Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Конспект урока казахского языкапо теме "Жетісу өңірі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспект урока казахского языкапо теме "Жетісу өңірі"

библиотека
материалов

4 8 сынып. Қазақ тілі.


Тақырыбы: "Жетісу өнірі".

Мақсаты: тақырып бойынша білім беру, сөз қорын молайту,етістік туралы білгендерін пысықтау.

Тыңдау, түсіну, сөйлеу, сөздерді орынды қолдануға, жазуға , ойларын айтқызуға үйрету.

Қазақстан көрікті жерлерін білуге , отанын сүюге тәрбиелеу.


Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Қайталау, әңгімелеу, сұрақ- жауап, топтық жұмыс мазмұндау , диалог

Көрнекілігі: тірек сызба, презентация


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабақ мақсатымен таныстыру.Үй тапсырмасын тексеру

Лексикалық сөйлесім.

- Бүгін ауа райы қандай?

- Қандай Қазақстанның көрікті жерлерін білесіздер?

-Тұрған жеріңді сүйесіз бе? Неліктен?

Грамматикалық тақырып: етістік туралы қайталау.


4. Сөздік жұмысы- қайталау :

мекен етеді- обитают,

ақырында- наконец

сырт көрінісі- внешний вид

еркелетіп- балуя,

Оқылым

.Мәтін жұмысы: /«Жетісу өңірі» оқу, түсіну, айтып беру./

топтық жұмыс

1 географиялық жағдай

2.тарихы

3.Сәулет өнері.

4. Алматы жері

1 Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.ВлангалиБасқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген.

2 Жетісудың кең аумағы (солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км) және тауларының биіктігінің әр түрлі болып келуі оның климаты мен ландшафтарының да түрліше болуына ықпал етті. Бұл өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде (600 — 1200 м биіктікте) ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі. Бұл өңір мал жайылымына қажетті көкорай жемісті ағаштар мен шалғындарға бай. Міне, осындай қолайлы табиғи географиялық жағдайлар Жетісуды Түркістан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырды. Оны мекендеген тайпалардың қазақ халқының тарихи қалыптасуында, мемлекеттің құрылып, нығаюында, мәдениеттің өркен жаюында зор маңызы бар. Жетісу жерінде мал бағу мен егін шаруашалығының пайда болуы неолит пен энеолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде (б.з.б. 15 — 8 ғ-лар) бұл өлкені мекендеушілердің материалдық және рухани мәдениеті одан әрі өркендеп, мыс пен қоладан құралдар жасау, бақташылықпен, жер өңдеумен, аң, балық аулаумен айналысу кәсіптері пайда бола бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде Жетісуда, негізінен, малшы қауымдарының бөлініп шығу дәуірі аяқталды.

3. Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Б.з.б. 7 — 4 ғасырларда Жетісуды сақтар мекендеген. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық және суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланған. Археологтар Талас алқабындағы алғашқы отырықшы мекендердің қалдығын б.з.б. 5 ғ-ға дейінгі уақытқа жатқызады. Б.з.б. 3 ғ-да Жетісудағы сақ тайпаларының одағын үйсін тайпаларының одағы алмастырды. 6 ғ-дың орта шенінде Жетісу Түрік қағанатының құрамына енді. Ал 581 ж. одан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шықты. Оның орталық ауданы Жетісу, астанасы Суяб қаласы болды. 7 ғ-дың 30-жылдарында Жетісуда Шу өзенінің шығысында дулу, ал батысында нушеби деп аталған екі иелік пайда болды. 8 ғ-ға дейін бұлар Шығыс Түрік қағандығына тәуелді болатын. Ал 8 ғ-дың басында Жетісудағы өкімет билігін Шу мен Іле арасында көшіп-қонып жүрген түргештердің билеуші топтары басып алды.Түргеш қағанаты (704 — 766) ала ауыздық, ішкі әлеуметтік қайшылықтардың барған сайын өршуі, оңтүстікте арабтармен, шығыста қытайлармен үнемі қақтығысып отырудың салдарынан әлсіреді. Жетісудағы өкімет билігін тағы бір түркі тайпасы қарлұқтар басып алды. Түргеш және Қарлұқ (766 — 940) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнер мен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды (Атлах, Хамукент, Құлан, Мерке, т.б.). 9 — 10 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығыс өңірінде отырықшы егіншілік пайда болды, оның іздері Алматы, Талғар, Дүңгене,Қойлық, Қарғалы, т.б. қалалардың қираған үйінділерінде сақталған. Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару (Таразда) пайда болды. Жетісуды мекендеген түркі тайпалары едәуір дәрежеде отырықшылыққа бой ұрды. Орта Азия, Шығыс Түркістан өңірлерімен сауда-саттық, мал айырбасының тиімділігін жақсы түсінген топтар жақсы жайылымдарды басып алып, мал басын көбейтуге тырысып бақты. Мал мен жайылымнан айырылған көшпелі кедейлер енді егіншілікпен, қолөнер кәсібімен айналысып, қала халықтарының қатарына қосылуға мәжбүр болды. Жетісуға Шығыс Түркістаннан шыққан көшпелі түркі тайпасы ягма басып кіргеннен кейін (940) енді ол Қарахан мемлекетінің құрамына енді. Сөйтіп, Жетісу Шығыс Түркістанмен бірге, Қарахан мемлекетінің Елхан билеген шығыс бөлігін құрады (Қарахандар мемлекеті). 10 ғ-дың аяқ шенінде Қарахан әулетінің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласы болды. Жетісудың бір бөлігінде қарлұқ және шігіл тайпаларының өкілдері билікті өз қолдарына алды.

4. Сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамуының куәгерлері — Бабажы қатын кесенесі (10 — 11 ғ-лар) мен Айша бибі кесенесі (11 — 12 ғ-лар), т.б. Жетісу мен Қазақстанның өзге бөлігін мекендеген түркі тайпалары этникалық жағынан одан әрі жақындаса түсті. 1129 — 30 ж. Жетісуға қидандар басып кіріп, көп ұзамай-ақ жергілікті тұрғындармен араласып кетті. Өңірдің Іле өзенінен солтүстікке қараған жері бұрынғысынша Қарлұқ хандығының (астанасы Қойлық қаласы) қарамағында еді. Қидандардың өктемдігі 13 ғ-дың басына дейін созылды. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға түркі тілдес найман, керей тайпалары келіп кірді. Наймандардың қолбасшысы Күшлүк ханмен күрес қидан гурханын әлсіретті. 1210 ж. ол Мұхаммед Хорезм шаhтан Талас өзені бойында жеңіліс тапты. Енді Жетісуды Күшлүк биледі. 1211 ж. өңірдің солтүстігіне Шыңғыс хан әскерлері баса көктеп кіріп, 1218 ж. Жетісуды жаулап алды. Осының салдарынан Жетісу екіге бөлініп кетті.

5. 1854 ж. Алмалы деген жерде патшалық Ресейдің Орта Азияны отарлау барысында “сенімді” тірегі саналған “Верный” бекінісі салынды. 1860 ж. қазақтың атты жасақтарымен бірге Ресей әскерлері өзынағаш түбінде Қоқан хандығының әскерін ойсырата жеңді. 1860 ж. аяғында патшалық Ресей Жетісуды толықтай өз отарына айналдырды. 1867 ж. Жетісу территориясында Жетісу облысы құрылды. Жетісу 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі ошақтарының бірі болды. 1924 — 25 ж. Орта Азия республикаларында жүргізілген ұлттық — мемлекеттік межелеуден кейін Жетісу Қазақстан мен Қырғызстан құрамына кірді. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге (1991) Жетісу да қазақ халқының байырғы атамекені ретінде біртұтас мемлекеттің мәдениеті дамыған, экономикасы қуатты аймағына айналды.[1]



1-тапсырма - оқу,түсіну айту, әңгіме бойынша тірек сызба салу.


2- тапсырма .Сұрақтарды бір-топтан екінші топқа құру- жауап беру

3-тапсырма – етістіктерді талдау.

4 тапсырма - Мәтіннен Жетісудың жеті көлін, сәулет өнерлерін, тұрған тайпаларды, орналасқан жері туралы көшіріп жазыңыз.


Қорытындылау

сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен жоқ деген пікір бар.


-

Б.з.б. 7 — 4 ғасырларда Жетісуды сақтар мекендемеген


-

) ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері жоқ.


-

Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару (Таразда) пайда болды

+


Сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамуының куәгерлері — Бабажы қатын кесенесі (10 — 11 ғ-лар) мен Айша бибі кесенесі (11 — 12 ғ-лар)

+


1867 ж. Жетісу территориясында Жетісу облысы құрылды.

+


1924 — 25 ж. Орта Азия республикаларында жүргізілген ұлттық — мемлекеттік межелеуден кейін Жетісу Қазақстан мен Қырғызстан құрамына кірді.

+


Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алмаған.


-



" Мен естімеген жаңалық."-диалог құру жұптық жұмыс./ Жетісу туралы таңқаларлық жаңалық - мәтіндегі мәліметтерді қолдану арқылы, еліне деген сүйіспеншілік білдіру./

-Синтаксистік талдау. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алмаған. 1211 ж. өңірдің солтүстігіне Шыңғыс хан әскерлері баса көктеп кіріп, 1218 ж. Жетісуды жаулап алды.

Кестені толтыру

Бүгін сабақта

Білдім

үйрендім

түсінбедім





Үйге тапсырма: Монолог дайындау .Етістік ережесін қайталау.






Общая информация

Номер материала: ДВ-158931

Похожие материалы