Инфоурок Дошкольное образование КонспектыКонспект по самопознанию в старшей группе

Конспект по самопознанию в старшей группе

Скачать материал

 

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№57 «Ақбота» балабақшасының

І-санатты

Өзін-өзі тану маманы:

Избасарова Райхан Аманкосовна

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік әлемінде»

Сабақтың мақсаты:

Балалардың «Әдеп», «Әдептілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Өз халқының әдептілік туралы нақыл сөздерін,мақалдарын үйрету арқылы адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Ұнамсыз қылықтарды айыра отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту.Әдептілік,ұқыптылық,достық ,сыйластық құндылықтарды  бала бойында дамыту.

Сабақтың міндеттері:

-әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;

-жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

-әдептілікке ,сыпайылыққа,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын: «Сиқырлы сөздер», «Әдептілік», «Сыйластық» туралы тақпақтар,мақалдар,кейіпкерлер арқылы көрсету, Сергіту сәті: «Дос болайық бәріміз».ән: «Мен әдепті баламын».

Керекті  құралдар:

үнтаспа, орман декорациясы:ағаштардың бұтағы,саңырауқұлақтар,гүлдер,балаларға аңдардың киімдері,ойынға ағаш сұлбасы,ағашқа жабыстырмалы жемістер,видео слайд «әдептілік» туралы; сыйлыққа кітапша;

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін бізге көп қонақтар келген екен ,бәріміз қонақтармен амандасайық!

Балалар:

-Сәламатсыздар ма,қонақтар!

Армысың ,Алтын күн

Армысың,Жер Ана!

Армысыздар,қонақтар!

Армысыңдар,достарым!

 Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін біздер «Әдептілік әлемінде» тақырыбында әңгімелесетін боламыз. Әңгімелесу арқылы  адамның жақсы қасиеттерінің бірі-әдептілік туралы,оның ішінде ұқыптылық ,тілалғыштық жайында тереңірек білетін боламыз.Келіңдер ,балалар шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз»

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз «Біз».

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

-Көп рахмет сендерге, балалар!Орындарымызға жайғасайық.

(Балалар әдемі әуенмен көрпешелеріне отырады)

Әңгімелесу.

- Балалар ,сендер әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар:

-Әдептілік деген-сыпайы сөйлеу,таза жүру,үлкендерді сыйлаү.

Тәрбиеші:

-Ал,әдепті балалар қандай болады?

Балалар:

-Жақсы,тәртіпті,өтірік айтпайтын бала болады.

Тәрбиеші:

-Ал,сендер қандай әдепті, жылы сөздерді білесіңдер?

Балалар:

-Сәламатсыз ба,өтінемін,кешіріңіз,сау болыңыз,рақмет.

Тәрбиеші:

-Өте тамаша! Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Балалар:

-Әдептілікті бізге ата-аналарымыз,үлкендер үйретеді.

Тәрбиеші:

-Ия ,дұрыс айтасыңдар балалар, адам бойында жақсы,жаман қасиеттер болады екен.Ал, «Әдептілік»-адам бойындағы ең асыл қасиет.Әдептілікті,адалдықты,кішіпейілділікті сендерге ата-аналарыңызбен, апайларыңыз үйретеді.Жақсы қасиеттерді анамыздың ақ сүтімен,бал тілімен бойымызға сіңіреміз.Әдепті бала ұқыпты,тілалғыш,шыншыл болады,өтірік айтпайды,достарын жақсы көреді,ешкімді ренжітпейді және жаман қылықтардан аулақ болуға тырысады..Ал,сендер әдептілік туралы тақпақ білесіңдер ме?

1-бала:

Тәрбиенің асқары-

Абай атам табынған.

Әдептілік бастауы

Қанағат,рақым ойлап қой,

Талап,еңбек,терең ой.

Бес асыл боп табылған.

2-бала:

Әдептілік –бұлақтай

Тазалығы арыңның .

Өлшемі – ол сынаптай

Бойыңдағы барыңның .

3-бала:

Сыйлап сәлем беремін

Үлкендерді көргенде,

Ізетпен бас иемін

Үйге қонақ келгенде.

4-бала:

Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген

 Ата сөзі санамда –

 Жасы үлкенге жол берем .

 Тәрбиеші:

 -Жарайсыңдар ,балалар.

Өзіммен өзім.

(Құстардың дыбысы,су сылдыры бар әуен жәй ойналады).

Тәрбиеші:

-Балалар ыңғайланып отырып .көзімізді жұмамыз. «Бәріміз орманға саяхатқа шықтық деп елестетейік.Орманда ағаштың түрлері көп екен,әдемі гүлдер,саңырауқұлақтар  жайқалып өсіп тұр.Құстар сайрап,су сылдырап,самал жел ағаштың жапырақтарын тербейді..Алдымыздан,түлкі,қасқыр кездесті.Енді көзімізді ашамыз.

Балалар,қараңдаршы !Бізге шынымен де аңдар келіпті.Өздері сондай шыдамсыз,бір орында отыра алмайды екен.Жан-жағын шашып,саңырауқұлақтарды құлатып,гүлдерді басып,жұлып тастап жатыр(балалар көріністі көрсетеді).Аңдардың жасап жатқаны дұрыс па, балалар?Осы әдептілікке жатады ма?

Балалар:

-Жоқ.Дұрыс емес.Бұл әдептілікке жатпайды.

Тәрбиеші:

-Енді не істейміз,көмекке кімді шақырсақ екен.Аңдарды қалай ұқыптылыққа үйретуге  болады?

(Осы кезде әдемі әуенмен ,айнала, қолында таяғы бар сыпайылық Ханшайымы келеді).

-Балалар,қараңдаршы бізге көмекке қонақ келе жатқан сияқты.

Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме,балалар?Қалдарың қалай?

Балалар:Сәламатсыз ба?

Тәрбиеші:

-Сәламатсың ба,Ханшайым.Балалар,таныдық па, бұл сыпайылық әлемінен келген Ханшайым ғой.

Ханшайым:

-Балалар,мынау әдепсіздер орманы емес пе?Саңырауқұлақтар жұлынған,гүлдер тапталған.Мұнда әдепсіз,тентек аңдар тұратын болды ғой.Осылай жалғаса беретін болса ,онда ормандағы бүкіл өсімдік:ағаш,саңырауқұлақ, гүлдер құрып кетеді.Ал,біз қоршаған ортаны қорғап,табиғатты аялауымыз керек емес пе?Балалар, сендер де бақылап отырсыңдар ма?

Тәрбиеші:

-Ия,Ханшайым,бізде әдепсіз аңдарды көріп не істерімізді білмей отыр едік.Сіз бізге көмектесесіз бе?

Ханшайым: Көмектесейін,мына әдепсіздікті не істесем екен?(Әдепсіз аңдардың қасында әрлі-берлі жүріп ойланады.) Жарайды ,балалар мен сиқырлы таяғыммен әдептілік әлеміндегі  достарымды жіберейін.

(Әуенмен айналып шығып кетеді)

Тәрбиеші:

-Балалар,сыпайылық Ханшайымы бізге кімді жібереді екен.

(Осы кезде бөлмеге Ақыл есімді қызбен,оның досы қоян келеді.Есіктен кіріп келе жатып,аңдардың шашқан бұтақтарына қоян сүрініп кетіп,аяғын ауыртып алады.)

 

 

 

 

 

 

 

Ақыл:

-Достым,достым, саған не болды,аяғыңды ауыртып алған жоқсың ба?Мынау неғылған шашылған жер , Ханшайымның бізге айтқан жері осы болды ғой.

Қоян:

-Ия,шыныменде мына жер неге шашылып жатыр?

Сәламатсыңдар ма,балалар?

Тәрбиеші:

-Сәламатсыңдар ма,қонақтар?

Ақыл:

Бізді осында сыпайылық Ханшайымы жіберген.Біз Әдептілік әлемінің тұрғындарымыз.Менің атым-Ақыл.Ал, мынау менің досым-қоян.

Тәрбиеші:

-Қош келдіңдер ,қонақтар!Біз мында әдепсіздер орманына кезігіп ондағы аңдардың ісін көріп,не істерімізді  білмей жатырмыз.Бізге көмектесесіздер ме?

Ақыл:

-Жарайды,көмектесеміз.Онда Қоян екеуімізге 2-3 бала көмектессін , бірігіп,аңдардың орманын ретке келтірейік.Жан-жағымызды таза ұстауды,ұқыпты болуды,қоршаған ортаны аялауды аңдарға үйретейік.Орманды тәртіпке келтірейік.

Тәрбиеші:

-Жарайды,Ақыл.Біз саған көмектесеміз.Балалар бізде Ақыл мен қоянға еріп орманды ретке келтірейік.(балалар орындарынан тұрып,орманды жинауға көмектеседі)

(Барлығы ормандағы шашылған заттарды жинайды ,осы кезде ормандағы аңдар әр ағаштың қасына тығылып ,қашып жүреді.)

Ақыл:

-Міне, аңдар көрдіңдер ме,орман қандай әдемі болды.Өз ортамызды,мекен ететін жерімізді таза ұстап,ұқыпты болуымыз керек.Мұны біздер әдептілік дейміз.Сендердің бұларың дұрыс емес.

Тәрбиеші: (аңдарға қарап)-Міне,қараңдаршы әдептілік әлемінде қандай ақылды балалар тұрады.

Аңдар: Рахмет,достар.Енді бұлай жасамаймыз бізде әдепті,ұқыпты болуға ,айналамызды таза ұстауға уәде береміз.

 

 

 

 

 

 

 

Ақыл:

-Жарайсыңдар ,достар!Әдептілік әлеміне қош келдіңдер!

Тәрбиеші:

-Енді достар біздің балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар.Балалар біздер аңдарға өзіміздің күнделікті қолданып жүрген әдепті сөздерімізді үйретейікші.Ол үшін екі жаққа бөлініп тұра қалайық.

(Барлығы жарты шеңберге тұрып ойнайды)

Ойын. «Сиқырлы сөздер»

Ойын тәртібі: Ортаға ағаш сұлбасы әкелінеді,балалар оған дайын алмаларды әдептілік сөздерін айта отырып іледі. Мысалы:сәлеметсіз бе,болама,сау болыңыз,өтінемін,беріңізші,кешіріңіз т.б. сөздерді айтып ілу.

(Балалар ойынды  ойнайды)

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

-Міне ,қараңдаршы ағашымызда әдемі жемістерге толды.Жарайсыңдар , балалар кішкентай болсада ,көптеген әдептілік сөздерін білетіндеріңді көрсеттіңдер.

Ақыл:

Жарайсыңдар,балалар.Енді бәріміз аңдармен қосылып, «Дос болайық» өлеңін орындайық.

(Барлығы шеңберге тұрып,өлең жолында жақсы қасиеттер айтылғанда ,алға бір қадам жасап,қуаныштарын білдіріп қол соғады.Достыққа жараспайтын сөздерді айтқанда,керісінше артқа қарай бір қадам жасап «ондай бала болмаймыз» дейді.)

Сергіту сәті:

«Дос болайық» өлеңі

Қосыл,қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге

Ең әдепсіз дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге

Ең мейірман дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге

Ең тәртіпсіз дос болып.

Қосыл,қосыл шеңберге,

Ең әдепті дос болып.

Ақыл :

-Рақмет,балалар..Біз сіздермен кездескенімізге өте ризамыз.Мен өзімнің ризашылығымның белгісі ретінде сендерге және қонақтарға Әдептілік әлемінен ,ішіне әдептілік туралы мақал-мәтелдер жазылған кітапшамды ала келдім, соны сыйға тартқым келеді.Осы мақалдарды жаттап үнемі әдепті балалар болып жүрулеріңе тілектеспін.

(Кітапшаны тәрбиешіге береді)

Тәрбиеші:

-Рахмет,саған Ақыл сенің кітапшаңның бізге көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

Ақыл:

-Енді біздің қайтатын уақытымыз болды..Қош сау болыңдар!

Балалар:

-Сау болыңыздар!

(Ақыл,қоян,қасқыр,аю шығып кетеді.)

(Балалар өз көрпешелеріне  жайғасып отырады.)

Дәйексөз .  «Әдептіліктің не екенін – әдепсіздікті көргенде білерсің».

Тәрбиеші:

-Балалар, Ақылдың берген кітабының бізге алдағы уақыттада көп керегі болады. Әрқашан әдепті болып ,жақсы істер жасау үшін әдептілік туралы мақалдар жаттап жүруіміз керек.

Мысалы:«Әдептің не екенін-әдепсіздікті көргенде білерсің»-деген екен халқымыз.Яғни,жаман істерді көргенде оның дұрыс емес екенін,олай жасауға болмайтынын түсінеміз..Ал, өздерің әдептілік туралы мақалдар білесіңдер ме?

 

1-бала: «Сіз» деген -әдеп,

              «Біз» деген-көмек.

2-бала: Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергенің.

3-бала:. Әдепті бала ата-анасын мақтатар

                Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

4-бала: Мейірімділікті анадан үйрен,
             Әдептілікті данадан үйрен.

5-бала: Әдепсіз өскен адамнан,

             Тәртіппен өскен тал артық

6-бала:Әдеп басы-тіл.

7-бала: Әдептілік-ар, ұят – адамдықтың белгісі.

Қорытындылау.

Тәрбиеші:

-Балалар.біз бүгін не жайлы әңгімелестік?

Балалар:

-Әдептілік,ұқыптылық ,сыпайылық жайлы.

Тәрбиеші:

-Біз кімдерді кездестірдік,нелерге көмектестік?

Балалар:

Әдепсіздер орманындағы аңдарды,Ханшайымды,Ақыл мен қоянды кездестірдік.Аңдарды әдептілікке,ұқыптылыққа  үйреттік.

Тәрбиеші:

-Ия,дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгін әдептілік ,ұқыптылық жайлы әңгімелестік.Әдепті ,ұқыпты  адамдардың айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік.Әрдайым әдепті, сыпайы болуға , кездескен адамдармен амандасуды, ,көптеген жылы сөздерді айтуға үйрендік.Ал,енді Ақылдың сыйлаған кітапшаларын жақсы тілектерімізді айта отырып, қонақтарға да ұсынайық.

(Балалар кітапшаларды тілек айтып қонақтарға  береді.)

 

 «Жүректен жүрекке» шеңбері.

У.Бекетов «Мен әдепті баламын» әні

(Балалар шеңберге тұрып  орындайды,әдептілік суреттерінен слайд көрсетіледі)

 

 

 

 

 

 

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Тілін алып кішінің де кәрінің,

Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по самопознанию в старшей группе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 827 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2015 761
    • DOCX 833.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Избасарова Райхан Аманкосовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Избасарова Райхан Аманкосовна
    Избасарова Райхан Аманкосовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55102
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Менеджмент и управление проектами в ДОУ в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные методики и программы по развитию детей раннего возраста в соответствии с ФОП ДО И ФГОС ДО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Влияние типа детско-родительских отношений на адаптацию ребенка в социуме

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе