Инфоурок Другое КонспектыКонспект Сабақтың тақырыбы:  Әбділда Тәжібаев   «Сырдария» өлеңі

Конспект Сабақтың тақырыбы:  Әбділда Тәжібаев   «Сырдария» өлеңі

Скачать материал

Астана қаласы

 Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан»  республикалық мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

А.Ж.Мукушева

 

 Сабақтың тақырыбы:  Әбділда Тәжібаев   «Сырдария» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаев   жөнінде , Сырдария өзені туралы  түсінік алады.

Сабақтың міндеті:

1.Білімділік

     Ақынның өмірі , шығармашылығымен  таныстыру. 

2) Дамытушылық

Мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру  арқылы ойлау және тілдік қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

         «Сырдария» өлеңі арқылы туған жерді   сүюге шақыру, ой салу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, сәйкестендіру, талдау, сөздікпен жұмыс, сатылай кешенді талдау;

Көрнекілік: интер.тақта , карточкалар, аудио, слайд;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Сабақтың барысы:

І   Ұйымдастыру кезеңі

1.      Оқушылармен амандасу;

      2. Тізім бойынша түгендеу;

      3  .Сабақ мақсатымен таныстыру;

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру

Қ. Аманжолов  «Дүниеге жар»

162-беттегі сұрақтар мен тапсырмалар бойынша  тексеру.

1.Ақын кең әлемге жан сырын жайып салуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

2.Ақын ұзақ өмір сүрмесе де, өлеңдерінің ұзақ өмір сүруінің себебі неде?

ІІ.Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру.

    1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру арқылы):

           Ұландар,  бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаев туралы болмақ.

       Туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Әбділда атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Сырдария» өлеңіне тоқталамыз.

2. Тақырыпқа ену (ақын өміріне арналған слайд көрсету арқылы):

- Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші Қазақ» газетінен бастайды.Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1933 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты.Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ә.Тәжібаевтің шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М.Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған.

Сыршылдық өлеңдер. «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры» т.б.

Поэмалары. Тарихи тақырыптарға, тарихи аңыздарға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Толағай», «Мерген» т.б. поэмалары бар.

Драматургия. «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Біз де қазақпыз», Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша «Жамбыл» атты көркем фильм түсірілген. Аударма .Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған. Әбділда атамыз орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің, неміс жазушысы Г.Гейненің  бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қызылорда қаласында көрнекті жазушы Ә.Тәжібаевқа ескерткіш қойылған. Ақын Әбділда Тәжібаев 1998 жылы 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.

3. мәтінді игерту 

-өзім мәнерлеп оқимын;

-оқушылар әр шумағын жеке оқиды;

-шумақтардан таныс емес сөздерді түртіп отыру;

Мысалы:

Гейне – Генрих Гейне неміс ақыны.

Сыр, Рейн, Днепр, Еділ - өзен аттары.

Тарас Тарас Шевченко украин ақыны.

- сөздікті дәптерлеріне жазғызу.

 

IV  Ізденіс  тапсырмасы    

1.Сырдария өзенің картада көрсетіп, географиялық анықтамасын беру.

2.Сырдария  туралы  шығармалар.

V Сергіту жаттығуы

«Желсіз түнде  жарық ай» өлең   сөздерін  қимылмен   көрсету.

     VІ  Тақтада  тапсырманы орындау

   «Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау.

    Авторы. Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының           докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда   (Ақмешіт) қаласында дүниеге келген.

1.     Тақырыбы. Туған жер.

2.     Жанр түрі. Лирика, туған жер лирикасы.

3.     Идеясы. Туған жерді бағалау, ыстық екенін ұғына білу.

4.     Шумақ саны. 6 шумақ.

5.     тармақ саны. 24 тармақ.

6.     Бунақ саны. 2 бунақ.

7.     Буын саны. 7-8 буынды.

VII Үлестірме қағаздарымен жұмыс 

Сәйкестендіру

Жазса Тарас

Еділді

Жазса Пушкин

жыламасқа

Неге маған

менің анам

Сырда туған

Днепрді

Ел анасы

сұлу өзені

Сырдың

елімді

Қуан ана!

Жырлар кезегі

Келді

Ақыныңның

Ой толғау «Сырдария өзені болашақта...» 

VIII  Тақырыпты қорытындылау 

Сандықтан  үлестірме қағаздардан қалағанын алып, сұрағына жауап береді.

Сұрақтар:

1. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?

2. «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

3. Өлеңнен Әбділда атадан басқа қандай ақындар өз туған жерлерінің өзенін жырлағанын байқадыңдар?

4. Ананың балаға деген махаббатының қартаймайтынын, мәңгі екенін ақын қандай жолдар арқылы білдіреді?

 5. Ақын анаға ұқсас ұғымды қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?

6. Өлеңде жалқы есімдер кездесе ме?

  VIII Қорытынды

Үйге тапсырма:

 «Сырдария» өлеңін жаттау. «Туған жер» тақырыбында ой толғау жазу.

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан балалардың жұмысын, білімін  бағалау.

Рефлексия. Өткізілген сабақ бойынша оқушылардың ойы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект Сабақтың тақырыбы:  Әбділда Тәжібаев   «Сырдария» өлеңі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 964 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 2190
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукушева Акбота Жумашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукушева Акбота Жумашевна
    Мукушева Акбота Жумашевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7611
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек