Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект по самопознанию на тему " Ар намыс керек адамға"

Конспект по самопознанию на тему " Ар намыс керек адамға"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Мектебі: Үстірт орта мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Ар-намыс керек адамға

Сыныбы: 9 «б» сынып

Пән мұғалімі: Н.Уразниязова

Мақсаты: Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;

  • Адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балалардың көңіл күйін көтеру, ынтасын арттыру және сабаққа әзірлеу мақсатында Б.Үсенбаевтың «Намыс» әнін қосылып айтып, шаттық шеңберін өткізеді.

Намыс

Б.Үсенбаев

Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс-тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады:

Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіз?

Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?

«Ар-намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіз?

Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдайсыз?

Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?

Мұғалім адамның ар-намысы, ұяты туралы түсіндіріп, балалардың жауаптарын түйіндейді.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім айтылған ойларды бекіте түсу үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен берілген А.Құнанбаевтың «Жиырма алтыншы сөз» атты қара сөзін оқып, сұрақтар арқылы талдау барысында адамдардың «ұялмас нәрседен ұялғанды-ақымақтық, жамандық дейді» деген сөздерге оқушылардың көңілін айдартады.

Отыз алтыншы сөз

(Үзінді)

Абай

Жағдаяттарды талдау

Жағдаяттарды талдаудың мақсаты оқушылардың өзін қоршаған адамдардың көңіл күйіне аса көңіл бөліп, кейіпкерлер арасында туындаған жағдаятты шешу балалардың өз еркіне беріледі. Оқушылар кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді анықтап, осы жағдайдың алдын алу жолдарын белгілеуге мүмкіндік алады.


Дәйексөз

Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

«Малым- жанымның садағасы,

Жаным- арымның садағасы».

Халық мақалы

Мақал сөздің тағылымын түсіндіру арқылы мұғалім өмірде соның ішінде халқымызда ар-ұяттың маңыздылығына ерекше мән береді.

Жаңа ақпарат

Оқулықтағы жаңа ақпарат балалардың ар, ұят туралы білімдерін бекіту мақсатында берілген. Мұғалім жаңа ақпаратты оқи отырып, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдік жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиет екенін оқушыларға аңғартады.

Ар - әр адамның өз өмірінде, қоғамда, жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы ұғынуын, өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиеті. Адам бойындағы ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін және оның әдептілік нормаларын сақтап, одан аспауына, іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға беруімен байланысты туындайтын қасиет. Ар-ұят адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен көрінеді.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, кісілігі оның адамдық ар-намысты ардақтауынан, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылуынан байқалады.

Арлы адам - ардақты және басқаларға қашан да үлгі - өнеге.

Тапсырма

Берілген мәтінді оқыңыз. Мәтінде айтылған «Өлімнен ұят күшті», «Өлімнен намыс жоғары» деген сөздерді талдап, түсіндіріп беріңіз.

Дәйексөз

Мұғалім «Ұят-ар сақтайды, арлыны ел мақтайды» деген халық мақалын дәйексөз ретінде қолданып, оқушылардың бойында ұят-ардың қалыптасуын, намысты ояту қажеттілігін түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың түйген ойларын оқулықтағы берілген «Балқар аңызы» аңыз әңгімесімен жалғастырады. Аңыз әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім отбасының сыйластығы, жарасымы, татулығы болуы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады. Мәтіндегі «Байлығымды, дүние-мүлкімді алып кете бер. Бізге тек абырой, намысты Қалдырсаңыз болғаны»,- деген сөзімен оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.

Балқар аңызы

Назар аударыңыз

Мәтінде айтылған ойды түйіндеу үшін мұғалім оқушылар назарына оқулықта берілген «Назар аударыңыз» әдіс-тәсілін оқуды ұсынады.

Л.Хочиева

Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін құрмет тұтып, патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.


Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Берілген нақыл сөздерді оқыңыз. өзіңізге ұнағанын таңдап, түсіндіріп беріңіз.

Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап, мақалдарды өздері түсіндіріп береді. Оқулықтағы берілген мақалдар ұятты, арды, намысты анықтауына көмектеседі. Нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың жеке тұлғалық қасиеті арта түседі.

Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

Халық нақылы

Ар-намысыңның пәктігі –

Жан-дүниенің шаттығы.

Мұзафар Әлімбаев

Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді,

Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді.


Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар,

Намысы жоқ жігіттің намыспенен несі бар?

Халық нақылы

Жүректен жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін «Намыс» өлеңін айтуға жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.

Намыс

А.Калетаев






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров156
Номер материала ДВ-314599
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх