Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Конспект по казахскому языку на тему "Хайуанаттар бағында"

Конспект по казахскому языку на тему "Хайуанаттар бағында"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ДЕПАРТАМЕНТІ














САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Хайуанаттар бағына саяхат














Оқытушы: Тойбулдинова Ж.К.










2015 жыл

13.03.15

4 - сынып
Тақырыбы: Хайуанаттар бағына саяхат
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға хайуанаттар бағы, ондағы аңдар туралы түсінік бере отырып, оларды өтілген тақырыпқа қатысты сөздер бойынша сөз тіркесерін, сөйлем құрауға дағдылндыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысы мен қисынды ойлау, ойға сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәндегі әңгімелер айту
Сабақ типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізілетін саяхат сабағы
Сабақ түрі: нәтижә сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, көрнекілікпен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс, топтық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы тақырыпқа байланысты суреттер, қосымша оқулық, саяхат картасы

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:

1.1. Оқушылармен амандасу, түгендеу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?

1.2. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Бүгін қай жыл мезгілі?
- Көктемнің қай айы?
- Сәуірдің нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?

1.3. «Шаттық шеңберіне» жиналып, жақсы тілектер айту. 
Күніміз ашық болсын, 
Түніміз тыныш болсын. 
Ауамыз таза болсын, 
Жан-жануар аман болсын. 
Кел, балалар күлейік, 
Күлкіменен түлейік. 
Қабақ түйген не керек? 
Көңілді боп жүрейік. 
-Ендеше, балалар орнымызға жайғасып сабағымызды бастайық. 

ІІ Кіріспе

- Бізге балалар, бүгін ерекше сабақ. Бүгін сендермен өтілген жануарлар әлемі модулі бойынша қайталай отырып, «Хайуанаттар бағына» саяхат жасаймыз.
- Ол үшін мына кедергілерден сәтті өтуіміз керек. Саяхат картасына сүйене отырып түсіндіру.(Біз бірінші хайуанаттар бағына бару үшін кассадан билет сатып алуымыз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындасақ, бізге билет береді)
2. Сыныпты топқа бөлу. Топтық жұмыс.

- Балалар, алдымен сендер мына билеттерді таңдап, артындағы буындардың сыңарын тауып, бұл қандай жануар еекнін айтып, сол бойынша топтарыңа барып отырасыңдар.



1-топ: Ақ аю, піл, тү-йе

2-топ: ке-рік, ге-пард

3-топ: жол-ба-рыс, қас-қыр

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

2.2. - Ал енді буын түрлерін атаңдаршы, әр оқушы өз буындарының түрлерін айтып, орындарына отырады.
1 - топ " Жүйріктер", 2 - топ " Мықтылар", 3 - топ" Жыртқыштар".

ІV Негізгі бөлім Лексикалық жаттығу (көрнекілікпен жұмыс):

«Аңдарды сөйлетейік» сұрақтар таблосынан әр топ сұрақтарды таңдап жауап береді.

1. Ең ірі жануар не? (көк кит)

2. . Ең ауыр салмақты жануар?(піл)

3. Ең ірі көбелек? ( агриппина)

4 Жыртқыш, жүйрік аң

5. Ең биік жануар? (керік)

6. Ең кішкентай құс? (калибр)

7. Көк киттің ұзындығы неше метр? (33)

8. Түйе неше литр су ішеді? (200)

9. Ең үлкен құс? (африкалық түйеқұс)

Жарайсыңдар!

3.1. – Міне, балалар, біз сендермен хайуанаттар бағына сәтті жеттік. Олай болса, хайуанаттар бағын аралайық. Слайдта: «Хайуанаттар бағында» бейнетаспасы көрсетіледі.
1. Балалар, бейнетаспадан не көрдіңдер?
2. Хайуанаттар бағында нелер бар?
4. 3. Сөйлесу:
- Мынау не?
- Бұл – хайуанаттар бағы.
- Хайуанаттар бағында не бар?
- Хайуанаттар бағында жолбарыс, арыстан, маймыл, түлкі, аю, қасқыр, қоян, керік бар.
- Сен хайуанаттар бағына қашан бардың?
- Мен хайуанаттар бағына сенбі күні бардым.
Істелетін жұмыс реті:
1. Өзім оқимын.
2. Оқушылар рөлдеп оқиды.
3. Мағынасы түсініксіз сөздерді түсіндіремін.
4. Аудару.

4.1. Енді мына хайуанаттар бағындағы аң, құстардың сендерге деген тапсырмалары бар екен, соларды орындап, білімімізді көрсетейік. Сендер бұл аң, құстар жайлы не білетіндеріңді тексереміз дейді. Олай болса мына тақтадағы аң, құстардың сұрақтарына жауап беріп көрейік.

4. Жаттығулар жұмысы. Жазылым.

Ал енді балалар, жан-жануарлар жазбаша жұмыстарды қалай орындайтындарыңды білгілері келеді. Біз деңгейлік тапсырмалар арқылы білімімізді көрсетейік.

3-деңгейлік тапсырмаларды оқушылар өздері таңдап, орындайды.

3-деңгей тапсырмалары: Үлгі бойынша жаз.
Піл

Мынау – піл.

Мынау – үлкен піл.

Мынау – үлкен піл хайуанаттар бағында.


2-деңгей тапсырмалары: Фонетикалық жаттығу:
Піл сөзін септеу.

1-деңгей тапсырмалары: Түйе сөзін 4 жалғау бойынша талдау.

- Жақсы балалар, Ал енді оқып шығайық.

Сергіту сәті:

«Жануарлар» ойыны.
Тәртібі: көрсетілген аңдар міне жануарлардың мағынасын оқушылар ым –ишара, дыбыспен жеткізу керек.

V Бекіту:
1. Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?
2. Онда нелер бар?
3. Аңдар қандай?
4. Сендерге хайуанаттар бағы ұнады ма?

Тест сұрақтары

1. Ең ірі жануар қайсы?

А. Тасбақа

Ә. Аю

Б. Жолбарыс

В. Кит

Г. түлкі
2. Ең биік жануар қайсы?

А. түйеқұс

Ә. Аю

Б. керік

В. піл

Г.көбелек

3. Көк киттің ұзындығы неше метр?

А. 33

Ә. 3

Б. 3

В.4

Г.5

4. Жолбарыс қандай жануар?

А. кішкентай

Ә. жыртқыш

Б. момын

В.қорқақ

Г. Ауыр салмақты

5. Пілдің Отаны?:

А. Қазақстан

Ә. Африка мен Үндістан

Б. Арктика

В. Америка

Г. Алматы


VI Үй тапсырмасын беру:
1. «Жануарлар әлемі» тақырыбына шағын мәтін құрастыру.
VII Бағалау
VIII Қорытындылау:

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.11.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров14
Номер материала ДБ-388523
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх