Инфоурок Другое КонспектыКонспект Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау

Конспект Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау
Сабақтың мақсаты:
ұландар Бұқар жыраудың өмірі және  толғаулары туралы толық түсінік алады.

Міндеттері:
Білімділік: Жыраудың өмірі туралы түсінік алу,  толғауларын талдау.

Дамытушылық: ұландар өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге үйренеді. Тәрбиелік: туған жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ- жауап, РАФТ;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сәттілік дөңгелегі, тілек мұнарасы;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі  2 мин.
Амандасу, сабаққа  әзірлеу.

I. Үй тапсырмасын  сұрау.  4 мин.
    «Сәттілік дәңгелегі»
1) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа. (Шалкиіз жырау)
2) Қазтуған жыраудың қандай жырларын білесің?   («Мадақ жыры», «Алаң  да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір»)
3) Жыраулар поэзиясы қай кезеңнен басталады? Оның басты өкілдері кім? (XV ғ. Асан қайғыдан бастылып, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбетпен жалғасады )
4) «Көшпенділер философы» деген сөз кім туралы айтылған? Бұл сөзді кім айтты?  (Асан қайғы  туралы  Ш.Уәлиханов)
5) «Айналайын, Ақ жайық
Ат салмай өтер күн қайда,
Еңісі биік боз орда
Еңеке кірер күн қайда», - деп арман айтқан қай жырау? (Доспамбет жырау)
6) Есім ханның «қолына сүйесін; қолтығына демесін» болған кім еді? (Жиембет жырау)
1)   Жылдар сөйлейді   4 мин.
1) 1723 жылы

2) 1726 жылы
3) 1729 жылы
4) 1741 жылы
Болған оқиғалар:
1. Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне шабуыл жасады.
1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. 
2. Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар жеңіледі 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді
3. Балқаш көлінің оңтүстігінде қайтадан айқас болады, бұл айқаста қазақтар жеңеді. Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.  Бұл шайқаста (40-45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
4. Қалмақтар қазақтарға шабуыл жасайды.  1738 – 41 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді.  Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп,  Жетісу мен  Шығыстағы  Қазақ  жерін  қайтарып алды .

II. Жаңа тақырып  бойынша:   2 мин.

Ұландардың  назарын сабаққа аудару  үшін:  (жырау толғауынан үзінді аудио тыңдау)
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ ,– деген сөзді кім айтып еді? - Бұқар жырау Қалқаманұлы.
Ізденуге берілген тапсырма: 5  мин
1) Бұқар  Қалқаманұлының  өмірі

 Бұқар жырау толғауларын тақырыбы бойынша үлкен төрт топқа бөлуімізге болады.
1. Өмір жайлы талғаулары.
2. Адам өмірінің кезеңдері
3. Ел бірлігі.
4. Абылай ханға арнаған толғаулары
      Өмір жайлы талғауларынан жыраудың табиғат құбылыстарына көз жібере отырып, солардың бәрінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратының нанымды дәлелдегенін көреміз. Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Қара құлам жүйрік деп», «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жол құрығы қаба деп», «Қара арғымақ арыса», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», «Асқар таудың өлгені», т.б. «Биік тауға жарасар», «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасады.

        Адам өмірінің кезең-кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда», «Атам болған жиырма бес» толғауларын  жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді.

  «Атам болған жиырма бес» деген  өлеңінде жастық пен кәрілікті қарама қарсы қойып суреттесе, «Жиырма деген жасыңыз» деген өлеңінде жиырмадан тоқсанға дейінгі кезеңді жеке- жеке жырлайды.

        Бұқардың қай талғауын алсақ та, елді бірлікке шақыру идеясы аңғарылады. Ел бірлігін, ел тыныштығын, тәуелсіздігін, бейбіт өмірін жырына арқау еткен жыраудың бұл тақырыптағы өлеңдері «Керей, қайда барасың», «Бірі етек, бірі жең болған», «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» т.б. көптеген өлеңдерін атауға болады.

 «Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түнілсін,

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз», - деп өсиет айтады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Тілек», «Керей, қайда барасың?» деген өлеңдерінде айтылатын ой да ел бірлігін сақтаудан туған.

     Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істері мен кемшіліктерін жырлағаның көреміз.

Қырық беске келгенде,

Жақсы мен жаман демедің.

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезеңге тіредің.

Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырой әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді.

Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі әр өлеңінде тақырып пен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір- бірімен сабақтасып жатқан үлгі-өнегеге толы жырлар екенін көреміз.

IІІ. Сабақты бекіту. 10 мин.
Бұқар  жырау ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, тәуелсіздігін өз жырына арқау еткен.  

1.     Поэзия минуты:  Бұқар жырау толғауларын  жатқа , мәнерлеп айту.

Үш ұлан  жатқа айтады.

2.     Үш  топқа әр түрлі  тапсырма (топтық жұмыс)

 

1-топ: Сатылай кешенді талдау:

«Қазақтың ханы Абылай» толғауын талдау

Тақырыбы:

Авторы:

Идеясы:

Тармақ саны:

Буын саны:

Метафора:

Теңеу:

Эпитет:

2-топ      Екі түрлі түсіндірме күнделігі

Ерекше әсер еткен жолдар

 

Неліктен?

 

 3-топ   ВЕНН диаграммасы:

Асан қайғы

Ұқсастығы

Бұқар жырау

Жерұйықты іздеген,

Ұлығ Мұхаммед ханның тұсында өмір сүрген

14-15 ғасыр

«Ел айрылған», «Зар» күйлері бар.

Халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген жыраулар

18 ғасырда өмір сүрген.

Әз Тәукеден бастап, Қайып, Болат,Сәмеке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілқайыр, Барақ, Абылай.

 

3.       РАФТ           12  мин

Р

А

Ф

Т

Бұқар жырау,

Абылай хан,

жастар

хан, ұландар,

Білім министрі А.Саринжипов;

сұхбат,

диалог,

хат;

ел бірлік,

тіл мәселесі,

жастардың тәрбиесі;

 

ІV. Қорытындылау.  5 мин

1.Тілек мұнарасы (ұландар 4 жолдан тұратын өлең немесе тілектерін жазып, мұнара құрастырады)
2.Бағалау.

 3.Үйге тапсырма.  2 мин
  “Бұқар – ел бірлігі туралы жырлаған жырау”  тақырыбында  эссе  жазу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 819 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 2509
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мукушева Акбота Жумашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мукушева Акбота Жумашевна
    Мукушева Акбота Жумашевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7513
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 29 регионов