Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект по казахскому языку на тему "Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі"

Конспект по казахскому языку на тему "Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Әмірқан бейнесін жан - жақты талдау.
Дамытушылық: “Әдебиет пен өнер егіз” деген ұғымды ашу. Жеке және топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға дағдыландыру.Тәрбиелік: оқушыларды өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу, ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету, ұлтжандылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың міндеті: Әмірқан бейнесін жан - жақты ашу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың көрнекілігі
: Жазушы шығармалары, кесте, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, мінездеме, салыстыру, ой - түйін жасау.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын сұрау
Бөлінген үш топ үй тапсырмасын үш бөлім бойынша әңгімелеуі тиіс.
І. “Болашақ” тобы
Әншімен алғаш танысу
ІІ “Ұлан” тобы
Наурыздағы ойын - сауық
ІІІ. “Өнерпаз” тобы
Әншінің үйінде
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар, біз өткен сабақта талантты жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың “Әнші” әңгімесімен танысқан болатынбыз. Осы “Әнші” әңгімесінде Жүсіпбек Аймауытов әнші Әмірқан бейнесі арқылы қазақ ән өнерін, ұлттық мәдениетімізді қалың оқырманға паш етті деп айтуға болады. Бүгінгі сабақта біз әнші бейнесін, яғни әңгімедегі Әмірқан бейнесін тереңірек ашуға бар ынта - жігерімізді сала жұмыс істейміз.
Балалар, сендер білесіңдер ме, осы әңгімедегі Әмірқан бейнесі арқылы қазақтың қандай атақты тұлғасының прототипі берілгенін?
Прототип - (грек сөзі: түп - төркін, негізгі бейне) әдеби шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде бар адам, яғни түпкі тұлға.
Әміре Қашаубаев туралы мәлімет
Әміре Қашаубаев (1886 - 1934)
1886 жылы Семей қаласы, абралы ауданына қарасты дегелең тауының етегінде туылған. “Ағаш аяқ”, “Үш дос”, “Қос барабан”, “Қызыл бидай”, “Смет”, “Жалғыз арша” сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгімен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді.
“Әміренің адамшылығы өте зор еді. Барынша әділ жүректі еді. Дүние үшін қабақ шытып, бір тарықпайтын. Қоң етін кесіп беретін жомарт еді. Әміре ән салғанда әнді көркемдеп, аспандата айтар еді. Қандай әнді болса да түзеп, кесек бейнелі ән қып айтып жүрсе де, мынаны мен түзедім демес еді. Әміре әнді ылғи сүйіп, ұнатып, өзі әнге ғашық болғандай айтатын. Халық көп болса делебесі қозып кететін”.

(Қалибек Қуанышбаев 1893 - 1968 жылдар
аралығында өмір сүрген, КСРО халық әртісі, қоғам қайраткері)


Деңгейлік тапсырмамен немесе үш сатыда жұмыс жасау.

 1.саты. Оқушы деңгейі

а/ Әмірқан портретін үш топ.

ә/ Әміре бейнесімен салыстыру.

 2.саты. Алгоритімдік деңгей.

а/ Әңгімедегі іс-әрекеті арқылы Әмірқанға мінездеме беру.

Кластер әдісі.

Ақ көңіл      Еркін

Нәзік жанды                                     Ашық

Өнер үшін           Әмірқан               адал

жаралған                                            мырза

Ер мінезді        Махаббатқа            өнерге

адал                         адал

 3.саты. Эвристикалық әдіс деңгей

Венн диаграммасымен жұмыс.

Әміре — Әмірқан.               Әміре — Жүсіпбек.

 І. ДЕҢГЕЙ
Теориялық ұғымдарды еске түсіреміз
І “Болашақ” тобы: Жалқы есімдерді түр -түсіне ажырату
ІІ “Ұлан” тобы: Диалогтарды тауып, рөлдерге бөліп оқу
ІІІ “Өнерпаз” тобы: Ұлттық ойын түрлерін, дәстүрлерді табу

ІІ ДЕҢГЕЙ
Жетелеуші сұрақтар
1. Автор Әмірқанның түр - түсін қалай суреттейді?
2. Әмірқанның мінез - құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?
3. Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды?
4. Тыңдаушыға Әмірқан әнінің әсері қалай сипатталады?
5. Әмірқан әнді қалай орындайды?

ІІІ. ДЕҢГЕЙ
Әмірқан бейнесін топтастыру стратегиясы бойынша көрсетіңдер
І “Болашақ” тобы: Мінезі
ІІ “Ұлан” тобы: Кәсібі
ІІІ “Өнерпаз»” тобы: Қарым - қатынасы
ІV. Қорытынды
1. Жазушының әңгіме жазудағы түпкі ойы не?
2. Хикаядан қандай әсер алдыңдар?
V. Бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ: Инсерт кестесі.

Не білдік?     Не таңқалдырды?             Не білгім келеді?

Бағалау.  Жетон бойынша бағалау.

 Үйге тапсырма:

1. Әміре салған әндерді іздеп келу.

2. Жүсіпбек Аймауытов тағы басқа шығармалары туралы.

Ақпаратпен бөлісу:

Егер мен жазушы болсам...” тақырыбында оқушылар шығарманы өз ойларымен аяқтап, пікір - болжам жасап келеді

Эссе « Мен және әнші Әміре!

« Менің сүйікті әншім»




















Сабақтың тақырыбы:  Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі.
Сабақтың мақсаты:    Әмірқан бейнесін жан-жақты ашу.
Сабақтың міндеттері:    
 Білімділік:    Әмірқан бейнесін ашуда портрет , мінездеме, прототип ұғымдарын меңгерту. Тәрбиелік:   Әмірқан бейнесі арқылы өнерді тануға, бағалауға сүйе білуге, адалдыққа, азаматтыққа тәрбиелеу. Дамытушылық:  Өзіндік көзқарасын қалыптастыру ХХ ғ.қазақ өнерінің даму тарихы туралы білімдерін кеңейту, Семей қаласының тарихын тану.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.     

Сабақтың типі: Дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы шығармалары, портреттер, карта, кесте, т.б,

Интерактивтік тақта.

Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру,

Ой-түйін.

 Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2.  Үй жұмысын тексеру.

Үш бөлім бойынша үш топ әңгімелеу.

 1-топ. Әншімен алғаш танысу.

2-топ. Наурыздағы ойын- сауық.

3-топ. Әншінің үйінде.

 

1. Әншімен алғаш танысу.

а/ Жетішатыр бейнесі.

ә/ Қымызхана

б/ Әмірқан келді.

в/ Жетішатыр қаласының тарихы.

 

2. Наурыздағы ойын- сауық

а/ Жастар бірігіп ойын дайындады.

ә/ Ортаға Әмірқан келді.

б/ Қайта шақырып, қайта ән салды.

в/ Жүсіпбек Аймауытов туралы.

 

3. Әмірқаннның үйінде.

а/ Үйіне қонаққа шақырды.

ә/ Үйінің көрінісі , қонақжайлығы

б/ Ақтамақ оқиғасы.

в/ Өмірін өнері құтқарды.

г/ Әміре Қашаубаев туралы ізденіс.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Деңгейлік тапсырмамен немесе төрт сатыда жұмыс жасау.

 1.саты. Оқушы деңгейі

а/ Әмірқан портретін үш топ.

ә/ Әміре бейнесімен салыстыру.

 

2.саты. Алгоритімдік деңгей.

а/ Әңгімедегі іс-әрекеті арқылы Әмірқанға мінездеме беру.

Кластер әдісі.

Ақ көңіл      Еркін

Нәзік жанды                                     Ашық

Өнер үшін           Әмірқан               адал

жаралған                                            мырза

Ер мінезді        Махаббатқа            өнерге

адал                         адал

 

3.саты. Эвристикалық әдіс деңгей

Венн диаграммасымен жұмыс.

Әміре — Әмірқан.               Әміре — Жүсіпбек.

 

4.саты. Шығармашылық деңгей «Балқадиша» әнін тыңдату.

Эссе « Мен және әнші Әміре!

« Менің сүйікті әншім»

 ҚОРЫТЫНДЫ: Инсерт кестесі.

Не білдік?     Не таңқалдырды?             Не білгім келеді?

Бағалау.  Жетон бойынша бағалау.

 Үйге тапсырма:

1. Әміре салған әндерді іздеп келу.

2. Жүсіпбек Аймауытов тағы басқа шығармалары туралы.

Ақпаратпен бөлісу:



















Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың «Күн менікі» әңгімесі
(Ж. Аймауытовтың «Күн менікі» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесіне талдау)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ж. Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесінің мазмұнын, автордың мақсатын, тақырыптың өзектілігін ұғындыру, оқушыларға шығарма мәтіні кейіпкерлеріне мінездеме беру. Дамытушылық: Оқушылардың шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай білу біліктілігін дамыта отырып, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі жеткізе білуге баулу, олау қабілетін дамыту.  Тәрбиелік: Оқушыларды шығарма кейіпкерлері болмыс-бітіміне, табиғи тіршілігіне талдау жасау арқылы адамгершілікке, әсемдікке, мейірімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Оқыту әдісі: Талдау, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, шығармашылық ізденіс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспелер, Ж. Аймауытов портреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Ә) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау
- Балалар сендер өткен сабақта қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, Ж. Аймауытовтың «Күн менікі» шығармасымен танысқан болатынсыңдар. Қазір топ болып тапсырма орындаймыз. 
ІІ. Үй тапсырмасы
-Үйге берілген тапсырма не еді?
-Әңгіме мазмұнын оқып келуге берілді.
-Ендеше шығарма композициясы қандай кезеңдерден тұрушы еді?
-Оқиғаның басталуы, дамуы, байланысуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі.
- Олай болса қазір мен әр топқа шығарма композияциясының кезңдерін білдіретін тақырыпшалар таратамын. Сендер қай кезең екенін тауып, қысқаша мазмұнын баяндайсыңдар. (Әр топқа 2-ден таратылады.)
1. Оқиғаның басталуы: Ордабайдың үш ауылы
2. Оқиғаның байланысуы: Тоқтатпашы көшті, тоқтатпа!...
3. Дамуы: Шырла-шырла торғайым!
4. Шиеленісуі: «Өзшең шірік күң!»
5. Шарықтау шегі: Е, көңіл ашар деп осынын айт!
6. Шешімі: Ал, бозбалалар сендерде айтыңдар?
І-топ:
Әңгімеде көш қалай сипатталады?
Қазақ халқы қандай жағдайларға байланысты көшкен?
ІІ-топ: 
Әнді қандай жағдайда кімдер орындайды?
Күнекейдің өн бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
ІІІ-топ:
Көштің сән-салтанаты мен қызығы кімдердің үлесіне тиді?
Бейнетін кімдер көрді?
ІІІ. Жаңа сабақ
-Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күнекей неден жазықты болды?...» деп дәптерімізге жазып қоямыз.
 
Ж. Аймауытовтың «Күнекей жазығы» повесінен алынған «Күн менікі» әңгімесіндегі сол дәуірдегі әйел теңсіздігін негізге ала отырып, Күнекей неден жазықты болды деген тақырыпта Күнекей бейнесіне тоқталамыз. Енді мына тапсырмалардың бірін таңдап алып, сол төңіректе пікірлеріңді мәтіннен үзінді келтіріп айтыңдар. (Әр топқа тарату)
1. Еркін қазақ қызының бейнесі (Күнекейдің бейнесі)
Топтастыру стратегиясы бойынша
2. Күнекейдің еркіндікті аңсап, салған әнінен үзінді келтіре отырып, әдеби сызбамен талдау жасау.
Үзінді Идея Күнекейдің бейнесі Түйгенім
Бауырында Шұбайтаудың қос балапан, 
Сол таудан дария толқын су тараған.
Сұлу қыз, әсем жігіт-бәрі сонда
1. Күнекейдің басына туған күн.
Венн диаграммасы арқылы түсіндіру
Тұяқ Ұқсастығы Күнекей

-Ал, қане кім дайын?
-Жарайды өте жақсы
Ой шақыру. Сұрақ тапсырма.
-Ал енді келесі тапсырма барлығына жалпы ортақ ой шақыру тапсырмасы беріледі. Мынадай сұрақ қойылады.
Күнекей неден жазықты болды?
IV. Дамыта оқыту
- Оқушылар енді тапсырманы топ-топ болып орындаймыз. Сендерге мынадай сұрақтар беріледі. 
1-топ:
Повесте қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері суреттелген?
Мысал келтіре отырып әңгімелеңдер?
2-топ:
Шығармадағы нақыл сөздерді тауып, еріп жазыңдар?
Көнерген сөздерді тауып мағынасын түсіндіріп, мысал келтір.
3-топ:
Қазақ аулының тұрмысы, әлеуметтік өмір көрінісі қалай суреттелген? Әңгімеле
V. Бекіту кезеңі
-Олай болса ендігі тапсырма «Жұмбақ сан» тест тапсырмасы 
1. Ж. Аймауытовтың өмір сүрген жылдарын табыңыз
1. 1893-1920
2. 1873-1938
3.1804-1846
4.1868-1910
5.1889-1831
2. Ж. Аймауытовтың романдарын табыңыз
1. Әнші, Елес
2. Күйші, Құлагер
3. Нұр күні
4. Боранды болжаған әулие
5. Ақбілек, Қартқожа
3. Ж. Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» повесіндегі Күнекейдің сүйген жігітін табыңыз?
1. Амантай
2. Байсары
3. Тұяқ
4. Шәмкә
5. Байман
4. Күнекейдің әке-шешесі кімдер екенін табыңыз
1.Шекер Ордабай
2. Айша Әлібек
3. Сұлушаш Шоөан
4. Байбөрі Ботакөз
5. Алпамыс Қарашаш
5. «Күнекейдің жазығы» повесіндегі өзекті тақырыпты белгіле
1. Бұрынғыны аңсау
2. Анаңнан асыл бар ма?
3. Қазақты ояту
4. Әйел теңсіздігі
5. Ашаршылық
Жауабы:

+ + + + = 
-Балалар Ж. Аймауытов ХХ ғасырдың басында қазақ ауылының әлеуметтік шындығын, салт-санасын, әдет-ғұрпын бір сөзбен айтқанда қазақ қызы Күнекейдің тағдарын суреттеген.
-Жарайсыңдар оқушылар
VІ. Қорытындылау
Бүгінгі сабағымызды мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Ф. Оңғарсынованың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Абыройы күнмен жарасқан,
Көкірегінен әсем ән ұшқан.
Мейірін төккен адамға 
Бақытты байтақ даламда.
Тағдырлар талай табысқан, 
Талғамы заңғар заманда. 
Атағы жеткен ғаламға
Елінің ару – қыздары!
Құлпырған гүлдей құздағы
Жұлдызы жанған жерімнің 
Жұлдыздай жарқын қыздары!,-деп сөзімді тәмамдаймын.
VII. Үйге тапсырма.
Қыздарға байланысты мақал-мәтел жазу, оның мағынасын ұғындыру. Құрбы- құрдастарыңа арнап өлең шығару.
VIII. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін бағалау.



















Жабаев «Аттандыру»

 Жамбылдың туған халқының өмірін жүз жыл талмай жырлауының өзі де – ерлік. (Родригес Роман. Куба қайраткері)
Жамбыл халық поэзиясының ғасыр жасаған емені, ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы. (М.Рыльский. А.Малышко. Украина ақындары)
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев «Аттандыру»
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Жамбыл Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.Тәрбиелік: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ж.Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау
Көрнекілігі: слайд, қосымша әдебиеттер
Сабақтың барысы:
І. 1.Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық. «Көңіл-күйің қандай?»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Халық поэзиясының шағын түрлері. «Кубизм» стратегиясы.
І. Баянда. Халық поэзиясының шағын түрлері туралы.
ІІ. Салыстыр. Тұрмыс-салт жырлары мен мұң-шер өлеңдерін.
ІІІ. Үзінді айт. Халық поэзиясының шағын түрінің өзің қалағаныңнан.
ІҮ. Есіңе түсір. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы қоштасу өлеңін.
Ү. Мысал келтір. Естірту өлеңіне мысал және ол туралы шағын мәлімет айт.
ҮІ. Жатқа оқы. Бата.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жамбыл туралы не білеміз?
Ой шақыру.
1.Жамбыл аталуы
2. Қобызшы бала.
3. Бөлтірік ақын осы екен.
4. Алғашқы дәріс.
5. Менің пірім-Сүйінбай.
Жамбылдың туған халқының өмірін жүз жыл талмай жырлауының өзі де – ерлік. (Родригес Роман. Куба қайраткері)
Жамбыл халық поэзиясының ғасыр жасаған емені, ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы. (М.Рыльский. А.Малышко. Украина ақындары)
«Жуан, жіңішке сұрақтар» стратегиясы:
- Жамбыл кім? Қай жылы дүниеге келді? (жыршы, дастаншы, айтыскер, ақын. 1846 ж.)
- Жамбыл туралы не білеміз?
- Жамбылдың әкесі мен анасының есімі?
- Өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай Аронұлы. Ол - )
Кімдермен айтысты? (Құлмамбет, Досмағамбет, Сарыбас, Айкүміс, Бақтыбай, Шашубай )
(Жауап тыңдағаннан кейін)
Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең-жырға үйір болған.
Әсіресе оның 1936-1945 жылдары шығарған жырларының орны бөлек.
Көктей түс Отанымның шаттық бағы,
Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы.
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары. /Жамбыл. «Күн толғауы»/
Бұл өлең – 1938 жылы жазылған ақын атамыздың «Күн» толғауынан үзінді. Ол кезде бейбіт өмір болатын. Содан кейін соғыс басталып кетті.
- Балалар, Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік – Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы. Ақынның көптеген өлеңдері еліміздің бейбітшілік саясатына арналған. Жамбыл Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімдері елімізге кеңінен танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға қайта елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. «Ленинградтық өренім» (1941ж.), «Мәскеу», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты өлеңдері, «Ұлы көш» толғауы майданның алғы шебіндегі кеңес жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды, сол кезде олар ауыздан ауызға таралып жатты.

«Ленинградтық өренім» туралы Прокофьев былай деп жазды: «Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі жарияланған кез ең ауыр кезең еді. Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылып тұрды. Халық бомбадан тығылу орнына Жамбыл өлеңі жазылған газеттерді алу үшін кезекте тұрғанын талай көрдік.»
Жамбылдың отаншыл өлеңдерінің ішінде дастандары ерекше орын алады.Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы», т.б. дастандарын атауға болады. Ол- керемет жыршы. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», шығыстың «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп- Зылиха», т.б. жыр-қиссиларын тәулік бойы талмай жырлаған.
Бейнесюжет.
Оқушыларға сұрақтар:
- Соғыс қашан басталды, қашан аяқталды?
- Соғысқа қатысқан жауынгерлер туралы не білесіңдер?
«Тұжырымдама» кестесі
Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді? Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды? Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?
Бомба тасталды, оқ атылды, еріксіз әскерге аттанды, ел ерсіз қалды. Қала, ауыл қирады, қырғын болды, Әскер қатары күшейтілді, білікті мамандар жинастырылды. Оқ-дәрі, киім-кешек, мініс ат, т.б.жіберілді. Қажырлық, табандылық, достық, бірлік, отансүйгіштік, әдіс-айла
Сондай шығармасының бірі – соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары. Яғни «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері. Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында көркем суретпен, терең философиялық мәнде туған.
Бүгінгі сабағымызда «Аттандыру» өлеңі.
1. Өлеңді өзім мәнерлеп оқимын.
2. Оқушыға оқытамын.
Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.
Алғадай – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы. 1943 жылы баласы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естірткен. (суреттерін көрсету)
Өлең толғау секілді әуенмен айтылады.

Өлең құрылысына талдау.
Авторы: Ж.Жабаев
Жанры: өлең
Тақырыбы: Баласы Алғадайға бата, тілегін білдіру.
Мазмұны: Әке үмітін, ел үмітін ақтау
Шумақ: 5
Тармақ: 4-6
Ұйқас: қара өлең ұйқас
Бунақ: 2
Семантикалық карта

Жауаптар Жабай Сүйінбай 1846-1945 Ұлдан Қанадан 1941-1945
Сұрақтар
Жамбылдың әкесі
Жамбылдың пірі кім?
Нағашысы
Анасының есімі?
Қай жылдар арасында өмір сүрді
Ұлы Отан соғысы қай жылдар арасын қамтыды?
Шығармашылық жұмыс.
Тақырып: «Жамбыл ата»
Керекті сөздер: әлемге, бата, асқақтата, Жамбыл ата.
Жүз жасаған ...
Сүйінбайдан алдың ...
Қалықтаттың кең ...
Қазағымның, даңқын.
ІҮ. Бекіту.
1. Жамбыл кім? (Топтастыру)
2. Кімдермен айтысқан?
3. Өлеңдерінің негізгі идеясы?
Ү. Үй тапсырмасы. «Аттандыру » өлеңін жаттау. «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Болмасын соғыс» тақырыптарының біріне шығарма.
ҮІ. Бағалау.























Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың « Аттандыру », «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты : А) білімділік оқушыларға Жамбыл  Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы  білімдерін толықтыру,  өлеңдерінің мәнін ашып,өлең талдау машығын жетілдіру. Ә) дамытушылық:оқушылардың  әдеби дүниетанымын кеңейту,ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.Ойлау шеберлігін,сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру.Б) тәрбиелік:ақын бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға,адамның жан дүниесін тани білуге,көркем әдебиетті сүйіп оқуға,өлеңді талдату арқылы елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,СТО стратегиясы, талдау, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, оқулықтар, кітаптар, суреттер,

Сабақтың барысы:

     І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3. Сабақтың мақсатын айту.

     ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Қызуғышылығын ояту

1.     Есімін неге Жамыл деп қойған?

2.     Жамбыл  кімдермен айтысқан?

3.     Жамбылдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

4.     Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін атаңдар?

5.     Қандай атақты айтыскер ақыңды жеңді?

6.     Баласын соғысқа шығарып салып тұрып,айтқан арнау өлеңін атаңдар?

7.     Бата дегеніміз не? және оның түрлерін ата?

8.     Қандай эпикалық шығармаларын білесіңдер?

   ІІІ. Мағынаны тану

Оқушыларға сұрақтар:
- Соғыс қашан басталды, қашан аяқталды?
- Соғысқа қатысқан жауынгерлер туралы не білесіңдер?
«Тұжырымдама» кестесі
Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді? Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды? Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?
Бомба тасталды, оқ атылды, еріксіз әскерге аттанды, ел ерсіз қалды. Қала, ауыл қирады, қырғын болды, Әскер қатары күшейтілді, білікті мамандар жинастырылды. Оқ-дәрі, киім-кешек, мініс ат, т.б.жіберілді. Қажырлық, табандылық, достық, бірлік, отансүйгіштік, әдіс-айла. Сондай шығармасының бірі – соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары.
Яғни «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері. Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында көркем суретпен, терең философиялық мәнде туған.
Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.
Жамбыл өз қолымен майданға аттандырған «Аттандыру» өлеңінің кейіпкері кім?
Алғадай және одан тараған ұрпақ Қуаныш туралы өлеңдерімен танысамыз.
Оқушылар, сіздердің ойларыңызға қосымша түсінік бере кетейін. Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарағы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті - деген екен. Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.
- Өлеңдерді оқып шығу.
а) оқулықпен жұмыс

І-топ : «Аттандыру» -мәнерлеп оқу

ІІ-топ : «Алғадай туралы әрбір ой» -мәнерлеп оқу

ІV топпен жұмыс:

І топ: «Аттандыру»-өлеңінде баласына айтқан өсиеті.           

ІІ топ: «Алғадай туралы әрбір ой »- өлеңінде Алғадайға мінездеме.    

Өлең құрылысына талдау.
Авторы: Ж.Жабаев
Жанры: өлең
Тақырыбы: Баласы Алғадайға бата, тілегін білдіру.
Мазмұны: Әке үмітін, ел үмітін ақтау
Шумақ: 5
Тармақ: 4-6
Ұйқас: қара өлең ұйқас
Бунақ: 2
V.  Дәптермен жұмыс: 

І топ: Әр топқа берілген ақынның өлеңдерінен бір шумағын өлең  құрылысына талдау               .

Атаңнан бата// ал,балам;            а

Арғымақ атқа// мін,балам!       а

Ақ сақалым // желбіреп,           б

Артыңнан қарап //мен қалам;     а

1 шумақ: 4 тармақ, 8-буын  қара өлен ұйқасы.

 ІІ топ:

Түнеу күнгі кеткеннен        а

Ғали,жаңа келдің бе?           б

Алғадайдың мүрдесін          а

Жол-жөнекей көрдің бе?     б

1 шумақ: 4 тармақ, 7-буын  аралас ұйқас. 

VІ.  Білімді бекіту:

I-топ: Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтел жазу.

Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.

 Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Ерлік білекте емес, жүректе.

ІI-топ: Бес жолды өлең

1.     Зат есім: Алғадай

2.     Сын есім: ержүрек,батыр

3.     Етістік: күреседі,жеңеді,өледі

4.     Сөйлем: Алғадай ерлікпен қаза табады.

5.     Синоним: бала

VІІ. Қорытынды:

 

«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп,ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ ,оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығын да.Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп,өлмес рухының алдында басымызды иеміз».

                                                                             ҚР президенті  Н.Ә.Назарбаев.

VІІІ. Білімді бағалау:

ІХ. Үй тапсырмасы:« Атаның әлдиі» өлеңін жаттау.Бейбітшілік туралы эссе жазу.

Х. Рефлексия: сабақтан алған әсерім.








































Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың « Аттандыру », «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты :

А) білімділік оқушыларға Жамбыл  Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы  білімдерін толықтыру,  өлеңдерінің мәнін ашып,өлең талдау машығын жетілдіру .

 Ә) дамытушылық:оқушылардың  әдеби дүниетанымын кеңейту,ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.Ойлау шеберлігін,сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру.Б) тәрбиелік:ақын бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға,адамның жан дүниесін тани білуге,көркем әдебиетті сүйіп оқуға,өлеңді талдату арқылы елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жалпылау сабақ

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,СТО стратегиясы, талдау, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, оқулықтар, кітаптар, суреттер,

Сабақтың барысы:

     І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3. Сабақтың мақсатын айту.

     ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Қызуғышылығын ояту

1.     Есімін неге Жамыл деп қойған?

2.     Жамбыл  кімдермен айтысқан?

3.     Жамбылдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

4.     Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін атаңдар?

5.     Қандай атақты айтыскер ақыңды жеңді?

6.     Баласын соғысқа шығарып салып тұрып,айтқан арнау өлеңін атаңдар?

7.     Бата дегеніміз не? және оның түрлерін ата?

8.     Қандай эпикалық шығармаларын білесіңдер?

   ІІІ.Мағынаны тану

а) оқулықпен жұмыс

І-топ : «Аттандыру» -мәнерлеп оқу

ІІ-топ : «Алғадай туралы әрбір ой» -мәнерлеп оқу

Сергіту сәті:

    ІV- топпен жұмыс:

І-топ: «Аттандыру»-өлеңінде баласына айтқан өсиеті.          

 ІІ-топ: «Алғадай туралы әрбір ой »- өлеңінде Алғадайға мінездеме.    

V.  Дәптермен жұмыс: 

І-топ: Әр топқа берілген ақынның өлеңдерінен бір шумағын өлең                         құрылысына талдау               .

Атаңнан бата// ал,балам;            а

Арғымақ атқа// мін,балам!       а

Ақ сақалым // желбіреп,           б

Артыңнан қарап //мен қалам;     а

1 шумақ: 4 тармақ, 8-буын  қара өлен ұйқасы.

 

ІІ-ші топ:

Түнеу күнгі кеткеннен        а

Ғали,жаңа келдің бе?           б

Алғадайдың мүрдесін          а

Жол-жөнекей көрдің бе?     б

1 шумақ: 4 тармақ, 7-буын  аралас ұйқас. 

VІ.  Білімді бекіту:

I-топ: Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтел жазу.

Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.

 

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Ерлік білекте емес, жүректе.

ІI-топ: Бес жолды өлең

1.     Зат есім: Алғадай

2.     Сын есім: ержүрек,батыр

3.     Етістік: күреседі,жеңеді,өледі

4.     Сөйлем: Алғадай ерлікпен қаза табады.

5.     Синоним: бала

VІІ. Қорытынды:

 

«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп,ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ ,оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығын да.Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп,өлмес рухының алдында басымызды иеміз».

                                                                             ҚР президенті  Н.Ә.Назарбаев.

VІІІ. Білімді бағалау:

ІХ. Үй тапсырмасы:« Атаның әлдиі» өлеңін жаттау.Бейбітшілік туралы эссе жазу.

Х. Рефлексия: сабақтан алған әсерім.



























Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» өлеңдері
Сабақтың мақсаты
: 1. Ақын өлеңдерінің өзіндік табиғатына, өзгешелігіне көңіл бөлу; өлеңдегі түйінді ойды аңғарту, Жамбыл туралы білгендерін кеңейту, бекіту.
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, танымдық көзқарасын қалыптастыру. 3. Өз елін, Отанын, туған жерін сүюге, құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
- Өлең бойынша өз көзқарасын қалыптастырады;
- Өлеңдегі Алғадай бейнесіне орай жақсы мінез - құлық, іс - әрекеттерін талдау арқылы өзінше ой қорытады.
- Жаңа ұғымды өзі іздеп табады.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс - тәсілдер: топтастыру, инсерт, бес жолды өлең стратегиялары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Мәлімет жинау.
Жамбыл жайлы тағы не білдім?
«Топтастыру»
ІІ. Мағынаны тану
.
Жамбыл өз қолымен майданға аттандырған «Аттандыру» өлеңінің кейіпкері кім?
Алғадай және одан тараған ұрпақ Қуаныш туралы өлеңдерімен танысамыз.
Оқушылар, сіздердің ойларыңызға қосымша түсінік бере кетейін. Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл туады. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов келіп:
- Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың.
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарағы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті - деген екен. Расында ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.
- Өлеңдерді оқып шығу.
Инсерт әдісі
бойынша өлең жолдарындағы түсініксіз сөздерді түртіп отырады.
Сөздікпен жұмыс.
Мүрде - өлген адамның денесі, өлік.
Көзел - көпті көрген, сұңғыла
Саулақ – елден ерен
Жабы - қазақ жылқысының байырғы қарабайыр түрі
Кәріп - соқыр, мүгедек.
Өлең құрылысына талдау жасау.
Өлеңдер топтамасын екі топқа бөліп беремін.
3 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буын
2 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 - 8 буын
ІІІ. Ой толғаныс.
Сонымен, ұлы ақынды қатты қайғыға салған фашистік немістердің бейбіт елдің берекесін алған соғысы еді.
«Бес жолды өлең» стратегиясы
Зат есім. Соғыс
Сын есім.
Етістік.
Сөйлем.
Синоним.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Ұнаған өлеңді жаттау.









































Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев « Сүйемін » өлеңі.
Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.
2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,
шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін
қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын,
сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту. 3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен
жұмыс, топтастыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Ақынның портреті, суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география
Қолданылған әдебиеттер:
Әдебиет. Р.Құттығожина, Қ.Бітібаев, Е.Арын Алматы «Атамұра» 2012жыл

Мұғалімге әдістемелік құрал

Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару.
2. Өтілген материалдарды еске түсіру. Үйге І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келуге және «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін жаттауға берілген болатын. Мағжан Жұмабаев жайлы біліп келуге берілген.
Үй тапсырмасын сұраймын.
3. Жаңа сабақ.
А) Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.

Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызадыв. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.
Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т.б.
Поэмалары: «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»
Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»
Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»
Педагогикалық еңбектері: «Педагогика»кітабы, «Сауатты бол» оқулығы
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)
Ә) Топтастыру

Өлеңін мәнерлеп оқу. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту
Әр оқушы бір шумағын оқып түсіндіріп кетеді.
Сөздік жұмысы
Тасбиық - Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері
Алаш -Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы
Кебін -Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім
Жұмақ- О дүниедегі жайлы жер

Өлең құрылысына талдау
Күлдей күңгірт // шашы бар,
Тоқсан бесте // жасы бар,
Көз дегенің – //сұп-сұр көр.
Тасбиық санап // бүгіліп,
Жерге қарап // үңіліп,
Көрше ауыр // күрсінер.
7 -8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас
Шумақ-шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді
Тармақ. Шумақтағы әрбір жол, қатар (Тармақ – өлеңнің әр жолы)

• Бунақ. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі
• Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
• Ұйқас- өлең-жырлрда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың
буындарымен үйлесуі.
• Ұйқас түрлері: Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс
ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Е) Дәптермен жұмыс:
Теңеу деген не?
-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.
Метафора деген не?
-Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.
Метафора: қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Эпитет деген не?
-Эпитет (айқындау) –заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету
Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы

«Сүйемін» атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:

Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! –

деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.

Аудармасы:
Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап м. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады.Әуезхан Қодар-мәдениеттанушы, ақын-аудармашы, «тамыр» журналының бас редакторы.
«Махаббат» сөзін топтастыру.
Жанұя махаббаты Достарын сыйлау Ұстазға деген махаббат
Еліне махаббат Туған жеріне махаббат
Екі жастың махаббаты Анасына деген маххаббат
І топ ІІ топ ІІІ топ
Ата-ана Жар Туған ел, жер
Жанұя-шағын мемлекет
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса, айттың-тойың не керек. Жақсы әйел жолдасың,, жоқтан құрап тойғызар. Туған жердің жуасы да тәтті Туған жердей жер болмас.
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы Неліктен ол маған әсер етті?
«Жаттап ала қояйық» ойыны
І топ
Күлдей—————- шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің ——————көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
———— ауыр күрсінер.

ІІ топ.
Көзінде көк ——————-жоқ,
Аузында —————жыры жоқ,
Жалынсыз, ——- құшағы,
Иілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай.
Білгені———— ошағы

ІІІ топ.
Сағымы —————құрады,
Бораны ————— тұрады,
Қыс-ақ кебін, жаз-сары.
Орманы жоқ,———- жоқ,
Тауы да жоқ, ———жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы.

Тақырыбы Сүйемін
Идеясы Туған-туысын елін, жерін жақсы көру
Шумақ саны 4
Әр шумақтағы жол саны 9
Тәрбие негізі Туған жерін құрметтеу
Қорытынды Туған жердің мәртебесін көтеремін
Сабақты бекіту
1. М.Жұмабаевтың өлеңі.
2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?
3. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?
4. Ақын білім алған қала.
5. М.Жұмабаевтың поэмасын тап.
6. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы.
7. Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?
8.Ақынның өлі сахара дегені қай жер?
9. Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
10. Ақынның қандай сезімін байқауға болады?
11. Ақын туған жер қай жер?
12. Табиғаты қандай?
13.Ақынның өмірі жайлы не білесіңдер?

Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.
Мағжан Жұмабаев өзінін «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.

Шығармашылықпен жұмыс.
І топ. « Мағжан атаға» хат жазады
ІІ топ. «Тәуелсіз ел» өлең шығару.

Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,
—————————жүрегімді,
—————————————,
————————— берерімді.

ІІІ топ. Ана жайлы, туған жер ,ел жайлы жазған ұлы тұлғалардың өлеңдерін оқу
6. Сабақты қорытындылау.

Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.
Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.
Ғылым қажет даласына қазақтың,
Елім үшін білім алып гүлдейік.
Мұғалім сөзі:
Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.
ҮІІ. Бағалау.Сабақта білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. . «Сүйемін» атты өлеңін хаттап келу

Ұқсас жазбалар





Күні: Пәні: Қазақ әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:      Мағжан Жұмабаев  «Толқын» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:  Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу. Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау, идеялықөлеңі – көркемдік мазмұны ашу,әдеби   

теориялық ұғымдарын кеңейту. 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін  байыту,ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізуге     

бағыттау,шығармашылыққа баулу. 3.Тәрбиелік: Топта,ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірін білдіруге,дәлелдеуге үйрету,шығармашылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:     Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:  сергіту сәті,сұрақ-жауап, талдау, іздену,сурет салу, топтастыру

 Сабақтың көрнекілігі:  шығармалар жинағы,   портреті, үлестірмелі қағаздар,

                                          маркер,плакат, толқынның шуылы музыка,  т.б

 Пәнаралық байланыс:     сурет, музыка

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Барлығын ортаға шақырып, сергіту сәтін өткізу.

               1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

        а) «Біз жинаған Мағжан Жұмабаев жайлы деректер...»

              ә)  Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

              б)  Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;

              в) Оқулықта берілген Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын қаншалықты

               оқығандарын тексеру мақсатында мәтінді бөліктерге бөліп, қиып ,таратып  

               құрастырту. Топпен жұмыс.

    Мағжан Солтүстік Қазақстанда өз ортасында белді, беделді бақ пен дәулет қонған Жұмабай  қажы әулетінде дүниеге келеді.4  жасынан-ақ оның құйма құлақтығы, ерекше қабілеті танылады.

  Мағжан үш жасында атасы Жұмабайдан: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге  әйгі ететін болады!» деп бата алған Мағжан төрт  жасында мектеп есігін ашып,хат  таниды.Оның ақындық таланты да ерте оянды.

   Абайдың 1909 жылы Петербургте шыққан өлеңдер жинағын бала Мағжан сол жылы-ақ  оқыған.Ол алғаш жазған өлеңдерінің бірін де ұлы ақынға арнайды

  Орыс тілін, әдебиетін өте терең меңгергені  сондай, білікті, білімді деген зиялылыр, орыстардың өзі оны бас ие мойындайды.Туған әдебиетімен қоса шығыс әдебиетін, әлем әдебиетін терең меңгерген ақын оның озық үлгілерін өз шығармаларымен ұштастырып, қазақ поэзиясының өрнек-айшықтарын жетілдірді.Ұлы Мұхтар Әуезов:  «... Мен Мағжанды сүйемін.Оның Европалығын, әшекейін сүйемін»  деуі осының айғағы.

   1920 жылдарда ақын  өлең-жырмен шектеліп қалмай, өмірдің әр саласын қамтитын мақалалар жазады.Әсіресе оқу-ағарту ісіне ден қояды.Москвада тұрған кезінде аударма жұмыстарымен көп шұғылданады.

    Мағжанның ұлтжандылық өлеңдері «Ғалияда» шәкірт болып жүрген кезінен басталады.Ұлтжандылық сезімінің әуелі үй ішінен,одан қала берсе туған ауыл, туған жерден бастап,жоғары өрлейтіні сықылды қазақ халқының халі қандай ауыр екенін сезсе де, ол күнде Мағжанда келешектен үміт күткендік сезіледі.Заманды жасаушы жастарға сенеді.Қандай жағдайда да өз елін, халқын шексіз сүйеді.Сондай өлеңдерінің бірі – «Сүйемін», «Анама», «Есімде... тек таң атсын», «Орал», «Орал тауы» т.б.

    Мағжанның орыс ақындарының ықпалымен жазылған өлеңдерінен басқа қазақ рухында жазылған шығармаларынан оның ақындық күші де молырақ көрінеді. Олар : «Қорқыт», «Баян» сықылды поэмалары.

   «Қайткенде де Мағжан – алдымен сыршыл ақын.Мағжан сөзінде «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес.Қай өлеңін оқысаңыз да, әлде өкіндіреді,әлде мұңайтады,әлде жылатады,әлде оятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді...» ( Ж.Аймауытов )

    Мағжан – қазақ халқының  ұлттық ұлы ақыны.Ол – халқын шын сүйген, сонымен бірге күйінген, аянышты ел күйін көріп күйректікке, сезімталдыққа берілген шын халық досы.

    Ақын жалпы адамзатқа, қалса түркі тектес ұлттарға ортақ ойлар айтады. 

                                                                                                                    Серік Қирабаев

Мағжан Жұмабаев       

 (1893-1938)

 

1.Ақын                                                               2. Зерттеуші             3. Аудармашы

өлеңдері              

поэмасы

 

 

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»

«Ақбозат»

«Большевик баласы»

 






  

А)

 






 

 

 

 

  

ІІІ:Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту.

- Дәптерлеріңе  «Толқын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер бір сөзбен 

   жазып   шығыңдар.

-Топтастыру әдісі.Плакатқа маркермен  жазады.

  Толқын қандай болады? Көз  алдарыңа елестетіңдер.Бірлесіп жазып шығыңдар.

  Ортақ жұмыстарын жария етеді.

 

 

Қара,көк



























суық

 


шулы

 


биік

 


көбікті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

2.Мағынаны тану

А)Кітаппен жұмыс  «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең мазмұнымен танысу.

Жеке------------------жұппен--------------топта  жұмыс жасайды

Ә) Сұрақ - жауап

-Өлең сендерге ұнады ма ?

-Ұнаса несімен ұнады ?

- «Мағжан -  дыбыстан сурет жасайды» деген пікірді осы өлең арқылы дәлелдей аласыңдар ма?

-Кейіптеу әдісі бар ма?

 

Б) Өлеңнен бір-біріне қарама – қайшы сөздерді табыңдар

Жылағаны – күлгені

Күлгені оның  - өлгені

Сүйеді – өледі

В) Әдеби  теориялық ұғым .

- Оқушылар сендер бұрын лирика ,қайталау деген ұғымды естіппедіңдер?

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының бірі.Ол адамның көңіл күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетеді.

                                                   

 

Лириканың түрлері:

 

Махаббат

Табиғат

Саяси

Көңіл-күй

 

Қайталау.Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.

 

 

Қайталаудың түрлері:

 

Жай қайталау

Анафора

Эпифора

Өлең тармақтарында бір сөз әр жолда қайталану

Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану

Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану

Г) Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау арқылы өлеңнің теориялық мазмұнына көңіл бөлейік.Үлестірмелі парақшалар тарату

                              Өлең құрылысына талдау жаса

 

1.Тақырыбы _____________________________

2.Авторы_________________________________

3.Идеясы ________________________________

4.Кейіпкерлері____________________________

5.Жанр түрі ______________________________

6.Шумақ _________________________________

7.Тармақ _________________________________

8.Буын саны ______________________________

9.Бунақ саны ______________________________

10.Ұйқас түрлері ___________________________

                                               Әдеби-теориялық ұғымдар

1.Пейжаз ___________________________________

2.Кейіптеу __________________________________

3.Лирика ___________________________________

4.Қайталау __________________________________

5.Анафора ___________________________________

11.Эпифора___________________________________

3.Мағынаны бекіту,қорыту

А) Алғашқы  жасаған «Топтастыруға» қайта оралып, толықтыру енгізу.Ортақ шешімдерін жария ету.

 

Ә) «Синквейн» әдісі   5 жолды өлең шығару.

1.Зат есім        _______

2.Сын есім  __________    ____________                 

3.Етістік     __________     ____________    ______________

4. 4 сөзден құралған сөйлем __________   ___________   ___________   ___________

5. Синоним    ______________

 

В) Толқынның көрінісіне  сурет  салу.

Үйге  тапсырма : Маған Жұмабаев «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу

 

Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

Жарияланды 1-04-2013, 00:32 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға М. Жұмабаевтың өмір мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Сүйемін» өлеңінің мазмұнын, идеясын меңгерту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, Отанды сүюге – елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаевтың портреті, шығармалары, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. І. Жансүгіровтің «Бөбек бөлеу», «Ағынды менің Ақсуым» өлеңдерін сұрау.
2.«Сенің естіген бесік жырың» тақырыбында бесік жыр айту немесе «Туған өлкемнің табиғаты» атты шағын, шығарма - суреттеме жазу.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.
«Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ», - деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласында.
Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.

Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл - кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте - бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді:
Азамат! Анау қазақ ханым десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең
Екінің бірі, басқа жол жоқ!

Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән - мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде де, Москваның Жоғары әдебиет және көркемөнер институтында оқып жүргенде де, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады.
Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М. Горкий мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.

Бір кездері бес арыстың бірі - Жүсіпбек Аймауытов М. Жұмабаев туралы былай деп ой толғаған екен: «Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуен қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Суретті, кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады, Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға болады. Мағжанды Пушкинге теңеуге ауыз барады.... ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан».

Мағжан – сыршыл ақын. Ол үшін бақ пен қуаныш - сүйе білу. Құштарлық пен оның оттай жанған сезім бұрқанысы мол жан сөзін жүрек поэзиясына тұңғыш әкелген. Оның «Тілегім», «Мені де, өлім, әлдиле», «Сүйемін», «Сәрсембайдың жыры», «Жазғы түнде» тәрізді өлеңдері - қазақ поэзиясының қазынасы. Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұралары уақыт сынынан сүрінбей өтті. Өзге классиктердің шығармаларымен қатар қазақ мәдениетінің тарихынан сыбағалы орын алды.
Мағжан - көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Халық алдындағы жауапкершілік сезімі, осыдан келіп шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы кезеңіндегі үндеулер Мағжан шығармаларына ғана тән. Сол кезеңдерде Мағжан Шекспир, Пушкин, Соловьевтардан бастап символизм, технократизм және Шпенглерге дейінгі жалпы адамзаттық көркем әрі ғылыми мұраларға бет бұрды. Біздің дәуірімізге дейін жеткен экзистенциализм сарыны ақын шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Алайда арадағы ұзақ жылдар бойғы үзілістен кейін Мағжан Жұмабаевпен қайта қауышудың сәті түсті. Сондықтан ақын туындыларын қайта бастырып шығару туралы да ойлар жиі айтылуда
1893 жылы дүниеге келген. Алдымен Қызылжар медресесінде Хасен молдадан дәріс алған Мағжан кейін Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде татар халқының белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтан оқиды.

1912 жылы Қазанда алғашқы «Шолпан» өлеңдер жинағы шыққан Мағжанның шығармалары 1929 жылы жаламен күйіп, абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрды.
Негізінен ақын өлеңдері екі - ақ рет жинақталып, топталып оқырман қолына тиді. Бірінші рет 1922 жылы Бернияз Күлеев Қазанда бастырып, екінші рет осы кітап толықтырылып Сұлтанбек Қожановтың алған сөзімен 1923 жылы Ташкентте шықты. «Педагогика», «Сауатты бол» (араб, латын әріптерімен бірнеше рет басылған), кітаптары, аудармалары басылды. Қысқасы, М. Жұмабаевтың қаламгерлік сапары бас - аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді, он жылдай өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын - сүргінде, азап - қорлықта өтіп, ақыры 1938 жылы ажал оғы құлатты.

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.

Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығар - маларын жарыққа шығарады.
1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерт - теп оқиды.
1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды.
1936 жылы орыс жазушысы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға.
Біз оның «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі», «Түркістан», т. б. өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі», «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» т. б. поэмаларын білеміз.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. «Сүйемін» өлеңіне шолу. Электронды оқулықтан Мағжанның «Сүйемін» өлеңін тындату
Сүйемін.
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп - сұр көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрме ауыр күрсінер
Менің бір қарт анам бар.
Неге екенін білмеймін -
Сол анамды сүйемін!

Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы.
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай.
Білгені – қазан - ошағы
Жабайы ғана жарым бар.
Неге екенін білмеймін –
Сол жарымды сүйемін.

"Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс — ақ кебін, жаз — сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! —
деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.

Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі — адамды бәрінен жоғары қояды.

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. «Мен Мағжан туралы не білемін?» атты тақырыпқа әңгіме өткізу.
4. Әдебиет теориясының ұғымдарын жазып алу.
Эпитеттер Теңеулер Метафоралар
Күлдей күңгірт шаш
Жалынсыз, усыз құшағы Иірілмейді жыландай сөзі де жоқ құрандай Көз дегенің – сұп - сұр көр
Сағымы сайран құрады.
5. Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Отан - аяулы сүйікті

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Сұрақтарға жауап беру.
1) Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?
2) Ақынның анасына деген сүйіспеншілігін көрсететін өлең жолдарын тауып оқыңдар.
3) Ақын жары қай жолдарда суреттеледі?
4) Алашы жайлы ақын не айтады?
5) Ақын анасы, жары, елінен басқа тағы нені сүйеді?
6) Өлеңде ақынның қандай қасиеті, сезімі, тұлғасы танылады?
7) Ендеше, Мағжан ақын қандай деп ойлайсыңдар?

VІІ. Үй тапсырмасын беру:
1. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптан тыс оқып жаңа мағлұмат айту.
2.»Сүйемін» өлеңін жаттау.
3. «Анадай асыл бар ма екен!» (эссе жазу)
VІІІ. Оқушыларды бағалау.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы
Медвежка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шибучикова Айнагүл Дәулетбайқызы





Мағжан Жұмабаев  «Толқын» өлең
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дамыту, шәкірттерді өзіндік ізденіс, шығармашылық жұмыстарына баулу .
Тәрбиелік: М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу,ақын өмірін үлгі ете отырып, азаматтыққа шақыру, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың лирик ақын екеніне көз жеткізіп, «Толқын» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, құрылысы мен тәрбиелік мәнін талдай білу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ,  шығармашылық – зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, мазмұндау, жаңа технологияның  кейбір әдіс-тәсілдерін  қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: ақын шығармалары, ақын жайлы ұлылардың сөздері, қосымша материалдар,  тірек сызба, слайдтар, электронды оқулық.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, сурет.
Сабақтың эпиграфы: “Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді”
                                                                                      Жүсіпбек Аймауытов 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Оқуға зейін аудару.
Оқу құралдарын реттеу.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе. Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, ақиық ақындарды, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, шешендерді дүниеге әкелді. Мағжан десек артында қалған «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Түркістан», «Көкшетау», «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?» сияқты шығармалары еске оралады.

Сөзжұмбақ.  «Толқын»

«Сүйемін» өлеңі қандай лирикаға жатады?

Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы?

Ақын  білім алған  қала?

М.Жұмабаев кім?

М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?

М.Жұмабаевтың поэмасы?

Өлеңді мәнерлеп оқу. ( үнтаспадан оқу, музыка)
Жалпы сыныпқа бейімдеу.
1.кезең.Білімділік.

 Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Өлеңді  жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

 

2 кезең. Ой қозғау. «Табиғат ана» Электронды оқулық

3 кезеңШығармашылық жұмыс.  Жас  суретші «Толқын»  , Жас жазушы «Мағжан маған жақын», Жас ақын (Мағжанға арналған өлең жолдары)

4 кезең.  Сергіту сәті. «Теңіз толқындары»
Теңізбен толқиық бір,
Теңізбен толқиық екі,
Теңізбен толқиық үш,
Шоршып, шоршып алайық
Су түбіне батайық, сол күйіңде қатайық

 

5 кезеңАқынның жан дауысы. Деректі фильм. «Тыңда, тағдыр»  Қоюшы режиссер : Марат Қоңыров, актер Дарын Болатханұлы.

ІҮ. Сабақты бекіту кезеңі.
Ой жинақтау «Кластер» 
Мағжан кім?
прозашы                                                                            қоғам қайраткері
аудармашы           ұлт ақыны
ақын                                                           шебер аудармашы                                                 Абайдың ізбасары                       лирик                                                                                                                                                            кемеңгер               бес арыстың бірі

 

V.Сабақты қорытындылау.                                                        

 Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Қай оқушының шығармашылық жұмысы ұнады?

Бүгінгі егеменді елдің ұландары қандай болу керек?

 

            Мен не білемін

Мен не білдім

Мен не білгім келеді

 

 

 

VІ. Үйге тапсырма. «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу, “Мағжандай болу арманым” атты шығарма жазу.

VІІ. Бағалау
























Сыныбы: 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Толқын» өлеңі.

Сабақтың мақсаты: Ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту. Білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Сабақтың міндеті: 
1. Өлең мазмұнын жан –жақты талдау.
2. Салыстыру, талдау арқылы қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
3. Өзін –өзі тәрбиелеуге, іс –әрекетіне баға беруге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс –тәсілі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу.
Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақта, А3 форматы, маркер, электронды оқулық. 
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, сурет, музыка.
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
3. Оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
1 –топ: М. Жұмабаевтың өмірбаяны, өмір жолы.
2 –топ: М. Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін жатқа айту.
3-топ: М.Жұмабаевтың Шығармашылығы. Жаңа сабақ. 

1.Теңізге барғандарың бар ма?
2.Теңіздегі толқынды көргендерің бар ма?
Толқын дегеніміз-табиғаттың тылсым күші.
Толқынның бірнеше түрі бар.
Толқын
Толқынан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад.
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен
Жарысып жарға барысад.

Толқынмен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып,
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып, 

Жыландай жүзге бұралып ,
Жарға жетер ентелеп,
Ерке бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Толқынды толқын қуады.
Күміс кәусар суымен,
Суының алтын буымен
Жарының бетін жуады.

Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасын,
Сүйіп сылқ-сылқ күледі.
Жылағаны күлгені
Күлгені оның-өлгені,
Жылай, күле өледі.

Сылдыр-сылдыр сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады .
Жарына бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын, тынады.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1 Толқын көрінісін беруде ақын қандай сөздерге, дыбыстарға сүйенеді?
2. «Мағжан –дыбыстан сурет жасайды» деген пікірді осы өлең арқылы дәлелдей аласыңдар ма?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 
Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқып келу.ау. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін баға





























Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі

Сабақтың мақсаты:  Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын ашу.

Сабақтың міндеттері: 1. Топтық жұмыстарға дағдыландыру;

2. Ақынның өзіндік мұратын таныту;

3. Сыни ойлауға үйрете отырып, өз пікірін айтуға дағдыландыру.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: “Бес жолды өлең”, “Топтастыру стратегиясы”, “Ойтолғау”, “Сатылай кешенді талдау”

Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыстарға бейімделеді;

2. Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға дайындалады;

3. Бұрынғы біліміне  сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.

Ресурстар: Интерактивті тақтадағы слайдтар, ақын өлеңдерінің жинағы, суреттер, ватман, маркер.

 I.Ұйымдастыру кезеңі:

Жүректерге құятыны – ғажап тіл,

Өмір сырын ұқтырады сабақ бұл.

Еркін елдің сенім артар ертеңі – 

Сәлем бердік, ғажап қыздар, азат ұл!...

       Бүгінгі сабағымызда сіздерден зор талап, биік намыс, терең зерделілікті күтемін.Барлығыңызға сәттілік тілеймін!  

Үй тапсырмасын тексеру: 

                                                       Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

                                                        Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім.                                   

                                                                                                     Мағжан 

Ғұмырдария стратегиясы 

1. Туған жері: 

2. Ата – анасы: 

3. Білімі: 

4. Ұстаздары: 

5. Ақындығы: 

6. Мағжан туралы айтылғандар: 

 

Жаңа сабақ:    Ой қозғау "Сакен кім?" 

Сәкенді кім деп айтуға болады екен?

Сәкен –ақын. Сәкен — жазушы. Сәкен –революционер. Сәкен- драматург Сәкен- лирик. Сәкен — қоғам қайраткері, Сәкен- ел қамын ойлаған адам. Сәкен –жазықсыз жаланың құрбаны.

         

  Өзіндік іздену - зерттеу жұмысы.   4-топ «Зерттеушілер» тобының дайындаған  жоба жұмысы қорғалады.

Сәкен – тұғыры биік тұлға” тақырыбында.

                “Сыр сандық”  - Сәкеннің көңіл – күй лирикаларының ішінде адамға адамның достығы мен ар тазалығының нәзік сырларын шерткен қазақ поэзиясының шоқтығы биік шығармасы. 

      Ақын "Сыр сандық" өлеңін досына хат түрінде жазған. Сезім мен сыр, ой мен образ жымдаса қабысып кеткен бұл өлеңнің ішкі ырғағы, әуезі есіле төгіліп, жібек торғындай судырап тұр. Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ождан, достық пен қастық туралы тебірене сыр шерткен ақын мұзбалақ, зеңгір тау, сыр сандық, сым перне, алтын сарай образдары арқылы эстетикалық-этикалық мұраттарын ірікпей толғаған. 

Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.

      Сәкен лириканы тек сезімді жырлаумен шектемей, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн дарытьш, жаңа мұмкіндіктерін ашты. Қазақ лирикасының үздік үлгілерін тудырған ол ізгі де сұлу сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың шабытты жыршысы болды.       

     Сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық»

Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық.

«Сыр» деген не?

«Сандық» деген не?     «Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр?

Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен.

Символ (рәміз) – әдебиетте ойды астарлап суреттейтін ерекше балама бейне. 

Сыр сандық шашуы”

Әр адамның ішкі сыры – 

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың сыр түкпірін

Достың досы – ақ ақтарған 

       Лирикалық кейіпкер – өлеңдегі ішкі сезімін, көңіл – күйін білдіретін ақынның өз бейнесі, жиынтық образы.  Лирикалық өлеңдегі кейіпкер – ақынның өзі. 

Лирикалық кейіпкер – жаны таза адам. 

Досыңмын деп ант береді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос, санама. 

******************** 

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара, жырласын!

      Сыр сандықтың кілтін ашатын, адал жанның сырын ұғатын досты іздейді. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам – дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауып ашып, көңілдің күй пернесін басады. Айтқанынан қайтпас табанды, сырға, серті берік шын достар ғана.   “Қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар ” қарсы қойылған. 

Дос – адалдық, әдептілік, шыншылдық, сенімділік.

Бұл қасиеттерді бойына жинақтаған адам кім? 

(Адамгершілігі мол).

Өлеңнің негізгі идеясы: адал достықты дәріптеу.

Тапсырма   №1

           1 - топ 

Өлеңнің тақырыбы:  

Өлеңнің негізгі идеясы: 

      2 - топ 

Дос,  достыққа байланысты мақал – мәтелдер жазу.

      3  - топ 

Сыр сандық” өлеңіне сатылай кешенді талдау 

      4 – топ

Бес жолды өлең

Тапсырма   №2 

Досқа айтылар сыр” ішкі толғаныстарын монолог ретінде жазу 

Жаңа сабақты бекіту: 

        «Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма. Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.

Сұрақ-жауап стратегиясы

1.    Достық деген не?

2. Жақсы досты қалай табамыз?

3. Нағыз достықты жасауға бола ма?

4. Дос қатесін кешіруге, түзеуге бола ма? 

       Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – опасыз суайттарда, екі жүзді көлгірлерде, «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке- доссымақтарда»». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің адамзат алдындағы борышымыз. 

Үйге  тапсырма :

  Ақынға ашық хат

Ардағы ауылымның – Сәкен аға” ойтолғау жазу 

Бағалау кезеңі:

   Бағалау парақтарын топ басшыларынан  алып бағалау.

С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні тыңдалады
































Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Әнші»
Мақсаты:
1. Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау, «Әнші» өлеңімен таныстыру, шығарманы талдата отырып, түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету
2. Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту.
3. Ілияс шығармасы арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру
Оқытудың формасы: ұжымдық
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау - жинақтау, топтастыру, баяндау, тест
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кітап көрмесі, бағалау парағы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу. Таныстыру. Сәлемдесу. Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.
ІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. «Ой қозғау» стратегиясы. Топтарға алдын - ала берілген тапсырмалар бойынша жұмыс.
1 - топ «Құлагер»
І. Жансүгіров туралы не білесіңдер?
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша 
Ілияс өмірі, қызметі туралы шолу жасайды.
1894ж
1905 - 1911ж. ж 1938ж
1916ж
1920ж
1925ж 1928ж 1934 - 1936ж
1) 1894 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауылында дүниеге келген
2) 1905 - 1911 жылдары алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.
3) 1916 ж. «Әншіге» өлеңін жазады
4) 1920 ж. Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.
5) 1925 ж. Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6) 1928 ж. Елге келіп, «Еңбекші қазақ» ( қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7) 1934 - 1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
8) 1938 жылы Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.

2 - топ «Күйші»
І. Жансүгіровтің балаларға арналған қандай шығармаларын оқыдыңдар, білесіңдер? («Шәркей», «Бұлт» «Сабын», «Жазғытұрым», «Анам тілі», «Жас бұлбұлдарға» т. б.)
Кітап көрмесі арқылы І. Жансүгіровтің басқа да шығармаларына шолу жасайды.
2. «Топтастыру» стратегиясы
Ілияс кім?

ІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Әнші» өлеңі (жаңа сабақ)
3.«Түсіну» стратегиясы
А) Екі топ мәтінді өз бетімен оқиды.
- Өлең кім туралы? (оқушылардың жауаптары)
Б) Мұғалім оқушылардың айтқанын қорытындылап, Әсет Найманбаев туралы білімдерін толықтырады.

Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші - композиторы, суырып салма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысында қарайтын 8 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Қоңырат ауданы «Қызыларай» ауылы) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің Атамекені болған.

В) Әсет Найманбаев туралы не білдік? Ол кім?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
1) Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқыту.
2) Сөздік жұмысы
Желқабыз сын. - 1. Әуесқой
2. Жеңілтек мінезді, ұшқалақ
Делебе: делебесін қоздырып етістік - желіктіріп, қызықтырып
4. «Талдау» стратегиясы. Шығарманы композициялық құрылысын сызба бойынша сатылай талдау
Шығарманың тақырыбы
Шығарманың авторы
Жанр түрі
Кейіпкерлері
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның шиеленісуі
Шығарманың шарықтау шегі
Шығарманың аяқталуы
Шығарманың идеясы
Шешімі
5.«Еркін жауап» стратегиясы
1. Өлеңді талдау:
- Өлең кімнің атынан жырланады?
- Ән мен оның мәтіні қандай бірлікте болу керектігі туралы айтылады?
- Әсет салған әннің нақыш өрнектері қалай сипатталады?
- Өлеңде қандай қазақ жерінің атаулары беріледі және еліктен?
- Қандай көрші мемлекеттер туралы айтады?
- Әншіге, ақынның өзіне қояр талабы қандай?
- Өлеңді ой жүйесіне қарай неше бөлікке бөлуге болады?
- Әр бөлікке қандай ат қояр едіңдер?
2. Өлең құрылысына талдау жасау.
• Ар - ғын - мын, а - тым Ә - сет, а - рын - да - ған, - 11 - а
• А - рын - дап ән са - ла ма да - ры - ма - ған, - 11 - а
• Ас - пан - ның а - я - сында ән шал - қыт - қан,
• Бұл - бұл - мын дау - сы көк - те да - мыл - даған - 11 - а
Өлең 11 бунақты, шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.

3. Мәтінді талдау:
Мәтін Өз пікірім
Тауықпын, тары тердім Найман шалдан
Найман елі айы туған маңдайшадан
Ойда – орыс, өрде қытай қоныстасым,
Ауылым бар Ауғанға да теуіп барған.
Ән салсаң, өзімдей сал, аңыратып...
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп...

2) Өлеңде қолданылған бейнелі сөздерді табыңдар
Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қоңыр қаздай мамырлатып,
Сулы інгендей күңірентіп,
Нөсердей жауындатып,
Қазандай дауылдатып,
Қамыстай сауылдатып
Теңеу сөздер арқылы әнші өзінің халқының еркесіне айналғанын мақтанышпен сездіреді
Эпитет (айқындау)– заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын белгісін білдіретін сөздер ( ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер, сар дала т. б.)
Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін, оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау
Бұлбұлмын
Тұлпармын
Жорғамын Майдамын Тауықпын
құм - қыстау, өлке - көктеу, өзен - күзеу, жайлауым – жалпақ дала, сөз - жаңбыр, даусым - дауыл, әнім – ескек

ІҮ. Бекіту
1. Қазақтың қандай халық композиторларын білесіңдер?
Өз халқының еркесіне, мақтанышына айналған Әсет дәуірінде өмір сүрген әнші ақындарды топтастыру.

Ақан сері
Үкілі Ыбырай Біржан сал
Жаяу Мұса Әміре Қашаубаев

Альтернативті тест
• 1. І. Жансүгіров біздің жерлесіміз бе?
А) иә Ә) жоқ
• 2. Ол балаларға арнап шығармалар жазған ба?
А) иә Ә) жоқ
• 3. “Әнші” өлеңі сіздерге ұнады ма?
А) иә Ә) жоқ
• 4. Әсет - халық композиторы ма?
А) иә Ә) жоқ
• 5. Ілиястың шығармаларын оқимыз ба?
А) иә Ә) жоқ
• 6. Өзіміз де өлең шығара аламыз ба?
А) иә Ә) жоқ
• 7. Өнер, өнерлі адам жайлы бір шумақ өлең жазу
Ү. Ой қорыту. Insert стратегиясы бойынша жұмыс.
Білемін Не білдім? Білгім келеді
Бағалау парағы арқылы оқушылардың өзін – өзі бағалауы.
ҮІ. Үйге тапсырма
“Әнші” өлеңін оқу, талдау, ұнаған шумағын жаттау. «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Сабақтың тақырыбы: Ілиястың «Ағынды менің Ақсуым» өлеңі (7-сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға өленді мәнерлеп оқу, өздеріне оқыту, мазмұның түсіңдіру,
 білім дәрежесін арттыру; 
ә) Өлең қүрлысына талдатып, әдебиет теориясы бойынша жүргізіп, ой-өрісін, қызығушылығын ояту,тіл байлығын дамытыу;
 
б) Туған жерің сүюге, табиғатты аялауға, эстетикалық талғам мен сезімге
 баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: талдау,ой дамыту, шығармашылық.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Күтілетің нәтиже, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Ілияс Жансүгіров өмір жолынан түсінгенің айту.

2) «Әнші» өлеңі жаттау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тірек сөздер слайд арқылы көрсетіледі.Өзен.Ай.Қайың.Сұлу (тірек

сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрастыру)

2) Жаңа тақырып тақтаға жазылады.

3) Ақсу туралы слайдтар көрсетіледі.

(Ақсу өзеңі, шатқалы, Ақсу-Жабығылы қорығы жайлы түсіндіру мағлұмат беру)

4) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

ІV Сыныппен жұмыс.

«Туған жер» тақырыбына мақал-мәтелдер айтып, мәнін ашу.

V Бекіту / Интерактивті тақтада орындайды /

VI Үйге тапсырма

«Туған жер», «Табиғат» тақырыптарына эссе жазу.

VII Бағалау


























І. Жансүгіров "Бөлек бөлеу"

Жарияланды 22-01-2013, 00:48 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

[b]Қызылорда облысы,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебі,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ниязымбетов Ғани Қарабатырұлы

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Бөлек бөлеу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға І. Жансүгіровтың ана мен бала тақырыбына арналған шығармасын оқушыларға таныту, ақын дара тұлғасы туралы білетіндерін жаңғырту, өлең құрылысы мен ұйқасына назар аударту, талдау.
Тәрбиелік: ақын өлеңін оқи отырып, шәкірттерді ауыз әдебиетті сүюге, ананы аялай білуге баулу, адамгершілікке, еңбекке баулу.
Дамытушылық: ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, түсініп және мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап ойыны
Сабақтың түрі: ауызша журнал

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақын «Әнші» өлеңінде әншіні бейнелеу үшін оны қандай нәрселерге ұқсатып теңейді?
1. Бұл баламалардың әншіге тән қандай қасиеттер байқауға болады?
2. Арғын Әсет деген кім? Оның ақындық - әншілік өнері туралы не білесің?
3. Өлеңнен ән айту мен нақышын ақынымыз қандай теңеу сөздермен зерделегенін тауып оқы.

ІІІ. Жаңа сабақ
І. Жансүгіров. «Бөбек бөлеу
Сабақтың тақырыбы көрнекі етіп жазылып, тақтаға ілінеді.
1 - бет: Даналық дариясында еркін жүзген
І. Жансүгіровтің өмірі, балалық шағы.
2 - бет: Әдебиет теориясы. Кітаппен жұмыс оқушылар өлеңінен бейнелі сөздерді тауып, дәптерге жазады.
Мысалы: Жазушы бесікті неге теңейді, неге ұқсатады? Өлеңнің құрылысы өлең 6 тармақтан тұрады. Тармақ саны әр түрлі, ұйқас түрі – ерікті
3 - бет: Халық қазынасы
Оқушылардан ән - жырлар сұралады.
4 - бет: Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар салған суретін әңгімелейді. Жазған шығармасын оқиды.
5 - бет: «Ойнайық та ойлайық», «Балық аулау» түрлі балықтар артынан сұрақтар жазылады.
1. І. Жансүгіровтың қандай өлеңдерін білесің? Жатқа оқы.
2. Әлдиді тек қана аналар айтады ма?
3. «Атаның әлдиі» қандай ақынның өлеңі, кімге арналып жазылған? Сен оны жатқа білесің бе?
6 - бет: Журнал сауалнамасы. Тест сұрақтары таратылып, жауап алынады.
7 - бет: «Жақсы кітап – жан азығы» І. Жансүгіров шығармаларымен қысқаша таныстырамын.
8 - бет: Анаграмма шешу.

Үйге тапсырма: І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу» жаттау

Кері қайту

Материал рейтингісі:

0

барлық дауыс бергендер: 0










































Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі

Жарияланды 12-01-2014, 20:54 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Әдебиет 7сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, талдау жасату арқылы алған білімдерін тексеру, танымдық қызығушылығын ояту.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, сөз саптауын, қабылдауын дамыту..
3. Тәрбиелік. Табиғатты аялай білуге, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, СТО әдісі, проблемалық ізденіс, талдау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: кесте, слайд
Пәнаралық байланыс: география, биология, музыка

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Есіл бойында» әңгімесін мазмұндау
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Сөздер сөйлейді» ойыны
1. «Ақырын жүріп, анық бас»- Повесть дегеніміз не?
2. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»- Есіл бойында әңгімесінің тақырыбы?
3. «Сөйлеші тілім жосылып»- М. Мақатаевтың өлеңін жатқа айт.
4. «Жүрегімнің түбіне терең бойла»- Мырзатай қандай әннің тарихын баяндайды?
5. «Талаптыға нұр жауар»- С. Мұқанов шығаршылығын қандай салаларға бөлеміз?
4. Сабақтың мақсатын қою.
5. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

Аңшылық тәсілдері: қақпан құру, інді қазып алу, құс салу, итпен алу

Сөздік жұмысы.
Саятшы - құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру - ақысыз олжа үлестіру.
Қаршыға - өте алғыр құс
Шілік - өсімдік.
Ителгі - жыртқыш құс

Топтық жұмыс.
1 - топ
1 - тапсырма
Әңгімеге жоспар құру
1. Жаңа қоныс.
2. Саятшы Ораз.
3. Ораздың мергендігі.
4. Ораздың құс баптау шеберлігі.
5. Оразға үйір болған балалар.
6. Ораздың адамгершілігі.
7. Аңшылық туралы әңгімелер.

2 - топ.
Композициялық құрылысына талдау
Басталуы - Мұқан үйінің Сүлейменнің ауылына көшіп келуі.
Дамуы. Ораз үйімен қатар қоныс те буі.
Шиеленісуі.- Мұқанның сырқаттануы.
Шарықтау шегі - Арқа сүйеген Сүлейменнің сараңдық танытуы
Шешімі - Ораздың адамгершілік танытуы

2 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады.

3 - тапсырма.
Сәйкестендір.
Сүлеймен – Сәбиттің...,....,... адам. (Сәбиттің ағасы, жездесі, кедей, бай, орта дәулетті қолы ашық, сараң).

4 - тапсырма.
Оразға образдық талдау жасау.
Концептуалды кесте
Кейіпкер: Ораз
Өмірге қызығушылығы: өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді, елге көмектесті, әрдайым жайдары жүрді.
Адамгершілік қасиеті: Мол олжасын елге сауғаға берді, мейірімді, қайырымы мол адам.
Кейіпкерге берілетін баға: өте жақсы

6. Білімді бекіту.
1. Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
2. Әңгіме не жайында айтылады?
3. Ораздың баптайтын құстары?
4. Аңшылыққа қатысты қандай ырым - тыйымдарды білеміз?
7. Үй тапсырмасы.
Әңгімені мазмұндау.
7. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Саятшы Ораз»

Сабақтың мақсаты: С.Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты меңгерту, ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу. Табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті, адамгершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету.

Көрнекілік: жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс: география, музыка

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Поэзия минуты

Сыныпты екі топқа бөлу

Үй жұмысын сұрау.

Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

А) Сіз білесіз бе?

Ә) 1. «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

2. әңгіменің кейіпкерлері кім?

3. «Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?

Б) Есіл өзенінің географиялық орны

В) Үзіндіні жатқа сұрау.

«Есіл ағады» әнін тыңдату.

Қызығушылықты ояту.

Балалар, саятшылық деген не?

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран, бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.

Мағынаны таны

С. Мұқанов «Саятшы Ораз»

1. Жазушының есінде қалған жалғыз саятшы-Ораз.

2. Ораздың Мұқанның үй ішіне көмек көрсетуі.

3. Ораздың аңшылығы, адамгершілігі.

Топқа бөлу:

Баяндаушы – мазмұнын айту, жоспар құру.

Зерттеуші – қазіргі өмірмен байланыс.

Сұрақ қоюшы – сұрақтар дайындайды.

Суреттеуші – көркемдегіш құралдарды табу.

Суретші – үзіндіден сурет салады.

Сөздік жұмысы.

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .
Поселке – шағын ауыл.
Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.
Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.
Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді.                                                          

Тұйғын – қанаты қысқа, құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.

Кейіпкерлерге мінездеме

Сүлеймен –

Ораз –

Салыстыру

Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Сәбит Абай


Саятшылық өнер ме, кәсіп пе? (шағын пікірталас)

Ой толғаныс.

А) Бес жолды өлең

Зат есім (кім?) – саятшы
Сын есім (қандай?) – әзілқой, жайдары
Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – құс салды, аң аулады, сауға
       берді
Синоним – құсбегі
Сөйлем құра – Саятшы Ораз есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз
  қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.

Ә) Тест (бекіту)

I. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?
a) Он жеті
b) Он сегіз
c) Он тоғыз
ІІ.  “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?
a) Мұратбек
b) Мырзатай
c) Бекберді
ІІІ.“Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер  немен шұғылданады?
a) Балық аулаумен
b) Тері илеумен
c) Құсбегілікпен
ІҮ. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде  айналысады?
a) Жазы-қысы
b) Тек  жазда
c) Тек  қыста
Ү. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?
a) Сатып пайда қылады
b) Сауғаға береді
c) Тұрмысқа пайдаланады.
ҮІ.  Сәбит Мұқановтың  көлемді еңбегін белгіле.
a) “Өмір мектебі”
b) “Көксерек”
c) “Саятшы Ораз”

Тесттің дұрыс жауаптары:
І – с
ІІ – в
ІІІ – с
ІҮ – а
Ү – в
ҮІ — а

Үйге тапсырма: «Саятшы Ораз» әңгімесінен үзінді жаттау. «Саятшылық өнер» ой толғау.

Қорытындылау.

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.

ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге шақыру, ынтымақ пен бірлікті, адамгершілік қасиеттерді бағалай білуге үйрету.

б) ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, кубизм әдісі, тест, салыстыру,өзін-өзі бағалау.

Пәнаралық байланыс: география, музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жазушының портреті, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.

2. «Менің тілегім...» /оқушылар тілегі/

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Ø Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

Ø «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

Ø Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

Ø «Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?

ІІІ. Кубизм әдісі.

Суреттеңіз: Есіл өлкесінің көрінісін жазушы тілімен берілген пейзаж арқылы суретте.

Салыстырыңыз: «Есіл бойында» әңгімесін Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен салыстыр.

Қолданыңыз: «Есіл тасып барады» әнінің тарихынан әңгіме құрастырып айт.

Дәлелдеңіз: Мырзатай орындаған әндердің әсерін әңгімеге сүйене отырып әңгімеле.

Қарсы шығыңыз: Әңгіме кейіпкерлерінің «Халық әндерінің сөздері әр пікірден құралған қойыртпақ» деген пікіріне мен...

Зерттеңіз: «Есіл» өзенінің географиялық орнын зерттеңіз.

Қазақ сахнасының саңлақтарына айналған «Музарт» триосының «Есіл ағады» әнін тыңдайық.

ІҮ. Жаңа сабақ

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»  («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)

Жаңа сабақтың жоспары:

Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.

Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі

Ораздың аңшылығы адамгершілігі

Шығармадағы көркемдегіш құралдар.

Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді

 Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.

Мәтінмен жұмыс

Қане, балалар, енді мәтіннен көркемдегіш құралдарды табайық.

1)  Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...

2)    Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның  арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш  өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.

3)    Кейіпкерлерге мінездеме

Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.

Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.

Балалар, саятшылық деген не?

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.

Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім жатқа айтып береді.

 Концептуалдық кесте 

Кейіпкер

Өмірге деген

қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге  берілетін баға

 

 

 

 

Ой толғаныс

Бес жолды өлең

Зат есім (кім?) – саятшы

Сын есім (қандай?) – әзілқой, жайдары

Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – құс салды, аң аулады, сауға берді

Синоним – құсбегі

Сөйлем құра – Саятшы Ораз есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.

Ойтолғау

V. Тест (сабақты бекіту)

Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

a)     Он жеті

b)    Он сегіз

c)     Он тоғыз

ІІ.  “Есіл бойында” әңгімесіндегі әнші жігіттің аты кім?

a)     Мұратбек

b)    Мырзатай

c)     Бекберді

ІІІ.“Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер  немен шұғылданады?

a)     Балық аулаумен

b)    Тері илеумен

c)     Құсбегілікпен

ІҮ. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде  айналысады?

a)     Жазы-қысы

b)    Тек  жазда

c)     Тек  қыста

Ү. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады?

a)     Сатып пайда қылады

b)    Сауғаға береді

c)     Тұрмысқа пайдаланады.

ҮІ.  Сәбит Мұқановтың  көлемді еңбегін белгіле.

a)     “Өмір мектебі”

b)    “Көксерек”

c)     “Саятшы Ораз”

Тесттің дұрыс жауаптары:

І – с

 ІІ – в

ІІІ – с

ІҮ – а

Ү – в

ü ҮІ - а

Бағалау реті

«5»

«4»

«3»

5-6 жауап дұрыс болса

4 жауап дұрыс болса

3 жауап дұрыс болса

 

VI. Үйге тапсырма

«Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, аңшылық туралы шығарма жазу.

VII. Бағалау

«Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша қорытынды баға қойылады.

















































Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі

Жарияланды 12-01-2014, 20:54 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Әдебиет 7сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, талдау жасату арқылы алған білімдерін тексеру, танымдық қызығушылығын ояту.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, сөз саптауын, қабылдауын дамыту..
3. Тәрбиелік. Табиғатты аялай білуге, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, СТО әдісі, проблемалық ізденіс, талдау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: кесте, слайд
Пәнаралық байланыс: география, биология, музыка

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Есіл бойында» әңгімесін мазмұндау
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Сөздер сөйлейді» ойыны
1. «Ақырын жүріп, анық бас»- Повесть дегеніміз не?
2. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»- Есіл бойында әңгімесінің тақырыбы?
3. «Сөйлеші тілім жосылып»- М. Мақатаевтың өлеңін жатқа айт.
4. «Жүрегімнің түбіне терең бойла»- Мырзатай қандай әннің тарихын баяндайды?
5. «Талаптыға нұр жауар»- С. Мұқанов шығаршылығын қандай салаларға бөлеміз?
4. Сабақтың мақсатын қою.
5. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

Аңшылық тәсілдері: қақпан құру, інді қазып алу, құс салу, итпен алу

Сөздік жұмысы.
Саятшы - құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру - ақысыз олжа үлестіру.
Қаршыға - өте алғыр құс
Шілік - өсімдік.
Ителгі - жыртқыш құс

Топтық жұмыс.
1 - топ
1 - тапсырма
Әңгімеге жоспар құру
1. Жаңа қоныс.
2. Саятшы Ораз.
3. Ораздың мергендігі.
4. Ораздың құс баптау шеберлігі.
5. Оразға үйір болған балалар.
6. Ораздың адамгершілігі.
7. Аңшылық туралы әңгімелер.

2 - топ.
Композициялық құрылысына талдау
Басталуы - Мұқан үйінің Сүлейменнің ауылына көшіп келуі.
Дамуы. Ораз үйімен қатар қоныс те буі.
Шиеленісуі.- Мұқанның сырқаттануы.
Шарықтау шегі - Арқа сүйеген Сүлейменнің сараңдық танытуы
Шешімі - Ораздың адамгершілік танытуы

2 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады.

3 - тапсырма.
Сәйкестендір.
Сүлеймен – Сәбиттің...,....,... адам. (Сәбиттің ағасы, жездесі, кедей, бай, орта дәулетті қолы ашық, сараң).

4 - тапсырма.
Оразға образдық талдау жасау.
Концептуалды кесте
Кейіпкер: Ораз
Өмірге қызығушылығы: өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді, елге көмектесті, әрдайым жайдары жүрді.
Адамгершілік қасиеті: Мол олжасын елге сауғаға берді, мейірімді, қайырымы мол адам.
Кейіпкерге берілетін баға: өте жақсы

6. Білімді бекіту.
1. Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
2. Әңгіме не жайында айтылады?
3. Ораздың баптайтын құстары?
4. Аңшылыққа қатысты қандай ырым - тыйымдарды білеміз?
7. Үй тапсырмасы.
Әңгімені мазмұндау.
7. Бағалау.

Зат есім

Жарияланды 5-01-2014, 04:27 Категориясы: Бастауыш сынып 

Мақсаты:
Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 - сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, талдау, жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат,
интерактивті тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып ұраны:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
7 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.
1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу
Сөз таптары туралы оқушылардан сұрау.
Әр сөз табының ережесіне тоқталу, 2 - ші сыныптағы өтілген материалдарды еске түсіру.

2. Ойлан, тап:
3. Ойымызды жинақтайық:
Сөздер ------- Дұрыс жауабы --------- Сөз таптары
көйлек ------------------- Сын есім
оқыды ------------------ Зат есім
бесінші ------------------ Етістік
суық ------------------ Зат есім
қар ----------------- Сан есім

ІІІ. Жаңа сабақ. Зат есім
1 - жаттығу
Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
* Бұл не? Сөйлемде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?
* Не? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата.
*Кім? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?

Оқушылар 2 - ші сыныпта өткен «Зат есім» туралы ережені еске түсіреді.
Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: аспан, ұстаз, көйлектер, оқушылар.

ІҮ. Сергіту сәті
4. «Кім шапшаң?» ойыны.
2 - жаттығу. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айту.
- Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп көру.
Кім? ----------- Не? --------------- Кімдер? ------------- Нелер?
бала ----------- қарбыз ---------- балалар ------------- жемістер
қыз ------------- кесе ------------- оқушылар ----------- ыдыстар

5. Тақтамен жұмыс.
3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов)
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.

6. Өз бетіндік жұмыс.
4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік:...,...
Аңдар:...,...
Құстар:...,...
Отбасы мүшелері:...,...

7. Кім зерек?
5 - жаттығу. Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болатынын айт.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...
*Сөздерге сұрақ қой.

Ү. Сабақты бекіту.
ЗАТ ЕСІМ

Кім? кімдер? Не? Нелер?
Заттың атын білдіреді
Жалпы, жалқы
Негізгі, туынды

ҮІ. Үйге тапсырма: 6 - жаттығу, ереже жаттау.
ҮІІ. Бағалау.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі

Жарияланды 12-01-2014, 20:54 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Әдебиет 7сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, талдау жасату арқылы алған білімдерін тексеру, танымдық қызығушылығын ояту.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, сөз саптауын, қабылдауын дамыту..
3. Тәрбиелік. Табиғатты аялай білуге, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, СТО әдісі, проблемалық ізденіс, талдау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: кесте, слайд
Пәнаралық байланыс: география, биология, музыка

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Есіл бойында» әңгімесін мазмұндау
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
«Сөздер сөйлейді» ойыны
1. «Ақырын жүріп, анық бас»- Повесть дегеніміз не?
2. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»- Есіл бойында әңгімесінің тақырыбы?
3. «Сөйлеші тілім жосылып»- М. Мақатаевтың өлеңін жатқа айт.
4. «Жүрегімнің түбіне терең бойла»- Мырзатай қандай әннің тарихын баяндайды?
5. «Талаптыға нұр жауар»- С. Мұқанов шығаршылығын қандай салаларға бөлеміз?
4. Сабақтың мақсатын қою.
5. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

Аңшылық тәсілдері: қақпан құру, інді қазып алу, құс салу, итпен алу

Сөздік жұмысы.
Саятшы - құсбегі, құс баптаушы.
Сауға беру - ақысыз олжа үлестіру.
Қаршыға - өте алғыр құс
Шілік - өсімдік.
Ителгі - жыртқыш құс

Топтық жұмыс.
1 - топ
1 - тапсырма
Әңгімеге жоспар құру
1. Жаңа қоныс.
2. Саятшы Ораз.
3. Ораздың мергендігі.
4. Ораздың құс баптау шеберлігі.
5. Оразға үйір болған балалар.
6. Ораздың адамгершілігі.
7. Аңшылық туралы әңгімелер.

2 - топ.
Композициялық құрылысына талдау
Басталуы - Мұқан үйінің Сүлейменнің ауылына көшіп келуі.
Дамуы. Ораз үйімен қатар қоныс те буі.
Шиеленісуі.- Мұқанның сырқаттануы.
Шарықтау шегі - Арқа сүйеген Сүлейменнің сараңдық танытуы
Шешімі - Ораздың адамгершілік танытуы

2 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады.

3 - тапсырма.
Сәйкестендір.
Сүлеймен – Сәбиттің...,....,... адам. (Сәбиттің ағасы, жездесі, кедей, бай, орта дәулетті қолы ашық, сараң).

4 - тапсырма.
Оразға образдық талдау жасау.
Концептуалды кесте
Кейіпкер: Ораз
Өмірге қызығушылығы: өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді, елге көмектесті, әрдайым жайдары жүрді.
Адамгершілік қасиеті: Мол олжасын елге сауғаға берді, мейірімді, қайырымы мол адам.
Кейіпкерге берілетін баға: өте жақсы

6. Білімді бекіту.
1. Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
2. Әңгіме не жайында айтылады?
3. Ораздың баптайтын құстары?
4. Аңшылыққа қатысты қандай ырым - тыйымдарды білеміз?
7. Үй тапсырмасы.
Әңгімені мазмұндау.
7. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: С. Дөнентаевтың «Заман кімдікі», «Бозторғай» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) С. Дөнентаев туралы мәлімет беру. Өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау, өлеңнің мазмұнын, тақырыбын, идеясын ұғындыру;
ә) Өз ой-пікірлерін айта білуге, шығармашылық жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу;

б) Ізденіп оқуға ынталандыру. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:, интерактив тақта, слайдтар: «Сәбит- қазақ ақыны», «С.Дөнентаев туындылары», «С.Дөнентаевтың өмірдеректерінен фото-суреттер»

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, талдау, топтау, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. 
Пәнаралық байланыс. тарих, география.Сабақ барысы:
І.
 Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – топ М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
2 — топ. «Казақ тілі» өлеңі
3 — топ. «Мен кім?» өлеңі

Шығармашылық жұмыс: «Ана тілім – айбыным» «Мен кіммін?» эссе (көркемсөз) жазу

«Еркін жауап» стратегиясы: ( Үй тапсырмасын қорытындылау)Ана тіліне деген сүйіспеншілігіңді сурет не сөйлем арқылы түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

І.«Қызығушылықты ояту» кезеңі

1-слайд. Сабақтың эпиграфы: « Сәбит –мысал жанырыныңшебер ақыны. «Бозторғай»- патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған өлең». Бейсенбай Кенжебаев

«Түсіну» стратегиясы.С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы

«Топтастыру» стратегиясы. Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау

1-4-слайд «Сәбит – сан қырлы талант иесі».

clip_image001.png»сыншы журналист

clip_image002.png»clip_image003.png»ағартушы-демократ ақын

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

«</SPAN></FONT></FONT></FONT><FONT COLOR=Овал:" с.="" дөнентаев="" (1894-1933)»="" v:shapes="_x0000_s1026">

clip_image005.png»clip_image006.png»публицистқоғам қайраткері

clip_image007.png»жазушыclip_image008.png»clip_image009.png»

сатирик ақын

аудармашы

ІІ: Топпен жұмыс: 1 — топқа: «Мағынаны тану» стратегиясыЗаман кімдікіӘділет туралы ойланып-толғанатын ақын өлеңдерінің ерекшелігі қандай? Риторикалық сұрақ дегеніміз не?Сұрақ-жауап 1.Заман кімдікі? 2. «Ой қозғау» және«Еркін жазу» стратегиясы. Ал бүгін ше? Қазіргі заман кімдікі? «Менің өлең туралы пікірім» 5-слайд

Сәбит заманы

Бүгінгі заман бейнесі

Мұғ. сөзі: «Заман сені билемесін, сен заманды биле» деп Абай айтқандай, жаңа заманауи дамудың көшінен қалып қалмайық..

2 — топқа: «Суреттеу» және «Сипаттау» стратегиясы «Бозторғай» мысал өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Өлеңдегі кейіпкер бейнесін сипатта… Мысал өлең дегеніміз не? Қандай мысалшы ақынды білесің? А.Байтұрсыновтың қай мысалына ұқсас? Қандай мақал есіңе түседі?

6-слайд. (Кестені толтыру)

Мысал өлеңдегі кейіпкер-лер

бозторғай

қырғи

бөдене

қаршыға

лашын

қаз

шүре-гей

бүркіт

Өлеңнен тауып, сипаттап жаз

сорлы, кедей кемтар құс (халі нашар)

төре, опа бермес кәпір, құстар-дың жауы

өз басын қорғай алмай жүрген сорлы

жыртқыш құс, шүре-гейдің қас жауы

хан, қаз-дың қас жауы

момын кедей

жалқау кедей

құс патша-сы

«С. Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды». Құлбек Ергөбеков 
3 — топқа: 2.«Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау). Екеуі де а, а, б, а-қара өлең ұйқасы, 11 буынды, 3 бунақ, 4 тармақ, 6 шу-мақты өлең. Эпитетті тауып жаз.

Проблемалық сүрақ:

Бозторғай бүркітті тапты ма? Оқушы өз ойын айтады. Бүгінгі заманмен байланыстырып қорытындылайды.

ІІ. Қорытындылау: Сәбит — қазақ ақыны, мазмұнды, қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақыны, мысалшы, Абай ман Сұлтанмахмуттан кейінгі сатирик ақын. Олөмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.
ІV.Бағалау V. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін жаттау, «Бозторғай» мәнерлеп оқу, сахналық қойылымға даярлану, өмірі мен шығармашылығы. (реферат жазу)

Қазақ өлеңінің бозторғайы - Сәбит

Жарияланды 3-02-2014, 04:57 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ өлеңінің бозторғайы - Сәбит». Сәбит Дөнентаев. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері
6 - сынып

Сабақтың мақсаты білімділік: Сәбит өмірінің кейбір тұстарымен таныстыру. Ақын шығармашылығына тән ерекшелікті айқындай отырып, мысал жанрындағы өлеңдерінің сюжетімен таныстыру;
дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлі оқуға, жүйелі баяндауға, тұжырымдама жасауға дағдыландыру;
тәрбиелік: қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сәбит «Ақындық жолы», топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту. Слайдтар, сахналық қойылым.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу;
II. Жаңа материалды түсіндіру.
1. «Қазақ өлеңінің бозторғайы» атанған Сәбиттің өмірі және шығармашылығына қысқаша тоқталамын.
2. Сәбит қайғысы - халық қайғысы, халық басына түскен ауыртпалық. Себебін ақын қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздіктен, таптық қатынастан іздейді. Заман ағымын аңғарған ақын қоғам игілігі: жер - су, орман қожалығы, ел билігі күштілердің қолында, тектінің аузында екенін ашық айтады. Мысалы: «Заман кімдікі?» өлеңін оқып көрейік.
3. Оқушылардың өлеңнен алған әсерін сараптай отырып, ойларын жинақтап, тақтада топтастыру.
Топтастыру стратегиясы
Заман

күштінікі, қарабасқырдікі, азулынікі, тақсырдікі, тырнақтынікі, тістінікі

қара бас, жан → патшаныкі
даулы мал → шешендікі
абырой, кісілік → ақшанікі
билік, жиған мал, сөйлер сөз → зордікі

Оқушылардың өлең мазмұнынан ұққандарын талдай келе, салыстыру жұмысын жүргізу.
4. Венн диаграммасын толтыру. Өткен және бүгінгі заманды салыстыру.

Туған халқының жанашыры Сәбиттің елінің қорғансыз, мүшкіл халін танытқан мысал өлеңдері де баршылық. Соның бірі – «Бозторғай» өлеңі.

5. «Бозторғай» өлеңі - Жер - суынан айрылған қазақтардың патша өкіметіне қарсы күресіне арналған. Ақын патшаның билеу тәртібін сатылап сынайды.
- Бозторғай қандай құс?- деген сұрақ қоя отырып, өздері білетіндерін айтқызамын.
Қызығушылығын ояту.
Топтастыру
Бозторғай → кіп – кішкентай, шыр - шыр етеді, ерте оянады, моп – момын
Мағынаны тану.

6. Өлеңді мәнерлеп оқыту. Ой тастау. Өлең шумақтарындағы құстар арқылы ақын кімдерді көрсетпек болған? Жан - жануарлардың бейнесі арқылы өмірдегі адамдардың іс - әрекетін бейнелеу қалай аталушы еді? (аллегория)
Ендеше, әр алуан құстар әрекеті арқылы кімдердің бейнесін сомдаған екен, жинақтай қояйық. Оқушылар мәтіннен теріп, дәптерлеріне топтастырып жазады.
♦ Кедей шаруа

Бозторғай, бөдене, үйрек, қаз
♦ Ұлық болыс

Тұрымтай, қырғи, лашын, қаршыға

7. Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды. Мәтінге жоспар құрады.
8. Өлең құрылысына талдау
Тапқанын// бүркітті іздеп, // таппағанын, ---- а
Шаққанын// ішкі мұңын, // шақпағанын - ---- а
Білмеймін// әлі күнге //естігем жоқ, ----------- б
Жатқанын //жаны тыныш, // жатпағанын. ---- а
11 - 12 буынды, 3 бунақты қараөлең ұйқасымен жазылған.
Шығармашылық жұмыс. 1. Мысал желісімен сахналық көрініс қояды.
( тапсырма күнілгері берілген)
2. Бозторғай пана таба алды ма екен? Өлеңді жалғастырып, өз ойларыңды жазыңдар.
ІІІ. Сабақты бекіту.
А) Сонымен, балалар, бозторғай қандай бейне?
Бозторғай - халық сенген өкіл. Ол халық мұңын шағатын әділ әкімді іздейді, жер - жиһанды кезеді, алайда барған жерінен қорлықтан басқаны таба алмайды.
Ә) Сәбит кімдердің мұңын жырлады, жоғын жоқтады?
Үйге: Сәбит өлеңдерін мәнерлеп оқу. «Бақытты балдәурен балалық» атты ой - толғау жазып келу.

Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы

Жарияланды 27-02-2014, 17:14 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд - презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу»поэмасын оқып келу
1. Тақырып дегеніміз не?
- Шығарма белгілі бір тақырыпты қозғайды, белгілі бір өмір шындығын өзіне арқау етеді. Тақырыпсыз шығарма болмайды.
2. Иса Байзақов поэманың тақырыбын неліктен «Құралай сұлу» деп атаған?
3. Егер жазушы болып осы поэманы жазсаңдар өздерің қалай атар едіңдер?
4. Идея дегеніміз не?
- Жазушы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді.
5. «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы неде?
6. Сюжет дегеніміз не?
- Көркем шығарманың сюжеті оқиғалар жүйесінен құрылады. Оқиғалар бір - бірімен байланысып, желісі үзілмей, үнемі өрбіп отырады.
7. Композиция дегеніміз не?
- Шығармадағы оқиғалардың байланысуы.

ІІІ. Мағынаны тану.
Композициялық жоспар
- Ендеше сабағымызды «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құрумен жалғастырайық.(Оқулықта поэма берілмегендіктен көшірмелері алдарына таратылады)
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі
Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы.

ІҮ. Салыстыру
- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайды
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Кейіпкерлері
Ана
15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.
Батыр
Жалпақ батыр
Батыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.
Жанр түрі: Әңгіме
Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.
Идеясы
Жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббат айқын көрініс тапқан.

ІІ топ орындайды
И. Байзақов «Құралай сұлу»
Кейіпкерлері
Ана
Құралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.
Батыр
Келден батыр
Батыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.
Жанр түрі: Поэма
Қазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.
Идеясы
«Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.

Ү. Бес жолды өлең әдісі
І топ: Ана
1. Зат есім Ана
2. Сын есім Мейрімді, қамқор
3. Етістік Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды
4. Сөйлем Ана өміріме сән берген.
5. Синоним Ана – шеше
ІІ топ: Батыр
1. Батыр
2. Ержүрек, батыл
3. Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды
4. Батыр ел үшін туады
5. Батыр – қаһарман

ҮІ. Білімді бекіту
І топ: Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
• Ақын
• Жазушы
• Актер
• Әнші, жыршы
• 40 - тан астам әнге сөз жазған
• Суырып салма ақындығымен
ІІ топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?
«Құралай сұлу» 1925ж
«Қойшының ертегісі» 1926ж
«Алтай аясында» 1939ж
«Ұлы құрылыс» 1933ж
«Қырмызы Жанай» 1940ж аяқталмаған ерекшеленді
«Кавказ» 1941ж
«Ақбөпе» 1945ж

ҮІІ. Қорытындылау
Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.
ҮІІІ. Білімді бағалау
Сабақ барысында оқушылардың сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай таңбалар таратылып отырған. Соған байланысты оқушыларды бағалап өту
ІХ. Үйге тапсырма
«Қасиет дарыған, құт мекен – қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.


















Бекітемін:----------------------------Күні:-------------- Пәні-------------------Сыныбы: -------------

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Атаның әлдиі» өлеңі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: жүз жасаған ақын Жамбыл туралы мағлұмат бере отырып, «Атаның әлдиі» өлеңімен таныстыру; ә)тәрбиелік: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілік сезімін және Отанды қорғай білуге шақыру, батырлыққа тәрбиелеу;

б)дамытушылық: салыстыра білуге, поэзиялық шығармаларды талдай білуге қол жеткізу

Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, «Парасат» журналының материалы

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдістері: СТО

Не арқылы бағаланады:

Сабақтың дәйексөзі: (эпиграфы)

«Жамбыл шығармаларының күші-терең халықтық сипатында»

Алексей Толстой

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген Ж.Жабаевтың «Аттандыру» «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдерін жатқа сұрау

Қызығушылықты ояту

Топтастыру стратегиясы

Алғадайдың адамгершілік қасиеттері

Балалар, ақын туралы не білесіңдер? Оның қандай өлеңдерін оқыдыңдар? Жамбылды неге жыр алаыбы дейміз? Жамбыл туралы деректермен таныстыру

Мағынаны тану

Еркін жауап

1.Осы үзіндіден нені байқадыңдар? Жырдың тақырыбын түсіндіңдер ме?

2.Баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады.

3.Халық поэзиясының шағын түрлерін ата.

4.Жоқтау дегеніміз не?

5. «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен «Атаның әлдиі» өлендерінің өзектестігі неде?


Бес жолды өлең

Немересі Оразхан Тезекбаевтың айтқан дерегімен таныстыру

Жамбыл үлкен баласы Алғадайды өзгелерден айрықша жақсы көрген.Алғадай ақылды адамгершілігі мол көрікті кісі болса керек.Балалары ішінде тек соған қана сенеді екен.Қайтыс болғанда қатты қиналғаныда содан ғой.Әкем Тезекбай да Алғадай дегенде жаны бөлек еді.Үнемі аузына тастамайтын. «Тәтем маған сенбей ақшаны Алғадайға санататын» деп отырушы еді.Қуанышқада ешқашан қатты сөз айтқан емес.Жасында ол тентектікті көп жасады ғой.Сонда әкем ұдайы бізге ұрысатын.

Немересі Қуаныш Алғадаевтың үзіндісін оқу.

Әкем Алғадай  соғысқа аттанғанда мен іште қалған баламын.Үкімет басшылары  атама әкемнің қазасын естірткенде енді тәй-тәй басып жүрген екі жарым жаста екенмін. Осы бір төтеннен келген хабар атама аса ауыр тиіп, бас көтере алмай қалған. Сонда бір қамкөңіл сәтінде:

Ей Қуаныш, Қуаныш,

Сені етейін жұбаныш,

Алғадайым өлгелі

Боп кетіп ем жылағыш,-

Деп мені алданыш етіп отырады екен. Әкемнен жастай қалсам да жетімдік көргенім жоқ. Тезекбай көкем бауырына басты. Тәрбесін алдым, өнегесін көрдім.


«Алғадай туралы әрбәр ой» өлеңінің құрылысына талдау

Түнеу күнгі кеткеннен,  а

Ғали жаңа келдің бе? б

Алғадайым мүрдесін а

Жол-жөнекей көрдің бе?

Сұрай арнау түрінде жазылған. Бұл өлең 7 буынды, 8 шумақты, әр тармағы 2 бунақты, 4 жолды, 6 кезектес ұйқасқа құрылған өлең.


Үш жақты күнделік немесе ВЕНН диаграммасы

Махамбет ақынның жоқтау белгісі кездесетін қандай өлеңі бар?

Махамбеттің «Тарланым» деген досы Исатайды жоқтаған өлеңі бар.

Үйге тапсырма: «Атаның әлдиі» өлеңін жаттау

Бағалау

Сабақты қорытындылау











































Бекітемін:----------------------------Күні:-------------- Пәні-------------------Сыныбы: -------------

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев « Сүйемін » өлеңі
Сабақтың мақсаты:1
)Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.
2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,
шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін
қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын,
сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту. 3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушылардыөз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен
жұмыс, топтастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Ақынның портреті, суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұраймын.
3. Жаңа сабақ.
А) Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.

Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызадыв. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.
Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т.б.
Поэмалары: «Қойлыбайдың қобызы», «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»
Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»
Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»
Педагогикалық еңбектері: «Педагогика»кітабы, «Сауатты бол» оқулығы
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.
Топтастыру

Өлеңін мәнерлеп оқу. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту
Әр оқушы бір шумағын оқып түсіндіріп кетеді.
(Анасының, жарының, туған жерін (Сарыарқаны)

Сөздік жұмысы
Тасбиық -Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері
Алаш -Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы
Кебін -Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім
Жұмақ- О дүниедегі жайлы жер

Өлең құрылысына талдау
Күлдей күңгірт // шашы бар,
Тоқсан бесте // жасы бар,
Көз дегенің – //сұп-сұр көр.
Тасбиық санап // бүгіліп,
Жерге қарап // үңіліп,
Көрше ауыр // күрсінер.
7 -8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас
Дәптермен жұмыс
:
Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай сөзі жоқ.
Метафора: қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы

«Сүйемін» атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:

Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол елімді сүйемін.
Сағым сайран кұрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы,
Сарыарқа деген жерім бар.
Неге екенін білмеймін,
Сол Арқамды сүйемін! –

деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.

Аудармасы: Әуезхан Қодар 1989 жылдан бастап м. Жұмабаевтың өлеңдерін аударумен айналысады.Әуезхан Қодар-мәдениеттанушы, ақын-аудармашы, «тамыр» журналының бас редакторы.
«Махаббат» сөзін топтастыру.
Жанұя махаббаты Достарын сыйлау Ұстазға деген махаббат
Еліне махаббат Туған жеріне махаббат
Екі жастың махаббаты Анасына деген маххаббат
І топ ІІ топ ІІІ топ
Ата-ана Жар Туған ел, жер
Жанұя-шағын мемлекет
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса, айттың-тойың не керек. Жақсы әйел жолдасың,, жоқтан құрап тойғызар. Туған жердің жуасы да тәтті Туған жердей жер болмас.

Сабақты бекіту

Сабақты қорытындылау.

Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.
Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.
Ғылым қажет даласына қазақтың,
Елім үшін білім алып гүлдейік.
Мұғалім сөзі:
Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.
ҮІІ. Бағалау.Сабақта білімдерін көрсетіп, белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма. «Сүйемін» атты өлеңін жаттап келу











































Бекітемін:----------------------------Күні:-------------- Пәні-------------------Сыныбы: -------------

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев  «Толқын» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру. Дамытушылық: Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дамыту, шәкірттерді өзіндік ізденіс, шығармашылық жұмыстарына баулу . Тәрбиелік: М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу,ақын өмірін үлгі ете отырып, азаматтыққа шақыру, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ,  шығармашылық – зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау, мазмұндау, жаңа технологияның  кейбір әдіс-тәсілдерін  қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: ақын шығармалары, ақын жайлы ұлылардың сөздері, қосымша материалдар,  тірек сызба.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, сурет.
Сабақтың эпиграфы: “Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді”
                                                                                      Жүсіпбек Аймауытов 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Оқуға зейін аудару.
Оқу құралдарын реттеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Кіріспе. Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, ақиық ақындарды, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, шешендерді дүниеге әкелді. Мағжан десек артында қалған «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Түркістан», «Көкшетау», «Мен жастарға сенемін», «Мен кім?» сияқты шығармалары еске оралады.

Сөзжұмбақ.  «Толқын»

«Сүйемін» өлеңі қандай лирикаға жатады?

Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы?

Ақын  білім алған  қала?

М.Жұмабаев кім?

М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?

М.Жұмабаевтың поэмасы?

Өлеңді мәнерлеп оқу.
Жалпы сыныпқа бейімдеу.
1.кезең.Білімділік.

 

Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Өлеңді  жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

 

2 кезең. Ой қозғау. «Табиғат ана»

3 кезеңШығармашылық жұмыс.  Жас  суретші «Толқын»  , Жас жазушы «Мағжан маған жақын», Жас ақын (Мағжанға арналған өлең жолдары)

4 кезең.  Сергіту сәті. «Теңіз толқындары»
Теңізбен толқиық бір,
Теңізбен толқиық екі,
Теңізбен толқиық үш,
Шоршып, шоршып алайық
Су түбіне батайық, сол күйіңде қатайық

 

5 кезеңАқынның жан дауысы. 

ІҮ. Сабақты бекіту кезеңі.
Ой жинақтау «Кластер» әдісі
Мағжан кім?
прозашы                                                                             қоғам қайраткері
аудармашы           ұлт ақыны
ақын                                           шебер аудармашы                                                

Абайдың ізбасары                       лирик                                                                                                                                                            кемеңгер                бес арыстың бірі

 


V.Сабақты қорытындылау.                                                                         

 Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Қай оқушының шығармашылық жұмысы ұнады?

Бүгінгі егеменді елдің ұландары қандай болу керек?

 

            Мен не білемін

Мен не білдім

Мен не білгім келеді

 

 

 

VІ. Үйге тапсырма. «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу, “Мағжандай болу арманым” атты шығарма жазу.

VІІ. Бағалау. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

.




























Бекітемін:----------------------------Күні:-------------- Пәні-------------------Сыныбы: -----------

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин „Сыр сандық” өлеңі. 

Сабақтың мақсаты: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу арқылы сөз өнерінің құпия сырын таныту.  Мәтінмен жұмыс жасай отырып «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерту; 2. Өлең мәтіні арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани бағдар беру;  3. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау

Сабақтың түрі: жаңа білім беру. 

Әдісі. сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б. 

Көрнекілігі: ақын шығармалары, ақын жайлы ұлылардың сөздері, қосымша материалдар,  тірек сызба.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
ІІ. Үй тапсырмасына шолу 
а) Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Толқын» өлеңдерін сұрау; 
Жаңа сабақ 
Иә, тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихтың нәтижесі. 
Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.  Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата – бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді. 
1466 жылы қазақ хандығы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек. 
1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда», Жоңғарлармен болған соғыста 
бір миллион адамнан, яғни, сол кездегі халықтың 40 пайызынан айрылды. Адамдар мал мүлкін тастап, өлімнен қашты. 
1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс пен 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде шаруашылық күйзеліске ұшырағандықтан 950 мың қазақ ашаршылыққа ұшырап апат болса, 300 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды. 
1918 жылы Қазақстанда Кеңес үкіметі құрылды. 
1937 жылы қазақ халқының зиялы қауымының өкілдері қуғын-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» атанды. Олардың 105 мыңы абақтыға жабылып, 27 мыңнан астамы атылды 
Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі – біздің халқымыздың қайғы- қасыретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 
Қарақшы қалт етпес сақ па екен, 
Қамығып қалды ғой шат мекен. 
Ақ иық ақ сұңқар Сәкенді? 
Қай жендет жасқанбай атты екен?- деп ақын жырлағандай бүгінгі сабағымыз дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің рухына арналады. 
Бүгінгі сабақта сіздерді үш топқа бөлемін және топ аттарын таңдап аламыз («Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Көкшетау»). 
Заманның ағымына қарай ой-пікірді ашық, дәлелді нақты сөйлеу XXI ғасырдың жастарының міндеті.
Олай болса, сабағымызды бастамас бұрын «Алтын ережемізді» қабылдап алайық. 
Өмірде жан екенсің қия алмайтын, 
Өлеңнің құшағына сия алмайтын. 
«Қазағың кәне?»- десе, «Мінеки!»- деп 
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,- деп ақын Сырбай Мәуленов жырлаған Сәкен кім? Құлақ түрейік. 
Сәкеннің тағдыры жайында ел ішінде алыпқашпа әңгімелер өте көп. Осындай сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан  шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық». 
Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер? 
Өлеңнің тақырыбын ашайық. 
«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық. 
«Сыр» деген не? 
«Сандық» деген не? Оған қандай заттар саламыз?
 
Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер? 
Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы, жан дүниесі екен (түсіндірме сөздікпен жұмыс). 
Өлеңнің негізгі мазмұны туралы мұғалім сөзі: 
Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған. Өлең ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған. Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір кездесуде Сәкенді танымайды,шақыртқанына келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш, жарамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған дос сымағым ұлық болсам шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек фил.ғыл.докторы Сәйділ Талжановтың Сәкен туралы естеліктерінде осылай сақталынған

«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары топпен жұмыс жасайды. Әр топ өлеңді композициялық, сюжеттік құрылымына сәйкес оқып, мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: І топ- 1,2, 3,4; ІІ топ- 5,6,7,8,9,10,11; ІІІ топ- 12,13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 шумақтары). 
І топтың жауабы: Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып,қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос. Нағыз достар сырын ақтарып,бірін-бірі ұғынып,сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі- берік қойма тәрізді. Оны ақтаруға кез- келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады. 
ІІ топтың жауабы: Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына ,оның қалың нулы орманы,мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме- досының жан дүниесі. 
ІІІ топтың жауабы: Сол тауда биік шың бар, шың басында қойма бар, онда қымбат жасау бар, сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та,сым пернені басып қара, дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы- досының жан дүниесі, жүрегі. Адамның жүрегі- алтын қойма, оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол- шынайы досың, жаныңды ұғатын жан. 
Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен. Өмір, достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза, ешкімге қиянаты жоқ. Адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды. Дос көңілін шыңдағы қоймаға,алтын сарайға балайды. Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға, мөлдір суға, қымбат жасауға ұқсатады. Жанама, жағымсыз достарды қаламайды. Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады. Сұлу пернелер-адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер. Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды. 
Өлеңді әдебиет теориясы бойынша сатылы кешенді талдау. 
Ітоп: Өлеңнің тақырыбын, идеясын, жанрын анықтайды; 
ІІ топ: Өлеңді құрылысына қарай талдайды; 
ІІІ топ: Өлеңнің тіліне талдау жасап, сөз айшықтарын табады. 
«Сыр сандық» өлеңі СКТ: 

1.Авторы: С. Сейфуллин 1894-1938 жылдары 
өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері; 
2.Тақырыбы: Адал достық пен жанама достық; 
3. Идеясы: Адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу, 
адалдыққа, шынайылыққа үндеу; 
4. Жанр түрі: Лирика (көңіл- күй лирикасы); 
Лирикалық кейіпкер: ақынның өзі; 
5. Шумақ саны: 21; 
6. Тармақ саны: 84; 
7. Бунақ саны: 2; 
8. Буын саны: 7- 8 буынды; 
9. Ұйқас түрі: шалыс ұйқас; 
10. Әдеби- теориялық ұғымдар: Троп- сөзді құбылту. 
а) Эпитет: Нағыз дос, сымбатты тау, құзды шат, аққан су, сылдыраған 
бұлақ, шың басы, алтын жазу, қымбат жасау, асыл сым,алтын сарай, сұлу 
сым, мұз бұлақ, берік қойма, т.б. 
ә) Омоним, көп мағыналы сөздер: қол, кілті, беті, жасау, т.б. 
б) Еспе қайталау: 
Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым, 
Сым пернені басып қара, басып қара, жырласын. 
в) Түсіндірме сөздік: сыр- әркімнің өзіне тән, өзгеге белгісіз ойы; 
сандық- әр түрлі бұйым салуға арналған, ағаштан жасалған үй жиһазы; 
зеңгір құз- биік жартас, тұңғиық шыңырау. 

Сергіту сәті. 
Тірек- сызба, мақал- мәтелдің жалғасын табу. 
Бекіту.
Қорытынды: 
«Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма. 
Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр. 
«Кімге обалым, айтыңдаршы 
Қаным қайда төгілген? 
Ат деген кім? Атқан қайсың? 
Қабірім қайда өрілген». 
Бұл- Сәкен ағаның даусы. Өкінішке орай, бұл сұраққа алдыңғы толқын аға ұрпақ та, кейінгі толқын біз де жауап бере… алмаймыз!…Бірақ, бір нәрсе анық. Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке- доссымақтарда». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің азаматтық парызымыз. Осы жолда пана болар, алдымызға салар ағамыз бар. 
Ол – қалың заңғар, құзды шатқа жарасқан тіп-тік шыңдай тәні де сұлу, жаны да сұлу, Сәкен аға, Сізсіз! 
Бүгінгі сабақта Сәкен ақын ғана емес, сазгер екенін де айта келіп, «Тау ішінде», «Көкшетау», «Біздің жақта», «Ақсақ киік» т.б. әндері бар екенін естеріңізге салайын. Сабақ соңын сыршыл ақын Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнімен аяқтасақ. 
Ән: «Тау ішінде». 
VІІ. Үйге тапсырма: 





Бекітемін:----------------------------Күні:-------------- Пәні-------------------Сыныбы: -------------

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға қазақ халқының ас көрнекті ақыны

С.Сейфуллиннің шығармашылығымен таныстыра отырып, «Біздің жақта» өлеңінің мазмұны мен маңызын ашу, ой-өрісін дамыту; Дамытушылығы: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу; Тәрбиелілігі: Отанын, елін, туған жерін сүюге, табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылықпен жұмыс

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

Сабақтың эпиграфы:

«Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған, ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді.» Р.Сейсенбаев

 І. Ұйымдастыру

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау»

Өмірге жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

Қазақты көргің  келсе, міне, осы деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.      (С.Мәуленов)

 М: - Бұл кім туралы айтылған?

О: - Сәкен Сейфуллин

М: - С.Сейфуллин кім? Өмір жолы туралы кім айтады?

(Оқушы жауабы)

М: - Біз өткен сабақта Сәкеннің қандай өлеңімен таныстық?

О: - «Сыр сандық» өлеңі (2-3 оқушыдан жатқа сұрау)

М: - Өте жақсы, балалар. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы қандай?

О: - Тақырыбы - достық, адамгершілік, адамның жан сұлулығы. Идеясы – абзал достыққа шақыру, жалған достықтан бойын аулақ ұстау.

М: - Ендеше, достық туралы мақал-мәтелдер жазып келгендерің оқи қойыңдар

 ІІІ. Жаңа сабақ

М: - Балалар, біз бүгінде қалың орман, құзды шатқалға жарасқан, тіп-тік шыңдай, тәні де, жаны да сұлу, кеудесі тұнған сырлы сандықтай Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын тереңірек оқи түсеміз. Өлеңді мәнелеп оқу.

Өлең ұнады ма, балалар? Бұл С.Сейфуллиннің «Біздің жақта» өлеңі. Бүгінгі күн жадысын мен сабақ тақырыбын жазып қойыңыздар.

 Табиғат өзгеше боп туған едім, 

Белімді жастан бекем буған едім.

Халықтың қорлық көрген туын ұстап,

Әділдік жолын іздеп, қуған едім,- деген өлең шумағынан-ақ ақынның халқына деген ыстық сезімі, әділдікті аңсауы анық көрінеді. С.Сейфуллин 1918-1919 жылдары Колчак түрмесінде, Анненковтың азап вагонында, Омбының тұтқындар лагерінде азап шегеді. Міне, сол шетте жүргенде 1919 жылы «Біздің жақта» өлеңін жазды.


  Өлеңді мәнерлеп оқу (ІІІ топқа)

  Өлеңді әр топ қара сөзбен түсіндіру

 «5 минут» (шығармашылық жұмыс)

І топ. Өлеңдегі табиғатты сурет арқылы бейнелеу.

ІІ топ. Палуан, аңшы-мерген, әнші-сері, жау жүрек, батыр қазақтың жігіттері туралы жазу.

ІІІ топ. Сұлулық туралы өлең шумағын шығару.

  Өлең құрылысына талдау

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, А 

Ағашты биік таулы жерлері бар. А 

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Б 

Меймандос, берекелі елдері бар. А

 Шумақ – 9

Әр шумақ 4-5 жолдан құралған, тармақ - 4-5

Ұйқас – қара өлең ұйқасы

Буын саны – 11 буынды

«БББ» стратегиясы

Бекіту. С.Сейфуллин туралы пікірлер арқылы қорытындылау.

Үйге тапсырма

1. Өлеңді жаттау.

2. «Туған жер табиғаты» тақырыбына ой-толғау жазу 

Бағалау









































Бекітемін:----------------------------Күні:-------------- Пәні-------------------Сыныбы: -------------

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
Сабақтың мақсаты
: а) С. Сейфуллиннің өмір жолын, шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып, идеялық көркемдік ерекшелігін таныту; ә) адамгершілік қасиеттерге баулу, үлгі - өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау, ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті, шығармалар жинағы т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Оқушылар, біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқимыз.

Сәкеннің өмірінен мәлімет беремін
Топтастыру стратегиясы:
Сәкен
Ақын, жазушы,
ұстаз, драмашы,
зерттеуші, қоғам қайраткері

Оқушылар пікірін толықтырып отырамын.
«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық, сюжеттік құрылымына сәйкес оқып, мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1 - 2, 3 - 4, 5 - 7, 8 - 11, 12 - 19, 20 - 21 шумақтары)

1 - топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шырқ айналып, қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос.
2 - топтың жауабы. Нағыз достар сырын ақтарып, бірін - бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі - берік қойма. Оны ақтаруға кез - келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.
3 - топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.
4 - топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның қалың нулы орманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме - досының жан дүниесі.
5 - топтың жауабы. – Сол тауда биік шың бар, шың басында қойма бар, онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та, сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы - досының жан дүниесі, жүрегі.
6 - топтың жауабы. – Адамның жүрегі - алтын қойма, оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол - шынайы досың, жаныңның ұғатын жан.
Өлең 21 шумақтан, 7 - 8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым! – деп, Сәкен өмір қызығы – достықта, достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! – деп тілеген екен. Менің де тілегім - сендерге осы достық,- деп сабақты қорытындылаймын.
«Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.
1Достық дегенді қалай түсінесің?
2. Жақсы досты қалай табу керек?
3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
4. Досыңның кім екенін ата - анаң білуге тиіс пе?
5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап келу.









































Бекітемін:----------------------------Күні:-------------- Пәні-------------------Сыныбы: -------------

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Әнші» өлеңі
Мақсаты: 1. Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау, «Әнші» өлеңімен таныстыру, шығарманы талдата отырып, түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету
2. Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту.
3. Ілияс шығармасы арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау - жинақтау, топтастыру, баяндау, тест
Сабақ көрнекілігі:, суреттер, кітап көрмесі, бағалау парағы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу. Таныстыру. Сәлемдесу. Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.
ІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. «Ой қозғау» стратегиясы. Топтарға алдын - ала берілген тапсырмалар бойынша жұмыс.
1 - топ «Құлагер»
І. Жансүгіров туралы не білесіңдер?
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша 
Ілияс өмірі, қызметі туралы шолу жасайды.
1894ж
1905 - 1911ж. ж 1938ж
1916ж
1920ж
1925ж 1928ж 1934 - 1936ж
1) 1894 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауылында дүниеге келген
2) 1905 - 1911 жылдары алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.
3) 1916 ж. «Әншіге» өлеңін жазады
4) 1920 ж. Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.
5) 1925 ж. Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6) 1928 ж. Елге келіп, «Еңбекші қазақ» ( қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7) 1934 - 1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
8) 1938 жылы Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.

2 - топ «Күйші»
І. Жансүгіровтің балаларға арналған қандай шығармаларын оқыдыңдар, білесіңдер? («Шәркей», «Бұлт» «Сабын», «Жазғытұрым», «Анам тілі», «Жас бұлбұлдарға» т. б.)
Кітап көрмесі арқылы І. Жансүгіровтің басқа да шығармаларына шолу жасайды.
2. «Топтастыру» стратегиясы
Ілияс кім?
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Әнші» өлеңі (жаңа сабақ)
3.«Түсіну» стратегиясы
А) Екі топ мәтінді өз бетімен оқиды.
- Өлең кім туралы? (оқушылардың жауаптары)
Б) Мұғалім оқушылардың айтқанын қорытындылап, Әсет Найманбаев туралы білімдерін толықтырады.

Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші - композиторы, суырып салма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысында қарайтын 8 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Қоңырат ауданы «Қызыларай» ауылы) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің Атамекені болған.
В) Әсет Найманбаев туралы не білдік? Ол кім?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
1) Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқыту.
2) Сөздік жұмысы
Желқабыз сын. - 1. Әуесқой
2. Жеңілтек мінезді, ұшқалақ
Делебе: делебесін қоздырып етістік - желіктіріп, қызықтырып
4. «Талдау» стратегиясы. Шығарманы композициялық құрылысын сызба бойынша сатылай талдау
Шығарманың тақырыбы
Шығарманың авторы
Жанр түрі
Кейіпкерлері
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның шиеленісуі
Шығарманың шарықтау шегі
Шығарманың аяқталуы
Шығарманың идеясы
Шешімі
1. Өлеңді талдау:
- Өлең кімнің атынан жырланады?
- Ән мен оның мәтіні қандай бірлікте болу керектігі туралы айтылады?
- Әсет салған әннің нақыш өрнектері қалай сипатталады?
- Өлеңде қандай қазақ жерінің атаулары беріледі және еліктен?
- Қандай көрші мемлекеттер туралы айтады?
- Әншіге, ақынның өзіне қояр талабы қандай?
- Өлеңді ой жүйесіне қарай неше бөлікке бөлуге болады?
- Әр бөлікке қандай ат қояр едіңдер?
2. Өлең құрылысына талдау жасау.
• Ар - ғын - мын, а - тым Ә - сет, а - рын - да - ған, - 11 - а
• А - рын - дап ән са - ла ма да - ры - ма - ған, - 11 - а
• Ас - пан - ның а - я - сында ән шал - қыт - қан,
• Бұл - бұл - мын дау - сы көк - те да - мыл - даған - 11 - а
Өлең 11 бунақты, шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.
3. Мәтінді талдау:
Мәтін Өз пікірім
Тауықпын, тары тердім Найман шалдан
Найман елі айы туған маңдайшадан
Ойда – орыс, өрде қытай қоныстасым,
Ауылым бар Ауғанға да теуіп барған.
Ән салсаң, өзімдей сал, аңыратып...
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп...

2) Өлеңде қолданылған бейнелі сөздерді табыңдар
Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қоңыр қаздай мамырлатып,
Сулы інгендей күңірентіп,
Нөсердей жауындатып,
Қазандай дауылдатып,
Қамыстай сауылдатып
Теңеу сөздер арқылы әнші өзінің халқының еркесіне айналғанын мақтанышпен сездіреді
Эпитет (айқындау)– заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын белгісін білдіретін сөздер ( ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер, сар дала т. б.)
Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін, оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау
Бұлбұлмын
Тұлпармын
Жорғамын Майдамын Тауықпын
құм - қыстау, өлке - көктеу, өзен - күзеу, жайлауым – жалпақ дала, сөз - жаңбыр, даусым - дауыл, әнім – ескек
Бекіту
1. Қазақтың қандай халық композиторларын білесіңдер?
Өз халқының еркесіне, мақтанышына айналған Әсет дәуірінде өмір сүрген әнші ақындарды топтастыру.
Ақан сері
Үкілі Ыбырай Біржан сал
Жаяу Мұса Әміре Қашаубаев
Бағалау парағы арқылы оқушылардың өзін – өзі бағалауы.

Үйге тапсырма
“Әнші” өлеңін оқу, талдау, ұнаған шумағын жаттау. «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында шағын шығарма жазу.









































Тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Әнші» өлеңі
Мақсаты: а) І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, Әсет Найманбаевтың өмір жолын, шығармашылығын таныстыру. 
ә) Оқушыларды қазақтың ән өнерінің құдіретін қадірлей білуге, әнші – ақындарды құрметтеуге тәрбиелеу.
б) өлең, әңгіме құрылысына талдай білуге, жаңа технология элементтерін пайдалануға үйрету. 

Көрнекілігі: І.Жансүгіров, Ә.Найманбаев, С.Сейфуллин портреттері.
Пәнаралық байланыс: Ән – саз
Түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдісі: талдау, сұрақ- жауап

2. Сәкен Сейфуллин қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
3. Қай жылы қайтыс болды?
4. Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған кестені толтыру.

Сәкен Сейфуллиннің
Лирикалық жырлары
Төңкеріс, жаңа құрылыс, еңбек туралы жырлары
Поэмалары
Пьессалары
Прозалық шығарма
Әндері

Хронологиялық кесте бойынша өмір жолы мен шығармашылығын түсіндіру

Кім? Қашан? Қайда? Не істеді?


Қазақ өнерінің сері ақыны Ақан жайында “Құлагер” поэмасын, қазақ өнері, күйін аспандатқан “Күй”, “Күйші” поэмасын жазады.
Ол қазақ өнерінің, күй өнерінің қара қобызы мен домбырасының қасиетін дәріптеп, танытып кетті. “Әнші” өлеңін мәнерлеп оқу.

1. Өлең кімнің атынан жырланып тұр?
2. “Арғынмын, атым Әсет арындаған” деген жолдардағы Әсет әнші кім?

Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Қызыларай деген жерде дүниеге келеді. Әсет 13-14 жасқа келгенде, қиссаларды жатқа айтатын болады. Оның жаттау қабілеті өте жоғары болған. Әсет елге келген әншінің әнін, жыршының жырын бұлжытпай қағып алып, қайталап айтатын болған. Көп уақыт өтпей-ақ ол “Әнші Әсет” атанады. 
Әсет ақынның өнердегі ең үлкен ұстазы қазақтың бай ауыз әдебиеті болады. Ол жастайынан Шығыстың ауыз әдебиетіне де қанық болып өседі. Есейген шағында Әсет Ұлы Абайдың ақындық мектебінен тәлім алады.
Әсет ешкімге қара сөзден дес бермейді. 
Әсет – айтыс ақыны. Ол Ырысжан, Балтабай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындармен және Мәлика қызбен айтысқан. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің “Евгений Онегин” романын қисса етіп жырлаған. Әсет “Татьянаның хатын” аударған. Ол Татьянаны Тәтіш дейді.
Оның “Сәлиха – Сәлмен”, “Ағаш ат”, “Перизат”, “Үш жетім қыз”, “Кешубай” тәрізді қиссалары бар. 
Қазақ халқының ән өнерін дамытуда да Әсет ақынның үлесі үлкен.
Оның “Інжу - маржан”, “Мақпал”, “Қасиет”, “Үлкен Ардақ”, “Кіші Ардақ” секілді әндері бар.
Ән әлемінде өзгеше сұлу өрнегі бар, соншама сұлу дауысты Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды.

1. Ән (музыка) мен сөз (мәтіннің) лайықты бірлікте болу қажеттілігін қай жолдардан байқадыңдар?
2. Әншіге ақынның өзіне қояр талабы қандай?

V. Өлеңді бөліктерге бөліп, әр бөлімге ат қоюыңыздар

VІ. Өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табу.


Венн диаграммасы
Жүсіпбек Аймауытовтың “Әнші” әңгімесі мен І.Жансүгіровтің “Әнші” өлеңін салыстырыңыздар.

Өлең құрылысына талдау

Арғынмын, атым Әсет арындаған, 

Арындап ән сала ма дарымаған?

Аспанның аясында ән шалқытқан, 

Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған. 

Сабақты бекіту: 

Білемін Білмеймін Мен үшін жаңа Сұрақ туды?

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, Әсет Найманбаев шығармашылығын зерттеу.
Бағалау:













Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Бөбек бөлеу», «Ағынды менің Ақсуым»



Сабақтың мақсаты: Б/к: Ақынның әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шыққан ақындығын таныту.



Тәрбиелігі: Өнерді сүюге, табиғатты аялауға, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу.



Дамытушылық: Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, әдеби- теориялық ұғымдарын қалыптастыру.





Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, салыстыру, ой қорытқызу, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап.



Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әнмен.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ



Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, буклет, ақынның



шығармалары, түрлі түсті жетондар.



Сабақтың жүрісі: 1) Ұйымдастыру



2) Үй тапсырмасын сұрау



Ақынның өмірі мен шығармашылығын сұрай отырып, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша 5 жолды өлең талдау.





Зат есім – Ілияс Жансүгіров



Сын есім – ұлы ақын, жазушы,



Етістік — Өлең жазады, жырлайды, етік тігеді



Төрт сөзден құралған сөз тіркесі – Қазақ халқының



танымал ақыны т.б.



Зат есімнің синонимі – жазушы – қаламгер т.б.



«Әнші » өлеңінің мазмұнын сұрау:



Бұл өлең біріншіден қазақ халқының әйгілі әншісі Әсет Найманбайұлына арналады. Өлеңде Әсет әншәнің ойға жүйрік, тілге бай ақын екенін айтады. Ол өзін дарыған ақынға , бұлбұлға, топтан озған тұлпарға, жұрттан озған жорғаға ұқсатады. Сонымен қатар ақынның үлкеннен бата алғанын , қазақ жерлерінің яғни, Ертіс, Сыр, Есіл, Іле өзендерін, тау өтпес Тарбағатай, Тянь – Шань тауларын кезіп өткенін, әнмен асқақтатып тамсандырғанын айтады.



Ілияс ақын Әсеттің әншілігіне сүйсініп:



Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,



Қоздырып делебені дәсерлетіп.



Шырқатып, шүмектеніп, нөсерлетіп,



Талдырып, талықсытып,тамылжытып, — дейді.



«Әнші» өлеңінен тапқан көркемдегіш құралдарды тексеру:



Теңеу: 1. Бұлбұлмын даусым көкте дамылдаған.



2.Тұлпармын , топтан озған, тасырқаман.



3. Жорғамын, жұрттан озған, жортарманмын.



4. Майдамын, майда желіс мамырлаған.



5. Тауықпын, тары тердім Найман шалдан.



6. Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп.



7. Аққудай аспандағы әнді өрлетіп.



8. Нөсердей нөпір төккен жауындатып,



Қазандай қарсы соққан дауылдатып



Қамыстай дауыл жыққан сауылдатып.



Метафора: Құм- қыстау, өлке –көктеу, өзен — күзеу .



Сөз – жаңбыр, даусым дауыл, әнім – ескек.



Эпитет: Соқтырып ай астынан – алтын күрек.



Ми – дала, меңіреу шөл күміс көлдер.



Әсет Найманбайұлы туралы өмірбаянын сұрау:





Жаңа тақырыпты меңгерту:



Ақынның «Бөбек бөлеу» өлеңінде сәбиін бесікке бөлеген ана баласының тәтті ұйқыда болуын, ер жетіп, бой түзеп, ерінбей еңбек етіп, еліне елулі, халқына қалаулы болып өсуін тілейді екен. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, баланың тәрбиесінен үлкен үміт күткен.



Өлеңін мәнерлеп жатқа оқи отырып, халық арасында көп жырланатын бесік жырларының қандай түрлерін білетінін сұрау (әнімен).



а) Жырды мәнерлеп оқыту:



б) «Бөбек бөлеу» өлеңі мен Жамбылдың «Атаның әлдиі» өлеңін салыстыру:



«Бөбек бөлеу» Ұқсастығы «Атаның әлди



Екі ақыннның ұқсастығын, айырмашылығын ауызша айтқызу.



«Ағынды менің Ақсуым » атты өлеңінде ақын Ақсу табиғатын суреттеген. Ақсудың әлі күнге дейін арқырап ағып жатқанын, бір күні жазғы кеште жағасына барып, сұлулығына таң қалса, бұған қоса тау – тас та тамсанып, жұлдыздар да жымиып, таймаңдаған тайпақ ай да қылшия қарайды екен. Оған қоса қайың тал да қалайша қарамасын, ол да қарап, суға түскен сәулесіне сүйсініп тұрғандай. Суға бір шыбық түсе қалса, су дірілдейді, сырылдайды, оған қонған бір шымшық шық-шық етіп шырылдайды, — дейді.



4) Тақырыпты бекіту:





Өлеңді мәнерлеп оқыту:



Сұрақ: Лирика дегеніміз не?



Өлеңді қандай лирикаға жатқызамыз? Табиғат лирикасы.



Табиғатқа жан бітіре суреттеген қандай ақындардың өлеңдерін білеміз?



Абайдың «Қыс», «Жазғытұрым», «Күз» Ыбырайдың «Өзен», Дулаттың «Аягөз қайда барасың»т.б.



Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, өлең құрылысына талдату:



Үйге тапсырма:



«Бөбек бөлеу» өлеңін жаттау. Өз өлкеңнің табиғаты туралы шағын шығарма – суреттеме жазу. Өлеңдерден көркемдегіш құралдарды табу.



Бағалау.

Сабақтың тақырыбы М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты

Оқушыларға әңгіменің идеясын жан — жақты талдай отырып ашу;
Адамдар мен көк бөрінің іс — әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе — теңдікті сақтау керектігін түсіндіру.Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір — біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру.. Интерактивті байланыс арқылы топтық жұмыс жасату арқылы бірлесіп білім алуына мүмкіндік беру.

Оқу нәтижелері 1.Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.
2.Топтық жұмыста өзін — өзі реттей алады.
3.Диалогтік қарым — қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзетіп,салыстырады.
4.Әңгіменің идеясын жан-жақты талдайды.

Сабақта қолданылатын
стратегиялар
Кубизм,миға шабуыл,ой толғаныс стратегиялары

Оқыту әдістері
Жеке жұмыс, жұппен жұмыс , топтық жұмыс
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер интер. тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағдай: Психогеометриялық диагностика
3 топқа бөлу.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Олай болса, біз қазір топ болып, 3 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.
Топтастыру. 3 топқа «Адам», «Қасқыр» «Табиғат» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза береді..

Адам — тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді.
Қасқыр – жыртқыш, ит — құс, бөрі, қомағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитары
Табиғат- құбылыстар,тау,тас,күн,ай,жер,жануарлар,өсімдіктер

Тапсырмалар 1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.

Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1. Көксерек Қараадыр ауылында.
2. Көксерек – түз тағысы.
3. Жекпе – жек.

1.«Көксерек» шығармасының идеясын түсінеді.
2. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихын біледі.
3.Оқушылар өз пікірлерін әңгіме желісімен талдайды.
4.Оқиғаның мазмұнына жоспар құрып, тұжырымдайды.
Сергіту сәті Жұмбақ шеше білейік
Күші десең, күші бар, Белестен шыққан бесті ит,
Тісі десең, тісі бар. Бүкір келген желісті ит.

Торуылдап ауылды Бейғам елді іздейді,
Түнде жортар ісі бар. Малдан күдер іздейді.
Ырғақты жаттығулар жасалады
Жаңа тақырып
Кубизм.
Кубизм әдісі бойынша мына кубикті үш топқа кезекпе — кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
1.Көксерек бейнесін суреттейді.
2. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырады.
3.Қасқыр туралы жан-жақты зерттейді.
4.Көксеректің жыртқыш аң екенін дәлелдейді.
5.Көксеректің қатыгездігін талдайды.

ІІІ. Ой толғаныс
Екі жақты түсініктеме күнделігі
Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары
1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.
Өз пікірің
Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс — әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі — табиғатты аялау.

1.Мәтіннен алған әсерін айтады.
2.Өз пікірлерін ортаға салып.жинақтайды.
Бекіту
Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал — мәтел айтады.
1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жауабы: Бұл кемпір қарғысы — Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.
Жазушы неге үндейді?
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.

1.Сәйкес мақал- мәтел дер арқылы табуда шығармашылық жұмыс жасайды.
2.Жан-жақты ізденіс жұмыстары нда ойлау қабілеті дамиды

Үйге тапсырма беру
«Менің әңгімеден алған әсерім». эссе

Бағалау

Топта ортақ бағалау парағын дағы тап-сырмалар нәтижесінде бағаланады Бағалау парағы
Рефлексия «Бағдаршам» Кері байланыс

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі. Бекіту сабағы

Сабақтың мақсаты: Жазушының табиғат тақырыбымен адамдар тағдырын қатар суреттеген көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, автордың көзқарасына бойлау.

Білімділік: М.Әезовтың  «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасау;

Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеу;

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың өту әдісі: СТО әдіс-тәсілдері, сұрақ-жауап, талдау, іздену

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов портреті, қасқыр суреті, көксерек кинофильмінен үзінді, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

 

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге қандай тапсырма берілді

Үйге Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі оқу, мазмұндау.

1. Әңгімені оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп ат қою.

1. Кішкенк Көксерек

2. Көксеректің адамдар қатарына қосылуы.

3. Ауыл адамдарының наразылығы 

4. Ауыл иттерінің бөтенсуі

5. Ұрлық

6. Ашқарақ Көксерек

4-оқушыға әңгімелету

1. Көксеректі суретте.

Жотасы күдірейген, құйрығы шолақ бойы тау басында тайдай көрінеді, нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл.

2. Салыстыр.

Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?

Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды.

Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді.

3. Қолданыңыз.

          Көксерек туралы ел не дейді?

          Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді жасымайды. Ұры    

         асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе?

         ( Шығармашылық жұмыс)

         Мәтін желісіне қарай сұрақтар

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?

2. Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады дегенді қалай түсінесің?

3. М.Әуезов кім? Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едің?

Ой қозғау.

Қай жазушылардың шығармаларын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.

- Ендеше, мына сөзге назар аударыңдаршы?

- Табиғат дегеніміз не, қалай түсінесіңдер

    Табиғат

қоршаған орта                               халық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

- Олай болса кеше ғана оқып танысқан бәріміз көркем фильм арқылы жақсы білетін Көксерек және оның иесі ( Құрмаш) олардың іс-әрекеті турасында әңгіме өрбімек.

Сұхбат алу.

1. Көксерек фильмін көрдің бе?

2. Қай жері сіздің есіңізде қалды?

3. Көксерек туралы сіздің ойыңыз?

Көксерек фильмінен үзінді көру.

1-бөлім: Қасқырлар мекені

2-бөлім: Адамдар қиянаты

3-бөлім: Көксерек пен Құрмаш

4-бөлім: Әжесі мен Құрмаш

5-бөлім: Айқас

6-бөлім: Қасқыр қашанда қасқыр

Сұрақтар.

1. Қасқырлар апанын адамдар неге талқандады?

2. Бөлтіріктерге істегендеріне қалай қарайсыңдар?

3. Өзін мәпелеп өсірген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсінесің? ( 1-шіден ол аш, 2-шіден адамдарға деген өшпенділік және ол бөрі, тағы аң, оның иесі болмайды)

Топтау ( сәйкестендіру кестесі)

Кейіпкерлер                                                 Тән қасиеттер

Адам                                                              саналы

Қасқыр                                                          санасыз

                                                                       ойлайды

                                                                       еңбектенеді

                                                                       жыртқыш

                                                                       қомағай

Шығармашылық жұмыс

1. Қасқырға байланысты мақал-мәтелдер айту

2. Қасқыр туралы қысқаша мәлімет

3. Қасқыр туралы 5 жолды өлең құрастыр

 

Қасқыр сөзін топтау.

 

 

қомағай                                    дала санитары

 

бөрі                     Қасқыр        дала тағысы

 

                      көкжалжыртқыш

Сабақты бекіту.

Әңгімені тізбектей оқу.

Бекіту сұрақтары:

1. Көксерек әңгімесі қай жылы жазылған? ( 1929 ж)

2. Қасен деген кім? ( белгілі аңшы)

3. Құрмаштың елі? ( Қараадыр)

4. Көксеректі жеңген иттің аты? ( аққасқа)

5. Көксерек әңгімесінің тақырыбы? ( Адам-Табиғат-Қасқыр)

Қорытынды.

Әуезовтен жетті бізге көп дерек,

Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.

Шуылдасып ауылдың көп иттері,

Жабылыпты Көксерекке көп төбет.

Жасалған қорытынды. ( пікір алысу)

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы.

Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді. 

Балалар сабағымызды табиғат пен бастап едік, табиғат пен аяқтайық.

Жер бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. Сондықтан сыйысып-сыйласып тату өмір сүрейік.

Үй жұмысы. 

Оқу, талдау. Адам және табиғат эссе жазу

Бағалау. 

Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі Сабақтың мақсаты: Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнынқорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату. Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту Сабақтың типі: Қайталау сабағы Сабақтың түрі: Жинақ сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Кубизм» әдісі, «Әңгіме кестесі» т.б. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кубик, тірек-сызба, әр түрлі плакаттар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (Фильмнен үзінді көрсету). ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы Кейіпкерлерін талдау.(Басты кейіпкер: Құрмаш, Эпизодтағы кейіпкерлер: Қасен,Бейсембай, Жұмаш, Құрмаштың әжесі, ауыл адамдары, Қосалқы кейіпкер: Арыстанбек ) ІІІ. Шығармаға талдау жасау Мақсаты: - Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқаймыз. Ол үшін кубизм әдісі арқылы 7 бөлім бойынша дайындалған сұрақтарға жауап бересіңдер. Мұнда оқушы кубикті лақтырып, түскен сұраққа жауап беруі керек. Тағылар ұрпақ қамында Көксеректің ажалы Адамдар тағылығы Бітіспес өшпенділік Тұтқын Көксерек Қараадырдағы Ұяластарымен мазасыздық табысу - Қараадырда қандай мазасыздық болды? - Көк күшікті кімдер алып келді? - Көксеректің ауылдағы өмірі қандай болды? - Көксерек ұяластарымен қалай табысты? - Көксерек пен ақ қасқырдың істеген жауыздықтары қандай? «Көксерек» әңгімесі - Үйден қашқаннан кейін Құрмашпен қандай жағдайда кестесті? Құрмаштың қазасына кінәлі кім? Көксерек - жазасын қалай тартты? (Тегі: Эпика, Жанры: Көркем әдебиет, қара сөзбен жазылған, Әдеби бағыт: Реалистік шығарма ) - Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. (Топтық жұмыс: (жазбаша)) І ТОП: Композициялық жоспар: Р/ с Әңгіменің композициялық элементтері Композициялық жоспар Әңгіменің көркемдік әдіс- тәсілі 1 Оқиғаның басталуы Суреттеу 2 Оқиғаның байланысы Баяндау диалог 3 Оқиғаның дамуы Баяндау Суреттеу 4 Оқиғаның шиеленісуі Суреттеу 5 Оқиғаның шарықтау шегі Баяндау Суреттеу 6 Оқиғаның шешімі Баяндау Диалог ІІ ТОП: Семантикалық карта Кейіпкерлер сөзі кімдікі? Кейіпкер сөзі Ауыл адамдары Жұмаш Құрмашты ң әжесі Бейсембай Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ? Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды. Мына кәпірдің екі көзі жап- жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп, терісін алайық . Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ соғады.Араша лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. Іздегендерің- нің өзі-сол, бәрін істеп жүрген сол. Енді соны бір қолға берсе-ау! - Шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасаңдар ІІІ ТОП: Шығармашылық жұмыс (мәтінді елестете отырып, суретін салу) Бір күні түсте Құрмаш Көксерекке тысқа алып шығып, ас құйып, жалатып тұрғанда, анадан шылапшынның салдырын естіген қара ала төбет үйдің көлеңкесінен шығып алып, адымды қойып еді. Екпіндеген бетімен, жолында жасқан тұрған Құрмашқа қарамастан, келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп, қауіп түсті. Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап шығып кететін Көксерек енді зор дауыспен гүр-гүр етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсті. Ұстаған жері құлақ шекеге жақын еді. Төбеттің мойнын бұрғызбастан қапсыра тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, үлкен төбеттің арт жағы бұлғаң-бұлғаң қағып барып, Көксеректің жанына дүрс етіп, сұлап түсті. Шығарманың тілі: Автор шығармасында дыбыстық және бейнелеуіш,қайталама және қосарлама сөздерді көп қолданған. Мысалы: сатыр -сатыр, дар -дар, қорқ -қорқ, арс- ұрс, күрс т.б. (мәтін ішінен тауып оқу) (әр топ өз тапсырмалар орындайды және ауызша қорғайды) Бекіту: Үлестірме парақтарымен жұмыс: 1. Салыстырыңыз Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын салыстырыңыз. 2. Елестетіңіз Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз. 3. Суреттеңіз Ауыл адамдарының көксеректен көрген зардаптарын суреттеңіз. Қорытынды: Ой толғау Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме, ой толға? Қай кезеңді суреттейді? Неге үйретті? Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес! ІҮ. Бағалау Ү. Үйге тапсырмасы: «Адам және табиғат» (эссе ) жаз

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі Сабақтың мақсаты: Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнынқорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату. Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту Сабақтың типі: Қайталау сабағы Сабақтың түрі: Жинақ сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Кубизм» әдісі, «Әңгіме кестесі» т.б. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кубик, тірек-сызба, әр түрлі плакаттар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (Фильмнен үзінді көрсету). ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы Кейіпкерлерін талдау.(Басты кейіпкер: Құрмаш, Эпизодтағы кейіпкерлер: Қасен,Бейсембай, Жұмаш, Құрмаштың әжесі, ауыл адамдары, Қосалқы кейіпкер: Арыстанбек ) ІІІ. Шығармаға талдау жасау Мақсаты: - Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда тақырыпты қорытындылаймыз. Алдымен шығарманы есте жаңғырту үшін әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқаймыз. Ол үшін кубизм әдісі арқылы 7 бөлім бойынша дайындалған сұрақтарға жауап бересіңдер. Мұнда оқушы кубикті лақтырып, түскен сұраққа жауап беруі керек. Тағылар ұрпақ қамында Көксеректің ажалы Адамдар тағылығы Бітіспес өшпенділік Тұтқын Көксерек Қараадырдағы Ұяластарымен мазасыздық табысу - Қараадырда қандай мазасыздық болды? - Көк күшікті кімдер алып келді? - Көксеректің ауылдағы өмірі қандай болды? - Көксерек ұяластарымен қалай табысты? - Көксерек пен ақ қасқырдың істеген жауыздықтары қандай? «Көксерек» әңгімесі - Үйден қашқаннан кейін Құрмашпен қандай жағдайда кестесті? Құрмаштың қазасына кінәлі кім? Көксерек - жазасын қалай тартты? (Тегі: Эпика, Жанры: Көркем әдебиет, қара сөзбен жазылған, Әдеби бағыт: Реалистік шығарма ) - Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап болдық. (Топтық жұмыс: (жазбаша)) І ТОП: Композициялық жоспар: Р/ с Әңгіменің композициялық элементтері Композициялық жоспар Әңгіменің көркемдік әдіс- тәсілі 1 Оқиғаның басталуы Суреттеу 2 Оқиғаның байланысы Баяндау диалог 3 Оқиғаның дамуы Баяндау Суреттеу 4 Оқиғаның шиеленісуі Суреттеу 5 Оқиғаның шарықтау шегі Баяндау Суреттеу 6 Оқиғаның шешімі Баяндау Диалог ІІ ТОП: Семантикалық карта Кейіпкерлер сөзі кімдікі? Кейіпкер сөзі Ауыл адамдары Жұмаш Құрмашты ң әжесі Бейсембай Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ? Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды. Мына кәпірдің екі көзі жап- жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп, терісін алайық . Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ соғады.Араша лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. Іздегендерің- нің өзі-сол, бәрін істеп жүрген сол. Енді соны бір қолға берсе-ау! - Шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасаңдар ІІІ ТОП: Шығармашылық жұмыс (мәтінді елестете отырып, суретін салу) Бір күні түсте Құрмаш Көксерекке тысқа алып шығып, ас құйып, жалатып тұрғанда, анадан шылапшынның салдырын естіген қара ала төбет үйдің көлеңкесінен шығып алып, адымды қойып еді. Екпіндеген бетімен, жолында жасқан тұрған Құрмашқа қарамастан, келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп, қауіп түсті. Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап шығып кететін Көксерек енді зор дауыспен гүр-гүр етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсті. Ұстаған жері құлақ шекеге жақын еді. Төбеттің мойнын бұрғызбастан қапсыра тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, үлкен төбеттің арт жағы бұлғаң-бұлғаң қағып барып, Көксеректің жанына дүрс етіп, сұлап түсті. Шығарманың тілі: Автор шығармасында дыбыстық және бейнелеуіш,қайталама және қосарлама сөздерді көп қолданған. Мысалы: сатыр -сатыр, дар -дар, қорқ -қорқ, арс- ұрс, күрс т.б. (мәтін ішінен тауып оқу) (әр топ өз тапсырмалар орындайды және ауызша қорғайды) Бекіту: Үлестірме парақтарымен жұмыс: 1. Салыстырыңыз Көксеректің ауылдағы мінез-құлқы мен даладағы, еркіндіктегі мінез-құлқын салыстырыңыз. 2. Елестетіңіз Егер адамдар қасқыр апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіріп, Көксректі алып кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді? Көз алдыңызға елестетіңіз. 3. Суреттеңіз Ауыл адамдарының көксеректен көрген зардаптарын суреттеңіз. Қорытынды: Ой толғау Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме, ой толға? Қай кезеңді суреттейді? Неге үйретті? Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес! ІҮ. Бағалау Ү. Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан-жақты талдау

Әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, әнді, өнерді сүюге, тәрбиелеу, әсемдікті сезіне білуге үйрету. Оқушының ойын, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, өз көзқарасын әдеби, жүйелі тілмен жеткізе білу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері Ассоциация, талдау, сұрақ-жауап, әңгіме кестесін құру

Сабақтың көрнекілігі: сурет, қанатты сөз

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Шығарманы талдау

- Балалар, біз сендермен өткен сабақта Ж. Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінің мазмұнымен танысып, шығармаға жоспар құрған болатынбыз. Бүгін осы шығарманы талдауды ары қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымызда:



Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу

Әмірқан бейнесінің әр қыры











Өткен сабақта біз «Әнші» әңгімесінің авторы Ж. Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып кеткенбіз.

Жүсіпбек - сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан-жақты талант иесі. Жүсіпбек – ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, публицист.

Жүсіпбек – новелла, повесть, романның айтулы шебері, психолог, тұңғыш оқулықтар мен педагогикалық мақалалардың авторы. Жүсіпбектің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жүсіпбектің шығармашылық шеберлігіне Б. Майлин:

«Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» - деп баға берген. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу. Соның бір айғағы – осы «Әнші» әңгімесі.

«Әнші » әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі арқылы жазушы өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесін береді, сол Әміренің өнерінің бір сәтін өз әңгімесіне өзек етеді.

- Әміре Қашаубаев кім?

-Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант, қазақ әндерін Парижде өткен сән көрмесінде орындап, күміс медальға ие болған. Қазақ әндерін шетелде орындаған тұңғыш қазақ әншісі. Ресейде, Германияда өз өнерін көрсеткен. (суреттерін көрсету)

- Енді шығырманың өзіне тоқталайық. Ол үшін тірек –схемаға сүйене отырып, шығарманы еске түсірейік . Біз шығарманы 5 бөлікке бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Әр бөлімге 2-3 сөйлеммен шолу жасап кетеміз ( 5 бөлімді 5 оқушыға мазмұндатамын)

- Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап өттік. Енді шығарманы әрі қарай толық талдау үшін әрі алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін мен мынадай 4 дейгейлік жұмысты таңдап отырмын. Сабақ соңына дейін 4 деңгейді де толық орындап, мақсатымызғы жетеміз деп ойлаймын.

Шығармашылық деңгей

Эвристикалық деңгей

алгоритмдік деңгей

оқушы деңгейі

Деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс:

1. Оқушы деңгейі Сұрақ-жауап әдісі

- Автор Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігін қалай суреттеген?

- Әмірқан әншілік өнерді кімнен үйренді? (әуелі әкесінен, сосын әнші Жұмабектен)

- Әңгімені тыңдаушыға Әмірқан әңгімесінің әсері қалай сипатталады?

- Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды? Өнерді қалай түсінеді?

- Әмірқанның әл-ауқаты, үй тұрмысы қандай?

2. Алгоритмдік деңгей. Оқулықпен жұмыс

Оқулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Әмірқанға сипаттама беру Арсын-гүрсін

3. Эвристикалық деңгей Дәптермен жұмыс.

«Түсініктеме күнделігін» жүргізу

1-қатар: Шығарманың тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

Әңгіменің композициясы

Басталуы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі


2-қатар: «Әнші» әңгімесіндегі Ақтамақ туралы әңгіменің құрылысына, композициясына талдау жасау

3-қатар: «Әнші» сөзіне «Бес жолды өлең» құрау

4. Шығармашылық деңгей

«Ақтамақ хикаясы» деген тақырыпқа өз қиялдарыңмен Әмірқан әңгімесін ары қарай жалғастырып, әңгімені аяқтау

- Міне, осымен біз алдымызға қойған мақсатымызға да жеттік.

ІІІ. Қорытынды «Әңгіме кестесін» құру

Тақырыбы

Авторы

Кейіпкерлері

Негізгі идеясы

Қай кезеңді суреттейді?

Немен аяқталды?

Не үйретті?

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма: Шығарманы қайталап келу


Үйге тапсырмасы: «Адам және табиғат» (эссе ) жаз































Бекітілді ---------------------Пән: әдебиет Күні:-----------------Сыныбы:-------------------

Сабақтың тақырыбы: Доспамбет жырау «Арғымаққа оқ тиді», «Дүниенің басы сайран, түбі ойран» толғаулары
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Өз заманында жақсы тәрбие алып, көргені, білгені көп болған, парасатына білімі сай білгір адам Доспамбет жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге жетелеу. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл нақышын таныту.
Тәрбиелік:Оқушыларды ақын жырларының астарындағы адами қасиеттер иесі болуға ұмтылдыру, елін сүюге, ұлтын ұлықтауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
а)Доспамбет жыраудың өмір жолы туралы кеңірек түсінік алу;
ә)Ақынның жырларында көбірек айтылатын туған жері туралы деректер іздеп, табу;
б) Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір - бірін тыңдауға дағдылану.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: зерттеу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: жыраулар поэзиясы, суреттер.
Сабақтың барысы:

Доспамбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты.
1588 жылдың 25-ші шілдесімен таң¬баланған құжатта Доспамбетті “Доспамбет ата” деп хаттаған. Демек, ол сол кезде 60 пен 70 арасындағы ақсақал жастағы адам болған. Жыраудың 1591 жылғы Мәскеуге сәтсіз жорықта қатты жараланып, Азауға жете алмай жолда өлген сыңайы бар. Осы деректерді саралай келгенде Доспамбет 1520-1591 жылдар аралығында өмір сүрген боп шығады.
Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Өзі туған Азау қаласын «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?!» деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз. Және Азау қаласының аты ақын шығармаларында жиі кездеседі.
Жыраудың “Тоғай, тоғай, тоғай су” толғауындағы:
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кетсем өкінбен, – (Сонда. 34-б. ) деген жолдар ойға қалдырады.
Арғымаққа оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан..., немесе
Азаулының Аймадет
Ер Доспамбет ағаның,
Хан ұлында несі жоқ, ...
деген өлең жолдарынан Аймадет сөзін жиі байқаймыз. Сондай-ақ, Доспамбет жырларында үш жерде өз кіндігінен болған ұлдарының аты аталады:
Білмеймін мен жаман күн
Болатсыз қылыш кесерін,
Айналасы алты жылдың ішінде
Есақай, Қосай екі ұл
Азау билеп өсерін.
Есақай, Қосай екі ұл
Алдыңызға жыр құшақлай,
Жылап шықса не айтарсыз? –өлең жолдарында оның ұрпақтары туралы да айтылып кетеді.

Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Доспамбет өлеңдерінен аллитерация, ассонанс, анафора, эпифоралар теріп алу.
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көз түзедім, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Қалаға қабылан жаулар кіргей ме?
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме?
II. Салыстыру.
Тағы бір ерекшілігі Махамбет жырларының Доспамбет сарынымен үндестігі.


III. Бекіту кезеңі.
Ер Доспамбет бейнесін топтастыру арқылы шығару.
1. «Азаудың ер Доспамбет ағасы»
2. «дулыға киген» Доспамбет,
3. «туған айдай нұрланған» Доспамбет,
4. «топ бастаған» Доспамбет,
5. «тоғай қонған» Доспамбет,
6. «ару сүйген» Доспамбет
7. Азаулының Аймадет
Ер Доспамбет ағаның,
8. «астына қарт күреңді мініп»,
9. «болат қылыш асынып»
10. «күңіреніп күн түбіне жортқан»,
11. «садақ толған сайгез оқ өткеріп»,
12. «арғымақтың талдай мойнын талдырып»
жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған
«Апырым, ер Доспамбет!»

IV. Үйге тапсырма. «Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен» тақырыбында ойтолғау жазу.
V. Бағалау парағын үлестіру.






:




Бекітілді.---------------------Пән: әдебиет Күні:-----------------Сыныбы:-------------------

Сабақтың тақырыбы : Ақтамберді жырау  «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы
Сабақтың мақсаты : а) Ақтамберді жыраудың өміріне тоқтала отырып, шығармасына идеялық мазмұнына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау; ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар, слайд т.б 

Сабақтың барысы : 
• 1.Ұйымдастыру кезеңі 
• 2.Үй тапсырмасын тексеру 
• 3.Үй тапсырмасын қорыту 
• 4. Жаңа материалдарды түсіндіру 
• 5. Жаңа сабақты бекіту 
• 6. Оқушыларды бағалау 
• 7. Үйге тапсырма беру 

• Үй тапсырмасын тексеру. 
• Үйге берілген «Жыраулар поэзиясынан» түсінік айту.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жыраулар поэзиясына сұрақтар қою.
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды? XV-XVIII ғасыр
2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?
3. Жыраулар өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен?
4. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер? 
Толғау деп- өмір, тіршілІк туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз.
5. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген қандай жырауларды білесің?
6. Жыраулық өнер дала «Абызы»деп аталып, кімнен бастау алған?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. 
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. 
Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. 
Ақтамберді жырау шығармалары
Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы. 
«Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. 
Күлдір,күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.
Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. 
1. Кітаппен жұмыс. Әр топқа тексті бөліп беремін. Жыраудың өмірі мен шығармашылығынан түсінік айтады.

2. «Күлдір-күлдір кісінетіп» шығармасын оқып шығу. Талдау жұмысы.
3. Плакат қорғау. 

«Күлдір-күлдір» кісінетіп толғауын
қалай түсіндіңдер?

5. Көркемдік ерекшеліктері:
Күлдір, күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз.
Жағасы алтын, жеңі жез,
Тонды киер ме екенбіз.
Шығыршығы торғай көз,
Торды киер ме екенбіз.

Архаизмдер 
От басар орны отаудай, 
Қабырғасы халық орнаған 
жонсаудай, 
Ор қояндай қабақты, 
Қиған қамыс құлақты, 
Сары мысықтай азулы, 
Саптыаяқтай ерінді, 
Қидасын кәрі жілікті, 
Омырауы есіктей, 
Ойынды еті бесіктей, 
Табаны жалпақ тарланды 
Таңбалап мінер ме екеміз?! 
Ор қояндай жүгінтіп, 
Аш күзендей бүгілтіп, 
Жолбарыстай шұбарды 
Таңдап мінер ме екеміз?!
Теңеу, эпитет 
Білімді бекіту: Тест тапсырмалары

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына , сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ақтамберді жыраудың «Күлдір, күлдір кісінетіп» өлеңінің үйден жаттап келу.










Бекітілді---------------------Пән: әдебиет Күні:-----------------Сыныбы:-------------------

Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау. «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Өз заманында жақсы тәрбие алып, көргені, білгені көп болған, парасатына білімі сай білгір адам Шалкиіз жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге жетелеу. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл нақышын таныту.
Тәрбиелік:Оқушыларды ақын жырларының астарындағы адами қасиеттер иесі болуға ұмтылдыру, елін сүюге, ұлтын ұлықтауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
а)Доспамбет жыраудың өмір жолы туралы кеңірек түсінік алу;
ә)Ақынның жырларында көбірек айтылатын туған жері туралы деректер іздеп, табу;
б) Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге, бір - бірін тыңдауға дағдылану.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: зерттеу сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: жыраулар поэзиясы, суреттер.
Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 – 1560 жылдаршамасында өмір сүрген. Үш айлығында анасынан айырылған болашақ жырау нағашы әжесінің қолында тәрбиеленеді. Мұсылманша жақсы білім жиған, сақара салтынан тамаша тәрбие алған Шалкиіз жырау Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Жырау «Би Темірге бірінші толғауында»:

 

Сен алтынсың – мен пұлмын,

 

Сен жібексің – мен жүнмін,

 

Сен сұлтансың – мен құлмын,

 

Сен сұңқарсың – мен қумын.

 

Саған дұспан – маған жау

 

Керекті күні алдыңда

 

Ғазизлеген сұлтан жаным аяман! –

 

деп, Би Темірдің бейнесін асқақтатып көрсеткен.

 

Жырау толғауларында ерекше көтерілген тақырып – адамгершілік мәселесі. Мысалы,

 

Бір жақсымен дос болсаң –

 

Азбас-тозбас мүлкі етер.

 

Бір жаманмен дос болсаң –

 

Күндердің күні болғанда

 

Бар ғаламға күлкі етер, –

 

деп, жақсылық пен жамандықты қарама-қарсы қоя отырып, парасаттылықты, адамгершілік қасиеттерді асқақтата көрсеткен.

Шалкиіз толғауларының басты тақырыптарының бірі – ел бірлігі, ынтымағы. Жырау «Асқар, асқар, асқар тау» толғауында:

 

Малыңды бер де, басың қос,

 

Басыңды қос та, бек сыйлас,

 

Күндердің күні болғанда

 

Басың жауда қалар ма! –

 

деп, халықты береке-бірлікке, ынтымаққа шақырған.

 

Шалкиіз жырау өмір жайлы да толғанған. Өзінің «Қоғалы көлдер, қом сулар»толғауында:

Қоғалы көлдер, қом сулар

 

Кімдерге қоныс болмаған.

 

Саздауға біткен қара ағаш

 

Кімдерге сайғақ болмаған.

 

Күлелік те ойналық,

 

Киелік те ішелік

 

Мынау жалған дүние

 

Кімдерден кейін қалмаған! –

 

деп, өмірдің өтпелі екеніне пәлсапалық пайымдау жасаған.

 

Көптеген жорықтарға қатысқан Шалкиіз толғауларынан ерлік сарыны айқын көрініс тапқан. «Жалаңаш барып жауға ти, тәңірі өзі біледі, ажалымыз қайдан-дүр» деп ерліккеүгіттеген.

 Шалкиіз жыраудың артында қалған толғаулары: «Би Темірге бірінші толғау», «Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Жақсының жақсылығы сол болар», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жауынды күні көп жүрме», «Шағырмақ бұлт жай тастар», «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», «Орманбет би өлген күн», «Ер Шобан».


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына , сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Жырау толғауларынан үзінді жаттау.

































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров412
Номер материала ДВ-318928
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх