Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Конспект урока на тему: "Ауған ардагерлері арамызда"

Конспект урока на тему: "Ауған ардагерлері арамызда"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Қзкенова Бибінұр Жанатқызы

Жасқайрат негізгі мектебі кітапханашысы






Ауған ардагерлері арамызда

Сабақтың мақсаты: кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толған айтулы күнді атап өту. Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұмат беру.

Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Бағыты: 1. Ауған алапаты. 2. Ауған соғысының басталуы. 3. Оққа оранған он жыл. 4. Оқушылар толғауы.

Көрнекіліктер: суретті тақта, слайд.

Түрі: Кездесу кеші.

1-жүргізуші: Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Тауымыз бар таңыратқан шыңымен,

Ұл-қызым бар, даламыз бар ұлы кең.

Алдарыңда басымды иіп, өр халқым,

Құттықтаймын мерекелі күніңмен- дей келе құрметті қош қонақтары, ұстаздар, оқушылар Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты «Ауған ардагерлері арамызда» атты кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: 1978 жылы Ауғаныстанда сәуір айында төңкеріліс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет тек елдің өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.

  1. жүргізуші: Ерінбей ертегінің қайта туған,

Ашуын атқан толқын айбатыңнан.

Кегінен қалың қазақ қайнап жігер,

Тасыған қайратыңмен жауға атылған.

1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың Қазақстандықтар қатысты. Биыл соғыстың аяқталғанына 25 жыл толып отыр.

1-жүргізуші: Басталған қалың қолың тасқын еді,

Бәрі де таудың ұшқан тас түлегі.

Қазақтың мұзды балақ қыранындай,

Сен едің жауынгердің бас түлегі.

Соғыс-зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан.

Тарих жылнамасынан, өзінің қаралы жылдарымен орын алған соғыстың бірі Ауған соғысы еді.

2-жүргізуші: 1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша 15.00- де КСРО қорғаныс Министрінің берген бұйрығымен Ауғаныстанға Кеңес әскерлерін енгізу туралы алдын-ала шешім қабылданды. Оған 75-80 мың адамдар дайындауға жіберді. Әскерді жасақтау үшін резервтен 50 мың аға офицерлер мен сержанттар жіберілді. Ауыл шаруашылығынан 8 мыңға жуық атомобильдер мен техникалар бөлінді. Бұл алапат соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлер қаза болып, 35 мың адам жараланды. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ. 1970 жылы 25 желтоқсанда басталып, 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты. Оның 780-ні соғысқа құрбан болып, 22 –сі із-түссіз жоғалды. Соғыста қаза тапқан жауынгерлерді түгелдей Қазақстанға әкеп жерледі. Отан үшін отқа түскен боздақтардың өздері жоқ болса да, олардың рухтары мәңгі бірге қасымызда Ауған соғысына Үлкеншыған ауылынан 4 адам қатысты.

2-жүргізуші: Жүректе оты жанған жігіт едің,

Атаның алып қалған үміт-кегін.

Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға,

Қазақтың қайсар ноян жігіттерін.

Б.Момышұлы айтқандай, «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Айбындылық аспаннан түспейді», «Анадан ешкім батыр болып тумайды» деген. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған соғыс ардагерлерін құрметтейік.

1-оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Бейбіт күнде басталған.

2-оқушы: Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болма көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басына қатер бұлтты төнген кезде.

3-оқушы: Келеді қос жанары, отша жанып,

Ағаларыдың ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайтын,

Тарихта аңыз болып қалары анық.

4-оқушы: Біліммен қашанда жақсы өлмесін,

Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі елім.

Әркімнің көкірегіне көрем ылғи,

Ауғанның батырының жас бейнесін.

2-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің ардақты да аяулы жауынгер ағаларымыздың өмір деректеріне тоқталайық. Туған жеріне оралған жауынгерлеріміздің бәрі де жанұя бәйтеректері.

Ән: «Әке».

Енді атаулы күнге орай тарих беттерін парақтап, сол бір жылдарды көзімен көрген ауылымыздың ауған соғысының ардагерлеріне сөз кезегін берейік.

Сұрақ-жауап.

  1. Сұм соғысты қалай еске аласыз?

  2. Ауғаныстанның қай жерінде ұрысқа қатыстыңыз?

  3. Ауған соғысына әскерде жүріп аттаңдыңыз ба?

  4. Сіздің Ауғаныстанға аттанғаныңызды туыстарыңыз білді ме?

  5. Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?

1-жүргізуші: Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, ол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері. Кезінде қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсететіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді қадірлеп, құрметтеу- біздің борышымыз.

Құрметті майдангерлер! Сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей берсін, біз сіздерді мақтан етеміз!




Қзкенова Бибінұр Жанатқызы

Жасқайрат негізгі мектебі кітапханашысы
















Автор
Дата добавления 21.08.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров210
Номер материала ДA-010231
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх