Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект "Сүйікті мекенім - Маңғыстау"

Конспект "Сүйікті мекенім - Маңғыстау"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектепалды даярлау тобында өткізілген «Сүйікті мекенім-Маңғыстау» атты кіріктірілген ашық оқу іс-әрекет конспектісі


Дайындаған: Урисбаева Гулмира Бердихановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

әкімдігінің білім бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» МКҚК әдіскері

Андакулова Назгуль Батыровна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі


Алтунина Римма Ивановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» МКҚК ән-саз жетекшісі


Мақсаты: туған өлкеге деген патриоттық, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Білімділік мақсаты: туған өлке табиғатының ерекшеліктері жайлы түсініктерін нақты қалыптастырып, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: туған өлкеге деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, слайд, желім, сүрткіштер.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған Жер Ана!

Сәлем саған Нұрлы Күн!

Аман есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.

Саяхатшы: Сәлематсыздар ма, балалар! Мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп жүрмін.Ал сіздердің өлкелеріңізде мүлде болмаппын, мен өзі қайда келдім?

Сымбат: Сіз Республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы газ бен мұнайлы өлке Маңғыстауға келдіңіз.

Саяхатшы: Е, солай ма?

Ақниет: Достар, саяхатшыға өз еліміз туралы таныстырайық. Достар, біз қай елде тұрамыз?

Дария: Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.

Сымбат: Қазақстан мемлекетінің астанасы қай қала?

Жанарыс: Қазақстан мемлекетінің астанасы -Астана қаласы.

Сымбат: Біздің елбасшымыз кім?

Динара: Біздің елбасшымыз Н.Ә. Назарбаев.

Сымбат:Біздің мемлекетімізде қанша облыс бар?

Ғазиза: Біздің мемлекетімізде 14 облыс бар.

Сымбат: Біздің облысымыз қалай аталады?

Дінмұхаммед: Біздің облысымыз Маңғыстау облысы деп аталады.

Сымбат: Облысымыздың орталығы қай қала?

Меруерт: Біздің облысымыздың орталығы- Ақтау қаласы.

Сымбат: Достар, айтыңдаршы біздің облысымызда қанша аудан бар?

Ғазиза: Біздің облысымызда бес аудан бар: Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы, Қарақия ауданы, Түпқараған ауданы, Мұнайлы ауданы.

Саяхатшы: Ендеше осындай өлкелерің туралы маған таныстыратын боларсыңдар?

Назерке: Каспийдің көгілдір айдыны орап жатқан осынау түбекті кім білмейді?! Әрине таныстырамыз.

Маңғыстау жерім,

Теңің жоқ сенің,

Қара алтын кенім.

Байлығы елдің,

Еңбек бір майдан,

Күмістер тамған,

Қыранды далам,

Бабадан қалған.

Назерке: Маңғыстау біздің әніміз,

Маңғыстау біздің сәніміз,

Береке қонған, құт дарып,

Арайлап атып таңымыз.

Жанарыс: Айналдым Маңғыстаудың даласынан,

Ақырған кәрі Каспий жағасынан.

Сыланған жас арудай бой түзеген,

Айналдым Ақтауымдай қаласынан.

Саяхатшы: Керемет! Маңғыстау өлкесі туралы қалай жырлайсыңдар өздерің? Туған елді, жерді сүю деген қандай керемет!

Сымбат: Ата бабамыз жер қазына, мал байлық деп бекер айтпаған, енді сізге өз өлкеміздің байлығы туралы таныстырайық.Олай болса саяхатқа шығайық.

Саяхатшы: Мен саяхатшымын ғой. Саяхатқа шыққанды ұнатамын.

(саяхатқа шығады)

Сымбат: балалар, шөптің үстіне жайғасып отырайық. Абайлаңдар, тікен кіріп кетпесін. (слайд көрсетіледі)

Саяхатшы: Балалар, мен тұнау алыстан бір нәрселерді көріп тұрмын. Өлкелеріңізде не өндіріледі?

Жанарыс: Біздің өлкемізде мұнай өндіріледі. Өлкеміз қара алтынға бай.

Саяхатшы: Өлкелеріңнің қай жерлерінде мұнай өндіріледі?

Дінмұхаммед: Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Өзенде мұнай өндіріледі.

Саяхатшы: Мұнайдан басқа не өндіріледі?

Мади: Мұнайдан басқа тас, әк, цемент өндіріледі.

Саяхатшы: Балалар, мынау жануарлар ғой. Өлкелерің қандай шаруашылықпен айналысады?

Назерке: Біздің өлкеміз мал шаруашылығымен айналысады. Жылқы, түйе, қой өсіріледі.

Саяхатшы: Бұл жануарларды бір сөзбен қалай атайды?

Дария: Бұларды үй жануарлары деп атайды.

Сымбат: Үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айтайық.

Назерке: Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

Жанарыс: Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Рамазан: Әлсіз ат сүріншек,

Ақылсыз адам еріншек.

Милана: Малды теппе, ақты төкпе.

Саяхатшы: Балалар, мен бір керемет иісті сезіп тұрмын, бұл ненің иісі?

Балалар: Жусанның иісі.

Саяхатшы: Қандай керемет, таза ауа. Балалар, таза ауамен терең тыныстайықшы. (Балалар таза ауамен терең тыныс алады)

Саяхатшы: Балалар, ненің дыбысын естіп отырсыңдар?

Балалар: Гуілдеген желдің дыбысын естіп тұрмыз. (балалар тербеледі)

Саяхатшы: Бұл ненің дауысы?

Балалар: құстардың шиқылдаған дауысы.

Саяхатшы: тамаша! Қане, тағы да таза ауамен терең тыныс алайықшы...

Саяхатшы: балалар, жануарлар мен өсімдіктерді, құстарды қалай қорғайсыңдар?

Айкүн: Жануарларды, өсімдіктерді, құстарды қорғау қызыл кітапта жазылған.

Қызыл кітап шындықты

Айтуға да арналған.

Жою керек сұмдықты,

Жойылмасын бағалы аң.

Қорғау керек аңды да,

Бара жатқан сиреп көп.

Қызыл кітап ал мына,

Жұртты соған үйретпек.

Айгерім: Қазақстанда жойылып бара жатқан жануарларды, өсімдіктерді, құстарды қорғау үшін қорықтар құрылған.

Саяхатшы: Қазақстанда қандай қорықтар бар? Атап бере аласыздар ма?

Назерке: Қазақстанда Алматы қорығы, Қорғалжын қорығы, Ақсу жабағылы қорығы, Үстірт қорығы, Барсакемес қорығы, Марқакөл қорығы,Наурызым қорығы бар.

Саяхатшы: Өз өлкелеріңде қандай қорық бар?

Меруерт: Біздің өлкемізде Үстірт қорығы бар.

Саяхатшы:Қорықтарыңда қандай жануарлар бар?

Камила: Қорықта қарақұйрық, киік, арқар, қасқыр, түлкі, қояндар бар.

Саяхатшы: Өлкелеріңде емдік шөптер кездесетін болар, олар туралы не айтасыңдар?

Камила: Мен адыраспанмын. Мен Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездесемін. Мамыр, шілде айларында гүлдеймін. Емдік мақсатқа менің шөбім, бұтақтарым,жапырақтарым мен гүлдерімді пайдаланады. Менің шөбімнен жасалған қайнатындыны суық тигенде, нерв жүйесі әлсірегенде пайдаланады.

Айкүн: Мен изенмін. Ала бұта тұқымдаспын. Мен тік өсемін, жапырақтарым да гүлдерім де ұсақ,түсім жасыл қызғылт түсті. Құмды жерлерде өсемін. Емдік мақсатқа менің дәндерімді пайдаланады. Менің дәндерімнен жасалған дәрімен тері, тырнақ ауруларын емдеуге болады.

Жандарбек: Мен жантақпын. Бұршақ тәріздес тікенді, көп жылдық өсімдікпін. Гүлдерім қызғылт, жемісім бұршақ тәрізді. Маусым, тамыз айларында гүлдеймін. Емдік мақсатқа менің жапырақтарым мен тамырымды пайдаланады. Мені бүйрек ауруына, қан тазартатын дәрі есебінде де қолданады.

Мади:Мен сүттігенмін. Менің сабағым тік бұтақты. Жапырақтарым қарама- қарсы орналасқан. Гүлдерім шоқталып өседі. Құмақты жерлерде өсемін. Емдік мақсатқа шөбім мен шырынымды пайдаланады. Менің шырыныммен сүйелді, беттегі дақтарды кетіруге болады.

Айгерім: Мен бәйшешекпін. Гүлдерім шатырға ұқсайды. Жемісім жұмыртқа тәріздес.Менің тамырымды бронхит ауруына дәрі ретінде қолданады.

Саяхатшы: Өте тамаша! Өлкелеріңде қандай құстар бар?

Сымбат: Өлкеміздің құстарын айтайық.

Балалар: Аққу, шағала, қарлығаш, кептер, қарға, торғай, жапалақ, үкі, бүркіт т.б.

Сымбат: Құстар туралы өлең айтып берейік.

Дария: Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Құртты шоқып тауысқан.

Санитар-бұл сауысқан.

Ғазиза: Шаңқылдаған шағала,

Шарқ ұрады жағада.

Ол теңіздің түлегі,

Талмай ұшып жүреді.

Динара: Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Милана: Қарға,қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар борар,

Бұтаққа қонар қарғалар.

Саяхатшы: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендердің өлкелеріңнің табиғаты туралы көп мәлімет алдым. Мен әрі қарай да бірнеше елді аралаймын, сол кезде сендердің өлкелеріңнің табиғаты туралы айтып жүргім келеді,сондықтан маған өздерің айтып таныстырған өсімдіктер мен жануарлар туралы бейнелеп берсеңдер өте тамаша болар еді.

(балалар өсімдіктер мен жануарлардың, құстардың суретін жапсырып береді)

Саяхатшы: Рахмет,балалар!

Сымбат: Саяхатшы, біз енді қайтайық.

Саяхатшы: Қайтсақ қайтайық, жол қысқарсын жаңaғы өздерің айтқан жануарлаpдың, құстардың қимылы мен қозғалысын салайық.

-Қоян қайтеді?

-Қасқыр қайтеді?

-Ал, қу түлкі ше?

-Құстар қалай самғайды? Қалай қалықтайды?

Сымбат: Міне, әне міне дегенше келіп қалдық.

Саяхатшы:Балалар,сендердің қалаларың қандай теңіздің жағасында орналасқан?

Дария: Біздің қаламыз Каспий теңізінің жағасында орналасқан.

Саяхатшы: Балалар, мынау аққулар ғой.

Би: «Аққулар»

Сымбат: Біз өз өлкемізге деген сүйіспеншілігімізді былай білдіреміз.

Ән: «Маңғыстау»

Сымбат: Саяхатшы, біз сізге Маңғыстаудың экологиялық әліппесін құрастырып береміз. Қане, балалар құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің, қаламыздың көрікті жерлерінің суреттерінен пайдалана отырып, экологиялық әліппе құрастырайық.

(балалар экологиялық әліппе құрастырады)

Сымбат: Табиғатты қорғайық!

Назерке: Аспанымыз ашық болсын!

Камила: Деніміз сау болсын!

Ғазиза: Теңізіміз ластанбасын!

Жанарыс: Ағаштарымыз жайқалып өсе берсін!

Рамазан: Аққулар ұшып келіп тұрсын!

Динара: Теңізге мұнай төгілмесін!

Меруерт: Елімізде бірлік болсын!

Мади: Достығымыз берік болсын!

Айкүн: Бейбітшілік болсын!

Барлығы: Өлкеміздің табиғатын қорғайық!

(орындарына тұрады)

Сымбат: Саяхатшы, біз қазақ халқының кең пейілді, қонақ жай екенін көрсеткіміз келеді. Салт – дәстүр бойынша келген қонаққа шапан жауап сый-құрмет көрсетеміз! (саяхатшыға шапан жабады)

(Саяхатшыға шұбат пен ірімшік, құрт, балқаймақ ұсынады.)

Саяхатшы: Рахмет, сіздерге балалар! Мен өте ризамын. Бүгінгі саяхат маған қатты ұнады. Өздерің қандай білімді балаларсыңдар.Өз өлкелеріңнің табиғатын қорғайтын білімді, үлгілі азамат болып өсіңдер деп тілек білдіремін! Сау болыңыздар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Сымбат: Құрметті қонақтар, біз өз өлкеміз туралы таныстырдық. Достар, қонақтармен қоштасып тобымызға қайтайық.

Балалар: Сау болыңыздар, қонақтар!

Қонақтарға шұбат ұсынылады.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров61
Номер материала ДБ-079712
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх