Инфоурок Другое КонспектыКонспект урока на тему: "Абай жаққан бір сәуле"

Конспект урока на тему: "Абай жаққан бір сәуле"

Скачать материал

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Ырғыз орыс орта мектебі

Ыбраева Ләззат Күнтуқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Тақырыбы: «Абай жаққан бір сәуле...»

                 (Абайтану сабағы)

9-11 -  класс оқушыларына арналған

Мақсаты: Ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздердің құдіретін түсіндіру. Оқушыларға Абайдың сырлы, даналық дүниесінің қақпасына барар жолды көрсетіп, жыр – әлемінің есігін ашып беру.

Кіріспе. Қазақ халқының асқан кемеңгері, өз ұлтының ақыл- ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын дәл бейнелеп, қоғамдық өмірдің шындығын дұрыс көрсете білген қайраткер ақын – Абай Құнанбаевқа арналған «Абай жаққан бір сәуле...» атты Абайтану сабағына қош келдіңіздер!
            Абай –  ұлы қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол заманының озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, ұлы ақын болды. Иә, біз Абайды – ұлы ақын, кемеңгер деп бір қырынан танимыз. Абай тек ақын емес, шешен, психолог, филослф, аудармашы, күйші – композитор.

Қуат алып Абайдың тіл – күшінен,

Жыр  жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

                                               Абай болып түңілем бір кісіден.

 

Өлмеу үшін құлқынды жемдеу үшін,

Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін», - деп қазақтың біртуар ақыны, қазақ поэзиясының Хантәңірі, тұңғиық жырдың иесі  ақиық ақын М.Мақатаев жырымен бүгінгі Абайтану сабағын бастағын келіп отыр.

 

1.            Бала Абайдан – дана Абайға дейін. /бейнебаян/

2.                  Өлеңге әркімнің бар таласы. /Абай туралы оқушылар шығармашылығы. Абай бабамызға арналған оқушылардың жыр жолдары/.

3.                  «Адам – табиғаттың бір перзенті». Табиғат лирикасын талдау.

4.                  «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» /Абайдың даналық сөздері/.

5.                  Біз білеміз бе? /Сұрақтар/

6.                  «Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті...» /Абайдың қара сөздері хақында/.

7.                  «Мен бір жұмбақ адаммын» /көрініс көрсету/.

8.         «Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй»

1. Бала Абайдан – дана Абайға дейін.

Өнегелі өмірдің бастауы асқар таудай әкесі – Құнанбай, ағар бұлағы анасы – Ұлжан, мейірімді, қамқор шежіре әжесі – Зеренің орны бөлек. Халқымыз «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» деп бекер айтпаған. Ұлы адамның аты – анасы: бірі – елддің атасы, бірі – елдің анасы. Тағы дана халық «Тақыр жерге шөп шықпайды», - дейді гой. Әкесі Құнанбай ақыл – парасат иесі, ел билеген көсем, бұлбұл шешен, әрі мырза, жастайынан атқа қонған найзагер, қатал тәртіпті, талапты, табанды, әрі шешімді адам болған. Елді тәртіпке келтіріп, адагершілік арға бағындыратын дінді ұстанған, ақыл –айласы мол көреген, сыншы кісі.Өз тұрғыластары Байсал, Бөжей, Қаратайлар Құнанбай балаларының ішінде пысық, әрі сергек, адам болатын Ысқақ деп бағалағанда, әкесі Абайға қарап: «Одан не күтесіңдер, күтсеңдер мына жаман қарадан күтіңдер», - депті. Әкесі Абайды жасынан өзімен бірге ала сөз, абзал қасиеттерін, әділ биліктерін сабақ етті. Құнарлы бай тілді, адамгершілік пен парасаттылықты халықтан алды. Ақылды әке билігін баласына беріп, көңіліне қонбаған іске дау айтпай үнсіз тоқтайтын. Зере алдында жас баладай құлдық ұратын. Бұл ата, бала, немере арасындағы үздіксіз тәрбие байланысы, сыйластық, дәстүрлі кішілік, ілипат, ұлттық, халықтық қасиет.

            Халқы үшін Құнанбай Қарқаралыдан үлкен тәрбиеорны мешіт салдырды, 1870 жылдары Меккеге барған жылдары Меккеге барған жолында «Тәкия» деп аталатын жүз кісілік қонақ үй салдырды. Ұрпаққа мұра, ел мен ел арасында байланыс – жаңа жақсылыққа бастау көрсетті.

 

Мұңым қазақ баласы,

Тегіс ақыл сұрапты.

Тобықтыны ел қылып,

Басын жиып құрапты.

Меккеде уақыт үй салып,

Пәтер қып жаққан шырақты.

Бір алланың жолына, - деп әке қасиетін бейнелі өрнектеген.

Бұдан ақынның әке өнегесін үлгі тұтқан адам екенін анық көреміз.

            Бұрын Кеңестік дәуірде Комунистік Партияның қылышынан қан тамып тұрған кездерде Абайдың әкесі Құнанбайды өте қарау, қатал, сараң адам ретінде көзқарас қалыптастырды. Бірақ Абайдай дана, дара ақынды өмірге келтіріп, тәрбиелеген адамды ондай пиғылдағы адам дегенге негіз жоқ сияқты. Абайға әкесі үнемі Қарқаралыдан т,б жерлерден кітап алдщырып, Ғабитханға оқытып отыратын.

            Осындай көңілі ояу, көзі ашық, білікті әке дәстүрі баладан балаға жалғасты.

Аналары Зере мен Ұлжан халқын, ел жұртын сүйер мейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа бастады. Ел анасы – әжесі Зере ел тарихын айтып, ел – халқының тұрмыс – тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретті. Зергер, шебер үйлесімді сөзімен тіл үйретті, құлақ құрышын қандырды. Шешендік негізге бастау берді. Туған анасы – Ұлжан: Қаракесек Бертіс Шаншар руынан, Шаншар сықаққой ел дейді. Ұлжан өте ақылды, ұстамды, сөзге сараң, шебер үйлесімін тауып сөйлейтін ақындық қасиеті бар, дана әйел болған еді.

            Ұлжан Құнанбайдың екінші әйелі бола тұра, күндестік сияқты қызыл оттан аулақ болған. Ауыл -аймақтың ұйтқысы  Ұлжанды елі өте жоғары бағалаған. Ұлжан үнемі баласын қолдап, қуаттап отырды.

 

2. Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы.  Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

                                                                 Қиыннан қиыстырар ер данасы.

                                                                 Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,

                                                                 Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы. Оқушылар өз өлеңдерін қорғайды.

            Әдебиеттің тәрбиелік күші, ықпалы керемет қой. Ол дәлелдеуді қажет етпейді. Сол әдебиеттің 3 жанрының ішінде поэзия – құдіретті. Себебі, поэзия – адамның сезімінің, ақыл – ойының, жүрегінің серігі. Ол сезімнің сөзбен жазылған шындығы. Мұңайса да, жыласа да шындықты сыртқа шығарады. Өтірік айта алмайды. Мәселен, осы сезімді Абайдың «Адамның кейбір кездері», «Адам болам десеңіз», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Қиыстырып мақтайсыз», т,б. Өлеңдерінен көруге болады.

            Шоқан Уалиханов: «Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі – жасыл майса дала, ашық мөлдір аспан, көші – қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл», - деген екен. Иә, Абай жырлаған көп тақырыптың бірі – адам мен табиғаттың бірлігі. Және Абай халқымыздың салт – дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, төрт түлікті шаруашылығын, аңшылық – саяткерлік өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлайды.  

 

 «Адам – табиғаттың бір перзенті». «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Күз» өлеңдерінен үзінді оқу.

 

Сұрақтар.

1.        Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?

Жауабы:  Ақ киімді, ақ сақалды, алып денелі шалға теңейді. Оның үсті – басын қырау шалған, түсі суық, ешкімді елемейтін соқыр, мылқау тұлғада сыйпаттайды. Қысты әуес көріп жүрген балалардың бет – аузын үсік шалған. Бірақ ойынның қызығына берілген балалар мұны елемейді. Қабатталып киінген малшылардың жүрісі, жалпы қысты қазақ даласына қорқыныш әкелген қатал бейнеде кейіптеген.

 

2.       «Шидем» сөзіне түсініктеме бер. Тағы қандай қазақтың дәстүрлі ұлттық киімін білесіңдер?

Жауабы: «Шидем» - қойдың жабағы жүнінен тоқылып, сыртын маталап қаптаған киім, оны қазақтар күпі деп те атаған.  Қазақтарда сондай – ақ, тон, ішік, тымақ, бөкебай, түлкі тымақ, құлақшын, байпақ, т,б. Қысқы киімдер бар.

 

3.       Кейіптеу дегеніміз не?

Жауабы: Табиғат құбылыстарын жандандырып, тірі адам кейіпінде суреттеуді кейіптеу деп атайды.

 

4.       Жыл мезгіліне байланысты сурет салдыру.

 

5.       Абайдың табиғат лирикасына байланысты өз атынан жазған өлеңі қалай аталады? Өлеңде не туралы суреттелген?

 Жауабы: «Жаз». Өлең сұлу де жазғы табиғаттың бейнесі, шілде айындағы толысқан табиғат, жайлауға жаңа көшкен көшпелі қазақтың тұрмыс – тіршілігі шынайы суреттеледі.

 

6.       «Шілде» деген сөзді қалай түсінесің?

Жауабы: Жаз мезгілінің ең ыстық айы.

 

7.       «Шұрқырап жатқан жылқының, шалғыннан жоны жалтылдап» деген өлең жолдарын қалай түсінесің?

Жауабы: жайылып жүрген топ жылқы.

 

8.       «Бүйірі шығып ыңқылдап» деген тіркесті бір сөзбен қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Көкке тойынған жылқы.

 

9.       «Күркіреп жатқан өзен» тіркесіндегі «күркіреп жатқан» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

Жауабы: Қатты ағып, сарқырап, гүрілдеп жатқан өзен.

 

10.   Абайдың өздеріңе ұнаған бір әнін шырқап бер.

 

Мұғалім: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

Адамдықты көздесең,  Абай тоқы көңілге», - деп С.Торайғыров айтқандай, келешек ұрпаққа Абай өмірін оқыту барысын да берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз. «Жас бала канадан екі түрлі мінезбен туады». Біреуі білсем екен, «ол немене!», «бұл немене!», «неге бүйтеді», «неге сөйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның біріншісін Абай – «тән құмары», ек іншісін - «жан құмары» деп атайды. Біздің оқушыларымыздың бойында осы қасиеттердің қайсысы басымырақ екенін, осы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» атты кезеңде байқайық!

 

Яғни,  балалар, Абай туралы даналық сөздерді оқисыздар!

Өмір – мұхит, Уақыт – толқын.

Өмірдің алды – ыстық, арты – суық.

Алды – ойын, арты – мұңға жуық.

 

Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:

Бірінші – көкірегі байлаулы, берік болмақ керек.

Екінші – сол нәрсені естігенде, иә көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек.

Үшінші – сол нәрсені ішіңнен қайталап, ойланып көңілге бекіту керек.

Төртінші – кеселді ойлардан қашық болу керек.

 

Қосымша: Және де Абай бабамыздың мынандай сөзі бар: Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен есеп ал!

 

Біз білеміз бе? Оқушылар ізденісі.

 

1 – оқушы: Абай ақын күй шығарған. Олар: «Торжорға», «Май түні», «Желдірме».

«Торжорға» - Абайға Жетісу елінен сыйлыққа келген «Торжорға» атты аты.
«Май түні» - бұл күйді 1923 жылы Сармурзин Абайдың Ақылбайдан туған немересі, ал Исрайл Абайдың өзінен үйренген. Исрайлдың айтуы бойынша Абай бұл күйін жайлаудағы түнгі сауық – сайранда отырып шығарыпты. Күй табиғат сұлулығын бейнелеген, 2 бөлімнен тұратын лирик, туынды.

 

2        – оқушы:  Абай әндерін Кеңес дәуірінде жинаушылар Эльвин Бимбоэс, «Қазақтың 25 әні», А.В.Затаевич «Қазақтың 100 әні», «Қазақтың 500 ән - күйі» Л.Хамиди, Б.Ерзакович «Абайдың музыкалық творчествосы».

 

3      – оқушы:  Абай әндерін Қазақстанның халық әншілері: Г.Абдуллин, Е.Серкебаев, Р.Жаманова, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, М.Ержанов, Б.Досымжанов насихаттап жүр.

 

4 – оқушы:  Абай поэмалары: «Масғұт», «Әзім әңгімесі», «Ескендір Зұлқырнайын».

«Ескендір Зұлқырнайын» - поэмасы 18 ғаламды билеген Македония патшасы – Александр Македонский. Ақын бұл поэмасында оны мейрімсіз, әрі тойымсыз, қатал басқыншы, қаhарлы әмірші тұрғысынан бейнелеп, оның басқыншылық саясатына сын көзбен қарайды.   «Әзім әңгімесі» - Абайдың аяқталмай қалған дастаны. Бұл поэманың тақырыбы «Мың бір түн» әңгімесінен алынған. Поэмада Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралылығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары әңгімеленеді.

 

5 -  оқушы:  Кеменгерді дүниеге әкелген ата – ананың асыл өнегесі Абайды ағалыққа, ұлылыққа бастайды. Өзіндей, өз ісімен туысқандық қасиетті сақтай отырып, Құдайбергендей аға өсиетін орындап, Шәкәрім сынды ұлы тұлғаны тәрбиеледі. Шәкәрім Абайдың ізбасары болды. Өз маңындағы скрипкашы Мұқа, әнші Баймағанбет, ақын Мағауя, әнші Әмір. Дәрмен, аяулы асыл жар Әйгерім, Үмбетейлерді өнер мектебінен өткізді. Абай өлеңдерін Көкбай Жантайұлының атынан жазды.

 

6 – оқушы:  Абайдың өнері мен шығармашылығын сөз еткеннен кейін Абайды әлемге танытқан ұлы жазушы, ұлы шығармаға тоқталмай кетсек әділдік болмас еді.

            Өйткені ол қазақтың мәдениеті мен әдебиеті. Халықтық шығарма.

            Бүкіл қазақ деген ұлтты, халықты әлемге танытқан ұлы шығарма. Осы ұлы шығарманы дүниеге әкелген М.Әуезов- жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам қайраткері. Абайша айтқанда «Тас бұлақтың суындай, сылдырлаған өңкей келісімнің үлгісі». Мұхтар Абайды босағадан сығалап көрген бала емес. Абайдың өз балалары мен немерелеріне ере жүріп, еркін көрген. Кең маңдайлы, көзі бадырайған, жуан шал сегіз – тоғызға келген жас баладан әлдеқандай өнер күткендей, үмітті көздерінен мейірім төге жылы қарайды екен, - деп естелік келтіреді қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, әдебиетте қос ғабең деген атпен қалған М.Мұстафиннің замандасы Ғ.Мүсірепов. Мүмкін қазақтың кемеңгері Мұхтардан ұлы жазушы шығатынын білген болар. Не десек те Мұхтар осынау шығарма арқылы ұлы адамды әлемге танытып, қазақ деген елдің бар екенін әлем халқына паш етті.

           

Мұғалім: «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті,

                             Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек...» - деген екен Абай қара сөзінде.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық. Әрі қарай Абайдың даналық қара сөзін оқушылар жалғастырып, мақал – мәтелдер айтады.

Мұғалім: Абай ақын, лирик, суреткер, күйші, сазгер дедік. Сонымен қатар – сатирик. «Болыс болдым,   мінеки», «Интернатта оқып жүр» сияқты өлеңдері осының айғағы. Сатира үлгісін Абай орыс  классиктерінен меңгерді. Мысалы, Пушкиннен адам образын суреттеу шеберлігін, Лермонтовтан сыршылдық өлеңдерді, Салтыков – Щедрин, Толстой, Некрасовтан орыс реализмінің әсерінен туған сатираларды меңгерді. Абай өз заманының ұнамсыз, сорақы көріністерін дәл көрсетіп, өткір мінеген. 

                 Жүрегімнің түбіне терең бойла,

                            Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

                            Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

                            Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! – келесі бөлім «Мен бір жұмбақ адаммын» көрінісіне береміз.

            Мұғалім: Абай сусындаған кәусар бұлақ – халық, халықтың тарихы, Маралбай, Садырбай, Дулат, Шөже, Байкөкше, Түбек, Біржандар. Атақты Біржан салмен бірге болып, өнерлерімен табысып, бір – бірінің қадір – қасиетін бағалап, халық өнерін дамытты. Біржанды тыңдап, ән қадірін, әннің қасиетін азамат өнерінің зор биігі деп бағалаған Абай күйден толқыған көңілінен естілмеген бір сыр жырын –

                                    Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп басталатын өлеңін шығарды. Біржан: «Ән де біледі,

айтса тілі орамды, шырқаса үні балдай, тәрбие тәліммен жібек талдай отыр ғой, міне, жақсы шәкірт, жақсы інілерім!» - деп Абай өнегесіне риза болады.

            Абай елі өнерлі ақын Біржан салды сыйлап, Ұлжан ана өз қолынан күміс тайтұяқ сыйлап, Абай жорға ат мінгізеді. Ел өнегесі осы болса керек. Ендеше келесі кезекті «Құлақтан кіріп бойды алатын  Абайдың әндеріне береміз.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай» орындайтын 9 – сынып оқушысы Еркеназ Нағашыбайқызы.

Мұғалім: - Абай – ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы ерекше тұлға. Біртуар қайталанбас тұлғаның адамзаттық, ақындық, халықтық мұрасы – айтылар ойға сыймас, қыр сыры мол дүние. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанмен, Абайы біреу – ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

            Абай өмірін оқытуда өнегелі тәрбие беретін жақтары жеткілікті. Себебі, ақынның бүкіл өмірі, еңбектері, шығармалары негізінен үлгілі – өнегелі адам тәрбиелеу ережесі десе де болады. Қорыта айтқанда, Абай – адам жан дүниесінің инженері, халық пен тарих алдында зор еңбек еткен, келешек ұрпаққа мол дүние қалдырған психолог. Абайды таныту – қазақ ұлтын тану, ол – ұлттық мақтанышымыз.

            Бүгінгі тәлімі мол Абайтану сабағын монғолиядан көшіп келген қандасымыз Рысбек Зұрғанбайұлының төмендегі өлеңімен аяқтағым келіп тұр.

                                    Шапағат боп – шым алтын шұғыладай,

                                    Махаббат боп – мәңгілік тұнып арай.

                                    Өлең – жырға жөн сілтеп мәңгілікке,

                                    Парасатын сыйлап тұр бүгін Абай!

 

-          Соңы -

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока на тему: "Абай жаққан бір сәуле""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезімі мен ой тереңіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып,көркем сөздердің құдыретін түсіндіру. Оқушылардың Абайдың сырлы даналық, дүниесінің қақпасынабарар жолды көрсетіп, жыр -әлемінің қақпасын ашып беру.

Қазақ халқының асқан кеменгері, өз ұлтының ақыл-ой мәдениетін өнері мен әдебиетінің, асқар шыңын дәл бейнелеп, қоғамдық өмірдің шындығын дұрыс көрсете білген, қайраткер-Абай Құнанбаев.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 554 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.06.2015 4586
    • DOCX 36.8 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ыбраева Ляззат Күнтуқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ыбраева Ляззат Күнтуқызы
    Ыбраева Ляззат Күнтуқызы
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4666
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе