылық, келісе білушілік.

Адамгершілік тәрбиені іске асыруда мектептің тәрбие жүйесі негізгі орын алады.Мәлік Ғабдулиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салады:  «Тәрбие дегеніміз-баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес.Тәрбие жұмысының мұндағы түрі мен қоры бар.Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады.Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымда,үзіліс дегенді білмейді,үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс».

 Мектепте тәрбие кеңістігін қалыптастыруда оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндерге ерекше мән берілген.

 Ұлттың болашағы ұрпағында болса,ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында.Ал ұстаз мұраты мен мақсаты- жетілген толыққанды азамат тәрбиелеу.Мұғалім балалармен қандай жұмыс істесе де, олардың мінез-құлқының тәртібінің,сана-сезімінің қалыптасуына ықпал етеді.Рухани дамыған тұлға тәрбиелеу рухани қүндылықтың қайнар көздері негізінде  оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады.Рухани құндылық төмендегі бағыттарды қарастырады:

Танымдық бағыт:

  таным мәдениеті,интеллект,білім, ақыл-ой мәдениеті,шығармашылық,сананы жетілдіру,ой-өрісінің кеңдігі, т.б.

Адамгершілік бағыт:

 жеке тұлғаның қасиеттері:сыйлау,мейірімділік,әділдік,т.б.адамгершілік ұстанымдар- қадір-қасиет, ұқыптылық, т.б.

Әлемдік бағыт:

 азаматтық,патриотизм,белсенді өмірлік позиция,ұжымшылдық,адам құқықтары, т.б.

Ұлттық бағыт:

  салт-дәстүрді, тілді,дінді,әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық сана, ұлтжандылық, елін, жерін сүю және т.б.

Дүниетаным бағыты:

 ғылыми,білімділік дүниетаным,танымдық дүниені түсіну,әлем туралы ойлану, ой-толғаныс т.б.

Салауатты өмір салты:

экологиялық мәдениет,спорт, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау,жағымсыз қылықтардан арылу,дене шынықтыру т.б.

Өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру нарық экономикасы заманында ең маңызды мәселе болып тұр.Пайда табу мен іскерлік адами құндылықтармен есептесіп жатпайтыны белгілі. Олай болса,жастарды адамгршілік тәрбиелеу ісі психолог пен педагогтар алдында үлкен талаптар қояды. Жаңа әлеуметтік даму жағдайында баланың жас ерекшелігін және қызығушылығын, танымын ескере отырып жас ұрпаққа тек білім мен кәсіби мамандық қана беріп қоймай, қоғамның барлық саласына еркін араласатын,ұлттық және әлемдік мәдениеттен нәр алған жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі күннің қажеттілігі.

  «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» дейді халқымыз.Бала жасында қалай тәрбиеленсе есейгенде де соны істейді. Жастайынан орнығып қалған тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға  үйретеді.Тәрбиенің туын биік ұстап жас ұрпақты тәлімгерлік үлгісімен  тәрбиелеу –ең маңызды міндет.Сара Алпысқызының   «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді.Өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге,өзін сыйлауға,өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға,өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына,өз сөзі әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиеледі.

Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің   «Баланы қалай сүю керек?» еңбегінде нағыз мұғалім   «еркіндік береді,басымдық көрсетпейді,қалыптастырады,бұйырмайды, үйретеді, талап  етпейді, сұрайды,балалардың қиналған сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі » деп айтқан болатын. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі дәл осындай болу керек. Бұл пәннің басқа пәндерден айырмашылығы, әдіс-тәсілдері бар.Сабақ мақсаты-баланың ішкі әлеуетін оятуға негізделген.Оқушы пән арқылы өмірге шынайы қарауға тәрбиеленеді. Оның негізі адамгершілікке, махаббатқа, сүйіспеншілікке келіп тіреледі. Бұл сабақта сәл-пәл болса өтірік айтуға,өтірік қылық көрсетуге  мүмкіндік жоқ.Сабақ жүрек,сезім арқылы өтеді.Сабақта үйлесімділікке жол ашылады.Бұл бірін-бірі қолдау,мұғаліммен оқушының бірін-бірі жетілдіруі,ішкі дүниесінің не айтып тұрғанына құлақ түру,өз ақылыңды тықпаламау,өзгенің көз қарасына  ілтипатпен  қарау сабағы.

Мектеп- білім ордасы,тәрбие ортасы,тағылым табалдырығы.Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұрттардыңең құндысы руханилық-адамгершілік тәрбие берудің ошағы  «өзін-өзі тану пәні» десек артық болмайды. Пәннің әр тарауы,әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге,жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.Баланы жан-жақты дамытып,өзінің ішкі дүниеін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін   «Өзін-өзі тану » рухани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме нұсқауларының қайнар бұлағы-ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады. Атап айтқанда, халқымыздыңаңыз әңгімесі,ертегісі,мақалы,нақыл сөздері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушылардың шығармашылық еңбектерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жиреніп,жақсыдан үйрену   «өзін-өзі тану» пәнінің өзегі болып табылады.

  «Өзін –өзі тану»пәні сабағында көзделген мақсат әрбір баланың өз бойындағы шығармашылығын тани және аша білуге, өзінің эмоциялық көңіл-күйі мен мінез-құлқын бағалай білуге мүмкіндік туғызу.

Рухани-адамгершілік  баланың,жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады.Рухани-адамгершілік тәрбие балалық шақтан бастау ала отырып, адам өмірінің әр кезеңдерінде жүйелі дами келе , тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде рухани бай ,дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по казахском языку на тему "Өзін-өзі тану пәні-өзекті пән""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 829 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 722
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уразниязова Нурсулу Жанабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28760
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона