Инфоурок Математика КонспектыКонспект урока "26+34 және 60-26 түріндегі қосу және азайту" 2 класс

Жұмыс парағы «±2, ±3 және ±4 түріндегі қосу немесе азайту»

Файл будет скачан в формате:

  • pdf
1102
5
25.11.2024
«InfoLesson»‎
Жұмыс парағы «±2, ±3 және ±4 түріндегі қосу немесе азайту» тақырыбына арналға. 6 тапсырмадан тұрады. Соңғы бетте жауаптары бар. 6-7 жастағы балаларға, 1 сынып оқушыларына арналған. Тапсырма мазмұны: Есепті шеш Түсініктемені пайдаланып, жанат, көбелек және тиін отыратын орындардың нөмірлерін анықтап, жаз. Жанат бірнеше есептерді сандық түзу арқылы шешті, Ол барлығын дұрыс орындағанын тексеріп, қателерін сызып, дұрыс жауапты жаз. Қатесі бар сандық қатарды тап, оны жұлдызшамен белгіле. Жасырылған сандарды тап және т.б. тапсырмалар Жұмыс парағы жарқын, креативті және қызықты тапсырмалармен толтырылған. Ол оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ жаңа білімді оңай әрі қызықты түрде меңгеруге ықпал етеді.

Краткое описание методической разработки

Жұмыс парағы «±2, ±3 және ±4 түріндегі қосу немесе азайту» тақырыбына арналға. 
6 тапсырмадан тұрады. Соңғы бетте жауаптары бар.
6-7 жастағы балаларға, 1 сынып оқушыларына арналған.

Тапсырма мазмұны:
Есепті шеш
Түсініктемені пайдаланып, жанат, көбелек және тиін отыратын орындардың нөмірлерін анықтап, жаз.
Жанат бірнеше есептерді сандық түзу арқылы шешті, Ол барлығын дұрыс орындағанын тексеріп, қателерін сызып, дұрыс жауапты жаз.
Қатесі бар сандық қатарды тап, оны жұлдызшамен белгіле.
Жасырылған сандарды тап
және т.б. тапсырмалар

Жұмыс парағы жарқын, креативті және қызықты тапсырмалармен толтырылған. 
Ол оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ жаңа білімді оңай әрі қызықты түрде меңгеруге ықпал етеді.

Развернуть описание

Конспект урока "26+34 және 60-26 түріндегі қосу және азайту" 2 класс

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  26+34 және 60-26 түріндегі қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Санның ондық құрамы жайындағы білімге сүйеніп, ондықтармен және бірліктермен амалдар орындайды және разрядтан аттап екі таңбалы амалдарды қосу және азайту алгоритмдерін пайдаланып, әр түрлі шешу әдістерін түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау, шапшаң есептеу және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, ұқыптылыққа өз бетімен жұмыс жасауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Типі: Аралас сабақ.

Көрнекілігі: Оқулық, саз аспаптары, қобыз, Қорқыт ата, күйшіДина, Құрманғазы портреттері.

Пәнаралық байлығы: музыка сабағы және қазақ тілі сабақтары, көшеде жүру

ережесі.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Психологиялық дайындық

Талаптанып, қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып, тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

3.     Үй тапсырмасын тексеру.

4.     Дәптер жинау

Өткенді пысықтау үшін өткен сабақтардан сұрақтар қою.

5.     Қайталау – білім айнасы.

1.     Периметр дегеніміз не?

2.     Қосу амалын қалай тексереміз?

3.     Азайту амалын қалай тексереміз?

4.     Қосуамалыныңкомпоненттеріната.

5.     Азайту амалының компоненттерін ата.

6.     83 санында неше ондық, неше бірлік бар?

7.     Екі таңбалы сандарға қосу амалын қолданғанда не істейміз?

(Бірліктерге бірлікті, ондықтарға ондықты қосамыз)

8.     Екі таңбалы сандарға азайту амалын қолданғанда не істейміз?

9.     (Бірліктерден бірлікті, ондықтардан ондықты азайтамыз)

 

 

 

 

6.     Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс:  таза көркем жазу.

1.     26+34 және 60-26 түріндегі қосу және азайту.

Кеше біз бағандап қосу мен азайтуды үйрендік. Сонымен, қосу амалын  орындағанда не істейміз?

(Ең алдымен бірліктерді бірліктерге, ондықтарды ондықтарға жеке-жеке қосып, нәтижесін табамыз.

2.     Оқулықпен жұмыс.

№ 1

Әр  қатар ауызша айтып орындайды.

20+30=50                 6+4=10                 50+10=60

 

№2. Әрқайсысын көрсетіп қосудың тәсілін түсіндіру.

26+34= (26+30)+4= 60

26+34= (26+4)+30= 60

26+34= (20+30)+(6+4)= 60

-         Балалар, қайсысы тиімді деп ойлайсыңдар?

 

№3.  Қосындылар мен айырмалардың мәндерін табу.

Әрқатар ауызша айтып орындайды.

50+20=30                   10-6=4                   30+4=34

 

№4. Әрқайсысын көрсетіп азайтудың тәсілін түсіндіру.

 

60-24=(60-20)-4= 36

60-24= (60-4)-20 =36

60-24= (50-20)+(10-4) =36

3.     Сергіту сәті.

№5. Түсіндіре отырып шығару.

      64+16= (60+10)+(4+6) =80                            90-23=(80-20)-(10-3)= 67

         70-24=(60-20)-(10-4)=46                         35+35= (30+30)+(5+5)=70

 

         37+43=(30+40)+(7+3)=80

         90-68=(80-60)-(10-8)=22

 

 

 

 

 

 

 

4.     Жұмбақ шешу.

1.     Тиіп кетсе жырлаған,

Даусы көпке ұнаған.  (Домбыра)

2.     Бір нәрсе қараңғыда қаумалайды,

Азынаса көмейіңде мал жылайды.

Құйрығын қара жерге тіреп алып,

Келеді баяғының көзін салып. (Қобыз)

 

-         Домбыра, қобыз қандай аспаптар?

-         Домбырамен қандай өнер көрсетіледі? (Күй, ән)

-         Күй тартатын адамды кім дейді?    (Күйші)

-         Қобызды алғаш рет кім жасаған? (Қорқыт ата)

-         Қобыздың әуені қандай?    (Жағымды)

-         Ал, күйші, қобызшы сөздерінен түбір мен қосымшаны кім ажыратады?

-         Олай болса, осыған байланысты есептер шығарайық.

         №6

1)Домбыра-40                             Ш: 40+(40-16)=64

Қобыз-?             16-сыкем            Ж: 64 аспапжасалды.

Барлығы-?

 

    2)  Қобыз-40                                  Ш: 24+(24+16)=64

Домбыра-?   16-сыартық                      Ж: 64 аспапжасалды.

Барлығы-?

-         Бұлар қандай есептер?

-         Өзара кері есептер.

-         Осыған тағы бір кері есепті кім шығарады?

 

Домбыры-40                                   Ш: 40+24=64

Қобыз -24                   Ж:  Барлығы 64 аспапжасалды.

Барлығы -?

 

 

5.     Топпен жұмыс.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топқа– берілген мысалдың дұрыс мәндеріне сәйкестендіру.

ІІ топқа – тест тапсырмасы.

ІІІ топқа – берілген өрнектің мәнін шығару.

 

6.     Қортындылау. «Келойнайық!»

“Аялдаманы хабарла“ ойыны.

-         Оқушылар әр аялдамаға тоқтап, тапсырманы орындайды.

Олай болса, балалар, жол ережесін білеміз бе?

Сұрақ:

 ағдаршам деген не? ( Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. )
Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?  (Аялдамада)

Жолда қай жерден өту керек?   аяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.)

 

- Міне, балалар, біз сендермен жолда  қалайжүру керек екенін білеміз.

Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

Олай болса, мен сендерді бағдаршам көзімен бағалаймын.

“Қызылкөз”- 5

“Сарыкөз” – 4

“Жасылкөз” – 3- деп, оқушыларды мадақтап бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока "26+34 және 60-26 түріндегі қосу және азайту" 2 класс"
Смотреть ещё 6 084 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 367 240 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 14.04.2018 41
    • DOCX 34.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Скобелина Анастасия Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6461
    • Всего материалов: 77

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 364 462 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Изменения в налоговом и тарифном регулировании: практика применения

4 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 150 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 132 человека

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек
Смотреть ещё 6 084 курса