Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Конспект по рисованию Натюрморт

Конспект по рисованию Натюрморт


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Бейнелеу 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жансыз заттарды бейнелеуге машықтандыру. Бір бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру, өзін - өзі сынай қарауға дағдыландыру, оқушылардың өзін - өзі тексеру, оқушылардың бірін - бірі тексеруі, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа ұқыптылыққа, сауатты сурет салуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Білімді іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ - жауап, ассоциация
Көрнекілігі: Түрлі қарындаштар, өшіргіш, қағаз көркем суретті альбомдар, акварель, гуашь, қылқалам түрлері, дидактикалық құралдар және алма, плакаттар, оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сергіту кезеңі
5. Тапсырмаларды орындау.
6. Сабақты бекіту.
7. Бағалау
1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып тазалығына қарау
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге жылы түстерге арналған сурет салып келуге берген.
Балалар, менің суретімде барлығы анық салынған, бояулы, қанық, сурет таза, өшірілген жер аз. Мен суретімді өте жақсы деп бағалаймын да жоғарыға ілемін.
Суреттеріңе жақсылап қарап алыңдар да қандай дәрежеге сәйкес сол тұсқа іліп, өздеріңді бағалай қойыңдар.
Өте жақсылар іледі.
Жасыл - 5
Қызыл - 4
Сары - 3
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Теориялық бөлімі
Білімді іскерлікті қалыптастыруға арналған жаттығуды бекіту.
Балалар сабағымызды «Ребус» арқылы бастаймыз. Оқушыларға суреттер көрсетіледі.
Жауабы: Натюрморт деген сөз шықты. Бүгінгі біздің отетін тақырыбымыз Натюрморт барлығымыз дәптерімізді ашып сабақтың тақырыбын жазайық.
«Натюрморт» — «мертвая натура» деп француз сөзінен аударған қозғалмайтын жаратылысты немесе жансыз заттарды бейнелеуді айтамыз.

Натюрморт жеке жанр болып бірден қалыптасқан жоқ, яғни суретшілер тек жансыз денелерден ғана тұратын картиналарды бірден жаза бастамаған. Жансыз заттардың неғұрлым шыншыл бейнелері Грекия мен Римде ерте замандарда пайда болды. Ежелгі римдік Помпей қаласына қазба жұмыстарын жүргізгенде адамдар тұтынған тұрмыстық заттардың алғашқы бейнелері табылған. Ғалымдар бұл қабырға өрнектерін біздің дәуіріміздің I ғасырына жатқызады. Суретшілер құдайлар мен ауқатты адамдардың думандарын храмдар мен сарайлардың қабырғаларына бейнелеген кезде тұрмыстық бұйымдарды да жаза бастаған. Бірақ олар әлі «натюрморт» деп аталмаған және мозаикалар мен фрескалардағы (қабырғаның кеппеген сылағына ойып орындалатын суреттер) бейнелердің негізгі бөлігіне айналмаған. Заттар адам тұрмысының ажырамас бөлігі ретінде суретшілердің назарынан тыс қалмасы белгілі еді.


Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров124
Номер материала ДВ-289379
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх