Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока "Мүсін туралы ұғым"

Конспект урока "Мүсін туралы ұғым"


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту.

ә) тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

б) дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, түсіндіру.

Көрнекілігі: Түрлі мүсін үлгілері, фотосуреттер, мүсіннің жасалу жолы көрсетілген плакат.

Сабақтың барысы:



І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Құрал жабдықтарын түгендеу.

Картон, су, пластилин, қол сүртетін.

Психологиялық дайындық:

Бір - біріне мейірімділік, жылулық, жақсылық тілеу.

II. Үй тапсырмасы бекіту сұрақтары:

Өткен тақырыпқа байланысты оқушыларға сұрақ қойып, жауап алу.

Перспектива сөзі нені білдіреді? Көкжиек сызығы деп қандай сызықты айтамыз?

Заттың көкжиек сызығынан төмен немесе жоғары тұрғанын қалай анықтауға болады?

Перспектива түрлерін ата?

ІII. Жаңа сабақ:

Оқушыларға бүгінгі сабақта қандай тақырып өтетінімізді түсіндіру.

Мүсін дегеніміз- ермексаз, сазбалшық, тас, ағаш, металл секілді материалдардан мүсіндеп жасалған көлемді кескін.

Мүсін екі түрге бөлінеді:

Жұмыр мүсін- барлық жағынан көрінетін мүсіндік бейнелеу.

Бедер мүсін- бейне жазықтық бетке орналасады және көлемі жартылай ғана беріледі

Мүсіннің шығу тарихы:

Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.

Бұл тас мүсін – Балбал тастар.

Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.

Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі..

Мүсіндеудің 2 түрі бар:

  1. жұмыр мүсіндеу 2. рельеф(бедерлі)

Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.

Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.

Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар дүниесін бейнелеу өнері

Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін мүсінші.

Ой қозғау

Жұмбақтарды шешу:

Ағашта болса егер мең,

Хабар бері морземен,

Тұмсығымен емдейді,

Сосын көңіл демейді. (тоқылдақ)

Күндіз сөнген шырағы,

Түнде көрер қырағы,

Тікірейіп айдары,

Егін жауын қырады. (үкі)

Өзім кілем түріндей

Құдды қырдың гүліндей

Гүлге қонса кетеді,

Айырмасы білінбей. (көбелек)

Бірақ сөз біледі,

Өз аты онысы

Соны айтып жүреді,

Және жоқ қонысы. (көкек)

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып – қонып жалпылдап,

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там – тұмдап. (қарға)

Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын не деп атаймыз.

Құстар. Олай болса жаңа сабағымыз Құстарды мүсіндейміз.

Машықтық жұмыс.

1. Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру.

2. Плакат бойынша үй жануарларын таныстыру.

3. «Құстарды мүсіндейміз.»

4. Құстар туралы әңгіме. сұрақ - жауап алу

Техника қауіпсіздігін айту. қамырмен, ермексазбен жұмыс істеу кезіндегі.

Түсінігін тексеру

І топ. Мүсін өнері. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?

ІІ топ. Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың. Мүсін нешеге бөлінеді?

ІV. Сабақты қорыту. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. өз жұмыстарын қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.

Ү. Үйге тапсырма. Мүсіндеу.





Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-081115

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG