Инфоурок Другое КонспектыКонспект по самопознанию на тему "Өмір, қымбатсын маған""

Конспект по самопознанию на тему "Өмір, қымбатсын маған""

Скачать материал

Өзін- өзі тану 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған!

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, қарапайымдылық.

Мұғалiм: Cарсенгалиева Гулбарам Нурланбековна

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірдің қымбаттылығын ақиқат ұғымы негізінде ұғындыру.

Міндеттері:

-шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

-адамдардың бір – бірімен қарапайымдылық арқылы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-әрқашанда адал  болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(оқулық, жұмыс дәптері, аудиожазба, бейнеклип,өлеңнің сөзі)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.Сәлемдесу.

 Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2. Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру.

          25- сабақ, Ш. Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап - қарадан»    

                         атты өлеңін оқып келу.

 

-          Өмір неден тұрады?

-          Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?

-          Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

-           Өлең мазмұнында шындық туралы не айтылған?

-        

Сабақ барысын талқылау:

 

«Хрустальная грусть» әуені

 

   

    Дәйек сөз.

Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,

Шындықтың уын ішіп өлген артық.

Бауыржан Момышұлы

 

Неліктен шындықты айту соншалықты маңызды?

2-рет ұлдарға, 2-рет қыздарға айтқызу, сосын барлығы қосылып айтады. Дәйек сөзді дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

 

  1. Әңгiмелеу(Мұғалімнің сыйы)

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-"Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін" деп қолындағы жұлдызды теңізге лақтырып жіберіпті.

Сұрақтар:

-  Баланың жасап жатқаны туралы не айтасыңдар?

-  Баланың жасаған ісінің қандай мәні бар? 

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар 3 топқа бөлініп, "Өмірдің мәні неде" деген тақырыпта коллаж құрастыру.

«Менің түсінігімдегі ақиқат»  тақырыбына төмендегі берілген тірек сөздерді қолдану арқылы әңгіме құрастыру:

Ар – намыс.

Шындық.

Адалдық.

Уәде.

Азаматтық.

Жақсылық.

Қымбат өмір.

Абырой.

Кеңпейілділік.

Ақкөңілділік.

 

  1. Топпен ән айту.

ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА

Сөзі: Серік СЕЙІТМАН

Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

 

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

 

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

 

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өмірңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

 

 

  1. Үй тапсырмасы.

Дәптердегі 25 – сабақ, 47 беттегі 1 – тапсырма.

26 – сабақ. "Қызыққа толы  қас қағым" (оқып, сұрақтарға жауап беру)

 

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық  жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық.

     Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по самопознанию на тему "Өмір, қымбатсын маған"""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.05.2016 682
    • DOCX 21.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенгалиева Гулбарам Нурланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3775
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе