Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект по казахскому языку на тему 1 класс

Конспект по казахскому языку на тему 1 класс



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнінен алған білімдерін тексеру.

Дамытушылық:Түрлі тапсырмалар арқылы сөздік қорын, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, мына өлең жолдарын қайталайды.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге.


Балалар мақта қыз ертегісін білеміз бе? Сол ертегідегі мақта қыз бізге қонаққа келіпті. Мақта қыз бізге сиқырлы қоржыны мен келіпті, ол қоржында да балалар өткен сабақтардан сұрақтар бар екен. Мақта қыздың қоржынындағы сұрақтарға кім жауап береді.

Балаларға өткен сабақтан қайталау сұрақтары қойылады.

-Балалар дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Дауысты дыбыстар қандай текшелер мен белгіленеді?

-Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Ал әріп дегеніміз не?

-Өте дұрыс өткен дыбыстарды жақсы меңгерген екенсіңдер.


II.Негізгі бөлім.

«Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны. Шарты: Мысалы: а-алма, д- доп, дөңгелек, қ-қияр, қала, с-сағат,сағыз ,т.б


Сурет бойынша жұмыс.

Суреттегі заттардың аттарын атап, сөйлем құрастыру, сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Хат, айна, доп,түлкі суреттері ілінеді.

Хат деген сөзде үш дыбыс бар. Х дыбысы сөздің басында келіп тұр.

Х-дауыссыз, а- дауысты, т-дауыссыз.

Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі – Сара.

-Енді Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са-ра

-Бірінші буынын кім айтады?

-Бірінші буыны Са.

-Екінші буыны – ра.

-Дұрыс. Екі буыннан тұрады.


«Буынға буын қос» ойын шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады. Тәрбиеші: сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды.

Мысалы: ау-(ла), ал-(ма), Са-(ра), қа-(ла), қа-(уын), мақ-(та).

Мұғалім суреттерді көрсетіп, көбелек, домбыра, орындық, уйрек, балапан сөздерінен дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.


Ребус шешу.


Айгүл, Айнұр,Гүлсім

Кү-шік, кі-тап, ө-зен, да-ла, ба-ла-пан сөздерін буынға бөледі.

-Олай болса кітап сөзінде неше буын бар екен?

-К дыбысы қай буында тұр?

-Балапан сөзінде дәл осылай буынға бөлейік.

-Ба-ла -пан.

-Неше буын бар екен?


Жұмбақ шешу

1)Өз атын өзі шақырады.

Сөйтіп күнді батырады. (көкек)

2)Ақ сандығым ашылды.

Ішінен жібек шашылды.(күн)

-Көкек, күн сөзінде неше дыбыс бар, бірінші қай дыбыс естіледі? К дыбысы қай жерде келіп тұр.

Тара, гүл, доп, ай, арба, әже сөздерін балаларға тақтаға жаздыртып, қызыл, көк текшелермен (дауысты дыбыс - қызыл текше, дауыссыз дыбыс – көк текше) белгілейді.


Сергіту сәті.


Дәптермен жұмыс жүргізу.

«Жоғалған сөздер» ойыны.

Көктем _______. _______жылынды. Құстар_______ _______ Балалар құстарға _______ _______.

Көктем,жылы, құстар, ұя, балапан сөздерін дауысты дауыссыз дыбыстар мен белгілейді.


III. Қорытынды.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту. Балаларды мадақтап, бағалау.

-Бүгін сендерге қандай іс-әрекет кезеңі ұнады?

-Балалар бүгін не үйрендік?

-Балалар сыныпқа мақта қыздың келгені сендерге ұнады ма?





































20 орта мектеп













Тақырыбы: Қайталау


Дайындаған: Айтмуханова Г


















2014-2015 оқу жылы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров32
Номер материала ДБ-279222
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх