Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Конспект родительского собрания "Роль родителей в становлении личности ребенка"

Конспект родительского собрания "Роль родителей в становлении личности ребенка"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Баланың тұлға ретінде қалыптасуы мен білім алуындағы

ата-ананың атқаратын рөлі
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Слайд
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді.


Бейнеролик «Жанұядағы кикілжің»


Слайд

«Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.

Слайд

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.

Слайд

Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

Слайд

Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

Слайд

Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Слайд

Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар.

Бейнеролик «ҰБТ әзіл әлемі»

Слайд

«Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген керемет халық даналығын басшылыққа ала отырып, төмендегідей ата-аналар ережесін ұсынғым келіп отыр.

Слайд

Ата-аналарға арналған әдеп ережесі:

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

5. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

6. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

7. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

8. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

9. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

1
0. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

Баланың психологиялық денсаулығын жақсарту мақсатында психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіздер:

Слайд


1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен
кеңесіңіз.


Слайд
«Жақсы ата-анаға қажетті 8 қасиет» жаттығуы

Ата-аналарға сауалнамамен бірге тепетеңдік дөңгелегі таратылады. Ата-аналардың міндеті қасиеттер параметрлері бойынша өздеріне баға беріп, бағалар тұсынан шеңбер сызып, қосу. Шеңбердің қисық жеріндегі қасиетке назар аудару қажет. тренинг.png

















Қорытынды бөлім:

Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет.    

     

   

     

19 орта мектеп











Ата-аналар жиналысындағы баяндама:


Баланың тұлға ретінде қалыптасуы мен білім алуындағы ата-ананың атқаратын рөлі







педагог – психолог: Курмашева А.Н.





















2016 жыл



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДВ-439899
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх