Инфоурок Другое КонспектыКонспект по казахскому языку на тему " «Болашақты нұрландырған-тәуелсіздік»"

Конспект по казахскому языку на тему " «Болашақты нұрландырған-тәуелсіздік»"

Скачать материал

 

 

«Болашақты нұрландырған-тәуелсіздік»

1-жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқырмандар! «Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты кешімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Қайран қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи  парақтарың қаншама әлі. Оған куә мына жеткен кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

 

2-жүргізуші: Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің  байлығына қызыққан үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына  күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары:  Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

 

1-жүргізуші: Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді?. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқагөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кетуі қаупі тұрған еді. Осыдан 24 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді. Бұл күн үшін қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген  жылдарға кететіне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы Қазақ елі Тәуелсіздікке қолы жетіп, шаттыққа бөленді. Бүгінгі күні сол сұрапыл жылдарда жанын қиған жас өрендердің құрбандығымен келген.

 

2-жүргізуші: Желтоқсан айы....

Кешегі дүркіреп өткен 1986 жылы дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

«Желтоқсан » десе-ақ әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған.  Ең алдымен, «Желтоқсан желі», немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің  сарыны алыстан талып, естілер еді.

 

1-жүргізуші:Себебі, бұл әуендер, «Ақтабан шұбырынды, Алқагөл сұлама» «Елім-ай » секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

 

Сонда да, ән-әуен  қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер.

Одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы.

Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырси құлаған қазақтың бозбалалары...

 

Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді тамашалаңыздар.

Көрініс. «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс:  Естідіңдер ме?

Бұл не масқара!  Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз.Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс:  Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып,түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Даусы: Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Прокурор: Балалар, Уа, Балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сіздерге күш  қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

Әскери адамдар:  Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Куйын». «Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! УРА! УРА!

Алтынай:  әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға!

Қайраттың үйі:   (Қайраттың інісі Талғат келеді )

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым. Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз-азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік.  Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

Ана: Ұлым менің! Сен әлі  жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың....

 

Тергеуші: Сен 18-і  күні сағат 10-да қайда болдың?

 

Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

 

Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совицкийді соққыға жықтың, соның нәтидесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

            

Қайрат:         Сөйлесем даусым жетпейтін,             

                       Кез болдым мынау заманға.

                       Шовинизм еді ғой,

                       Басты себеп жалғанға.

                       Елбең-елбең жүгірген,

                       Ебелек отқа семірген.

                       Арғымақ мінген жаратып,

                      Ақсауыт киген темірден,

                      Алатаудай бабалар,

                      Ауағыңмен жебейгөр!

Қайраттың туыс-бауырларына арналған өлеңдерінен үзінді.

Қайрат: (Ермек)

Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап

Кесір болды-ау біз секілді масылдар!

Айналайын қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауда барамын.

Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауда құлыным!

Тергеуші: Сен өзің Совицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Совицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр.

Үкім:  «Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»:  Қ.Н. Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын: Қазақ КСР Қылмыстық кодексің 60 бабы  бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғарғы өлім жазасына, атуға кесілсін.

Қайрат:   Күнәдан таза басым бар,

                  21-де жасым бар.

                  Қасқалдақтай қаным бар,

                  Бозторғайдай жаным бар.

                  Алам десең алыңдар!

                   Қайрат деген атым бар,

                   Қазақ деген затым бар,

                 «Еркек тоқты құрбандық»

                  Атам десең атыңдар!

ӘН:  «Қарабауыр Қасқалдақ» орындайтын Назеркемен Гүлжайна

Оқырман:  Қайраттың рухына (мәнерлеп оқу) орындайтын Динара

Ән:  «Желтоқсан желі» орындайтын Ұлданай, Гүлжайна

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.

1-жүргізуші:

Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.

Ол әркімге еркін өмір сыйлады,

Жақсы атақ пен нұр шапағын сыйлады,-дей келе сіздерді ұлы тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші:Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл толды. Бүгінде тәуелсіз еліміз өркениетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын ұстанып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болса, бұл мақсатқа да жетеміз деп сенеміз.

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

 1-жүргізуші:  Тәуелсіздік қандай ғанибет сөз! Бірақ бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тарихқа сәл шегініс жасап көрейік. Ата-бабаларымыз сан ғасыр осы тәуелсіздікті аңсап өтті.

Ендігі кезекті оқырмандарымызға берейік. (Назерке, Рамазан, Нұрсая, Райса, Айдана)

 

2-жүргізуші: Би «Жұмыр қылыш» орындайтын Әмина.

1-жүргізуші:  Тәуелсіздігімізді алғаннан соң басын біріктіріп Н.Ә.назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып,  Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күнәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Ендеше, осы егемендігімізді қастерлеп, қадір тұтайық.

2-жүргізуші: Ендігі кезекті оқырмандарымызға берейік. (Перизат, Жанар, Ұлданай, Ақжүніс, Айгерім)

1-жүргізуші:  Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу,

тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтеру.

Ән:  «Елім менің»

2-жүргізуші:      Тігілген соң Ақ Орда –шаңырағың,

                             Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

                             Отан деген оранып от құшаққа,

                             Кәусарыңа шөліңді қандырамын.  Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік»атты кешімізді аяқтаймыз.

Ән:   «Атамекен»

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым. Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз-азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік.  Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по казахскому языку на тему " «Болашақты нұрландырған-тәуелсіздік»""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 420 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2016 544
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Енсегенова Алия Айтымбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Енсегенова Алия Айтымбетовна
    Енсегенова Алия Айтымбетовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10923
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов