Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Конспекты / Конспект по технологий (8класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Конспект по технологий (8класс)

библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Қабанбай ауылы

«Жарбұлақ орта мектебі» КММ

Технология пәнінің мұғалімі

Есимбекова Бисулу Шаяхметовна


8 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сән туралы түсінік.

Мақсаты:

Білімділік : инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық : оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыту.

Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық, сұрақ – жауап,

Сабақ түрі: жаңа білім беру

Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру

Қажетті құралдар: «Бурда» журналы, сән туралы суретті буклет, таратпа парақтар.

Шаттық шеңбері.

Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырып, бір-біріне

жақсы лебіздерін білдіртеді.

Мұғалім балаларға рақмет айтып, біреуге жақсылық тілеу, жақсылық жасау игі іс екендігін айтады.

2.Топқа бөлу.

Сурет тарату арқылы суреттің сәйкестігіне қарай «Әдемі-ай» және «Сымбат» тобы болып екі топқа бөлінеді.

3. Сұрақ – жауап

4. Сергіту сәті.

5. Шығармашылық жұмыс

6. Сөзжұмбақ

7. Мақал – мәтелдер сайысы


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу;

2. Түгендеу;

3. Сабаққа қажетті құралдарын дайындау

4. ТҚЕ таныстыру

II. Үй тапсырмасын бағалау:

1. Үйге берілген тақырып бойынша түсініктерін сұрау;

2. Дәптерлерін тексеру;


III. Жаңа сабақ.

Сән (modus деген латын сөзі) — өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі.Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән — әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.

Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзе түседі: ретроспективалы (өткеге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).

«Силуэт», «пішін», «пішім», «пропорция», «стиль» деген түсініктер адамдармен тығыз байланысты.

Силуэт (француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, үшбұрыш, сопақ, т.б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуэттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, Х – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.

Стиль (лат. Stilus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.

Киімді бірнеше стиль бар – классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық.

Классикалық стильге — қатал, іскер, сәнді киіну;

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда ыңғайлы киім.

Романтикалық стиль әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.

Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер


2. Сергіту сәті.

Балалар, барлығымыз «Қара жорға» биін билейік.


3. Шығармашылық жұмыс

Екі топқа қыз баланың силуэті салынған парақ беріледі. Сол суретті екі топ 3 минут ішінде бір топ спорттық стильде, ал екінші топ романтикалық стильде киіндіру керек. Сонымен қатар оны ұлттық нақышта безендіру керек.


4. Жұмбақ шешу

1. Дөңгелек айналасы төртеу көзі,

Сөйлейтін ешбір хабар жоқты сөзі

Нәрсені қашық тұрған жақындатып

Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі. (Түйме)


Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (Қайшы)


Ат міндім қарала аяқ қаздатып,

Жүргенде жол салады табандатып. (қалам)


Адамға сонша пайдалы,

Басында сансыз көзі бар. (оймақ)


Екі басты жалмауыз

Кейіп аузын ашады,

Алдына түскен нәрселер,

Өзінен — өзі қашады. (қайшы)


Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине, жіп)


Балалар осы жұмбақтың шешуіне байланысты қандай қауіпсіздік ережелерін білеміз?

1. Инені ауызға салма;

2. Қайшыны қайшылама;

3. Жіпті тіспен үзбе;

4. Инені ине шанышқыға түйре;

5. Қайшыны ашық ұстама.


4. Мақал – мәтелдер

1. Еңбек ер атандырады.

2. Шебердің саусағы алтын.

3. Өнерді үйрен де ширен.

4. Ердің атын еңбек шығарады.

5. Өнерлінің қолы алтын.

6. Ерлік білекте емес, жүректе.

7. Талаптыға нұр жаусын.

8. Еріншектің ертеңі таусылмас.

Балалар осы мақалдың ішіндегі «Өнерлінің қолы алтын» мақалының мағынасын қалай түсінеміз?


5. Бағалау

1. Сән дегеніміз не?

2. Қазіргі сәнде неше бағыт бар?

3. Силуэт дегеніміз не? Силуэттің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Стиль дегеніміз не? Стильдің қандай түрлерін білесіңдер?


6.Сабақты қорытындылау.

«Әдемі-ай» тобы мен «Сымбат» тобының баллдарын есептей отырып, баға беремін. Жақсы қатысқан топтарға ерекше мадақтау айта отырып, аздаған сыйлықпен марапаттаймын,

7. Үйге тапсырма.

1. Тақырыпты оқып келу

2. Фольклорлық,спорттық, классикалық, романтикалық стильдегі киімдерге байланысты альбом жасап келу.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров137
Номер материала ДВ-230994
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх