Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект по казахскому языку на тему "Жүсіп Баласағұн"

Конспект по казахскому языку на тему "Жүсіп Баласағұн"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»

Жарияланды 24-03-2013, 20:22 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сабақтың тақырыбы. Ж. Баласағұн. «Құтты білік»
Сабақтың мақсаты: Өмірінен мәлімет беру. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігін таныту. Шығармаларында көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық – эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі - өнеге ету.
Поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғындыру, үлгі - өнеге ету.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест тапсырмалары, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Пәнаралық байланыс: 1. Тіл. Түркі тілдері туралы.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІ. Жаңа сабақ: 1. Оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша Жүсіп Баласағұн туралы келтірілген мәліметтерді сұрау, оған тән негізгі ерекшеліктерді топтастыру.
Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру. Өмірбаяны
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды.
Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.

«Құтты білік» дастаны
Ж. Б. бұл дастанын хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. жазып бітірген. (18 ай бойы жазған) Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата). Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Б - ға “хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген.

Дастанның нұсқалары
Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қ - нда 1439 ж. көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қ - ндағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғ - дың 1 - жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қ - нан табылған үшінші нұсқасы 12 ғ - да араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану ин - тының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, “Құтты білік” дастанының ғыл. негізделген толық мәтінін жасап шықты.

Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 ж. “Азия” журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832 – 1913) “Құтты біліктің” бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 ж. Инсбрук қ - нда жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғыл. мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. В. Радлов (1837 – 1918) жиырма жыл бойы (1890 – 1910) үзбей айналысты. Түркия ғалымдары 1942 – 43 ж. “Құтты біліктің” үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды.

Құтты білік дастанының аудармалары
Оны Қ. Каримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады.
Дастанның жазылу тарихы
Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан - ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай - ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Ж. Б. өзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Ж. Б. дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам мүшелерінің мінез - құлқы, білім дәрежесі, ақыл - парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке баяндап шығады.
Ақын мәселені әмірші - патшаның өзінен бастайды. Ел - жұртты басқаратын адам – ақыл - парасаты ұшан - теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады.
Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық - сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады.

Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап - тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой - пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс.
“Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей - тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді.
Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік - этик. талаптар сипатталып көрсетілген.

Дастанның әр түрлі аталуы
Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул - мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул - мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі.
1. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы.
Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
2. Екіншісі, бақ - дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ - дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
3. Үшіншісі, ақыл - парасат. Ақыл - парасаттың қоғамдық - әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
4. Төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Ж. Б - ның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпы адамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ж. Б. ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің филос. түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Ж. Б - ның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған

Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Ж. Б. жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс - әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Ж. Б - дің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Ж. Б. өзінің әлеум. философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Ж. Б. өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған.

“Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т. б. мәселелерді қарастырады
Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт - берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Ж. Б. шығарм - ғына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.

“Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған.
“Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ - жауаптарынан, бір - біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаһарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу - білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім - тәрбие мәселелерін дидактикалық - филос. тұрғыдан сөз етеді.

Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру - тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс - тіршілігін, наным - сенімін, әдет - ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.

Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік"..

Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет - ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енді. Кандай да бір ұлы педагог секілді ол энциклопедист - философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы болатын.
Ойшыл ғалымның айтуынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарама - қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар:
• біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;
• екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;
• үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
• төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;
• бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.
"Тіл өнерінің қасиет - сипаты мен пайда зияны" айтылатын тарауын да егжей - тегжейлі қозғалған. Халықтық тәрбие дәстүрлерін жетік білгені Баласағұнға мінез - құлық ережелерін жүйелеуге жәрдемдесті.

Практикалық кезең. Топтық жұмыстар. І топ.

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық - біір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі - ашу,, оған егіз надандық.
Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,
Олар жұқса, азғаны тек қаныңның,- деген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды топтастыр. Ғұламаның айтпақ ойы қандай, түсіндір.

Адамгершілік, асыл қасиеттер
Жағымсыз қылықтар

2 - топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын анықтап, түсіндір. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақта.
Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
Бір достық бар Тәңірді алған араға,
Болмайды онда қалтарыс та, нала да.
Тағы бірі тек пайда үшін достасар
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.
Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,
Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.
Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,
Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.
Егер пайда үшін дос боп табысса,
Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.
Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,
Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.
Дос, туыс сол қуанышта қуанар,
Қайғы келсе, қасында боп уатар.

ІІІ топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларына анықтама беру.
Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.

Тіл - арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!
Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ер
Құлақ салып, амал қылып, есті елер.

«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,
Бас кесілмес үшін тілді кесемін.
Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»
Қорытынды. 1. «Хас Хажып « атағының мағынасы не? (“бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші”).
2. «Құтты білік» дастанының маңызы қандай? (дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Ж. Б. дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам мүшелерінің мінез - құлқы, білім дәрежесі, ақыл - парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке баяндап шығады).
3. “Құтты білік” дастаны қанша бәйіттен тұрады?( 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады).
4. Дастанда қанша өлең жолы бар? (13040 өлең жолы бар)
5. Неше тарауға бөлініп берілген? (85 тарауға бөлініп берілген)
6. Дастанның кіріспесі, негізгі бөлімдері қандай сөзбен жазылған? (қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған).
7. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы не? (адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету).
8. Дастанның басты идеясы неше принципке негізделген? ( төрт принципке негізделген). Біріншісі, әділ заңның болуы, екіншісі, бақ - дәулет, үшіншісі, ақыл - парасат, төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі.
9. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде кімді көрсетеді? (Күнтуды патшаны көрсетеді)
10. Бақ - дәулет мәселесі кімнің бейнесі арқылы жырға қосылған? (патшаның уәзірі Айтолды бейнесі )
11.. Ақыл - парасаттың бейнесі кім арқылы сомдалған? (Ұғдүлміш бейнесінде жырланады).
12. Қанағат - ынсап мәселесінің бейнесі кім арқылы әңгіме болады? (. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады).
13. Дастан қандай тілдерге аударылған? Оны Қ. Каримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады.
14. Ж. Б. бұл дастанын қайжылы, қанша айдажазып бітірген? ( хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. 18 ай бойы жазған)
15. Кімге тарту еткен? ( “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата).
16. Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Б - ға қандай атақберілген? (“хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген).
17. Жүсіптің әкесі қандай адам болған?( ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен)
18.. Жүсіп әккесімен бірге қайда қызмет еткен?( хан сарайында қызмет еткен)
19. Осында жүріп қандай білім алған? (қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды)
20. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды кім ретінде танылған? ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған.)
21. Қандай ғылым салаларына үлесін қосқан?( Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан).
22. “Құтты білікте” елшіге қандай талаптар қойылған?( Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді).
23. Дастанның қандай атауларын білесіңдер? (Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул - мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул - мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім.
24. Дастанның көне қолжазбасын тапқан ғалым кім? ( табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 ж. “Азия” журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді).
25. Неміс тіліне кім тәржімалаған?( Венгер ғалымы Германи Вамбери 1832 – 1913)
Үйге тапсырма. Дастаннан әр түрлі үзінділер жаттау. Абай өлеңдерімен үндестігін анықтау, салыстыру

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Жүсіп Баласағұнқазақ тілікөркем сөзҚұтты білікЖариялаған Бек   Оқылды: 14782 (рет)   |   Пікірлер: 0   Баспаға шығару    

Басқа жаңалықтарды оқу:



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров109
Номер материала ДВ-312807
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх