Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Конспект по тему «Желтоқсан қырандары»

Конспект по тему «Желтоқсан қырандары»


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан қырандары» интелектуалдық-тарихи танымдық ойын.

Сабақтың мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат, от жүректі, өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Білімділігі: Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдерін тиянақтап, танымдылығын арттыру.

Тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке, отаншылдыққа, туған жеріне, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, интерактивті тақта.

Қатысушы: 7 «А», 7 «Ә»-сынып оқушылары.

Жоспары:

1тур: « Желтоқсанда жарқ етіп сөнген жұлдыздар». Көрініс.

2тур. «Білімін шыңдау». Сұрақ-жауап.

3тур. «Бұл кім? Ол не?». Слайд.

Ойын қорытындысын шығару.

Кіріспе сөз: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене айтуға болады. Сол жылдарда Қазақстанда ұлтаралық қатынастар ушығып тұрған еді. Қазақ тілі мәртебесінің төмендетілуі, қазақ мектептерінің, балабақшаларының жаппай жабылуы, өзге ұлт өкілдерінің жер-жерлерде қазақтарды төмен санауы. Алматы қаласына ауылдан келген ағайындарымыздың есепке тұра алмай, қор болуы, өз жерлерінде жүріп тұрғын үйге зар болуы сияқты себептер қазақ жастарының намысын оятты. Осы кезде Қазақстан Орталық Партия Комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың түсіп, онын орнына Мәскеуден ұлты орыс-Колбиннің тағайындалуы отқа май құя түсті. Тарих сахнасына енді солар шықты. Ол ерлер жастар болатын.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-КСРО-дағы демократиялық қозғалыстардың ең үлкені. Желтоқсан оқиғасында қазатапқан жарқ етіп сөнген жүлдыздарымызды еске алып бір минут үнсіздік жариялайық.

Жұлдыз:

Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас Қайратым, жас өркені халқымның!

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма!

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 28 жыл өтсе де бұл оқиға әлі де көп ойлантады, толғантады …

Бүгінгі сайысымыз 7 «А», 7 «Ә»-сынып арасында өттеді.

Әділқазы алқалары:



1тур: « Желтоқсанда жарқ етіп сөнген жұлдыздар». Көрініс.

І-топ. Көрініс. Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа:

26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин   ешкімнің пікірінсіз тағайындалған .

  Ол жер, ел, ұлттық намыс туралы сөйлей бастады. «Қонаев секілді елді басқарған, пір тұтқан ағаларымызды алып тастап, оның орнына ешкім білмейтін өзге ұлттың өкілін әкеліп қоюдың өзі – басыну. Алаңға шығайық, бейбіт түрде наразылық білдірейік» деді.

Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен? Алаңға поллиция қызметкерлері келіп жастарты ұстап алып кетеді.

ІІ. Көрініс:

ІІ-топ: Жұлдыз: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.Осы елім, халқым, ұлтым деп жанын қиып, өлгенше Совет үкіметінің озбырлық саясатына мойын ұсынбаған Рұсқылбековтың сол бір қиын кездердегі өмірінен көрініс тамашалайық

Абылайхан: Рысқұлбеков Савицкийді сен өлтірдің бе?

Нұрбол: Жоқ, өлтірген жоқпын.

Абылайхан: Сенің ұрып – жыққаныңды біреу көріпті ғой.

Нұрбол: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік, жала!

Абылайхан: Ах, ты, декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті. Жала дейді еще.

Абылайхан: Әй, Рысқұлбеков! Сен Савицкийді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.

Нұрбол: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой. Өлтірмеген адамды өтірік өлтідім деп қалай мойындаймын? Адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргем жоқ қой.

Абылайхан: Айыпкер, Рысқұлбеков, ақтық сөзің не?

Нұрбол:  Күнәдән таза басым бар, қазақ деген атым бар.
21-де жасым бар, қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар, алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін, мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым, көре алмай мен өтермін.
Хош, аман бол артымда, ағайын-туыс, азамат,
Артымда қалған ата-анам, ел жұртым саған аманат!

Абылайхан: Айыпкер Рысқұлбековты алып кетіңдер.

Жұлдыз: Президенттің жарлығы мен 1986 жылы 9 – желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды.

2тур. «Білімін шыңдау». Сұрақ-жауап.

Сұрақ-жауап: І-топ.

  1. 1986жылғы желтоқсан көтерілісінің басты себебі? / КССР-ның І-ші секреторы 22 жыл үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың орнынан алынып Ресейден жіберілген Генадий Колбинды қойды./

  2. Қазақстан Республикасының тұғыш ғарышкерін ата?/Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1991жылы 2қазанда ғарышқа ұшты./

  3. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын білесіңбе? /Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова т.б. жазықсыз сотталды./

  4. 1991жылы 10желтоқсанда қандай оқиға болды? /Қазақсатан Респуликасының Президенті ант қабылдады./

  5. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды? /1995жылы 30тамыз./

  6. Қазақ хандығының құрылғанына бйыл қанша жыл? /550жыл/

  7. Қай жылыҚазақстан Респуликасының Мемлекеттік гимнің жаңа редакциясы бекітілді, және оның авторлары кімдер? / 2006жылы 7қаңтар. әні:Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев./

  8. Қазақстан Республикасының қазіргі өкімет басшысы?/Кәрім Мәсімов ҚР пример министері./

  9. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын қайдан бастады? /1960жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллургияқұрылыс» тресіде жұмысшы болып бастады./

  10. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қашан қабылданды? /1992жылы 2наурызда қабылданды./

ІІ- топ

  1. 17желтоқсанда халық қай алаңға жиналды? /Брежнев алаңы. Қазіргі Республика алаңы./

  2. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастарға қандай айып тағылды? /Қылмыскер,ұлтшыл./

  3. 1991жылы 1желтоқсанда қандай оқиға болды? /Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды?/

  4. 1991жылы 10желтоқсанда қандай оқиға болды?/Қазақ КССР-і Қазақстан Республикасы болып атала бастады?/

  5. Қазақ елі қашан егеменді ел болды? /1991жылы 16желтоқсан болды./

  6. Қазақстан Респуликасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? /1993жылы 28қаңтар қабылданды./

  7. Қазақстан Респуликасының Елтаңбасы мен Туының авторлары кімдер? /Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков./ /Шәкен Ниязбеков./

  8. Қазақстан Респуликасының ұлттық валютасы-теңге айналымға қай жылы енді? /1993жылы 15қараша./

  9. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын «Астана» деп атауға қашан жарлық шығарды? /1998жылы 6мамыр./

  10. 2014жылы 11қарашада Н.Ә. Назарбаев қандай жолдау жолдады? /Нұрлы жол./

3тур. «Бұл кім? Ол не?». Слайд.

Жазира:
Қазақстан-республикам мақтанышым

Мен сені жырламаймын, мақтан үшін.

Құдайым маған құйттай жүрек берген,

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін

Кең байтақ туған елім Қазақстан,

Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен

Баршаны байлығымен таңқалдырған.

Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

Жасашы, жасай берші Қазақстан!

Ойын қорытындысы.

Жүргізуші

Сол бір жас жүректердің қаһармандығы егеменді еліміздің жастарының көтерер туын биіктете берсе екен дей отыра тәрбие сағатын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Қош сау болыңыздар!


























Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров117
Номер материала ДВ-400371
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх