Инфоурок Другое КонспектыКонспект по воспитательной работе на тему "Жаңа жыл"

Конспект по воспитательной работе на тему "Жаңа жыл"

Скачать материал

«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің
5-7 сыныптарға арналған әзірлемесі

Дина:  1-жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай 
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Дина: 1 жүргізуші: Жана жылдық мерекелік кешке жиналған оқушыларды құттықтау үшін сөз кезегін мектеп  директоры  Ыбышева  Алма  Қияққызына  беріледі.

Дина: 1-жүргізуші :

Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Біз сіздерді жаңа 2016 мешін жылымен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін. Кешімізді әнмен сүйемелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.

Ән « Жаңа жыл»

Дина:1-жүргізуші :

Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің  оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған үстелдер орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие боласыңдар. 1- үстелде 7 сынып оқушылары, 2-үстелде  6 сынып оқушылары, 3-үстелде ортамызға биыл қосылып отырған 5 сыныптар. Ду қол шапалақ, қошеметтеріңізді аямаңыздар достар.
Дина: 1-жүргізуші:

 Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі біз сынып бойынша емес, үстел бойынша өнерімізді көрсетеміз.


Дина: 1-жүргізуші :

 Кешімізді бастамастан бұрын 3 үстелден 1-1 оқушыдан ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп , тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі.Сіздер Аяз ата мен ақшақарды  осында ертіп әкелулеріңіз керек, таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер.(3 оқушыны шығарып жібереміз)Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

Дина: 1-жүргізуші:

 Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық. 
КОНКУРС-1.Ортаға әр үстелден 1 жұптан яғни 1 ұл 1 қыздан шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға болмайды, ішпен қысып жару керек).
Дина: 1-жүргізуші:

 Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері 
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір  би билеп беріңдер.
Жаңа жыл әнімен  7 сынып қыздарын   шақырамыз. Ал қалғандарымыз  ортаға шығып  билейік.
Дина: 1-жүргізуші:
Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің банағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)
Дина: 1-жүргізуші:

Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? 
( Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын.)
Дина: 1-жүргізуші:

Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Дина: 1-жүргізуші:

Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Қайрат ағай: Аяз ата:

Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Дариға:
Ақшақар:

 Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Қайрат ағай: Аяз ата:

 Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
7 сынып оқушысы:Біздің үстелімізге келіп жайғасыңыздар...
Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.

 

Дина:1-жүргізуші:

 Ортамыз нұрға толып, 
Төрт құбыламыз түгел болды.

Дина: 1-жүргізуші:

 Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. 
Дина: 1-жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы 
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді биыл алғаш қатысып отырған 3 үстелден бастайық.
( ортаға 5 сынып оқушылары шығады. Одан кейін 6-7 сынып) 

КВН. Ортаға  5,6,7 сынып  оқушылары өз  әзілдерін  көрсетеді.
Ақшақар:

Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер.
Қайрат ағай: Аяз ата:

Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Дариға: Ақшақар:

Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Қайрат ағай: Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!

Дина: 1-жүргізуші:

Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. КОНКУРС-2. Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі.
Дина: 1-жүргізуші:

 Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!

Ән.Орындайтын  Амиржанов  Ерлан. 5 «А» сынып  оқушысы.
 Дина: 1-жүргізуші:

 Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. КОНКУРС – 3. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық. 
Ойын шарттары:

1.Лимонның жартысын қантсыз жеу керек. 
2. Осы отырған оқушылардың  арасынан   әр үстелден 1қыз 1ұл шығып  әр өленге әр түрлі би билеу  керек.
3. 7,8, 9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)

Ортаға   6 «А» сынып  оқушысын қарсы аламыз.Ән.

Дина: 1-жүргізуші:                                                                       

 Конкурс-4. Мерекеден кейін өте көп қоқыс қалады, ендеше сіздердің алдарыңызда тұрған даптерді боклашкаға кім бірінші салады, сол жеңімпаз атанады. Уақыт 3 минут. Ортаға әр үстелден бір ойыншы шықсын.
 
Би. Әр сынып өздерінің дайындап  келген билерін  тамашалаңыздар.
Дина: 1-жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Дина: 1-жүргізуші :

Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
Дина: 1-жүргізуші:
Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Дина: 1-жүргізуші:
Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Дина: 1-жүргізуші:

Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

Лента: наклоненная вниз: Қостанай облысы 
Семенов  ауылы
«Семенов  орта  мектебі » ММ
 

 


                                                                                                                               mysh43

 

 

           Жаңа жыл мерекесінің бағдарламасы

                           2016
                 
MCj04262080000[1]

 

Жауапты: 5 «А» сынып жетекшісі:  Байкнов  Қайрат.

 

 

 

 

                                            2016 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по воспитательной работе на тему "Жаңа жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 890 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2016 461
    • DOCX 235.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабылдажанова Дина Акирамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кабылдажанова Дина Акирамовна
    Кабылдажанова Дина Акирамовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17442
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой