Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект урока: Ас атасы -нан

Конспект урока: Ас атасы -нан

Скачать материал

 

Макулбаева Ш.Е.,  Алматы қ, И.К. Мандоки атындағы №154 ЖББ мектептің                

       бастауыш сынып мұғалімі.

                      Ана   тілі. 3 сынып.   Тақырыбы: «Ас атасы-нан»

         ( «Егінші мен қасқыр», «Қатқан нан»  мәтіндері бойынша)

Мақсаттары:1.Оқушылардың ойлау  қабілеттерін арттырып, мәнерлеп сауатты оқу, мәтінмен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Білімді өздігінен меңгеретін және сол білімді өмірде қолдана алатын тұлғаны қалыптастыру, таным қабілеттілігін  арттырып, дүниетанымын кеңейту.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру арқылы оқушыларды нанды қастерлеуге, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу.3. Оқушылардың ізденімпаздық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтын типі: жаңа сабақ  Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Көрнекіліктері:суреттер, нан тағамдары, нан туралы нақыл сөздер, ашытқы, жылы су, оқулық.

                                    Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру сәті. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақты «Ас атасы- нан» деп атадық. Нанды неге қасиетті тағам дейді? Осы сұраққа біз бүгінгі сабақта жауап беруіміз керек. Бүгінгі сабақта өз білімдеріңді көрсетіп, көптеген жаңалықтарды білетін боласыңдар. Осы сабағымыз сәтті өту үшін, сендерден жинақылық, тәртіп, тез ойланып, нақты жауап беріп отыруларыңды сұраймын. Өздерің білесіңдер біз «Ана тілі» сабағында « Маужырап барқыт күз келді» деген тарауды өтіп жатырмыз. Осы тараудың шығармаларын оқу арқылы күздің небір кереметтерімен таныстық, ерекше белгілерін суреттедік.

Ал бүгінгі сабақта жомарт күз туралы  әңгімемізді жалғастырамыз. Күз-байлық деп неге айтамыз? Күздің бізге берер ең үлкен байлығы не?

Әрине, астық. Біздің елімізде астық егісі молшылық көзі деп аталып кеткен. Яғни астық дегеннің өзі байлық деген ұғым. Ал астық неден өседі?

2.     Үй тапсырмасын тексеру.

«Жалғыз дән» мәтінін мазмұндау. Табиғат-ана қарт жолаушыға неге риза болды? Осыдан қандай ой түюге болады? (Дәнді тастама, табиғатты аялау керек.) «Егер жерді баптасаң, ол да сені сақтайды».

Үйде жазып келген «Нан қайдан шығады» атты шығармаларын оқыту, жаттаған өлеңдерін, ертегіні оқыту.

3.     Жаңа мәтінмен жұмыс.

Бүгінгі сабақта біз «Егінші мен қасқыр» деген литван ертегісін оқимыз. Алдымен осы ертегіні Әнел мен Бекзаттың оқуында тыңдап алыңдар да, осы мәтіннің негізгі ойын қандай мақалмен түйіндеуге болатынын ойланып отырыңдар.     «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті».

Енді мәтінді оқып шығайық. Сонымен, нан дайындау үшін қандай жұмыстар атқарылады?    Неге  қасқыр нанды кәсіп еткісі келмеді? Ертегіде егінші бар жұмысын өзі жалғыз атқарады. Ал бізге нанды кімдер дайындап береді?

Қырманда астықты өлшеп, тазалап кептіреді. Содан соң элеваторға жөнелтеді. Элеватор дегеніміз дәнді сақтайтын арнаулы үлкен қойма. Онда астықты таза, құрғақ күйінде бірнеше жылдар бойы сақтауға болады. Астық диірменге жіберілген соң, диірменшілер одан ұн жасайды. Наубайханада дайын ұннан наубайханашы нан пііреді. Ал сатушы оны халыққа сатады. Тағы қандай мамандық иелері нан өсіру үшін еңбек етеді?

                                                ғалым                

 


                     дәрігер                                    агроном

 

 

нан                                                                           мұғалім

комбайншы                                                                жүргізуші

                                                                                          инженер

тракторшы                                                                  

                                                                                      синоптик

элеваторшы                                                                наубайшы

                                                                            диірменші

                         сатушы     механик т.б.

(Жеке оқушыларға « Мәтінмен жұмыс» ұсынылды)

Мәтінмен жұмыс. Аты:
 


                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.     Оқушылардың білімдерін бекіту.

Міне, алдарында әр түрлі нан өнімдері тұр. Ақ нан, немесе қара нанның болуы неге байланысты деп ойлайсындар?

 

Біздің еліміздің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары өздерінің астықты алқаптарымен атақты. Бұл өңірде бидай өнімі мол шығады. Бірақ дәнді сепсе  болды, шыға бермейді, бидай да бала сияқты өзін аялағанды, адамның күш-қуатын, мейірімін сүйеді. Сонда ғана жыл сайын мол өнім береді. Диханшының жер жыртып, маңдайының ащы терін сүрте тұрып: «Жер- ана, мейірімді бола көр» деп тілейтіні де сондықтан.

 Неге нанды өастерлеу керек?

5.     Көрініс «Нан құдіреті».

Неге нан құраннан қасиетті? Нанға байланысты тыйм сөздерді кім біледі?

Өлең құрастырып көріңдер. Енді нан туралы бәрін білесіңдер ме?

   6.Сен білесің бе?

«Нанның іші неге қуыс болады?» көрініс  ( «Негеш» энциклопедиясынан)

Бар мәселе ашытқыда, дәлірек айтқанда ашытқы саңырауқұлақтарында.

Бұл саңырауқұлақтар өте ұсақ. Нағыз өткір көздің өзі де оны көре алмайды. Титтей ашытқы қамырға қосыла сала, саңырауқұлақтар іске кіріседі. Олар көмірқышқыл газын түзетеді. Неғұрлым көмірқышқыл газы көп болса, көпіршіктер де соғұрлым мол. Соның арқасында қамыр қампиып көтеріледі, ашиды. Ыстық пеште көпіршіктер жарылып, газдар шығып кетеді, ал иісі аңқыған, ыстық нанның іші қуыс-қуыс боп қалады.

Адамдардың осы секілді көзге көрінбейтін, құйттай көмекшілері көп. Біреулері  квас жасауға, екіншілері-ірімшік қайнатуға, үшіншілері дәрі-дәрмек дайындауға көмектеседі.

 Сонымен, нанның іші неге қуыс болады екен?

7.     Дүниеде талай қызық бар.

Кейбір тропикті елдерде нанды көп еңбектенбей-ақ пісіреді екен. Қалай дейсіңдер ғой? Ендеше Камила мен Азизаны тыңдайық:

 Нан ағашы-бұл еменге ұқсайтын мәңгі жасыл ағаш. Оны Жаңа Гвинеяда кездестіруге болады. Ағаш ананасқа ұқсас ірі жемістерімен әйгілі. Оның сарғыш жасыл қабығының асты жеуге жарамды, жұмсақ болып келеді.

Жергілікті тұрғындар нан ағаштың жемістерін  тесіп, түнге қалдырады. Таң ата одан кәдімгі нанға ұқсас етіп нан пісіруге болады. Бұндай  ағаш 4-5 жаннан тұратын бір жанұяны асырайды.

         Көр еңбекпен ақ дастарханға келетін нанды халық қасиетті тағам дейді. Қасиетті нанымызды біз қадірлеуге, құрметтеуге тиіспіз. Жер-анамыздың сыйлап отырған қазынасын ұқыпты да, ысырапсыз пайдаланайық.

Шортандының ғалымдары жазы қысқа, жауын-шашынға сараңдау Солтүстік облыстарда жерде егінді парға сеуіп, уақытында өңдеп отырса, егіннің арам шөбі құрып, зиянды жәндіктер азаятынын дәлелдеген. Таза парға себілген жаздық бидай мол түсім береді екен.

8.     Поговорим о хлебе.

Орыс тілі сабағында да күз бен астық туралы тақырыпты өтіп жатырсыңдар. Ендеше, орыс тілінде жаттаған өлеңдер мен мақал-мітелдерге кезек берейік.

Дети рассказывают стихи и пословицы о хлебе.

             9.Қорытынды:    Үйге тапсырма.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан-өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

9.     Рефлексия.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока: Ас атасы -нан"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.12.2015 1099
    • DOCX 69.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макулбаева Шарзия Есенгелдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6462
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе