Инфоурок / Математика / Конспекты / Конспект по математике "Квадрат үшмүше" 8-сынып

Конспект по математике "Квадрат үшмүше" 8-сынып

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Cыныбы 8

Күні: 06.02.2016 ж

Бекітілді:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат үшмүше.Квадрат үшмүшенің түбірі.

Мақсаты

Квадрат үшмүше және оның түбірлерін табу жолдарын үйрету.

Күтілетін нәтиже

А. Квадрат үшмүшенің анықтамасын біледі.

В. Квадрат үшмүшенің түбірлерін таба алады.

С.Квадрат үшмүшені жіктеу әдісін есептер шығаруда қолданады.

Керекті жабдықтар

Презентация, интернет материалдары, интеллект карта

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

- оқушылармен амандасу;

-танысу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

А) сынып оқушыларын топқа бөлу, сыныптың психологиялық ахуалын жақсарту. Асықтың суретіндегі сөзбен.

Асықтың суреті бар карточкаларды оқушылар алады.

-Әр карточкада «Асығың алшысынан түссін» деген жазу бар, бүгінгі сабақтың сәтті өтуіне тілектеспін.

Әр суреттің артында ах2, вх, с және 0 бірмүшелер жазылған. Оқушылар топтасады.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

Асықтың суреттерін алады.

Артындағы өрнектер арқылы топқа бөлінеді.

Әр суреттің артындағы бірмүшелерді қолданып топтасады.



Тұсаукесер





2.Ой қозғау сұрақтары.

Әр топ «бірінші коэффициент», «екінші коэффициент» , «бос мүше» және «нөл» болады.

Топ-топқа бөлініп отырғаннан кейін тақырыпты ашу үшін «Кір жаятын жіп» әдісін қолданамын.

Ол үшін жауаптар жазылған карточкалар оқушыларға үлестіріледі.

Сұрақтың жауабына сай жіпке іледі. Екінші жағында әріптер жазылған. Жайылған әріптерден «Квадрат үшмүше» сөзі шығады.

1. ах2+bx+c теңдеуіндегі х1, х2 шешімін басқаша қалай атаймыз? (түбір)

2ах2+bx+c теңдеуіндегі с коэффициентін басқаша қалай атаймыз? (бос мүше)

3.Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек (дискриминант)

4.x2-7x+12=0 теңдеуінің мәндері? (3 пен 4)

5.2х2-8=0 неше түбірі бар? (екеу)

6.Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең-деген кімнің теоремасы? (Виет)

7. 2х2+3х-4=0 теңдеуіндегі бірінші коэффициент? 2

8. 5х2=0 теңдеуін қалай атаймыз? Толымсыз квадрат теңдеу.

9. х2+7х+8=0 теңдеуінің түрін атаңыз? Келтірілген квадрат теңдеу

10. х2-5х+6=0 теңдеуінің түбірлерінатаңыздар. 2 мен 3

11. х2=4 түбірлерін атаңыздар -2 мен 2

12. х2+х+7=0 теңдеуінің неше түбірі бар? Түбірі жоқ.

13. х2-4х+4=0 теңдеуінің неше түбірі бар? Бір


Топ-топқа бөлінеді. Сұрақтарға жауап береді.Оқушылар сұрақтың жауабын тақтадағы жіпке іледі. Жауаптарын іліп болған соң жаңа тақырыптың атауын табады.

Тақырыпты ашқан соң сабақтың табыс критерийін алады.

Бағалау парақтарын алады. Сабақтың әр бөліміне өз-өздерін бағалау үшін ұпай санын береді.


Негізгі бөлім


«Квадрат үшмүше» жаңа тақырыбы ашылды.

Тақтада жаңа тақырып жазылады.

Квадрат теңдеу жазылады. =0 кетіріп тастаймын.

Сонда не шықты?

ах2+вх+с , а≠0 түріндегі көпмүше квадраттық үшмүше деп аталады. Мұндағы х –айнымалы, а,в,с –сандар. Айнымалының квадраттық үшмүшені 0-ге айналдыратын мәні квадраттық үшмүшенің түбірі деп аталады.

а=1 болса онда квадрат үшмүше келтірілген квадрат үшмүше деп аталады.

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу жолдарын қарастырайық

hello_html_74346a3b.gifhello_html_123df5d2.gifhello_html_5da66a1.gifhello_html_m2df47aa7.gif



hello_html_m2db6a66d.gif


Топтау тәсілімен екімүше квадратын

виет бөліп алу

теоремасы

дискриминант

ах2+вх+с=а(х-х1)(х-х2) х2+pх+q=(х-х1)(х-х2)

Интеллект карта жасау.

Әр топқа тапсырма беріледі.

Топ мүшелері тапсырманы флипчартқа орындап, тақтада қорғайды.

Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды, қалған екі топ бағалайды.

Интеллект картаны бағалау критерийі:

1.Шығармашылығы;

2. Безендірілуі;

3. Тапсырманы дұрыс орындауы;

4. Сөйлеу мәнері.

Жаңа тақырыпты пысықтау.

Есептер шығару оқулық бойынша

326 №329

І топ ІІ топ ІІІ топ ІҮ топ

(х+6)(х-8) (5х+14)(х-8) (2х-3)(х-2) (4х-7)(х-1)

(х-1)(2х-3) (3х-5)(х-1) (х+11)(х-2) (5х+2)(х+1)

(3х-1)(х-3) (6х-1)2 (х+6)(х-14) (2х-5)(х-1)

(4х+3)(х+1) (х+8)(х-7) (х+7)(х-8) (5х-16)(х-4)

СЕРГІТУ СӘТІ «МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕР АЙТУ.

Тақтада күннің жады жазылады.

Дәптерлеріне күннің жадын жазып, жаңа тақырыпты жазады.

-Көпмүше.

Оқушылар квадрат үшмүшенің анықтамасын айтады. Квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу жолдарымен танысады.



Анықтамаларды жазады.

Мақалдағы жоғалған сөзді тауып,теңдеу құрып жазыңыздар және квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеңдер.

1 топ.

Он рет айтқаннан, бір рет көрсеткен артық. х2-11х+10

2 топ

Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» х2-10х+24

3 топ.

Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» х2-1001х+1000

4 топ

Жеті рет өлшеп бір рет кес»

х2-8х+7



Есептерді жұптасып, үштік болып шығарады.

Тақтада «Брейнраитинг» әдісі арқылы шығарады.


Қоржыннан асық суырады. Шыққан санға орай мақал айту керек

Жүз сом ақшаң болғанша жүз досың болсын

Бір ауызға екі елі қақпақ.

Досыңды үш күн сынама үш жыл сына.

Жігітке жеті өнерде аз ,т.б.

Қорытынды





Қорытынды «Бесжол өлең» немесе «синквейн» әдісі арқылы

Не? Квадрат үшмүше

Қандай ? үшмүше,

Не істеді? жіктеледі, топталады

Сөйлем Квадрат үшмүше көбейткіштерге жіктеледі.

Синоним . Квадрат теңдеу.

Рефлексия. Плюс-Минус-Қызық

Өзін-өзі бағалау.

Үйге тапсырма № 329 №341

Оқушылар бес жолды өлең құрастырып жазады.

Әр оқушы өзінің жазғанын оқиды.

Плюс-минус-қызық кестесін толытрады.

Бағалау критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

Сабақтың талдауы



Сабақ бойынша өзгертулер







Батыс Қазақстан облысы ,Тасқала ауданы, ЖОББ Шежін мектеп-балабақшасының үшінші деңгейлі сертификатталған матемтаика пәнінің мұғалімі Ахметова Самал Бақытжанқызы

Общая информация

Номер материала: ДВ-573127

Похожие материалы