Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока на тему "Ата -ананы құрметтеу туралы" (4 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспект урока на тему "Ата -ананы құрметтеу туралы" (4 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ата – ананы құрметтеу туралы

Сабақтың мақсаты: Кабуснама келтірілген үзіндіні дұрыс оқу,талдау, негізгі ойды ашу. Оқушылардың ата- ананы құрметтеу,қамқорлық сезімін ояту.

Ә) Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.

Б) Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Мейірімділікке, парасаттылыққа, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену, зерттеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Әдістері: сұрақ - жауап, іздендіру, өзіндік жұмыс, талдау, пікірлесу, ой толғаныс, проблемалық
Көрнекілігі: нақыл сөздер, бейнеролик, сабақ мазмұнына сай дайындалған слайдтар.


Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық


Сабақ мақалдар желісі бойынша жүреді.


1. Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер. Өткен сабақты пысықтау.


2. Атадан - өсиет. Жаңа сабақ


3. Қарттарым - қазынам. Бейнешолу


4. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Ой - тұжырым.


2. Үй тапсырмасын сұрау
«Ұшқан ұя». Б. Момышұлы
Мазмұнын айту.
Тапсырмалар беру.


1. Б. Момышұлы бала кезінде қандай болды?
2. Б. Момышұлы ержеткен кезінде қандай болды?
3. Б. Момышұлы кім? Ол жайында не білдіңдер?


Ой қорыту: «Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер»


«Ол кім?» жұмбақтар шешу.


1. Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің, білер оны сұраған. Ол кім? (ата)
2. Ол - өте мейірімді, ақ шашты. Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Ол кім? (әже)
3. Бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған.(ана)
4. Ол - асқар тау. Атаңның баласы. Қабағын шытса «байқа, балам» дегені.
Отбасын қорғаушы, асыраушы. Ол кім? (әке)
- Бұлардың барлығы нені құрайды? - Отбасын.
- Отбасындағы ұл - қыз кімді құрметтеу керек? - Ата - ананы.


3. Жаңа сабақ:

Ата - ананы құрметтеу туралы. Қабуснама. Қайқаус
Күн ретін, тақырыпты жазу.
Енді сендер менен не білгілерің келеді?
Оқушылар сұрақтар қояды.

4. Кабуснама деген не?
5.
Қайқаус деген кім?


«Қабуснама» — парсы тілінде 1082 - 1083 жылдар iшiнде жазылған аса бағалы педагогикалық мәнi бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңiзiнiң оңтүстiк жағалауында мекендейтiн Гилан ру - тайпасының ұсақ феодал семьясында (1021 - 1022 жылдарда) дүниеге келедi.
Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзiнiң ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзiнiң қартайғанын баяндай келiп: «Мeнің дүниедегi жиып - терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгiт - насихат кiтабым», - дейдi. Бұл кітапта адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ғұмырының ақырына дейін не істеу керектігі, яғни дұрыс өмір сүру жолы жазылған.
Кабустың немересі Қайқаус та өз заманында көп жағдайдан хабары бар сыйлы еді. Табиғаттану мен музыкаға құштар болған.
Бұл кітап иран тілінен түрік, ұйғыр, неміс, өзбек, француз, орыс, ағылшын, қазақ, татар тілдеріне аударылды. Өзбек тілінен қазақ тіліне аударған Тұрсынәлі Айнабеков.

Электронды оқулықпен жұмыс. Мәтін желісін тыңдау. Оқулықтан жүргізіп отыру.
1.. Оқулықтан оқу.
2. Сөздік жұмысы


Перзент – бал

Парасат – сана, ақыл – ой
Қаяу – реніш

3. Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп, әр бөліктің шегін тауып оқу.(слайдтан)
1. Ата - ананы құрметтеу
2. Ата - анаңды ешқашан ренжітуші болма
3. Сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.
Ой қозғау.
Осы мәтіндегі айтылған ойларға сай келетін қандай шығармалармен таныстық?


Сен ата - анаңды қалай құрметтейсің?
Оқушы ой - толғаныстары. Дәптермен жұмыс


5. Шығармашылық тапсырма.


Мақал айту. Ата - ана, бала туралы
Сәйкестендіру тест
Анаға қарап қыз өсер ------------------ Алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек --------------------------- Әкеге қарап ұл өсер
Атаңа не істесең ------------------------- Бала - жапырақ
Ата - анаңды неге теңейсің? (Теңеу сөздер жазу)

Оқушыларға таудың, күннің, ағып жатқан судың, бәйтеректің суреттері беріледі. Суреттің қасына кімді неге теңейтінін жазу.


Олар қандай?
Аяулы анам ….
Қадірлі әкем…..
Әлпештеген әжем ….
Еркелеткен атам ….


Сабақты қорытындылау:

Бейнеролик: «Қарттар үйі»


Пікір айту:


«Қарты бар үй қазына», «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»


Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. «Менің отбасым» шығарма жазу.


Оқушыларды бағалау.

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ата – ананы құрметтеу туралы

Сабақтың мақсаты: Кабуснама келтірілген үзіндіні дұрыс оқу,талдау, негізгі ойды ашу. Оқушылардың ата- ананы құрметтеу,қамқорлық сезімін ояту.

Ә) Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.

Б) Әке – шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Мейірімділікке, парасаттылыққа, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену, зерттеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Әдістері: сұрақ - жауап, іздендіру, өзіндік жұмыс, талдау, пікірлесу, ой толғаныс, проблемалық
Көрнекілігі: нақыл сөздер, бейнеролик, сабақ мазмұнына сай дайындалған слайдтар.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров578
Номер материала 280577
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх