Ж.Қыдыров
атындағы №54 орта мектебі
Рационал сандарды салыстыру
Математика
6 сынып
Тлеубекова
Күнсұлу математика пәні мұғалімі
Бесарық ауылы 2014 ж
Математика 6
сынып
Пән
мұғалімі: Тлеубекова Күнсұлу
Сабақтың
тақырыбы: Рационал сандарды
салыстыру. Сілтеме:
Т.А. Алдамұратова Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған
оқулық.
3-басылымы. – Алматы: Атамұра, 2011.
Сабақтың
жалпы мақсаты:
білімділік:оқушыларға
рационал сандарды салыстыруды түсіндіру;
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, өз
бетінше жұмысты ұйымдастыра отырып .
салыстыру, заңдылықты табу, жалпылау, зерттеу қабілеттерін дамыту
тәрбиелік:
оқушыларды ұқыптылыққа, топтық қарым-қатынас тәртібіне қалыптастыру, сабақты ынта
қойып тыңдауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:
Ø
Рационал
сандарды салыстыруды біледі;
Ø
Координаталық
түзуде рационал сандарды қалай салыстыруды біледі;
Ø
Оқушылар
рационал сандарды салыстыру ережелерін есептер шығаруда тиімді пайдалануға
дағдыланады;
Дереккөздер және жабдықтар: Тақта,слайд-тапсырмалар,
оқулық, жазба дәптерлері, плакат-парақшалар, фишкалар, маркер-қаламдар т.б.
Тапсырмалар:
1) Топтық
жұмыс: «Ойлан, жұптас, бірік» әдісі
2) Жұптық
жұмыс: «Мен саған, сен маған» әдісі
3)
Жеке жұмыс: оқулықпен
жұмыс
Жеке
жұмыс: «Логикаң қандай?»
әдісі
4)
Үйге тапсырма: № 388
5)
Рефлексия
Сабақ бойынша
мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру: а) оқушыларды
түгелдеу, геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу; ( 3 минут)
І Топтық жұмыс:
«Ойлан, жұптас, бірік» әдісі (10 минут)
Бағалауы: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы
Ø Тақырыпты
нақты, дұрыс жеткізу;
Ø Тапсырмаларды
дұрыс, тиянақты орындау;
Ø Уақытты
тиімді пайдалану;
1-топтың тапсырмасы. Координаталық
түзу бойында оң сандар нөл санының және теріс сандардың оң жағындағы
нүктелермен кескінделеді. Мысалы, А(2) нүктесі О(0) және В(-4) нүктелерінің оң
жағында. Демек, 2 >0. 2>-4.
В
С О А Д
-5 -4 -3 0
1 2 3 4,5
Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез
келген теріс саннан үлкен.
Мысалы: 3 > 0, 1 > -5, 1/3 >0.
0.7 > -8
2-топтың тапсырмасы. Координаталық
түзу бойында таріс сандар нөл санының және оң сандардың сол жағындағы
нүктелермен кескінделеді. Мысалы, С(-3) нүктесі О(0) және D(4,5) нүктелерінің
сол жағында. Демек,-3<0; -3<4,5.
Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез
келген оң саннан кіші
Мысалы, -4 < 0; -5 < 1; -2 < 0,5;
-1 <
Рационал сандарды салыстыруды
пайдаланғанда:
1.егер
"а-оң сан " болса,
ол жалпы түрде былай жазылады:а>0
2.егер
" в-теріс сан "
болса,ол жалпы түрде былай жазылады: в<0
3-топтың тапсырмасы. Кеше ауаның
температурасы -2°С, ал бүгін ауаның температурасы төмендеп, -5°С болды.
Онда -2 саны -5 санынан үлкен. Жазылуы: -2 > -5
Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен. ІІ.
Жұптық жұмыс: «Мен саған, сен маған» (10 минут)
Бағалауы: өзара
бағалау, топта қорытынды шығару №383.
Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңдар.
1) 4; -7; 8; -1; 2) ; 2 ; ; 3) 8,1; -3,7; -9,8
№385. 1) Сандарды өсу ретімен жазыңдар: ; 1,7; -8; 9,5; -4.
2) Сандарды кему ретімен жазыңдар: 3,5;
-4,1;
Сергіту сәті: (2 минут)
III. Жеке жұмыс:
оқулықпен жұмыс (15 минут) Бағалауы:
«Өзін-өзі» бағалайды.
№386. Мына сандарды салыстырып,
нәтижесін > немесе < белгілері арқылы
жазыңдар: 1) 8,7 мен 7,8 2) -4,1
мен 2 3) 2,9 бен -920 4) -6 мен -11 5) -18 бен -1,8 6)
-100 бен 0
№387. Температураны салыстырып,
кестені толтырыңдар
Температура,
°С
|
3 пен
-4
|
-7,5
пен -1
|
0 мен
-2
|
5 пен
-3
|
0 мен
8
|
Теңсіздік
|
|
|
|
|
|
Жеке жұмыс «Логикаң
қандай?»
әдісі
№390 Координаталық
түзудегі кескіндері бойынша х пен у сандарының модульдерін салыстырыңдар.
1)
3)
х у 0
у 0 х
2)
4)
0 х
у х 0
у
IV . Үйге тапсырма: №388.
Ережелерді жаттау (2
минут)
V. Рефлексия: (3 минут)
Сабақтағы
жұмыстарыңызға рахмет!
Оқушылар ББҮ бағалау парағына өз
сұрақтарын жазады
(балалардың сабақты қорытындылауы,
талдауы)
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.