Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект по самопазнанию на тему «Мейірімділік-асыл қасиет» (3 класс)

Конспект по самопазнанию на тему «Мейірімділік-асыл қасиет» (3 класс)

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: КММ №74 ЖББОМ

Мерзiм: 12.02

Тақырып: «Мейірімділік-асыл қасиет»

Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет

Қасиеттер: тек жақсы және қажет заттарды айту, мейірімділік, мейірімді сөздер айту.

Мұғалiм: Шарипова Гульмира Какешовна

Сынып: 3 сынып

Оқушылар саны: 18

Сабақ мақсаты: Оқушыларға мейірімділік туралы түсінік бере отырып, олардың ақиқатты ажырата білуге, дұрыс іс-әрекет дағдыларын игерту.

Міндеттері:

-          Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-          Оқушыларды тек мейірімділік қасиеттерін айту дағдыларын дамыту;

-          Оқушыларды мейірімділікке және жақсы сөздер айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,суреттер,түрлі-түсті қағаздар,слайд

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақ қою:

1.      Тыныштық сәті қалай әсер етті?

2.      Тыныштық сәті туралы өз ойларыңыз?

Түйіндеме: Ал, балалар, осы тыныштық сәті арқылы өзімізді  жақсы көңіл-күймен сабаққа дайындайық.

2.      Үй тапсырмасын тексеру

Әңгіме    «Сары тауық пен балапандары»

                                       М.Төрежанов

Сұрақтар қою:

1.      Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттергебаулыды?

2.      «Күн ашалып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінеміз?

3.      Сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

Ой түйіндеу:

-Анамыз айтқан ақылға сүйене отырып, өмірімізде дұрыс іс-әрекет жасау керек! Яғни мейірімді бола білуіміз керек.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен»

 Халық даналығы.

Сұрақ қою:

1.Балалар, мейірімділік дегенді қалай түсінеміз?

2.Неге мейірімді болу керек?

 3.Сендердің ойларыңша, мейірімділікке қалай қол жеткізуге болады?

Ой түйін:
 -Сонымен балалар, адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

 

 

 4. Әңгiмелеу (мұғалім сыйы)

СЕРГІТУ СӘТІ.

 

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныпты   3 топқа бөлеміз:/түстер арқылы/

Әр топ гүл жасайды.

І топ:Сол гүлге аналарынан естіген мейірім сөздерін жазады.

ІІ топ: Мейірімді істерді жазады.

ІІІ топ: Мейірімді адамның қасиеттерін жазады.

Дәптермен жұмыс жасау.

Сұрақ қою:

-Берілген тапсырмалар ұнады ма? Кім ойымен бөліскісі келеді?

-Қай топ үлгермей қалды?

Ой түйін:

Сүйіспеншілік – адамдарды дұрыс іс-әрекетке жасауға алып әкеледі. Ақиқатты тану арқылы біз мейірімділік жасай алуымыз керек. Мейірімділік жасау адамдарды қуанышқа бөлеп, мақсат-мұраттарына жеткізеді.

 

6.      Топпен ән айту.

Ақ мамам.

1.Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың

Аман сау жүр ақ мамам.

Қ-сы:

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейірі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

2.Өзің маған мият күн

Мен деп таңым жиі атты.

Ақ мамамның айғайы,

«Айналайын» сияқты.

Сұрақ қою:

1.Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған?

2.Бұл әнді тыңдау арқылы қандай дұрыс әрекет жасау керек?

Әнді қорытындылау.

Қорытындылай келе, бұл ән бізді анамыздың мейірімділігін білуге шақырады. Біз дұрыс әрекет жасау арқылы мейірімділікке үйренеміз.

 

7.      Үй тапсырмасы.

1.108-беттегі №26 сабақтың Е. Көсеоғлұның «Жан ана» әңгімесін үйге оқуға беру.

2. Топтық жұмысты сыныпта аяқтамаған оқушылар үйде орындайды.

 

8.      Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныс алу.

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады.

Ендеше, балалар бүгінгі өткен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбынан тек жақсы және мейірімді адамның қарапайымдылық, шындықты айту қасиеттерін бойларыңа сіңіре біліңдер!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по самопазнанию на тему «Мейірімділік-асыл қасиет» (3 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

3 сынып бойынша өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтың жоспарында оқушылар мейірімділікпен 5 құндылықты ашады . Олар мейірімділік деген сөздің мағынасына терең үңіле білді. Түсініктерін топта талқылып, өазіргі заманда адамдарға осы мейірімділік жетіспейтінін де айтып өтті. Формативті бағалауды ұтымды пайдалана біледі . Сабақ өте қызықты , тартымды өтті. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып, жаңа формада берілген сабақты меңгерді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 048 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2015 624
    • DOCX 24.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шарипова Гульмира Какешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шарипова Гульмира Какешовна
    Шарипова Гульмира Какешовна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2328
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе