Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект по казахскому языку на тему "Сын есімнің мағыналық түрлері"

Конспект по казахскому языку на тему "Сын есімнің мағыналық түрлері"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ: № 30

Мектеп: №5

Күні:20.11


Мұғалімнің есімі: Тұрманбетова Гүлзат Тұрғанбекқызы №5 орта мектебі Алматы облысы Іле ауданы Жаңадәуір ауылы

Сынып: 6 «А»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сын есімнің мағыналық ерекшелігін таныта отыра, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту арқылы, сапалық және қатыстық сын есімдер туралы түсінік беру.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Сын есімнің мағыналық түрлері туралы біледі,  мысал келтіреді, бөліседі. 

Көпшілігі: Мысалдар келтіреді, өз пікірлерін ашық айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.                

Оқушылардың басым бөлігі: Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды. 

Кейбір оқушылар: Топ ішінде өз-өзін бағалауды үйренеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: сапалық сын есім, қатыстық сын есім

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Негізгі түбір, сын есім, басқа сөз табы

Талқылауға арналған тармақтар: Сапалық сын есімнен қатыстық сын есімнің айырмашылықтары неде?

Оқылым бойынша ұсыныстар: Дауыс ырғағын сақтай отыра мәнерлеп оқу

Жазылым бойынша ұсыныстар: Сауатты, әдемі жазу.

Алдыңғы оқу

Сын есімнің жасалуы. 145- жаттығу, 70- бет.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал тудыру.

«Шаттық шеңбері»

«Мен – сіздер» психологиялық тренинг  











Қызығушылықты ояту










  1. Армысың күн, армысың аспан!
    Армысың сыйлас достарым!

Қасыма кел, қолыңды бер,

Сезініп жан жылуын! Жарайсыңдар, осылайша әрдайым бір – бірімізге жүрек жылуын сыйлай білейік, енді менің сендерге қояр кішкене сұрақтарым бар:

 2.  - Көз не үшін керек?      

   - Жақсыларды көру үшін

   - Құлақ не үшін керек?    

  - Ақыл - кеңес тыңдау үшін

   - Қол не үшін керек?      

  - Елге көмек беру үшін

   - Аяқ не үшін керек?          

- Діттеген жерге жету үшін керек.

Керемет, ендеше біз де діттеген жерге, көздеген мақсатымызға жету үшін алдымен топқа бөлініп алайық.

3. От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу
4. Әр топ бір – біріне мінездеме береді.
От. (Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар).
Су. ( Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар).
Күн. (Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ).
Ай. (Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар).

5. Берілген сөздерді пайдаланып, топ ережесін шығару. Ал енді тірек сөздерді пайдалана отырып топ ережесін шығарып алып, сабағымызды жалғастырайық. Тәртіп, уақыт, есту, сыйлау, пікір құндылығы, шешендік.


Оқулық Қазақ тілі, С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова. Алматы: Атамұра, 2015 ж. Үлестірмелер, бағалау парақшалары, сурет қиындылары,

смайликтер, кестелер, АКТ, т.б.

























«Қысқа әрі нұсқа» ойыны.





Ортасы

35 минут





Алдыңғы оқылым











Мағынаны тану



























































































































































































Ой толғаныс






































Сын есімнің жасалуы. 145- жаттығу, 70- бет.

6. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өтілгенді еске түсіру.

  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  3. Сын есімнің қандай белгілері болады?

  4. Сын есім жасалуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

  5. Туынды сын есім қалай жасалады?

  6. Құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.



7. «Мағына» сөзі қандай мағына береді? Синонимдерін айттыру

Мағына – мазмұн, ұғым, түсінік Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есімнің мағыналық түрлері» деп аталады. Қалай ойлайсыңдар тақырып не туралы болуы мүмкін? Сонымен қатар жаңа сабақта немен шұғылданамыз.



8. Интерактивті тақтадан 146- жаттығуды көрсетемін. Топтарға өзара берілген сын есімдерді құрамына талдатамын. Олардың жасалу жолына назар аударта отыра, түбірі сын есімнен жасалған сөздерді бір бағанға, ал түбірі басқа сөз табынан болған сөздерді екінші бағанға жаздырып, топта осыған байланысты ереже шығартамын.

1-топ Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат

2-топ Жаман, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш

3-топ Білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, жан- жақты, қызылды – жасылды, алғыр

4-топ Мінезді, нәрлі, жүгіргіш, басыңқы, ұзын, жарық, кең, қысқа.

Анықтамасын тақтадан көрсетіп, ойларын нақтылаймын.

АКТ, Диалогтік оқыту



«Сұрақты қағып ал» стратегиясы.











Формативті бағалау









«Үш шапалақ» әдісі







«Болжау» әдісі







Диалогтік оқыту, дарынды балалармен жұмыс





Дарынды балалармен жұмыс, формативті бағалау

АКТ

«Үш шапалақ» әдісі



«Сергіту кезеңі»

Ынталандыру, смайликтер арқылы.





«Бөліп ал, жинақта, дәлелде» әдісі








9.Сапалық сын есімдер - деп заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда –түрі мен түсін, сын – сапасын, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін тікелей анықтайтын сөздерді айтамыз. Мысалы: қара көйлек, қызық кітап, кең зал, ащылау қымыз, қызғылт орамал.

Қатыстық сын есімдер – деп заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімдерді айтамыз.  

Мысалы: аттылы адам, өнерлі бала, орманды алқап, білгір жігіт, ойшыл тұлға, әдепті бала т.б.



10. Жаттығу жасау sergitu-zhattigulari

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қолды, қолға қосамыз,

Қатты, қатты соғамыз.

Отырамыз, тұрамыз,

Қанат қағып ұшамыз.



11. 148- жаттығу,

1– топ Мәтінді пайымдап оқып, мазмұнын әңгімелеңіз (бір оқушы мәнерлеп оқиды).

2- топ Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңыз (Екі бағанға бөлу).

3- топ Ертегіні ары қарай жалғастырып, мәтінді аяқтаңыз.

4- топ Ертегідегі негізгі ойды анықтаңыз.



12. 1-топ Мәтінде не туралы баяндалады, сын есімнен болған қандай сөздерді кездестірдіңіз?

2- топ Жаттығу мәтінінде  жесір әйелдің, яғни, үш ұлдың анасының шеберлігін, кестелеген орамалдарын қандай сөздермен берген? Мағыналық түрлеріне қарай ажыратып түсіндір.

3- топ Ертегіні қалай жалғастырдыңыз? Құрастырған үзіндіде сапалық және қатыстық сын есімдер кездесе ме?

4- топ Мәтінді неге осылай аяқтадыңыз?



13. 147- жаттығу, 71- бет. Жұмбақтарды оқытып, шештіру.

1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,

Әр үйде бар, тапқышым, кәне білші.

2. Темір қайшы - қос қайшы,

Шығыршықсыз бос қайшы.

Еңбеккерге дос қайшы,

Еріншекке қас қайшы.

3. Ешбір тіреусіз күмбез,

Ешбір сүйеусіз күмбез.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

Ешкім төңкере алмайтын күмбез.



14. «INSERT» кестесі

v

+

-

?















15. Семантикалық кестені толтыру

Сын есім

сапалық

қатыстық

1

көкшіл

+


2

білімпаз



3

ақылды



4

ұзын



5

қара



6

жемісті



7

ақшылтым



8

әсем



9

ұғымтал



10

сұлу



11

жарасымды











Сергіту кезеңі



























«Кім алғыр?» ойыны

















«Ой қозғау» әдісі

























«Миға шабуыл» әдісі





















«INSERT» кестесі











«Семантикалық кесте»





Аяқталуы

3 минут.



16. Сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын стикерлерге түсіріп, білім ағашына іледі.

17.Мұғалімнің жеке оқушыларды бағалауы

Жиналған балл саны

Баға

10-12

«5»

7-9

«4»

5-6

«3»

0-4

«2»

Топтағы үздік оқушыны және сыныптағы үздік оқушыны анықтайды.

Оқушылар

Балл

«5»

«4»

«3»

«2»

«1»




+






+





+







+





+










Сыныптан ең жоғары балл алған оқушы шығып сабақтан алған пікірімен ой бөліседі.



«Екі жұлдыз, бір тілек»

http://light-of-angels.ucoz.ru/_fr/1/2379132.jpg



Суммативті бағалау

























«Ыстық орындық»



Қосымша ақпарат 2 минут. 18. Келесі оқылым 150- жаттығу, 72- бет. 19. «Жүректен – жүрекке» сабақты аяқтау мақсатында оқушылар үлкен шеңберге жиналып, бір-біріне жылы тілек айтады.

-Достым, сен өмірден өз орныңды табасың, өйткені сен...

-Құрбым, сен үлкен жетістіктерге жетесің, өйткені сен...

-Бауырым, мен сені мақтан етем, өйткені сен...









Тексерілді



1. Семантикалық кесте

Сын есім

сапалық

қатыстық

1

көкшіл



2

білімпаз



3

ақылды



4

ұзын



5

қара



6

жемісті



7

ақшылтым



8

әсем



9

ұғымтал



10

сұлу



11

жарасымды























2. Семантикалық кесте

Сын есім

сапалық

қатыстық

1

ақылды



2

білімді



3

көркем



4

талғампаз



5

дара



6

ару



7

қышқылтым



8

қып - қызыл



9

зерек



10

мейірімді



11

сезімтал













  1. Семантикалық кесте



Сын есім

сапалық

қатыстық

1

бозаң



2

қызғыш



3

ойшыл



4

ақылдырақ



5

бейнелі



6

таулы



7

қоңырқай



8

әділ



9

елгезек



10

кестелі



11

ұнасымды

























4. Семантикалық кесте

Сын есім

сапалық

қатыстық

1

аққұба



2

зерек



3

айлакер



4

ұрысқақ



5

тастақты



6

көңілді



7

желсіз



8

үркек



9

қысқа



10

биік



11

сөзшең







1.«INSERT» кестесі

V білемін

+ білмеймін


- мен үшін жаңа білім

? мені таң қалдырды











































.














2.«INSERT» кестесі

V білемін

+ білмеймін


- мен үшін жаңа білім

? мені таң қалдырды











































.


3.«INSERT» кестесі

V білемін

+ білмеймін


- мен үшін жаңа білім

? мені таң қалдырды











































.












4.«INSERT» кестесі

V білемін

+ білмеймін


- мен үшін жаңа білім

? мені таң қалдырды

















































1-топ

Сын есім

Түбірі

Жұрнағы

Сөз табы

Негізгі

Туынды

1

Ақшыл






2

аттылы






3

сазды






4

жасыл






5

тәтті






6

балалы






7

үлкен






8

қымбат







Анықтама:

Қатыстық сын есім дегеніміз -



Сапалық сын есім дегеніміз -







2-топ

Сын есім

Түбірі

Жұрнағы

Сөз табы

Негізгі

Туынды

1

Жаман






2

отты






3

сазды






4

жігерлі






5

егінді






6

иманды






7

еріншек






8

айтқыш






9

әп - әдемі






Анықтама:

Қатыстық сын есім дегеніміз -



Сапалық сын есім дегеніміз -





3-топ

Сын есім

Түбірі

Жұрнағы

Сөз табы

Негізгі

Туынды

1

Білгір






2

шексіз






3

жазғы






4

күзгі






5

былтырғы






6

жан- жақты






7

қызылды – жасылды






8

алғыр






9

қызғыш








Анықтама:

Қатыстық сын есім дегеніміз -



Сапалық сын есім дегеніміз -



3-топ

Сын есім

Түбірі

Жұрнағы

Сөз табы

Негізгі

Туынды

1

Мінезді






2

нәрлі






3

жүгіргіш






4

басыңқы






5

ұзын






6

жарық






7

кең






8

қысқа






9

Жап - жарық








Анықтама:

Қатыстық сын есім дегеніміз -



Сапалық сын есім дегеніміз -



Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров90
Номер материала ДВ-306300
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх