Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспект урока "Достарыма айналған үй"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Конспект урока "Достарыма айналған үй"

библиотека
материалов

1 технологиялық карта

Уақыты: 3.09.2015 ж Тобы: Ортаңғы «Балапан»

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жапсыру

Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»

Мақсаты: қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру; төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Қостілділік компанент: ит-собака, мысық – кошка, достар – друзья, үйшік – домик.


Мотивациялық – қозғаушылық

Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.

Жұмбақ

Ырылдайды, үреді,

Үй маңында жүреді.

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер,

Үріп белгі береді.


Мақал

Ит – адамның досы.


Жұмбақ

Түссе күннің шуағы,

Көзін жұмып алады.

Жылы жерді сүйеді,

Беті – қолын жуады.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал.

Иттер – ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.

Пекинес – кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағанын, сипалағанын қаламайды.

Пудель - өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Олар үнемі әдемі шаш үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады, сәнқой ит.

Болонка – сәндік көрнекі ит. Көрмелерге қатысады. Бұл иттер аурушаң келеді, сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.

Суреттерді қызыға қарайды.



Жұмбақтарды шешеді.




Жауабы: ит.



Мақалды тыңдайды, қайталайды.




Жауабы: мысық.


Қайталайды.






Тыңдайды, иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған илюстрацияны қарайды.


Чау-чау – арыстанға немесе аюға ұқсайды. Олар өте байсалды, бірақ үйретуге келмейді. Өте сақ, иесіне адал болады.

Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады.

Ангор мысығы – көңілді, қылықты мысық. Ойынпаз, адамды жатырқамайды. Белсенді, үйірсек, кіммен болсын тіл табысады.

Сібір мысығы – ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық. Қылықты, балалармен ойнағанды жақсы көреді, тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді. Жүні айрықша жұмсақ, үлпілдек болғанымен, ерекше күтімді қажет етпейді.

Канадалық және дондық сфинкс – жұмсақ, тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық. Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға да қарсылық білдірмейді. Балалармен жақсы ойнайды, жылы көрпенің астында ұйықтағанды жаны сүйетін, адамға емдік қасиеті бар мысықтар.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ғажайып сәт

-Балалар, бізге ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық. Жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсету.

-Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка. Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе?


Ит – собака, мысық – кошка, достар – друзья, үйшік – домик.


Үлестірмелі материалға назарларын аудару, жұмыстың орындалу ретін түсіндіру.



-Үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?

-Ал негізін ше?

-Үйшіктің тағы несі болады?


Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн – жосығымен, қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстыру.


Қонақтармен амандасады, қуаныштарын білдіреді.






Көмектесуге ынта білдіреді.



Қайталайды.



Үлестірмелі материалдарды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, жұмыстың орындалу ретімен танысады.

-Шатыры – үшбұрыш.

-Негізі – шаршы немесе тіктөртбұрыш.

-Терезелері – шаршыдан.



Қауіпсіздік техникасының жөн – жосығымен танысады, қайшымен қалай жұмыс


  1. Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің.

  2. Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

  3. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.

  4. Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

  5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып, құлап кетпейтіндей берік қою керек.

  6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап, жинастыру қажет.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Сергіту сәті

Мысығым, тұршы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Балалардың ішінен

Ең тапқырын таңдашы.


Ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын балаларға бір-бірден таратып беру.


Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызу.


Жасау керектігін тыңдайды, жұмысқа кіріседі.













Өлең сөзінің мазмұнына қарай қимыл – қозғалыстар жасайды. Балалар жапсырманы жабыстырады. «Абала» деп ойыншық итке, «Марғау» деп ойыншық мысықтың жапсырмасын жабыстырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Қараңдаршы, балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді!

Балалар, Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады. Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды.

Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап, итпен және мысықпен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды, үйшік жасайды.

Түсінеді: ит және мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екендігін, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын.

Қолданады: шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрышты қолданып үйшік жасайды.
















Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров85
Номер материала ДБ-042569
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх