Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Конспект по внеклассной работе "Бала құқығы" 5 класс

Конспект по внеклассной работе "Бала құқығы" 5 класс



  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық заман талабы.
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы»конвенциясы, қанатты сөздер..
Барысы:

  1. Қанатты сөздер

  2. Кіріспе

  3. «Балалар құқығының» заңдары. Ой – талқы

  4. «Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну.

  5. Жылдар сөйлейді:

  6. Қағидалар ойыны

  7. «Жалғасын тап».

  8. Қорытынды

    1. Қанатты сөздер:
    1. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз».
    Н. Назарбаев.
    2. «Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу - ақ»
    «Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ».
    Ж. Баласағұн.

3. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің ұлы. Б.Момышұлы

4. «Өз мүддесін өзі қолдап, өз есесін өзі түгендеп, атаның алғысын, ананың ақ сүтін ақтай алған перзенттен қатардың азаматы шыға алмақ. 

Ә. Кекілбаев

5. Құқық дегеніңіз тек идеологиялық бір негіз ғана. Өз құқығыңды қорғап қалуың үшін жеткілікті күш болуы лазым.

Мұстафа Шоқай

6. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.

Б. Момышұлы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың, құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер жиынтығы заң деп аталады. Заң ең жоғары күші бар нормативтік құқықтық акт. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңға негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз. 


- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
- Мемлекет әрбір баланың аман - сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
- Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы
- Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы

Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттері:
1. Әрбір оқушы ҚР -ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
2. Басқа адамның құқықтарын, ар - намысы мен қадір - қасиетін сақтауға,
3. Табиғатты қорғауға
4. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті


2. «Балалар құқығының» заңдары.
Ой – талқы
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.
3. «Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну.
1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
5 – бап
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.
9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
15 – бап
Ассоциация бостандығы.
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

4. Жылдар сөйлейді:
1948 жылы 10желтоқсанда БҰҰ – да «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» қабылданды.
1959 жылы 20қарашада – БҰҰ – ның Бас Ассамблеясына «Балалар құқығы» декларациясы қабылданды.
1989 жылы «Бала құқығы туралы» конвенциясы қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямызды қабылдадық.
2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы қабылданды.

5. Қағидалар ойыны


1. Қазақстан Республикасын кім басқарады? /Президент/
2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? /парламент/
3. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? /ата - ана/
4. Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? /білім/
5. ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? /1989 ж 20 қараша/
6. Конституция сөзінің аудармасы /құрылым/
7. Конституция қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/
VI. бөлімі. «Жалғасын тап».
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,
Бестен он үшке дейін құлындай қина,
Он үштен ары сырласыңдай сыйла».

«Жақсы бала – сүйініш, жаман бала – күйініш».

1. Ананың көңілі -.....
Баланың көңілі -.......
2. Балалы үй -......
Баласыз үй қу........
3...... – балалы болғанда білерсің.

6. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».
Мен міндеттімін:
- білім алуға
- тәртіп сақтауға
- мектеп мүлкін сақтауға;
- үлкендерді сыйлауға;
- ана тілдің тазалығын сақтауға;
- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.
Бүгінгі іс – шарамызды қорытындылай келе, сіздерге көп алғыс айтамын. Заңды аяққа баспайық, ағайын! Сау болыңыздар!


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров92
Номер материала ДВ-454660
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх