Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока "Ү дыбысы мен әріпі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспект урока "Ү дыбысы мен әріпі"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық, буындық

талдау жасату.

2. Ү дыбысының әріп элементтерін, сөздерді дұрыс жазуға, есте сақтауға үйрету, тілін дамыту.

3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру.

Түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: мәтінге байланысты суреттер, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: а) сабаққа зейінін аудару.

ә) психологиялық дайындық.

-Бір, екі, үш

Сынып іші тып – тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз!

  • Біз қандаймыз?

  • Еңбекқор, алғыр.

Тәтті балдаймыз!

  • Біздің сынып қандай?

  • Татулығы жарасқан

бірінен бірі асқан.

Шұғылалы таңдаймыз.

Еңбектенуден тынбаймыз!

  • Қазір қандай сабақ?

  • Әліппе

  • Әліппе пәнінен нелерді білеміз?

  • 42 әріптерді танимыз, оқуды, жазуды үйренеміз.

  • Ия, Әліппені меңгеру үшін жалықпай оқып, еңбектену керек екен.

  • Сонымен әріп дегеніміз не? (көреміз, жазамыз)

  • Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)

  • Дыбыстар неше топқа бөлінеді? ( 2. Дауысты, дауыссыз)

ІІ. Үй тапсырма тексеру, өткенді қайталау:

  1. Мұғалім өтілген Ө әріпін көрсетеді.

  2. Сол әріппен басталған бір сөз айтады.

  3. Сол сөзге сөйлем құрайды.

  4. Сөзге дыбыстық талдау жасайды.

- Кәне үйге берілген тапсырманы кім айтады екен? / Бөпешім жаттау, бағандағы сөздерді оқу/

ІІІ.Жаңа сабақ.

Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер,бүгінгі өтетін дыбыс шығады.

Үйрек десе – бірінші,

Бүйрек десе - екінші.

Бұл қай әріп екенін,

Біреу айтып берсінші. (Ү)

Дұрыс балалар, Ү дыбысы екен.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)

- Мынау не? - Үкі

- Үкі – түнде ғана ұшатын имек тұмсық, үлпілдек майда жүнді жыртқыш құс.

Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү - кі. (екі буын) /Ереже айтқызу./

Дыбыстық талдау жасау.

Ү – дауысты.

К – дауыссыз.

І – дауысты.

- Ү - ү - ү (хормен айту)

- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

- Ү – жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.

- Қандай түспен белгілейміз?

- Қызыл түспен белгілейміз де, қызыл үйге кіргіземіз.

- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?

- Сөздің басқы буындарында жазылады. Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.

(«Ү» әрпінің баспа, Ү жазба түрлерін көрсету.)

Ауада жаздыру.

Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.

Ү - жіңішке дауысты дыбыс, Ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.

- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.

Суретпен жұмыс

Суретте салынған «үйрек» туралы айту.

Дыбыстық, буындық талдау жасау. Үйрек - үй – рек.

Ү – дауысты

Й – дауыссыз

Р – дауыссыз

Е – дауысты

К - дауыссыз

ІУ.Оқулықпен жұмыс.

Бағандағы сөздерді оқу. / жеке – жеке оқу, түсіндіру /

У. Сергіту сәті:

Өлең жолдарын қимылмен орындайды.

Көжектерім тұршы,

Қолыңды жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бойыңды жазшы,

Айналаңа қарашы.

Аяғыңды басшы,

Орыныңды тапшы.

УІ.Тақтадағы сөздерді оқыту

Гүл, үтік, күз, жүгері, күрек, түлкі

УІІ. Дәптермен жұмыс:

Ү дыбысының жазу элементтерін бастырып жазады. Бас, кіші әріптерін жазулары. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.

Тірек – сызба бойынша затты сипаттау:

Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл

Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер

УІІІ. Сабақты қорытындылау:

- Бүгін қандай әріппен таныстық?

- Ү дыбысы қандай дыбыс?

- Ү дыбысы қалай айтылады?

- Бас, кіші әрпін жазып көрсет.

«Өз орныңды тап» ойыны. Әріптерді өз орнына қою:

ү, т, л, і, к – түлкі. і, к, ү – үкі. р, к, е, й, ү – үйрек.

ІХ.Бағалау. (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш)

Х. Үйге тапсырма.

Ү дыбысы мен әрпі.


Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров73
Номер материала ДБ-008067
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх