Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / КОНСПЕКТ ПО ЛИТЕРАТУРЕ НА ТЕМУ БАТЫР БАЯН

КОНСПЕКТ ПО ЛИТЕРАТУРЕ НА ТЕМУ БАТЫР БАЯН


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Мағжан Жұмабаев туралы білімдерін кеңейту. Поэманы жан-жақты талдау, тарихи мәліметтер беру. Сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашу;
ә) Дамытушылық: Поэма мазмұнын талдау арқылы іскерлік дағдыларын дамыту. Топпен жұмыс жасау қабілетін арттыру, өзіндік көзқарасын дәлелдеуге, талдап түйіндеуге, өз пікірлерін қорғай білуге үйрету;
б) Тәрбиелік: Еліне, жеріне, отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, ақыл - ой, адамгершілік, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлаудың «Алты қалпағы», топпен жұмыс, Венн диаграммасы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, интерактивті тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу;
ә) Сыныптағы оқушыларды түгендеу;
б) Оқушылар зейінін сабаққа аудару;

ІІ. Үй жұмысын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі, «Батыр Баян» поэмасын оқып келу.
- Топқа бөлу. Қалпақ ішінен түрлі - түсті қағаздарды таңдап алу арқылы топқа бөлу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Кәне, балалар, үйге берілген тапсырманы оқып келген болсаңыздар бүгінгі екінші сағатында поэмаға жан - жақты талдау жүргізіп көрейік. Ол үшін тақтаға назар аударайық.
Қызығушылықты ояту. «Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсету
Сұрақ - жауап:
М: Балалар, бұл фильмнен қандай әсер алдыңдар?
О: Туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілікті аңғардық.
М: Ендеше, бұл поэманы «Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен жан - жақты талдап, әртүрлі қырынан қарап көрейік.
М: Алдымен әр топтың орындайтын тапсырмаларын таныстырып өтейін.
І топ Ақ қалпақ - сіздер поэмадағы Баянның жағымды ісін сөз етесіздер.
ІІ топ Қара қалпақ - поэмадағы теріс, жағымсыз іс - әрекеттерді баяндайсыздар.
ІІІ топ Қызыл қалпақ - поэмадан алған әсерлеріңізді, сезімдеріңізді жеткізесіздер.
ІV топ Жасыл қалпақ - поэманың басқа пәндермен байланысы.
V топ Сары қалпақ - поэмаға композициялық талдау жасайсыздар.
VI топ Көк қалпақ - поэмада бір кейіпкерге өлең арнау немесе хат, эссе жазу.
М: Фильмнен үзінді көріп, поэма мазмұнымен таныс болғандықтан талдау жасайық.

І топ «Ақ қалпақтылар»
Біз поэмадағы оң іс - әрекеттерге Баянның жағымды ісіне оның еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін жатқыздық. Себебі: Баян етігімен су кешкен, еңку - еңку жер шалған елінің батыры, жерінің еркесі. Қазақта талай батырлар болғанымен Баянның орны ерекше. Ол туған елі үшін өзін де құрбан етеді. Өзінің отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ту еткен батыр, өз бауырын еліне жасаған сатқындығы үшін ашу үстінде құрбан етеді. Өз мүддесінен гөрі ел мүддесін жоғары қойған батыр інісінің өлімінен кейін психологиялық күйзеліске түседі.

ІІ топ «Қара қалпақтылар»
Біз бұл поэмадағы жағымсыз іс - әрекетке батырдың жаугершілікте алып келген қалмақ қызына батырдың қандай сезімде болғаны айтылады.
Ер Баян жас сұлуды алып келді,
Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген,
Қан жауып екі көзін қандыбалақ
Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген.
Марал бар оққа ұшпайтын, тым сақ бірақ,
Кезінде кез келсе де қандай мерген.
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,
Ер Баян қарындас қып ерік береген.
Алайда ар алысқан жүрегімен
Теңізде алысқандай күшті сеңмен...
Осылай іштен күйген Батыр Баян - деп, поэмада айтылады. Міне, осы жолдардан - ақ батырдың жат аруға қандай сезімде болғанын аңғаруға болады.
Тартқанда сынбадың - ау, сұм садағым!
Қайтейін, арымадың арда күшім!
Жоқ әлде, жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін,- дейді, біз бұл жолдардан батырдың сезім бұғауынан босанып, өз іс - әрекетіне себеп іздеп інімді елдің намысы үшін өлтірдім деп айтқанынан көруге болады. Батыр ашуға бой алдырмағанда ондай қадамға бармас еді.


Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров64
Номер материала ДВ-384348
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх