Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект по казахскому языку на тему «Есімдік. Жіктеу есімдігі» (6 класс)

Конспект по казахскому языку на тему «Есімдік. Жіктеу есімдігі» (6 класс)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Оңтүстік Қазақстан Облысы Сайрам ауданы Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мектептің Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бегметова Хилола Улугбековна

Сабақтың тақырыбы: «Есімдік. Жіктеу есімдігі»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық: оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазып, оқу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелік: оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүние танымын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қорыту, танымдық ойындар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту, ұжымдық, ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: тест жұмысы, жұлдызша, кестесөздер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Сыныптағы оқушыларды түгелдеу.
ә) Сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Есіңе түсір. Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан, есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.
1. Зат есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
2. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (жалпы, жалқы, деректі, дерексіз).
3. Жалпы, жалқы зат есімдер. – (біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер; арнайы берілген есімдер мен атауларды - жалқы есім дейміз.
4. Сын есім қандай сөз табы? – (Есімдер тобы).
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (сапалық және қатыстық сын есім).
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? – (жұрнақ арқылы есім сөзден де, етістіктен де жасалады).
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? – (дара және күрделі сын есім).
8. Сан есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
9. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – ( есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім болып 6 - ға бөлінеді).
10. Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? - (дара және күрделі).
Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.
ІІ. Жаңа сабақ. «Есімдік. Жіктеу есімдігі».
Талғат биыл мектепті бітірді. Ол енді қалада оқиды. Мен оған хат жазып тұрамын. Мұндайда кім қуанбайды дейсіз?
Қарамен жазылған сөздер есімдіктер деп аталады.
Мысалы: Бірінші сөйлемдегі Талғаттың есімін екінші сөйлемде ол есімдігі ауыстырып тұр. Үшінші сөйлемдегі баяндаушы адам мен Талғаттың есімдерін тағы да мен, оған есімдіктері алмастырып отыр. Төртінші сөйлемде зат есім орнын кім есімдігі басқан.
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.
Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, олардың орнына қолданылады.
Есіңде ұста!
Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, 60 - 70 - тей.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
1. Жіктеу: мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер.
2. Сілтеу: ол, сол, бұл, осы, анау, сонау, әне, міне, әнеки.
3. Сұрау: кім? не? қалай? қашан? қандай? т. б.
4. Өздік: өз, өзім, өздері, өзіміз, өзінен, өзімнің, өздеріңіз.
5. Жалпылау: бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүтін, тегіс, түгел.
6. Белгісіздік: әр, қай, бір, біреу, әлде, кей (әркім, әлдебір).
7. Болымсыздық: ештеңе, ештеме, дәнеңе, ешкім, ешқашан, түк, дым.

- Балалар, біз қандай билерді білеміз?
- Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би.
- Олай болса, Қазыбек бидің қазақ туралы айтқанын оқып талдаймыз.
Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт.
- Жіктеу есімдігі – біз. «Біз» деп тұрғаны – бүкіл қазақ.
Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.

Жекеше түрі Көпше түрі
І. Мен (айтушымын, сөйлеушімін) І. Біз (айтушылармыз, сөйлеушілерміз)
ІІ. (анайы) Сен (айтушысың, сөйлеушісің)
ІІ. (сыпайы) Сіз (айтушысыз, сөйлеушісіз) ІІ. (анайы) Сендер (айтушыларсыңдар, сөйлеушісіңдер)
ІІ (сыпайы) Сіздер (айтушыларсыздар, сөйлеушілерсіздер)
ІІІ. Ол (айтушы, сөйлеуші). ІІІ. Олар (айтушылар, сөйлеушілер)
Жақ: Жекеше түрі. Жақ: Көпше түрі.
Жекеше түрі Көпше түрі
І оқушымын, сұрадым І оқушымыз, сұрадық
ІІ (анайы) оқушысың, сұрадың ІІ (анайы) оқушысыңдар, сұрадыңдар
ІІ (сыпайы) оқушысыз, сұрадыңыз ІІ (сыпайы) оқушысыздар, сұрадыңыздар
ІІІ оқушы, сұрады ІІІ оқушылар, сұрады
Екі кестені салыстырып, жіктеу есімдіктерін берілген етістікпен байланыстыра отырып түсіндіремін.
ІҮ. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. 157 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, көшіріп жазу. Кереректі сқздер мәтіннің соғында берілген. Пайдаланып жаз. ІІ деңгей. 160 - жаттығуды оқып, есімдіктерді табу. ІІІ деңгей. Жамбыл – ХХ ғасырдың Гомері. Ол жүз жасаған.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет – қазақ халқының мақтаныштары. Олар қуғын - сүргін құрбандары болды.
V. Бекіту сұрақтары: 10 сұрақтан тұратын тест жұмысын беремін 1. Есімдік қандай сөз табы?
А) Заттың сынын білдіреді Ә) Заттың санын білдіреді
Б) Заттың атын білдіреді В) Есім сөздер орнына қолданылады
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 7 Ә) 6 Б) 5 В) 4
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
А) 4 Ә) 2 Б) 3 В) 6
4. Сан есімдерді белгіле.
А) он бір, табиғат, сары Ә) адам, оқушы, жеті
Б) алты, он бір, екі мың екі В) сегіз, оқыды
5. Дара сын есімдерді көрсет
А) ақ, қара, ащы Ә) қызыл ала, қара шұбар
Б) қара көк, сұлу, сары В) қара торы, қып - қызыл
6. Жалқы зат есімдерді анықта
А) тау, өзен, қала Ә) қала, оқушы, сана
Б) Көксу, ой, газет В) Астана, Мұхтар, Ұлан
7. Зат есім нені білдіреді?
А) заттың атын білдіреді Ә) заттың қимылын білдіреді
Б) заттың санын білдіреді В) заттың көлемін білдіреді
8. Жинақтық сан есімдерді тап
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз Ә) үшеу, сегіз, он
Б) біреу, екеу, жетеу В) екіден - бір, үштен екі
9. Туынды сын есімдерді белгіле
А) жақсы, алыс, ауыр Ә) сары, әдемі, көркем
Б) ұзын, салқын, ақ В) бойшаң, сөзшең, таулы
10. Сан есімнің сұрағын анықта
А) қанша, неше, нешінші Ә) қандай, қай, кімнің
Б) кім, не, несі В) не істеді, не қылды
ҮІ. Рефлекция:
- Сонымен нені өттік?
Нені қайталадық? Нені оқыдым? Нені білгім келеді?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Жіктеу есімдігін қатыстырып бес сөйлем құрап жазу. Ережелерді қайталау. 162 - жаттығу. Есімдіктің мағыналық түрлеріне мысалдар жазу.
163- жаттығу. Зат есімді (жалқы) жіктеу есімдігімен алмастырып, көшіріп жазыңдар.
ҮІІІ. Оқушылар білімін бағалау.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-241692
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>