Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Конспект урока на тему "Ас атасы - нан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Конспект урока на тему "Ас атасы - нан"

библиотека
материалов

«Ақбота» шағын орталығының аға тәрбиешісі Молдагулова А.А.

Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы- нан».


Сабақтың мақсаты: Дән тұқымымен таныстыру. Бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен аттарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы тіл байлықтарын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа, үлендердің еңбегін бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.

Білімділігі: Геометриялық денелер туралы ұғымдарын кеңейту, мүсіндеу арқылы қолмашықтарын жетілдіру.

Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан астық, қырман.

Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сергіту сәті.

Көрнекіліктер: «нан қалай келеді?» топтамалы суреттер, нан түрлері, ұн. «Жыл мезгілдерінің» суреттері.

Сабақтың барысы.

Тәрбиеші; - Сәлеметсіздерме балалар. Біздің бүгінгі сабағымызға қонқтар келіп отыр екен кәне, қонақтармен амандасайық.

Психологиялық сәт:

Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай?

Жақсы.

Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер? (қол шапалақтау)

Ренжігенде (қол шапалақтау)

Қуанғанда? (қол шапалақтау)

Ендеше тбір бірімізге жылулық лебізің білдірейік.

Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын,

Күніміз сәтті болсын,

Деніміз сау болсын.

Тәрбиеші; - балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Төрт мезгіл бар.

Кәне атап шығайық.

Күз, қыс, көктем, жаз.

Күз мезгілдеріне қандай айлар жатады?

Қыркүйек, қазан, қараша.

Қазір қай ай?

Қазан айы.

Өте дұрыс балалар қазір қазан айы. (күні, апта аты)

Күз мезгілі молшылығы мен берекесі мол мезгіл. Бұл мезгілде жеміс-жидек пен көкөністер және астық піседі. Ал енді мына суретке назар аударындар.

1-сурет; мынау тракторлар, бұлар көктемде жерді жыртып тұқым себеді.

Тұқым деген мынадай болады. (тәрбиеші алдын ала дайындаған дән түрлерін көрсетеді) Көп еңбектің арқасында күзде осы тұқымнан егін өсіп шығады. (дайын масақты көрсету)

2-сурет; мынау егін орып жатқан комбайн, оралған егін жүк машинасына тиеліп, қырманға келеді. («қырма» сөзінің мағнасы мен «комбайн» сөзінің мағнасын түсіндіреді)

3-сурет; мынау диірмен. («диірмен» сөзінің мағнасын түсіндіру) Диірменнен тазаланған бидайдан ұн тартылып шығады. (балаларға ұн көрсету) Ұн мінекей осындай болады.

4-сурет; ұнды наубайханаға жіберіп («наубайхана» сөзінің мағнасын түсіндіру) әр түрлі нандар мен тәтті тоқаштар пісіріліп, дүкендер мен балабақшаларға жіберіледі.

5-сурет; міне мынау дүкен. Осы жерде нан түрлерін көрсетіп кетеді.

Балалар ұннан тек қана нан пісірмейді түрлі печенье мен торттар пісіреді.

Қазір мен сендерге бауырсақ туралы өлең оқимын сендер мұқият тындандар.

Дастарханға шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап,

Қайдан келдің бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ

Дүкеннен келдім нан сатқан,

Деді оған бауырсақ.

Дүкенге келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан,

Диірменге келдің қай жақтан?

Диірменге келдім кең жақтан

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Тәрбиеші: -балалар өленде не туралы айтылған?

- дастарханға бауырсақ қайдан келеді екен?

- кәне, ортаға екі бала шығайық менімен қайталап, біріміз бауырсақ болып өлеңді қара сөзбен әңгімелеп берейік.

Кәнекей балалар кім нан туралы тақпақтар біледі?

1-бала; Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін,

Біздің дала бай-дала,

Алтын астық айнала.

2-бала; Ел егін жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай-дала,

Алтын астық айнала.

3-бала; Астық дала сәулеті,

Астық Отан дәулеті

Біздің дала бай-дала,

Алтын астық айнала.

Рахмет балалар.

Ал енді дастарханға нан қалай келеді? Тағы бір рет еске түсірейік.

Ислам, көктемде трактор не істейді?

Азамат, егін піскен соң не істейді?

Сымбат, дейірменнен ұн қайда жіберіледі?

Карина, ұн қандай болады?

Диас, наубайханада не пісіріледі?

Әлім, дайын нанды қайда жібереді?

Дұрыс балалар, тағы да нан түрлерін көрсету.

Тәрбиеші; міне көрдіңдерме қаншама нан түрлері бар. Бұл нан қажырлы еңбектің арқасында келеді екен. Сондықтан біз егінді өсіріп, баптаған диқаншы ағаларымыз бен аталарымыздың еңбегін бағалап, сыйлауымыз керек.

Сергіту сәті; Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса жаса алтын күн,

Жаса жаса жарқын күн.

Ал балалар парталарыңда әр түрлі пішіндерден қиылған қима суреттер жатыр. Осы суреттерді ретімен орналастырып, нанның қайдан келгенін көрсететін толық сурет шығарайық. (балалардың жұмыстарын тексеріп, дұрыстығын айтып, балаларды мадақтау)

Осы кезде есік қағылып, ішке балабақша аспазы қонаққа келеді.

Сәлеметсіңдерма балалар?

Сәлеметсізбе аспаз апай! Бізге қонаққа қош келдіңіз.

Аспаз печенье қалай пісірілетінің айтып, өзімен бірге алып келген қамырды бөліп бөліп таратады. Бірінші өзі көрсетеді, сосын балалар жасайды (баяу музыка ойнап тұрады) Балалар сылау, шымшу, дөңгелектеу секілді әдістермен түрлі пішіндегі печенье жасайды. Дайын печеньелерді аспаз алып кетеді.

Ал енді аспаз апайдың печеньесі піскеше сендер нана туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді айтып беріңіздерші.

1-бала; «Ас атасы-нан»

2-бала; «нанды басуға болмайды»

3-бала; «еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке»

4-бала; «жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті»

Тәрбиеші; -нанды қалай қастерлейміз балалар?

Хормен: нанды шашпаймыз,

Аяққа баспаймыз.

Тәрбиеші; Балалар, сендер өте дұрыс айтасындар.мінекей аспаз апайларыныңда печеньесі де пісіп қалыпты. Аспаз печеньелерді қонақтар мен балаларға үлестіреді. (печеньелердің пішінін тағы бір көрсетіп, атап айту керек)

«Біз білдік»

Нан-қастерлі дәм.

Нан-көп еңбектің арқасында келеді,

Нанның түрі әртүрлі болады.

Тәрбиеші сабақты қорытындылап, балаларды мадақтайды.




Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров79
Номер материала ДБ-001889
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх