Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Конспекты / Конспект урока "Ұлттық асық ойыны"

Конспект урока "Ұлттық асық ойыны"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

Түсініктеме


1.Ұлттық асық ойынын үйрете отырып,оқушыларды ұлтжандылық сезімге тәрбиелеу.

2.Оқушыларды шапшаңдыққа,ептілікке,дәлдікке,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

3.Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісіне ықпал ету.Баланы қоғамға,ортаға бейімдеу.Көпшілдікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

4.Аудан,облыс көлеміне ұлттық ойындарды насихаттау.

5.Ұмытылып бара жатқан салт дәстүрлерді қайта жаңғырту.Бала бойына қазақи қасиеттерді қайта әкелу.

Асық ойыны туралы әңгімемізді бастар алдында асыққа қатысты атаулармен танысқанымыз жөн болар.

Шеңбер ойыны кезіндегі кездесетін атауларға түсініктеме:

1.Бүге немесе бүк- асықтың дөңес беті жоғары қарап жатуы.

2.Шіге немесе шік-асықтың бүгесіне қарама-қарсы жатуы.

3.Тәйке немесе тәйкі-асықтың бүге мен шігесінің арасындағы беті тегістеу,тайқылау қапталы.

4.Алшы- асықтың тәйкіге қарама-қарсы бетіндегі қапталы.Алшының тәйкіден айырмашылығы ернеуі қырлы орта тұсы сәл ойықтау келеді.

5.Шоңқы-асықтың ашасы үлкен жағы жоғары қарап тік тұруы.

6.Оңқа немесе омпы-асықтың ашасы үлкен жағы төмен жерге қадалып тік тұруы.

7.Асықты ату кезегін анықтағанда кімнің сақасы бірінші алшы не тәйкі түссе,оны «алшы күлді»не «тәйкі күлді»деп атайды.

8.Күлді-сақаның алшы не тәйкі тұруы.

9.Асық оңқай және солақай болып екіге бөлінеді.Асықтың оң қолымен ұстағанда тәйкі жағы бас бармаққа келіп және асықтың шұқыр орта тұсы оң қолыңнан сыртқа қарап тұрса онда бұл асық оңқай.Алшы жағы бас бармаққа шіге жағы яғни асықтың шұқыр орта тұсы сыртқа,тәйкі жағы сұқ саусаққа келсе онда бұл асық солақай.

10.Сақа-ойыншының асықтарды ататын қолындағы асығы.Ол салмақты,ірі қошқардың немесе құлжаның асығы болады.

11.Кеней-жәй кішігірім ортаға тігілетін асық.

12.Ату-ойыншы сақамен ұрып шеңберден шығаруы.Атудың әр ойыншыға тән өзіндік түрі болады.

13.Шеку-ату түрі.Ойыншының тігілген не жатқан асыққа қолы еркін жеткен жағдайда сақаны шиырып өте жақыннан атуы.

14.Су-асықты атқан кезде,асық шеңбер сызығынан шығып,бірақ сызыққа бір сақа бойы немесе сызықтың үстінде жатса,онда бұл асық су деп аталады.

15.Бек-асық атқан ойыншының сақасы «су»сияқты сызықта жатуы.

16.Өлік-шеңбер ішіндегі асықтардың сақа тиіп,шеңберден шықпай ішінде қалуы.Келесі ойыншы осы асықты атудан бастайды.

17.Арам басу-ойыншының сақасы жатқан жерден алға басып кетуі.



Асық ойынының түрі «Шеңбер»

Тегіс жерге шеңбер сызылады.Шеңбердің радиусы ойыншының жасына,сыныбына қарай үлкен,кіші болады.Мысалы 9 сынып оқушыларына радиусы 185см 6 7 сынып оқушыларына радиусы 175см, ал 5 сынып оқушыларына радиусы 165см болғаны дұрыс.Шеңбердің ортасындағы сызыққа асықтар тігіліп,шеңберден бірдей қашықтықтағы екі жақ сызықтан ойыншылар ретпен кезек асық атады.Ойыншының сақасы асыққа тиіп,асық шеңберден шықса ойыншы асықты алып,сақасы жатқан жерден келесі асықты атады.Асыққа тағы тигізіп шеңберден шығарса,асықты алып тағы атады.Шығара алмаса келесі ойыншы атуды шеңбер сызығынан бастайды.Егер шеңбер ішінде сақа тиіп құлаған асық болса, «өлік»келесі ойыншы сол асықты атудан бастайды. Ойын шеңбер ішіндегі асықтар түгел атылып алынғанша жалғасады.Ойыншылар топ-топқа бөлінеді әр топ бес оқушыдан тұрады.Ортаға бес асық тігіліп бес ойыншының ату кезегі анықталады.Шеңбер ішіндегі асықтар түгел атылып алынған соң келесі реттік ойынға қайта тігіледі.Әр ойыншының қаншадан асық алғаны хаттамаға түсіріледі.Осылай айналмалы тәсілмен бес ретке айналып,әр ойыншының бес ретке қанша асық алғанын анықтаймыз.Сөйтіп 1,2,3,4,5 орын алған оқушылар анықталады.Егер 2-кі ойыншы тең асық алса,онда бұл ойыншылардың 5 айналымның бесінде асық алдыма,әлде үшеуінде ме,сол арқылы орындар анықталады.Ұпай саны мен 1-ші,2-ші орын алған ойыншылар жартылай финалға немесе тікелей финалдық ойындарға өтеді.Финалдық ойындар 3 айналымнан тұрады.1,2,3 орындар бастапқы айналмалы тәсілдегідей асықтар санымен анықталады.Жеңімпаздар бағалы силықтармен,мақтау қағаздарымен марапатталады.




















Шеңбер ойынының ойналу тәртібі


Асықтар шеңбердің тең ортасына бір сызықтың бойына тігіледі және бірінші асық алшы,екінші асық тәйкі,үшінші алшы,төртінші тәйкі болып ретпен тігіледі.Ойыншылардың асық ату кезегін анықтау үшін барлық сақаны бір ойыншы алып,қос алақанына салып жерге шашып жібереді.Кімнің сақасы бірінші күлсе сол ойыншы бірінші,одан кейін екінші,үшінші болып кезектері анықталады.Екі сақа бірдей күлсе онда сол екі сақаны жеке иіреді.Қай сақа бірінші күлсе кезек сонікі болады.Шеңбердің шетінен асықты шеңбердің диоганал сызығы бойымен ату керек.Асықты атқан кезде ойыншының өкшесі шеңбердің сызығын дәл басып тұру керек.Асық атылып алынған соң сақа жатқан жерден де өкше дәл басылуы керек.Ойыншы бұл тәртіпті өте қатаң сақтауы керек.Асық «су»болған кезде су қылған ойыншы асықты бір аяғын көтеріп астынан шеңбер ішінен иіріп тастайды.Келесі ойыншы ойынды осы асықты атудан бастайды.Егер ойыншының сақасы «бек»болса онда басқа ойыншылар шеңбердің ортанғы сызығынан өз сақалары мен «бекте»жатқан сақаны атады.Мақсат «бекті»алысқа жіберу.Сөйтіп сол ойыншы келесі асықты атып алмауына кедергі болу. «Бек»келісім бойынша 3 немесе 1

рет атылады.Ойыншы «шекіген»кезде сақаны асыққа тіреп шекуіне болмайды.Ойыншы асықты сақамен қосып итеріп жіберуі мүмкін.Бұл тәртіпке қайшы келеді.Ойыншы шеңбер ішіндегі асықтарды өз кезегінде қозғап өз ыңғайына қарай қойуына болмайды.Кезегі келіп асық атайын деп тұрған ойыншының қасына тым тақап не артын тұруға болмайды.Ойыншы асық атып жатқанда басқа ойыншылар шеңбердің ішінде тұруына,не сызығын басып тұруына атып жатқан ойыншының қарама-қарсы жағында тұруына болмайды.Егер ойыншының атқан сақасы басқа бір ойыншыға тиіп

тоқтаса онда «кетсін»немесе «жатсын»дейді. «Кетсін»десе сақа тиген ойыншы сол сақаны екі аяғының басымен қысып секіріп аулаққа лақтырады.Сақа қай жерге барып түссе ойыншы сол сақасы жатқан жерден келесі асығын атады. «Жатсын»десе сақаның ойыншыға тиіп тоқтаған жерінен ойыншы келесі асығын атады.Қай ойыншы бірінші «кетсін»немесе «жатсын»десе сол ойыншының айтқаны орындалады.Ойыншының сақасы «бекке»түскен кезде де қай ойыншы бірінші болып үшке немесе бірге десе сол ойыншының айтуымен «бекте»жатқан саны 3 рет немесе 1 рет атады.Бұл тәртіп қатаң сақталу керек.Ойыншы асықты атып жатқанда басқа ойыншылар сол ойыншының атын атап немесе қатты сөйлеп,айғайлауына,кедергі жасауына болмайды.









Ұпай беру орындарды анықтау.


Ойыншының қатысуына қарай әр сыныпта біріншілік өтеді.Бесінші сынып жеке,7 сынып 9 сыныптар.Бұл сыныптағы оқушылар қатысқан командалар санына байланысты,екі не үш,не төрт топқа бөлініп топтық ойын өткізеді.Әр топқа бес ойыншыдан болған дұрыс.Егер екі топ болса онда әр топтың бірінші,екінші,орын алған ойыншылары финалдық ойын өткізеді(4 ойыншы).Ал 63 топ болса,онда әр топтан 1,2-ші орын алған 6-шы ойыншы 2 топқа бөлініп,жартылай финалдық ойын өткізеді.Жартылай финалда 1,2-ші орын алған әр топтың ойыншылары финалдық ойын өткізеді.Финалда 1,2,3,4-шің орындар анықталады.Жартылай финалда 3-ші орын алған ойыншылар 5,6-шы орынды бөліседі.Ал топтық ойындардың 3-ші орын алған 3 ойыншысы 7,8,9-шы орындарды бөліседі.Топтық ойындарда 4 орын алған ойыншылар10,11,12-ші орынды бөліседі.5 орын алғандар 13,14,15-ші орындарды бөліседі.Егер жарысқа қатысатын ойыншылар 4 топқа бөлінсе онда әр топта 1,2-ші орын алған 8 ойыншы 2 топқа бөлініп,жартылай финалдық ойын өткізеді.Жартылай финалдың жеңімпаз 1,2-ші орын алған ойыншылар өзара финалдық ойын өткізеді.1,2,3,4-ші орындар финалдық ойында белгілі болады.Жартылай финалда 3-ші орын алған екі ойыншы 5,6-шы орындарды бөліседі.Ал 4-ші орын алған ойыншылар 7,8-ші орындарды бөліседі.Ал басқа жартылай финалға да жете алмаған ойыншылар өз топтарында 3-ші орын алған 4 ойыншы 9,10,11,12-ші орындарды бөліседі.4 орын алған ойыншылар 13,14,15,16-орындар.5-ші орын алғандар 17,18,19,20-сыншы орындарды бөліседі.Ұпайлар жарысқа қатысқан ойыншылар санына қарай беріледі.Егер 10 ойыншы қатысса, ең жоғарғы ұпай 10,ең төменгі ұпай 1 болады.Егер ойынға 20 ойыншы қатысса,ең жоғарғы ұпай 20,ал ең төменгі ұпай 1 болады.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров182
Номер материала ДВ-303808
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх