Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Конспект по «Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім»атты танымдық сайыс (тіл мерекесіне арналған)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Конспект по «Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім»атты танымдық сайыс (тіл мерекесіне арналған)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім»атты

танымдық сайыс (тіл мерекесіне арналған)

Мақсаты: а)Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін таныстыру,тіл мерейін көтеру.

ә) Ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту,шешендік сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп,бойларына сіңіру.

б) Ізденімпаздыққа,шешендікке,ізгілікке тәрбиелеу,ана тілін қастерлеуге баулу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,қанатты сөздер,суреттер

Әдісі: сайыс

Өту барысы

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар.Мектебімізде 22-қыркүйек Тіл мерекесі

апталығы ұйымдастырылған болатын.Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер.Тіл мерекесі құтты болсын!

Адам баласы дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп,ана тілінде ән салады.Ана тілі-біздің ар-ождан,адамгершілігіміздің айнасы.Адам ана тілімен бақытты,ана тілімен асқақ.Тіл-халықтың ажырамас бөлігі.Ұлы абайдың өзі «Өткірдің жүзі,кестенің бізі,өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл.Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.Сондықтан,

Ана тілім,дана тілім-Тәңірім

Сақтай білген сан ғасырлар жарығын

Тілім менің,Абай,Мұхтар сөйлеген

Бұғаулауға,шұбарлауға көнбеген.

«Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім»атты танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс кезеңдері

1.Таныстыру,сәлемдесу

2.Мәнерлеп оқу (тіл туралы)

3.Кім білгір? (Мақалды жалғастыру)

4.Көрініс (шешендік сөздерден)

5.Ана тілге арнау (оқушы шығармашылығы)

6.Ән (тіл,Отан,туған жер)

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ-қазылар алқасымен танысайық.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бағытова Кәмила

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Дәрменбаева Жанар

Қазақ тілі пәні мұғалімі Дүйсенғалиева Анар



Сәлем-сөздің анасы,сөз атасы

Ұстаздардың қабыл болсын батасы

Қол соғып,ортамызға тарландарды

Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі-деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз 5 «а», 5 «ә» сыныптары

1.Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.



2.Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты,

Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.

Көкірегі ояу,сезімді ұрпақ қайдасың?

Өлеңдер оқып,өзіңді-өзің танытшы!-деп келесі кезекте тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына береміз.

5 «А» сыныбы Мәнерлеп оқитындар:

Сайнова Данагүл С.Торайғыров «Қазақ тілі»

Набилова Гүлжайна М.Мақатаев «Үш бақытым»

Мурзашева Жанат Ж.Молдағалиев «Қазақ тілі»

Амангелді Қарақат Н.Айтұлы «Ана тілім»

5 «Ә» сыныбы

Джаулиева Ақбота С.Мәуленов «Қазақ тілі»

Сырлыбаева Шұғыла А.Иманасов «Ана тілі»

Нариманова Зағипа Ә.Мұхитқызы «Ана тілім»



3.Мақал-мәтел -бабадан қалған мұрамыз,

Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.

Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,

Сайыскер топтар көңілмен тыңдап тұрамыз.

«Кім білгір?»

(Тақтадағы мақал-мәтелдердің жалғасын табу.)

1.Шешен сөз бастар...

2.Жақсы байқап сөйлейді...

3.Әншейінде ауыз жаппас...

4.Тіл адам ойының...

5.Тисе терекке...

6.Айтылған сөз...

7.Жасыңда қылжаң болсаң...

8.Аңдамай сөйлеген...

9.Бал тамған тілден...

10.Шебердің қолы ортақ...

4.Мәңгі өлмес,мейлі зулап көшер заман,

Жиреншедей дария шешен бабам,

Қазыбек,Төле,Әйтеке-ердің құнын

Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.Сайыстың келесі бөлімінде әр топтың би-шешендердің шешендік сөздерінен дайындаған көріністерін тамшалаңыздар.

5 «А» сыныбы «Төле бидің төрелігі»

5 «Ә» сыныбы «Бөкен би мен Сырым батыр»

5. Ана тілі-біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап,бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз,-дей келіп,сайысымыздың келесі бір түрі «Ана тілге арнау»оқушы шығармашылығынан.Алдын-ала дайындалған үй тапсырмасы бойынша оқушыларды ортаға шақырамыз.

5 «А» Амангелді Қарақат «Қасқыр тілді қазағым!»

5 «Ә» Нариманова Зағипа «Ана тілім»

6.Ана тілім-ардағым,мәртебелім,

Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?

Қадірінде халқымның біле алмай,

Қалар ма еді айтылмай айтар әнім-дегендей өз әңдерімен топ әншілерін ортаға шақырамыз.

5 «А» сыныбы Набилова Гүлжайна

5 «Ә» сыныбы Жалғасбаева Шаттық

Сайысымызды қорытындылай келе, әділқазыларға сөз кезегін ұсынамыз.

Әуездісің,әдемі тілі елімнің

Әуенісің ұлан-байтақ жерімнің

Самғай берсін шартарапқа өр үнің-деген тілекпен тіл мерекесіне арналған сайсымызды аяқтаймыз.

Тамашалағандарыңызға рахмет!











Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров167
Номер материала ДВ-504046
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх