Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Конспект урока "Менің Отаным Қазақстан""

Конспект урока "Менің Отаным Қазақстан""


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Алғашқы сабақ

9 А сыныбы 1.09.2015 ж.


Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан !
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:


Аружан:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Міне, балалар бүгін . Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие  сағатымызды бастаймыз.

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем

таныды

hello_html_5058aee0.png

hello_html_2dc6bda9.png


















Жанерке:

Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері

Ұрқия:
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да

Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.


hello_html_1b3b8a54.png
Нұрасыл:

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім.

Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен 
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз
Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз
Бостандықты сағынып 
Қолына алған қазақпыз 
Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. 

hello_html_m18f61d61.png

Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:
Жаса Қазақстан,
Жаса, менің ұлы елім!

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым
Артта қалды қиындық пен азабың 

Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым
Алтын бесік байтақ дала – арманым

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың
hello_html_636d1da3.png



Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым
Өз ұраның айтылсын өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін

Батыр ұлың ел көшіп бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң

Ашық аспан астында 
Мәртебең ассын басқадан

Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің

Ән «Атамекен»

Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады.

Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз  -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?

hello_html_m7be850b5.png


















Әсел:

Отан – тарих, Отан – тіл, жасаған елім, өз халқым,

Отан – өлең, Отан – жыр, көтерген көкке ел даңқын

Құты шаңырақ, Отанда, білім алған батамда,

Осы тілде сөйлеген, бабам менен атамда.


      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.

      Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.  Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.


1. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

2.Тудың авторын атаңыз.

hello_html_32c7369d.png

3.Елтаңбаның авторы кім?

hello_html_38ddd01b.png

4.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.   Әні: Шәмші  Қалдаяқов)     

hello_html_5bffac93.png

5.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

6.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

7.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)


8.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

9.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).


Сіз кімсіз? Ойыны


Қазақ билерінің ұлағатты сөздерінен жұмбақ шешу

Бүгінгі өмірмен байланыс

Қорытынды: 


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем.

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...


Т.Рамазан.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!


          – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



































Автор
Дата добавления 02.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров185
Номер материала ДВ-025230
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх